Жұмыссыздық ҚОҒамның дамуы мен қалыптасуындағы маңызды мәселе ретінде айқынбаева Г.Қ-доцент, п.ғ. к Халметова ю-



жүктеу 217,57 Kb.
Pdf просмотр
Дата26.11.2018
өлшемі217,57 Kb.
#24660


http://www.enu.kz

 

ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ҚОҒАМНЫҢ ДАМУЫ МЕН ҚАЛЫПТАСУЫНДАҒЫ 



МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕ РЕТІНДЕ 

 

Айқынбаева Г.Қ-доцент, п.ғ.к 

Халметова Ю-«Кеден ісі» мамандығының 4 курс студенті 

Сердалиева Ш –«Әлеуметтік жұмыс» мамандығының 4 курс студенті 

Абдигалиев М., Кеңесбек А-2 курс студенттері 

 

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті 

http://www.enu.kz

 

 

Жұмыссыздық  —  бұл  жұмыс  істегісі  келетін  енбекке  жарамды  халықтың  ӛндірісте 



жұмыспен қамтылмауы. Жұмыспен қамтылмау ӛндірістің тиімділігінің артпауы сонымен 

бірге жұмысшы күшінің бір бӛлігін жұмыстан босатуға мүмкіндік жасайтын немесе оның 

құрылымына,  сапасына  жаңа  талаптар  қоятын  ғылыми-техникалық  прогрестің  салдары 

болуы  мүмкін.  Нарықтың  экономикада  жұмыссыздық  дағдарыстар  кезінде  кӛбейеді. 

Нарық  жоқ  жағдайда  жұмыссыздықтың  кӛбею  себебі  мемлекеттің  ӛндіргіш  күштерді 

орналастырудағы бұрыс құрылымдық саясаты болуы мүмкін. 

Жұмыссыздыктың түрлері: 

1.    Жасырын  жұмыссыздық  -  ӛндірісте  және  мемлекеттік  аппаратта  артық 

жұмысшылардың қолданылуы. Қазіргі болмыста олардың жұмыстарын аз жұмыс күшімен 

атқаруға болады. 

2. Фрикциондық жұмыссыздық — адамдар бір жұмыстан басқа жұмысқа, бір жерден 

басқа жерге жұмыс ізденумен ауысуын айтамыз.  

3.    Маусымдык  жұмыссыздык  —  жұмыс  күшінің  тек  маусымдық  кезенде  жұмыс 

жасауы; бұл кейбір ауыл шаурашылығы ӛндірісі саласында кездеседі, әсіресе қайта ӛндеу 

ӛнеркәсібінде т.б. 

4.  Құрылымдық  жұмыссыздық  —  ӛндірістік  қуаттың  жетіспеуінің  нәтижесінде 

болады: жеке саланың дамуының кері пропорционалды болуынан және ескі саланы жабу 

мен жаңа саланы дамытудың нәтижесі ретінде қараймыз. 

5.  Технологиялық  жұмыссыздық  —  адамдарды  машинамен  ауыстырудың  нәтижесі, 

білікгілікгі ӛзгертуді немесе басқа мамандықгы игеруді талап етеді 

6.  Циклдық  жұмыссыздық  —  ӛндірістің  құлдырауынан  туындайды,  яғни 

экономикалық циклдың осы фазасымен байланысты. 

Ӛнеркәсібі  дамыған  елдердегі  жұмыссыздықтың  себептерін  талдай  отырып,  шетел 

авторлары  олардың  жекелеген  түрлерін  тудыратын  нақты  факторларын  қарастырады. 

Мысалы,  АҚШ  Конгресі  экономикалық  статистика  бойынша  комиссиясының  жүргізген 

зерттеуі,  жұмыссыздықтың  70  түрін  атаған.  Олардың  әрқайсысының  ӛзінің  ерекше 

«себептері»  бар.  Экономистер  барлық  жұмыссыздықтың  түрлерін  негізінен  екі  топқа 

жіктеп қарайды.  

Жұмыссыздықтың  бірінші  тобына  —  «жиынтық  сұранымның  жеткіліксіздігінен» 

туындауын жатқызады, алдыменен циклдық жұмыссыздықты айтамыз.  

Жұмыссыздықтын  екінші  тобына  —  «жиынтық  сұраныс  ӛзгерісімен  байланысты 

емес: фрикциондық, құрылымдық, технологиялық және басқа түрлерін» жатқызамыз. 

Кез  келген  жұмыссыздықтың  болуы  —  қоғам  үшін  ең  ауыр  экономикалық  және 

әлеуметтік  сілкініс.  Батыс  ғалымдарының  пікірі  бойынша,  адамды  жұмыссыз  деп 

есептегенде,  ол  тек  жұмыстан  айырылып  қана  қоймай,  ӛзінің  абыройын  да  жоғалтады. 

Шетелде  жұмыстан  айырылуды  психологиялық  зақым  ретінде  бағалап,  тек  ең  жақын 

туысқаны қайтыс болғанда алатын стресс деңгейінде қаралады. 

ҚР  "Халықтың  жұмыспен  қамтылуы  туралы"  (1991  ж.)  бiрiншi  заңына  сәйкес 

жұмыссыздардың  бұрынғы  жұмыc  стажына,  асыраудағы  жандарына,  жұмыстағы 

үзiлiстердiң  ұзақтығы  мен  ӛзге  факторларға  қарай  жұмыссыздарға  сараланған 




http://www.enu.kz

 

жәрдемақылар  белгiлендi    [1].  Әлеуметтiк  қолдау  кӛрсетудiң  анағұрлым  жоғары  деңгейi 



штаттың  қыcқapyынa  немесе  кәсiпорындарды  тapaтқaн  жағдайға  байланысты  жұмыстан 

босатылған  қызметкерлерге  кепiлдендi.  Сондай-ақ  мамандыққа  oқыту  мерзімінде 

жұмыссыздарға стипендиялар тӛлеу қарастырылды. 

1999 жылы 1- қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының "Халықтың жұмыспен 

қамтылуы туралы" жаңа заңы күшiне ендi, ол жұмыспен қaмту саласында белсендi саясат 

жүргiзуге,  азаматтарды  жұмыc  iздеуге  уәждеуге,  халықтың  ең  осал  caнaттaрынa 

әлеуметтiк  қоpғay  кӛрсетуге  бағдарланды.  Осы  заңға  сәйкес  жұмыссыздық  бойынша 

жәрдемақы едәуiр азайтылды және ол айлық есептiк кӛрсеткiштiң 3,5 еселiк мӛлшерiнде 

есептеле  бастады.  Бұрын  жұмыc  iстемегендерге  тӛленетiн  жәрдемақы  жойылды. 

Жұмыссыздарды кәсiптiк даярлау  (қайта даярлау) кезiнде тӛленетiн стипендиялар айлық 

есептiк  кӛрсеткiштiң  3  еселiк  шамасында  сақталды.  Қазақстанда  жұмыспен  қамтудың 

белсендi  саясаты  мен  еңбек  нарығының  жаңа  парадигмасына  кӛшудiң  амалсыздан  және 

қаржылық пайымдардың мәжбүр eтyiнeн болғанын атап кеткен жӛн. Бюджет жaғдайының 

одан әpi нашарлауы небәрi 3 ай ӛтпей жатып-ақ жаңа заңға түзетулер енгiзудi талап eттi 

[2]. 

ҚP  1999  жылғы  5  сәуiрдегi  "Халықты  жұмыспен  қамту  туралы"  Қазақстан 



Республикасының  3аңына  ӛзгертулер  енгiзу  туралы"  3аңына  сәйкес  белгiленген  тәртiпте 

жұмыссыздар  болып  танылыған  азаматтарға  жұмысыздардың  бойынша  жәрдемақы 

тӛленбейтiн  болды.  Оның  орнына  жергiлiктi  бюджеттiң  қаражаттары  есебiнен  атаулы 

кӛмек  кӛрсету  қарастырылды,  оны  аудандың  (қалалық)  еңбек,  жұмыспен  қамту  және 

әлеуметтiк  кӛмек  кӛрсету  (халыққа  әлеуметтiк  кӛмек  кӛрсету  орталықтары)  бӛлiмдерi 

жүзеге асырады. 

Әлемдiк  тәжiрибе  мынаны  айғақтайды,  ел  неғұрлым  кедейлене  түссе  (халық  та), 

соғұрлым  оның  медицина  жағынан  мүмкiндiктерi  азаяды,  соған  сәйкес  денсаулық 

сақтаyға  жұмсалатын  шығындардың  жиынтық  кӛлемiндегi  жеке  шығындардың  үлесi 

жoғарылайды. Жүргiзiлген халықаралық салыстырулар елдiң экономикалық даму деңгейi 

мен  халыққа  тeгiн  медициналық  қызмет  кӛрсетуге  қатысты  мемлекеттiк  мiндеттемелер 

шарасы арасында ӛзара тығыз байланыстың бар екендiгi туралы айтады. 

Халықты  жұмыспен  қамту  туралы  Қазақстан  Республикасының  2001  ж.  23 

қаңтардағы № 149-П Заңы (2006.05.06. берілген ӛзгерістер мен толықтырулармен) болған. 

Осы Заң халықты жұмыспен қамту саласындағы құқықтық экономикалық және ұйымдық 

қатынастарды реттейді [3]. 

Осы Заңда мынадай кейбір негізгі ұғымдар пайдаланылады: 

1)    жұмыссыздық  -  экономикалық  тұрғыдан  белсенді  халықтың  бір  бӛлігінің  еңбек 

нарығында қажет болмай қалуына байланысты әлеуметтік-экономикалық құбылыс; 

2)  жұмыссыздар - ӛздеріне байланысты емес себептер бойынша табыс әкелетін еңбек 

қызметімен айналыспайтын, жұмыс іздеп жүрген және еңбек етуге әзір, еңбекке жарамды 

жастағы адамдар;      

3)  ұзаққа  созылған  жұмыссыздық  -  он  екі  және  одан  да  кӛп  айға  созылған 

жұмыссыздык;         

4) 

жұмыспен 



қамтылу 

азаматтардың 



Қазақстан 

Республикасының 

Конституциясына,  заңдары  мен  ӛзге  де  нормативтік  құқықтық  актілеріне  қайшы 

келмейтін жеке қажеттерін қанағаттандыруға байланысты және оларға табыс немесе кіріс 

әкелетін қызмет; 

5)  еңбек    нарығы    -    экономикалық    тұрғыдан    белсенді    халыққа    сұраныс    

пен    ұсынысты қалыптастыратын сала;                                                                                                       

6)    жұмыссыздықтан  әлеуметтік  қорғау  -  осы  Заңда  және  ӛзге  де  нормативтік 

құқықтық актілерде белгіленген тәртіппен мемлекет жүзеге асыратын шаралар кешені; 

7)  әлеуметтік  жұмыс  орны  -  жұмыс  беруші  нысаналы  топтардағы  жұмыссыздарды 

жұмысқа  орналастыру  үшін  жергілікті  атқарушы  органмен  шарттық  негізде  құратын, 

жұмыс берушінің олардың еңбегіне ақы тӛлеу шығындары ішінара ӛтелетін жұмыс орны; 




http://www.enu.kz

 

8)   жұмыска   орналастыру   -   халықтың   еңбекпен   қамтылуын   қамтамасыз   етуге   



жәрдемдесуге  бағытталған  ұйымдастырушылық,  экономикалық  және  құқықтық  іс-

шаралар кешені және т.б. 

Қазақстан    Республикасының  жұмыспен  қамту  туралы  заңдары      Қазақстан 

Республиқасының Конституциясына [4] негізделеді, осы заңнан және ӛзге де нормативтік 

құқықтық актілерден тұрады.                    

Жұмыспен  қамту  туралы  заңдар  Қазақстаң  Республикасының  азаматтарына, 

шетелдіктерге және азаматгығы 

:

жоқ адамдарға қолданылады.  



Қазақстан   Республикасы   бекіткен   халықаралық   шарттар   осы   Заңнан   басым   

болады   және халықаралық  шарттар,   оны   қолдану  үшін  заң шығару талап етілетін   

реттерді   қоспағанда, тікелей қолданылады. 

Халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясаттың  негізгі принциптері 

және  бағыттары.  Мемлекет  азаматтардың  жұмыспен  нәтижелі  әрі  еркін  таңдау  арқылы 

қамтылуына  жәрдемдесетін  саясат  жүргізілуін  қамтамасыз  етеді.  Қазақстан 

Республикасының      азаматтарына,        Қазақстан        Республикасында      тұрақты  тұратын 

шетелдіктер   мен   азаматтығы   жоқ адамдарға   кызмет   пен   кәсіп   түрлерін   еркін   

таңдауға   бірдей мүмкіндіктерді, әділ де қолайлы еңбек жағдайларын, жұмыссыздықтан 

әлеуметтік  корғауды  қамтамасыз  етуге,  нәтижелі  жұмыспен  қамтуды  қамтамасыз  етуге, 

жұмыссыздықты  азайтуға,  жұмыс  орындарын  ашуға;  азаматтардың  заңдарға  сәйкес 

жүзеге  асыратын  еңбек  және  кәсіпкерлік  бастамаларын  қолдауға,  олардың  ӛнімді  және 

шығармашылық  еңбекке  қабілетін  дамытуға  жәрдемдесугі;  бар  жұмыс  орындарын 

сақтаған және жаңа жұмыс орындарын, оның ішінде нысаналы топтарға арналған жұмыс 

орындарын ашатын жұмыс берушілерді ынталандыруға; 

2.Біздің экономика әкімшілдік-әміршілдік жүйесінен нарықтык тәсілге кӛшуі жұмыс 

күшін босату процесін жеделдеттірді. Нарық жағдайында нақты жұмыс орны енді ешкімге 

де кепілденбейді және еңбекті жалдаудың осы түрінің күшіне енуі шын мәнге ие болып, 

кӛптеген  адамдардың  мүдделеріне  кәдімгідей  әсер  етеді.  Қазақстан  Республикасында 

1991-ші жылы алғашқы рет жұмыссыздар тіркеліп, олар 4 мыңнан астам адамды құрады, 

оның ішінде 75 %-әйелдер болды. Ал, 2003-шы жылы жұмыссыздардың арнайы тіркелген 

саны 499,0 мың адам болды. 

Жұмыссыздық  бойынша  ақы  АКШ-да  жалақының  50%-ын  құрайды,  Жапонияда 

жұмыссыздардың  жас  ерекшілігі  мен  басқада  кӛрсеткішіне  байланысты  3-12  айдың 

жалақысының  —  60-80%  құрайды,  Францияда  —  1—2.5  жылдағы  жалақының  42%-ын 

құрап,  косымша  күніне  40  франк  тӛленеді,  ал  3  жыл  бойы  ерекше  ақы  тӛленеді. 

Ұлыбританияда  52  апта  бойы  28,5  фунт  стерлинг  тӛлейді.  Жұмыс  істейтіндердің 

жалақысынан шегеріліп, сол жиналған сомалардан арнайы қорлар құрылады. 

Нарықтық  экономикасы  дамыған  кӛптеген  елдерде  еңбек  нарығындағы  әртүрлі 

категориядағы адамдарға, әсіресе жастарға дифференциалды түрде қарау кӛзделген. Осы 

мақсатта жастар арасындағы жұмыссыздықпен күресу үшін арнайы бағдарлама жасалып, 

ол  қолданысқа  ендірілді.  Бұл  бағдарламада  кәсіпкерлердің  қатысуымен  жастар  үшін 

жұмыс  орынын  құру  шараларына  ерекше  орын  берілген,  кәсіпкер  жалақыны  тӛлеу 

шығындарын қаржыландырмаса, мемлекет кәсіби дайындыққа жұмсалатын шығындарды 

ӛз мойнына алады. 

Жұмыссыздық  мәселесін  шешуде  ерекше  орынды  енбек  биржалары  (тұрғындарды 

жұмыспен  камту  орталығы)  алады.  Еңбек  биржасы  —  бұл  тұрақты  негізде  қызмет 

жасайтын  мекеме,  мұнда  еңбекті  жалдау  кезінде  жұмыскер  мен  кәсіпкер  арасындағы 

делдалдық  іс-әрекет  жүзеге  асады.  Бұрынғы  КСРО-да  ең  соңғы  еңбек  биржасы  1930-шы 

жылы жабылып, жұмыссыздықтың кӛзі жойылғандығы айтылды. 

Бүгінгі  қалыптасқан  ӛмір  шындығы,  барлық  енбек  нарығы  элементтерінің  қайтадан 

пайда болу қажеттілігін алға тартуда. Қазақстанда тұрғындарды жаппай жұмыспен қамту 

орталығы  1991-ші  жылы  шілденін  1-нен  бастап  жұмыс  істей  бастады.  Қоғамдық 

қатынастары дамыған елдерде еңбек биржасы алғашқыда гуманитарлық институт ретінде 




http://www.enu.kz

 

пайда болып, оның мақсаты жұмыссыздарға кемек кӛрсету еді. Уақыт ӛте келе бұл елдегі 



еңбек  қатынастарының  дамуына  сай  олардың  міндеттері  мен  қызметтері  ӛзгерді.  Соңғы 

жылдары  еңбек  биржасы  еңбек  нарығын  реттеудің  маңызды  инструменті  болып, 

жұмыспен  камту  саясатын  жасап,  әрі  оны  ӛмірге  ендірді.  Мұндай  биржалардың  бүгінгі 

кездегі  негізгі  қызметтері  мынау  болып  табылады:  еңбек  нарығындағы  сұраным  мен 

ұсынымды  зерттей  білу,  жұмыссыздар  санын  есепке  алу,  бос  жұмыс  орнын  тіркеу, 

жұмысты  ауыстыратын  және  жұмысқа  тұрғысы  келетін  адамдарға  ақпарат  беру,  жұмыс 

іздеген  мамандарды  оқытуды  ұйымдастыру  және  жаңа  дайындыктан  ӛткізу,  жастар 

арасында  кәсіби  бағдар  жұмысын  жүргізу,  адамдарды  жұмысқа  орналастыру  кезінде 

делдалдық іс атқару және жұмыссыздарға жәрдем ақы тӛлеу болмақ. 

Мемлекет  кәсіпорын  және  ұйымдар  мүддесін  ескере  отырып  биржа  арқылы  енбек 

нарығына  әсер  етеді.  Еңбек  биржасы  берген  жұмысқа  жолдама-кәсіпкер  үшін  ұсыныс 

болып табылады. Себебі олар жұмысқа кімді аламын десе де тандау еркіне құқылы және 

ӛзінің кадрлар бӛлімі арқылы жұмыскерді жалдауға мүмкіндігі бар. 

Қазақстанның  жұмыспен  қамтылған  халқының  құрылымында  санақ  сәтінде  ең  кӛп 

үлесті  -  80,9%  —  жалданып  жұмыс  істейтін  адамдар  құрады,  15,7%  халық  жалдамалы 

қызметкерлерді  тартпай  ӛз  бетінше  айналысу  негізінде    жұмыс      істеді,    тӛлем    ақысыз  

жұмыс    істейтін  отбасы  кәсіпорындарынын  қызметкерлері  2%-ды  жұмыс  берушілер  - 

0,8%, ӛндірістік кооперативтердің мүшелері -0,6%-ды құрады [5]. 

2003  жылдың  ӛзінде-ақ  жалдамалы  қызметкерлердін  үлесі  60,6%,  ал  ӛз  бетінше 

жұмыспен айналысушылар - 39,4% болып белгіленді. Олардың ішінде 92,5% - ӛз бетінше 

жұмыста,  2,7%  —  отбасы  кәсіпорындарының  ақы  тӛленбейтін  қызметкерлері,  2,5%  - 

ӛндірістік кооперативтерде, 2.3% - жұмыс берушілер. 

Тұтастай  республика  бойынша  2006  жылғы  бір  қызметкердің  орташа  айлық  атаулы 

жалақысы  алдын  ала  деректер  бойынша  28329  теңгені  құрады,  ал  экономикалық  қызмет 

түрлері  бойынша  ең  жоғары  орташа  айлық  жалақы  қаржы  қызметінде.  Кӛлік  пен 

байланыста,  қонақ  үй  және  мейрамхана  бизнесінде.  Ең  тӛменгі  жалақы  балық  аулау, 

балық  ӛсіру,  сондай-ақ  ауыл  шаруашылығы,  аңшылық  және  орман  шаруашылығында 

денсаулық сақтау мен әлеуметтік қызмет кӛрсетуде [6]. 

2004     жылы     жұмыспен    қамтылған    халық   —     718І.8      мың  адамды    құрады 

олардан    еркектер  -  3718.5  және  әйелдер  3463-3  мың  адам.  Жұмыспен  қамтылған 

халықтық  жұмыспен  қамтылдық  деңгейі  91.6%,  олардан  еркектер  -  93.0%  Ал  әйелдер 

90.2% құрады. Жұмысқа қабілетті жастан халық 6971.0 мың адам, олардан еркектер  - 

3642.0 және тәсілдер  -3329.0   мың   адамды  құрады.   Жұмысқа   қабілетті   жастағы 

халықтың жұмыспен қамтылғандық деңгейі - 91.4%, еркектер мен әйелдерде 92.9 және 

89.9%. 

Жұмыссыз  жастардың  саны  2011  жылы  191,6  мың  адамды  құрады.  Бұл  барлық 



жұмыссыздардың 29%, аталған жастарымен 5%. Жастар жұмыссьздығының деңгейі 14.3%  

құрады. 


Еңбек  нарығында  бәсеке  жарамдылардың  сипаты  бұрын-қысынша  әйелдер  мен 

жастар  болып  отыр.  Жұмыссыз  әйелдер  санының  артықшылығы  әлі  сақталуда.  20011 

жылы олардың саны еркектерге қарағанда 97 мың адамға немесе 34%-ға кӛп

 

болып, 378 



мың  адамды  құрады.  Әйелдер  жұмыссыздығының  деңгейі  9.8%  (  2003  ж.  –  10,4%). 

еркектер - 7% (7.2%) болды. 

Қалалық  жерлерде  тұратын  жұмыссыздар  саны  609.8  мың  адамды  құрады, 

жұмыссыздардың  жалпы  санындағы  үлесі  67.4%-ға  асып  түсті  ауылдық  жерлерде  - 

тиісінше 295 мың адам және 32,6%.. 

Республикада  алдағы  жылдары  тіркелетін  жұмыссыздар  саны  бірнеше  мыңға  дейін 

ұлғаюы  мүмкін.  Бұл  үдеріске  мемлекет  дайындалғаны  жӛн  және  әлемдік  тәжірибеге 

сүйене  отырып,  оны  реттеуді  үйренген  дұрыс-ақ.  Тұрғындарды  еңбекпен  қамтудың 

мемлекетгік  реттеу  механизмі  құқықтық  негіздегі,  арнайы  мекемелер  бӛлімшелерін, 

экономикалық тетіктер жүйесін ендіреді. Осы жағдайда мемлекет әлеуметтік саясатта оң 




http://www.enu.kz

 

шараларды  жүргізуге  міндетті:  әсіресе,  жұмыссыздарға  жәрдемақы  тӛлеу,  білікгілікті 



арттыру мен жаңа жұмыстардың орнын құру және т.б. 

 

      Әдебиет  

1.  ҚР "Халықтың жұмыспен қамтылуы туралы"  Заңы 1991 ж  

2.  Қазақстан Республикасының "Халықтың жұмыспен қамтылуы туралы" жаңа заңы 

1999 жыл 1 қаңтар 

3.  Халықты жұмыспен қамту туралы Қазақстан Республикасының 2001 ж. 23 

қаңтардағы № 149-П Заңы (2006.05.06. берілген ӛзгерістер мен толықтырулармен) 

4.  Қазақстан Республиқасының Конституциясы. 

5.  Менлибаев  К.Н.,  Туганбекова  К.М.,  Черная  Г.Г.,  Каргин  С.Т.  Социальная  работа: 

Учеб. пос. Караганда: Изд – во Кар.ГУ, 2000. 276 с. 

6.  Абдирайымова  Г.С.  Социальная  работа  с  молодежью:  учебное  пособие  для 

студентов гуманитарных вузов. –Алматы: Казак Университетi, 2006. – 109 с.  



 

жүктеу 217,57 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау