21
Орынғазы Әбутәліп
2) бір мезгілде бірнеше жұмыс орнына өткізуге болатындығы.
Түйіндемеде белгілі бір адам туралы мәліметтер ықшам әрі нақты
түрде беріледі. Түйіндеме 3-ші жақта жазылады.
Түйіндеме берудің екі түрлі тәсілі бар:
•
1-ші
хронологиялық;
•
2-ші функционалдық.
Хронологиялық тәсіл. Алдымен қазір істеп жүрген жұмысыңыз
көрсетіледі де, ары қарай «кері хронологиялық» ретпен жазылады.
Яғни, соңғы орында сіздің бірінші жұмыс орныңыз, я болмаса бірінші
аяқталған оқу орны жазылады.
Егер сіздің жұмыс өтіліңіз көп болса, алдымен кәсіптік жолыңызды
көрсеткеніңіз дұрыс. Ал оқу орнын жаңа аяқтаған, қызметті жаңа
бастағалы тұрған адам оқыған оқу орны, алған мамандығы жайлы
мәселені негізгі назарда ұстайды.
Функционалдық тәсіл. Бұл тәсіл білімі мен біліктілігі, жұмыс
тәжірибесі мол адамға лайықты. Бірақ, мұнда да жұмыс өтілі «кері
хронологиялық» ретпен беріледі де, одан кейін білімі жайлы мәліметтер
көрсетіледі. Егер бір мекемеде бірнеше жыл қатарынан істесеңіз, онда
жұмысыңыздың жалпы сипаты өзгермеген болса, бәрін тізіп жатпай-ақ,
қысқаша жазуға болады. Мысалы, «1980-2010 жылдар аралығында №107
мектепте І, ІІ, ІІІ, ІV дәрежелі математика пәнінің мұғалімі қызметтерін
атқарды».
Соңғы жұмыс орнынан немесе жеке адамның атынан алынған
кепілдеме болса, оның бар екендігі түйіндемеде бір сөзбен айтылу керек.
Қажет деп тапқан жағдайда ол түйіндемемен бірге тапсырылады.
Түйіндеме жазу барысында сізді жұмысқа қабылдайтын басшыға
түйіндемені оқып шығуға ыңғайлы болуы үшін түйіндеме құрылымының
сол жақ бағаны қою қара әріптермен айқын көрсетілгені дұрыс.
Жазылған түйіндеме сіз туралы толық мәлімет беру үшін, онда:
сіздің біліміңіз, біліктілігіңіз, жеткен жетістігіңіз, жұмыс тәжірибеңіз, не
нәрсеге икемділігіңіз бар екені айтылуы керек.
Түйіндеме жазудағы сіздің мақсатыңыз – өз өмірбаяныңыз бен жұмыс
тәжірибеңізді, мамандығыңызды, икемділігіңізді ұтымды көрсете білу.
Осы арқылы ойлаған жұмыс орнына қол жеткізу. Сондай-ақ түйіндеменің
әдемі рәсімделуіне де көңіл бөлгеніңіз дұрыс. Яғни мекеме басшысы
сіздің кім болып істегіңіз келетінін түйіндемені оқу барысында бірден
ұғатындай болу керек. Қалаған мамандығыңызға байланысты жеке
басыңыздың қасиеттері анық көрсетілуі тиіс.
Жеке басыңыздың қасиеттерін атап көрсеткен кезде, оның сіздің
таңдап отырған жұмысыңызға орналасуға септігі тиетіндігі басты на-
22
Ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу
зарда болуы керек. Мысалы, сіз
менеджер болып орналасқалы келсеңіз:
түйіндемеге адамдармен жақсы қарым-қатынас жасай алатындығыңыз,
ұйымдастырушылық қабілетіңіздің жоғарылығы, адам психологиясын
жақсы білетіндігіңіз, тапқырлығыңыз сияқты қасиеттер жазылуы керек.
Егер
бастауыш сынып оқытушысы болғыңыз келсе, балаларды жақсы
көретіндігіңіз, мейірімділігіңіз, шыдамдылығыңыз т.б. жазылуы керек.
Ескерту!
Түйіндемеде сіздің маман ретіндегі бейнеңізді толықтыратын, аша
түсетін өз мінезіңіздің кейбір жақсы қырларын да атап өтіңіз. Басшылық,
жетекшілік, ғылыми жұмыстарға икемділігіңіз болса, ол да назардан тыс
қалмасын.
Дайындаған құжаттар мен жазбаларды қайталап бір оқып шығып,
керекті мәліметтерді ойша реттеп алып, түйіндеменің қолжазбасын
дайындауға кірісіңіз. Құжаттар мен мәліметтерді дайындап алғаннан
кейін түйіндеме жазып шығу қиын болмайды. Ең бастысы – ол
мәліметтерді ретімен, қысқа, нақты бере білу. Қашан, қайда оқыдыңыз,
қайда, кім болып істедіңіз, қайда, қашан біліміңізді көтердіңіз, тәжірибе
жинақтадыңыз?
Егер ғылыми дәрежеңіз болса, оны қалыптасқан редакциямен
көрсетесіз. Мысалы, «техника ғылымдарының кандидаты», «педагогика
ғылымдарының магистрі» т.б.
Жазған еңбектеріңіз, шыққан кітаптарыңыз болса, маңыздыларын
атап көрсетіңіз.
Қызмет бабымен, турист ретінде жасаған шетелдік сапарларыңыз
да көрсетіледі. Шет тілін білу дәрежеңіз, компьютерді қаншалықты
игергендігіңіз де көрсетіледі.
Жеңіл машина немесе көліктің басқа түрін жүргізе алатындығыңызды
көрсету де артық болмайды.
Айтылатын негізгі мәселелер осы. Қысқасы
, «не, қайда, қашан»
екендігі жазылады.
,
1-үлгі
ТҮЙІНДЕМЕ
Аты-жөні:
Асанова Арай Болатқызы
Туған күні, айы, жылы:
11.09.1990 ж.
Туған жері:
Алматы қаласы
Ұлты:
қазақ
Жынысы:
әйел
Отбасы жағдайы:
тұрмыс құрмаған
Азаматтығы:
Қазақстан
Республикасы
23
Орынғазы Әбутәліп
Мекенжайы, телефоны, e-mail:
С.Сейфуллин даңғылы, 179 үй;
87015559577;
asanova@mail.ru
Үміттеніп отырған орны:
АТФ банкі.
Менеджер
Білімі:
жоғары
Бітірген оқу орындары:
2005-2009 жж.
Алматы қаласы,
Халықаралық Бизнес Академиясы
Мамандығы:
экономика
Еңбек өтілі, жұмыс тәжірибесі:
жоқ
Ғылыми атағы, дәрежесі:
жоқ
Жетістіктері:
2002 ж. Алматы қаласы,
Облыстық
олимпиада, 1 орын
(математика пәні).
2003 ж. Алматы қаласы,
Республикалық олимпиада,
2 орын (математика пәні).
Тілдерді білуі:
қазақ тілі – ана тілі,
орыс тілі – жетік,
ағылшын тілі – орташа
Компьютерді білуі:
Microsoft Word, Exell
Жеке қасиеттері:
жауапты, тиянақты, ұқыпты
Қызығушылығы:
кітап оқу,
музыка тыңдау,
сурет салу
Қосымша ақпараттар:
автокөлік жүргізе алады
Ұсыным хат немесе кепілдеме:
Ұсыным хат қосымшада тіркелген
,
2-үлгі
ТҮЙІНДЕМЕ
Аты-жөні:
Асанова Арай Болатқызы
Туған күні, айы, жылы:
11 қараша, 1990 жыл
Туған жері:
Алматы қаласы
Ұлты:
қазақ
Жынысы:
әйел
Отбасы жағдайы:
тұрмыс құрған
Азаматтығы:
Қазақстан Республикасы
Мекенжайы,
телефоны, e-mail:
Астана қаласы,
Самал ауданы,
870164477555;
arai@mail.ru