О. М.Әбутәліп ісқАҒаздарын мемлекеттік тілде жүргізу



жүктеу 10,5 Kb.
Pdf просмотр
бет3/69
Дата10.03.2018
өлшемі10,5 Kb.
#12121
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   69

8
Ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу
–  ерінің  ұрлығын  біле  тұра  хабарламаған  әйел  мен  баласы  жазаға 
тартылмайды, өйткені үлкеннің үстінен шағым айту әбестік саналады;
–  өсиет ағайындар мен молданың қатысуы арқылы жасалады;
–  барымтадан қайтқан мал төлімен қайтарылуға тиіс;
–  дауды шешу билер мен ақсақалдарға жүктеледі;
–  куәлікке екі немесе үш адам жүреді;
–  билерге билік айтқаны үшін кесілген малдың оннан бірі тиесілі;
–  егер айыпкер айыбын төлемесе, оны ру басының рұқсаты арқылы 
барымтамен алуға болады;
–  ұрлық пен кісі өлтіруді қоса жасаған адам екі бірдей жазаға тартылады.
Хан жарлықтары және хандар мен би, болыстардың
жазған хаттары
1731  жылғы  2  қаңтар  –  ...  қараша.  Хандар  Әбілқайыр  мен  Сәмеке- 
нің, Нұралы сұлтанның, Бопай ханшаның, Қарақалпақ ханы мен старшын- 
дарының  өздерінің  Ресей  бодандығын  алғаны  туралы  императрица 
Аннаға жазған хатынан:
Ұлы  мәртебелі  императрица,  Сіздің  жарлығыңыз  бойынша  бізге 
жіберілген  Мәмет  мырза  Тевкелеев  бізге  ұлы  мәртебелі  императрица 
– Сіздің жарлығыңызды жариялады. Ол бойынша мен, Әбілқайыр хан, 
өз  боданымдағы  қайсақтарыммен  бірге  ұлы  мәртебелі  императрица 
–  Сізге  және  ұлы  мәртебелі  ұрпақтарыңызға  бодан  болып,  төменде 
жазылған  тармақтарды  қызмет  етуге  қабылдадым.  Ең  алдымен,  аса 
қасиетті  және  ұлы  державаның  иесі  ұлы  патша  императрицамыз  –
Анна  Иоанновнаға  бүкілресейлік  және  басқаларының,  тағы  басқа  сол 
сияқтылардың самодержицасына уәде етіп, ант береміз....
1) Біздің ұлы патша императрицамызға және ұлы мәртебелі Сіздің 
ұрпақтарыңызға әрқашан адал әрі әділ қызмет етуге уәде беремін.
2) Ұлы мәртебелі императрица – Сіздің бізге, қайсақ ордасына, қызмет 
етуге жарлығыңыз келген кезде Ресей бодандары – башқұрттармен және 
қалмақтармен бірге, соның ішінде айтылған жерге біз өз әділдігімізбен 
барамыз.
3) Қайсақ ордасы жайық казактарына, башқұрттарға, қалмақтарға 
және  Ресейдің  барлық  бодандарына  дұшпандық  шабуыл  жасамайды 
және оларға залал келтірмейді, олармен тату-тәтті тұрады.
4)  Ресей  бодандары  Астраханьнан  және  басқа  жерлерден  көпес 
керуенімен  біз,  қайсақтар  арқылы  қай  жаққа  баратын  болса  немесе 
керуен  бізге,  қайсақтарға,  келетін  болса,  біз  оларға  еш  жаманшылық 
жасамаймыз және оларды жаман адамдардан қорғаймыз және оларды 
қажетті жерлеріне жеткізіп саламыз.
5)  Тұтқынға  алынған  Ресей  бодандары  біздің  қайсақ  ордасынан 
қайтарылады, ал алдағы уақытта тұтқын алынбайды және башқұрт- 


9
Орынғазы Әбутәліп
тардан  және  Ресейден  алынған  тұтқындардың  біздің  дінімізге 
өткендерінен басқалары қайтарылады және ұлы мәртебелі императри-
ца – Сізге біздің жыл сайын адал қызмет етуіміз үшін ұлы мәртебелі сіздің 
құлдарыңыз  башқұрттарға  қарсы  және  жасағыңызға  4000  түлкіден 
жіберіп тұруға уәде беремін, осыған сендіріп, мен, Әбілқайыр хан, осы 
параққа өз мөрімді бастым және өз елшім Бақа батырды жібердім.
1143 жылғы режеп айының 17-сі күні, 
1732 жылғы қаңтардың 2-сі күні жазылған. 
«XVI–XVIII ғ. қазақ-орыс қатынастары», құжаттар жинағы, 38-бет.
1856  ж.  Қарқаралы  округіндегі  Шаншар  болысының  жүзбасы 
Қазанғапов  бидің  өзіне  алтын  кенішінен  кен  өндірумен  айналысуға 
рұқсат  ету  туралы  Батыс  Сібір  генерал-губернаторы  Гасфорт  мырзаға 
өтініші:
Сібір қырғыздары орналасқан жерлерде алтын кен орындарын бар-
лаумен және олардан кен өндірумен, сондай-ақ басқа да металл кендерін 
іздестірумен және өндірумен айналысқым келіп, мен жоғары мәртебелі 
Сізден маған осымен қоса табыс етіліп отырған құны 90 тиын гербті 
қағаз  парағына  Заңдар  жинағының  2432  және  2443-баптарына,  Кен 
жарғысының VII томына және 1854 жылғы 2443-бабына, 19 мамыр-
да  Сібір  комитетінің  жоғары  дәрежеде  бекітілген  ережесіне  сәйкес 
рұқсат етілген Қаржы министрлігінің куәлігін алуға өтініш жасау үшін 
осындай кәсіпшілікке алдын ала рұқсат етуіңізді барынша тағзым ете 
отырып сұраймын.
Осы  өтінішке  жүзбасы  Тәттімбет  Қазанғапов  өз  аты  жазылған 
мөрін басты.
«XVIII–XIX  ғ.  қазақ-орыс  қатынастары»,  құжаттар  жинағы,  419-
бет.
Қазақ ресми ісқағаздарының қалыптасу кезеңі
Қазақ  ресми  ісқағаздарының  тарихына  келетін  болсақ,  ресми  іс- 
қағаздар стилі осы хан жарлықтарынан бастау алады. Осыған байланыс- 
ты  тарихқа  аздап  тоқтала  кететін  болсақ,  Жоңғар  шапқыншылығының 
салдарынан  халықты,  елдік  дербестікті  сақтау  мақсатында  қазақ  елі 
біртіндеп Ресей патшалығының қол астына ене бастады. ХІХ ғасырдың 
ІІ жартысында Қазақстанның Ресейге қосылу үдерісі толық аяқталды.
1868-69  жылдардағы  патша  өкіметінің  қыр  облыстарын  басқару 
жөніндегі  ережелері  Қазақстанда  ел  билеу,  әкімшілік  жүйесінің  жаңа 
түрін енгізді. 
Қазақстан аумағы 3 генерал-губернаторға бағынған 6 облысқа бөлінді. 
Орал және Торғай облыстары Орынбор генерал-губернаторына, Ақмола 
және Семей облыстары Батыс Сібір генерал-губернаторына, Жетісу және 


10
Ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу
Сырдария облыстары Түркістан генерал-губернаторына қарады. Патша 
өкіметі бұл кезде татар тілмаштарының «көмегінен» бас тартты. 
Патша  әкімшілігінің  бұйрық-жарлықтарын  жергілікті  әкімдерге 
өз  тілінде  жеткізу,  отаршылдық  саясатты  күшейте  түсу,  өкілеттік 
құжаттарды жергілікті халықтардың ана тілінде жариялап, сөзсіз орын-
даттыру, патша өкіметінің ресми көзқарастарын халық арасына кең та-
рату мақсаты қазақ тілінде шығатын газетті қажет етті. Сөйтіп, алғашқы 
газеттер жергілікті әкімдердің қазақ елін басқару ісін жеңілдету ниетімен 
шығарыла бастады.
1. Ташкентте 1870-1882 жылдары «Түркістан уәлаятының газеті»; 
2. Омбыда 1882-1902 жылдары «Дала уәлаятының газеті»;
3. 1895 жылдан бастап Троицкіде «Торғай газеті» шығып тұрды. 
Бұл газеттер ресми орган болуына қарамастан, қазақ әдеби тілін да-
мытуда, жазба нормаларын қалыптастыруда, оның бір тармағы – ресми 
ісқағаздар стилін жетілдіруде үлкен рөл атқарды.
Газеттің негізгі бағдарламасы – үкіметтің бұйрық-жарлықтарын, 
сот  орындарының  үкімдерін,  сауда  хабарларын,  Ресей  және  басқа 
мемлекеттердің  өмірінде  кездесетін  оқиғаларды,  шаруашылық  ха-
барларын  жазып  тұру  болды.  Сонымен  қатар,  мұнда  қазақ  халқының 
тарихы,  мәдениеті,  әдебиетіне  қатысты  материалдар  да  жарияланды. 
Материалдар  мазмұнына  қарай  негізгі  екі  топқа  бөлінді:  ресми  және 
ресми  емес.  Ресми  материалдарға  үкімет  бұйрықтары,  кейбір  саяси-
экономикалық мәселелер, ресми емес бөлімге жай корреспонденциялар, 
тарихи мақалалар мен көркем әдебиет үлгілері жатты. Газет материал-
дары публицистикалық, ғылыми, көркем әдебиет және ресми ісқағаздар 
стилінде жазылды.
ХІХ  ғасырдың  ІІ  жартысында  қазақша  ресми  ісқағаздарының 
өз алдына стилі болды. Ол едәуір өзгерісі бар бұрынғы құжаттар мен 
хат-хабарлар тілінің жалғасы ретінде танылады. Бұл дәуірде патшалық 
Ресейдің әкімшілік орындарының қазақ жеріне қатысты ресми құжаттары 
қазақшаға  аударылып,  көпшілігі  баспа  жүзінде  жарияланып  отырды. 
Тағы бір ерекшелігі, бұл дәуірдегі ресми қағаздар өткен дәуірлердегідей, 
хан, аға сұлтан сияқты жеке адамдарға емес, көпшілікке жариялай-
тын мазмұнда болды.
Ресми ісқағаздар мазмұны мен адресаттарына қарай 3 топқа бөлінді. 
1-ші  топ.  Патша  үкіметі  тарапынан  жазылған  бұйрық-жарлықтар 
(указы,  распоряжения,  приказы),  ережелер  (положения)  терминология-
сы, стильдік құрылымы және қалыптасқан сөз орамдарымен, өзге ресми 
құжаттардан біраз ерекшеленеді.
2-ші топ. Заң, сот істеріне байланысты ереже, бұйрық, анықтама т.б. 
Бұлардың да өздеріне тән термин жүйесі, сөз орамдары бар.
3-ші топ. Жеке адамдардың ресми органдарға жазған арыз, өтініштері.


жүктеу 10,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   69




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау