28
Ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу
Шетелдерде болдың ба?
Болғамын жоқ.
Олар маған тұрған да жоқ қол бұлғап.
Қалсам болды, өлсем болды жәйіммен,
Осы отырған орнымда-ақ.
Мекенжайың?
Мекенжайым – жер менің.
Жерде жүрген ақын деген пендемін.
Қалам, қағаз, уақыт бер тек аздаған,
Мен өмірді жырлау үшін келгемін! (М. Мақатаев)
h
Сөздік және сөз тіркестері:
түйіндеме
– резюме
аты-жөні
– фамилия, имя, отчество
туған жылы, күні, айы
– год рождения, число, месяц
туған жері
– место рождения
ұлты
– национальность
жынысы
– пол
мекенжайы
– адрес
отбасы жағдайы
– семейное положение
азаматтығы
– гражданство
мамандығы
– специальность
еңбек өтілі
– стаж работы
тілдерді білуі
– знание языков
компьютерлік сауаттылығы – компьютерная грамотность
ғылыми атағы, дәрежесі
– научное звание, степень
жетістіктері
– достижения
жеке қасиеттері
– личные качества
қызығушылығы
– хобби (интересы)
кепілдеме
– ходатайство
ұсыныс хат
– рекомендательное письмо
29
Орынғазы Әбутәліп
6-cабақ
ӨМІРБАЯН
Анықтамасы:
Өмірбаян – жеке адамның өмір жолы мен қызметі хронологиялық
тәртіпте жазылған ресми құжат.
Өмірбаян, әдетте, оқуға түсу, жаңа қызметке орналасу кезінде жазы-
лады. Онда азаматтың аты-жөні, туған жылы, күні, айы және туған жері,
ұлты, отбасы жағдайы, білімі, бітірген оқу орындары, қызметі мен жұмыс
тәжірибесі туралы және т.б. қосымша мәліметтер көрсетіледі.
Өмірбаян азат жолдан «Мен» – деп басталып, бірінші жақта, жекеше
түрде баяндалады.
Тәжірибеде өмірбаян 3 түрлі болып жазылады.
Өмірбаянның бірінші түрі – адамның өз өмірі мен қызметі туралы
баяндауы. Бұл көбінесе қызметке орналасу кезіндегі жеке ісқағазына
қоса тігілу үшін жазылады. Онда адам өзінің аты-жөнін, туған күнін
толық көрсетеді. Одан кейін жаңа жолдан нақты деректермен санама-
лап жазады. Өмірбаянның бұл түрі көбінесе ресми түрде жазылады да,
көлемі жағынан шағын болады.
õ
Өмірбаянның бұл түрінің ерекшелігі:
1) хронологиялық тәртіппен жазылады;
2) ресми стильде мәтін түрінде жазылады.
Өмірбаянның екінші түрі – мемуарлар, яғни ақын, жазушылардың,
өнер, қоғам қайраткерлерінің өз өмірін қоғам өмірімен байланыстыра
баяндауы.
Өмірбаянның бұл түрі көркем шығармаға жақын, әдеби тілмен, шебер
жазылғандығымен оқырманды тартады және ол оқырманды жеке адам
өмірімен ғана емес, қоғам дамуымен таныстырады. Мұндай шығармалар
қай тілде болмасын өте көп және қара сөзбен де, өлең сөзбен де жазыла-
ды.
õ
Өмірбаянның бұл түрінің ерекшелігі:
1) жеке адам өмірімен ғана емес, сол кездегі қоғам дамуымен де
таныстыруы; 2) көркем әдеби стильде жазылады.
Мысалы:
1. Д.А. Қонаев «Өтті дәурен осылай». Естелік-эссе. (1992), 443 бет.
«Дәуір» баспасы.
30
Ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу
2. Ш.Жиенқұлованың «Өмірім менің – өнерім» (1983), 214 бет.
«Жазушы» баспасы.
3. С.Сейфуллин. «Тар жол тайғақ кешу» романы. 1977, 392 бет. «Жа-
зушы» баспасы.
4. Ғ.Мұстафин. «Көзкөргендер». 1958 ж.
Өмірбаянның үшінші түрі – қоғамға белгілі қайраткерлердің өмірі
мен шығармашылық, саяси қызметтері өз тарапынан емес, басқа біреулер
тарапынан баяндалады.
õ
Өмірбаянның бұл түрінің ерекшелігі:
1) жеке адамды зерттеу барысында жазылады;
2) ғылыми стильде жазылады.
Мысалы:
Ұлы ойшыл, ақын А.Құнанбаев өмірі туралы М.Әуезовтің ғылыми-
зерттеу еңбектерін атап айтуға болады.
Күнделікті өмірде ең жиі қолданылатын өмірбаянның түрі – ресми
түрі. Өмірбаян бірінші жақта жазылады, көлемі шағын болады.
Өмірбаянның мазмұны автордың өмір жолын, іскерлік қасиеттерін
жан-жақты баяндап беруге тиіс.
6
Құрылымы:
1. Құжаттың атауы.
2. Аты-жөні (толық жазылады), туған күні, айы, жылы, туған жері.
3. Ұлты. Азаматтығы.
4. Білімі, оқыған оқу орындары.
5. Жетістіктері.
6. Отбасы (ата-анасы, жұбайы, балалары) туралы мәлімет.
7. Қосымша мәліметтер (тіл білуі, қызығушылығы) т.б.
8. Қазіргі жұмысы, мекенжайы туралы мәлімет.
9. Құжаттың жазылған күні, айы, жылы.
10. Қолы.
31
Орынғазы Әбутәліп
,
1-үлгі
Өмірбаян
Мен, Егінбаева Ақжан Есенғалиқызы 1990 жылы 11 қарашада Павло-
дар қаласында тудым.
Ұлтым – қазақ. Қазақстан Республикасының азаматымын.
1997 жылы Павлодар облысы, Павлодар ауданының Кенжекөл жал-
пы орта білім беру мектебіне 1-ші сыныпқа бардым. Мектепте әртүрлі
қоғамдық жұмыстарға қатысып, өзімді өнер жағынан жақсы көрсете
білдім. «Қазына» би ансамбліне қатыстым.
2007 жылы географиядан оқушылардың облыстық пән олимпиада-
сында І орын алдым.
2008 жылы географиядан республикалық пән олимпиадасына
қатысып, ІІ орынның жүлдегері атандым.
2008 жылы аталған мектепті «Алтын Белгімен» бітіріп, Алматы
қаласындағы Қазақстан-Британ техникалық университетінің Қаржы-
экономика факультетінің «Экономика» мамандығына оқуға түстім.
Қазір 2 курс студентімін.
Ата-анам және екі әпкем бар. Әкем – Егінбаев Есенғали Досымұлы,
1956 жылы туған, Павлодар облысының Салық комитетінде қызмет
етеді. Анам – Рахимова Шолпан Қантемірқызы, 1955 жылы туған,
Павлодар қаласының Кенжекөл жалпы орта білім беру мектебінде
«Қазақ тілі» пәнінің мұғалімі болып қызмет етеді. Үлкен әпкем – Рай-
хан, 1984 жылы туған, тұрмыста. Ортаншы әпкем – Айгүл, 1985 жылы
туған, Павлодар мемлекеттік университетінде «Мемлекеттік тілде
ісқағаздарын жүргізу» пәнінің оқытушысы.
Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін жақсы білемін. Бос уақытымда әдеби
кітаптар оқығанды ұнатамын. Компьютердің бірнеше бағдарламасын
меңгердім.
Қазіргі мекенжайым: Алматы қаласы, Тұрғыт Озал көшесі, 70 үй.
8 қыркүйек, 2009 жыл
Достарыңызбен бөлісу: |