Конкурс Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары: с-о-4 санаты үшін



жүктеу 113,4 Kb.
Дата20.05.2018
өлшемі113,4 Kb.
#14960
түріКонкурс

Мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілер арасындағы ішкі конкурс


Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
С-О-4 санаты үшін: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік; жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс*: 1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-5, С-5, C-O-5, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес; 2) мемлекеттік қызмет өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес; 3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жарым жылдан кем емес; 4) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы; 5) ғылыми дәрежесінің болуы. сот орындаушысына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды.

С-О-6 санаты үшін: жоғары немесе құқық саласындағы ортадан кейінгі білім. Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік. Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

С-R-1 санаты үшін: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік; жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс: 1) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес; 2) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың орта басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес; 3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес; 4) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы; 5) ғылыми дәрежесінің болуы.



С-R-4 санаты үшін: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік; жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс: 1) мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе C-R-5, E-R-5, E-G-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес; 2) мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың қатардағы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес; 3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес; 4) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы; 5) ғылыми дәрежесінің болуы.
"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасудың кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде
2015 жылы 30 желтоқсанда № 12639 болып тіркелді.

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы

Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

С-О-4

109932

148242

С-О-6


74954

101604

С-R-1


142412

192381

С-R-4


73288

99105


I. «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету Департаментінің /Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының аппаратының/ Батыс Қазақстан облысы бойынша Соттар әкімшісі» РММ, индекс 090006, Орал қаласы, Достық даңғылы, 204 үй, анықтама үшін телефон 8(7112) 55-47-63, бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды.

Батыс Қазақстан облысы бойынша Соттар әкімшісі:

1. Батыс Қазақстан облысы бойынша Соттар әкімшісінің ішкі қауіпсіздік және соттардағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бөлімінің басшысы лауазымына, С-О-4 санатына, 1 бірлік.



Функционалды міндеттері: Ішкі қауіпсіздікті, судьялар мен сот жүйесі қызметкерлерін қорғауды қамтамасыз ету. Сот ғимаратында тәртіпті және кіру режимін қамтамасыз ету бойынша сот приставтарының жұмысын бақылау. Қызметкерлердің мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеу, еңбек тәртібін сақтауын қамтамасыз ету. Судьялар мен сот жүйесі қызметкерлерінің тарапынан сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және профилактикасы жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және қатысу. Мемлекеттік және қызметтік құпияны құрайтын мәліметтердің шығу, беру фактілерін анықтау және жолын кесу. Судьялар мен сот жүйесінің қызметкерлері жол берген сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілері бойынша, азаматтардың сенім телефондарына хабарласу фактілері, сондай-ақ судьялардың әрекеттеріне шағымдар бойынша қызметтік тексерулерге қатысу, олардың нәтижелері бойынша қорытындылар беру. Мемлекеттік қызметке кіретін, ауысу тәртібімен тағайындалған адамдарға сұрау салулар бойынша ҚСжАЕК басқармасымен өзара әрекет жасау. Судьялар мен сот қызметкерлері жасаған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар бойынша ҚСжАЕК Басқармасымен тоқсан сайынғы салыстыру актілерінің жүргізілуін бақылау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: құқық саласындағы жоғарғы білім; «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға үміткерлерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамаларын білуге арналған тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік құқықтық актілерді білуі (ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №12). «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі.

2. Батыс Қазақстан облысы бойынша Соттар әкімшісінің қаржы бөлімінің жетекші маманы лауазымына, С-О-6 санатына, 1 бірлік.



Функционалды міндеттері: жалақыны есептеу, жалақыны есептеуге төлем тапсырмаларын әзірлеу, салық бойынша есеп беру, мемлекеттік статистика есебін даярлау және тапсыру, мекеменің есеп-шотының қозғалысы жөнінде есеп жүргізу; тауар-материалдық құндылықтарды түгендеуге қатысу, басқа да қорлардың есебін жүргізу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: құқық саласындағы жоғарғы білім; «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға үміткерлерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамаларын білуге арналған тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік құқықтық актілерді білуі (ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №12). «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі.

Аудандық және оған теңестірілген соттардың кеңселері бойынша:

3. Теректі аудандық соты кеңсесінің меңгерушісі лауазымына, С-R-1 санатына (негізгі қызметшінің бала күту демалысында болған мерзіміне ).

Функционалды міндеттері: Сот кеңсесінің жұмысын ұйымдастыру және басшылық жасау, тапсырмалардың орындалуын бақылау; Іс қағаздарының нұсқаулықтарға сай дұрыс қалыптастырылуын бақылау; іс-шаралардың белгіленген уақытта орындалуына бақылау жүргізу; арыздарды, шағымдарды, талап арыздарды, азаматтардың өтініштерін қабылдауды ұйымдастыру; істерді, арыздарды, шағымдарды автоматты түрде бөлу жұмыстарын ұйымдастыру; азаматтық істер, азаматтардың және т.б. өтініштер бойынша ақпараттық есептік құжаттардың жүргізілуін, статистикалық есептердің дұрыс және уақытылы жасалуына бақылауды жүзеге асыру; Сотқа түскен ұсыныстардың, арыздардың, сұраныстардың, пікірлердің есепке алынуы мен тіркелуіне және олардың орындалу мерзімдеріне бақылауды жүзеге асыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: құқық саласындағы жоғарғы білім; «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға үміткерлерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамаларын білуге арналған тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік құқықтық актілерді білуі (ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №12). «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі.

4. Бас маман-сотмәжілісініңхатшысылауазымына, С-R-4 санатына, 10 бірлік: Орал қаласының №2 соты кеңсесіне – 4 бірлік (соның ішінде 3 бірлік - негізгі қызметшілердің бала күту демалысында болған мерзіміне); Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты кеңсесіне -2 бірлік (соныңішінде 1 бірлік - негізгі қызметшінің бала күту демалысында болған мерзіміне); Ақжайықауданының №2 аудандықсотыныңкеңсесіне(негізгі қызметшінің бала күту демалысында болған мерзіміне); Жәнібек аудандық соты кеңсесіне; кеңсесіне; Казталов ауданының №2 аудандық соты кеңсесіне; Сырым аудандық соты кеңсесіне.

Функционалды міндеттері: қарауға тағайындалған істер бойынша жұмыстар атқару; сотқа шақыру; құжаттарды жазып дайындау; қосымша іске қатысты түскен құжаттардың есебін жүргізу; сот мәжілісінің хаттамасын дайындау; шағымдарды қабылдау; іске қатысқан тараптардың өтініші бойынша құжаттармен таныстыру; тігілген істердің тізімдемесін толтыру; ілеспе хаттарды дайындау; үкім және шешім көшірмелерін іске қатысқан тараптарға жолдау; атқару парағын жазу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: құқық немесе білім саласындағы жоғары білім; «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға үміткерлерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамаларын білуге арналған тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік құқықтық актілерді білуі (ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №12). «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі.

5. Аға сот приставы лауазымына, С-R-4 санатына, 1 бірлік: Жәнібек аудандық соты кеңсесіне.



Функционалды міндеттері: Сот ғимараттарын, судьялар, сот қызметкерлері мен сотқа қатысушыларды күзету; сотқа қатысушылардың сот мәжіліс залында қоғамдық тәртіпті сақтауды қадағалау; іс жүргізу әрекеттерін орындауда жәрдем көрсету, өндіріс құжаттарын орындауда қатысу; сот приставтарының жұмысын тергеу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары құқық, техникалықғылымдаржәнетехнологиясаласындағыжоғары білім; «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға үміткерлерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамаларын білуге арналған тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік құқықтық актілерді білуі (ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №12). «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, осы Қағидалардың 30-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

Осы Қағидалардың 15-тармағында көрсетілген тұлғаның келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар: 1) "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасудың кейбір мәселелері туралы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш; 2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім. Құжаттар, конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 5 жұмыс күні ішінде тапсырылуы тиіс.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің сайты: www.kyzmet.gov.kz.




жүктеу 113,4 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау