О. М.Әбутәліп ісқАҒаздарын мемлекеттік тілде жүргізу



жүктеу 10,5 Kb.
Pdf просмотр
бет6/69
Дата10.03.2018
өлшемі10,5 Kb.
#12121
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   69

17
Орынғазы Әбутәліп
ç
 Тапсырмалар:
Ауызекі  сөйлеу  стилінде  Аружан  анықтама  алды  десек, 
ісқағаздары  стилінде  Бектаева  Аружанға  анықтама  берілді  деп 
жазылады.  Мысалы,  тілдің  бірнеше  стилінде  дерлік  қолданылатын 
өмірбаянға  тоқталайық.  Төменде  көрсетілген  өмірбаянның 
ерекшеліктеріне  қарай  қайсы  нұсқасы  қандай  стиль  түріне  жататы-
нын табыңыз.
«А» нұсқасы
Мен ескіше жыл басы деп есептелетін «Наурыз күні» киіз үйде ту-
ыппын. Қазақ даласының ең суық жағын жайлайтын біздің елдердің 
бірсыпырасы  ХХ  ғасырдың  бас  кезінде  де  қыс  айларын  киіз  үйде 
өткізеді екен.
Ол күні жер сілкінбеген, күн түгіл ай да тұтылмаған, есте қаларлық 
боран да болмаған, ең аяғы қалжа сүйегіне иттер де таласа алмаған. 
Менсіз  де  үбірлі-шүбірлі  бір  қора  үйде  тағы  бір  бала  туа  салған  да, 
басқа балалардың атына ұйқастыра ат берілген.
Әрине, ол күннен менің есімде қалған еш нәрсе жоқ. Болысым кім, 
патшам кім... табым кім, онда менің жұмысым болмауы керек. Кейін 
ондайды  ұнатпасам  да,  ол  кезде  тістеген  мен  шаққанға  да  енжар 
болған сияқтымын, жылауық болмаппын.
«Ә» нұсқасы
Шыңғыс Айтматов 1928 жылы 12 желтоқсанда қырғыз жеріндегі 
Шекер ауылында дүниеге келген. Әкесі Төреқұл өте парасатты, пайым-
ды адам болған екен. Төреқұл ел басқару қызметінде болып, 1937-1938 
жылдардағы «халық жауы» деген жазықсыз жазаның құрбаны болды. 
Кішкентай Шыңғыс бауырларымен бірге көп қиындық көріп өседі.
Ш.Айтматовтың шын мамандығы – табиғат сыйлаған жазушылық 
өнер. Ол осы өнерін жетілдіру үшін М.Горький атындағы Әдебиет инс- 
титутында оқиды. Шыңғыстың 1956 жылы жазылған «Жәмила» хи-
каясы бірден жұрт назарын аударып, көп ұзамай орыс тіліне, іле-шала 
Парижде француз тілінде жарық көріп, жас суреткердің есімін әлемге 
паш етті.
Бұл  күнде  Шыңғыс  Айтматовтың  есімі  дүниежүзіне  мәшһүр. 
Шыңғыс  ең  көп  аударылған  қаламгерлердің  бірі.  Жазушы  бейне-
леген  кейіпкерлер,  тек  қырғыз  халқының  перзенттері  емес,  әлем 
халықтарына  тән  мінезбен,  адамзаттық  болмыспен  бірігіп  жатқан 
бейнелер. Сондықтан да оны ешбір халық жатсынбайды.


18
Ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу
«Б» нұсқасы
Мен, Сұлтанова Әлия Айханқызы, 1964 жылы 20 сәуірде Талдықорған 
облысы Ақсу ауданының Қызылтаң ауылында тудым. Ұлтым – қазақ. 
Әкем – Сұлтанов Айхан, орта мектепте мұғалім, шешем – Омарова 
Гүлсім, ауылдық ауруханада дәрігер.
1981  жылы  Ақсу  ауданы  І.Жансүгіров  атындағы  орта  мектепті 
бітіріп, Қыздар педагогикалық институтының филология факультетіне 
оқуға түстім. 1986 жылы үздік бітіріп, қазақ тілі мамандығы бойын-
ша аспирантураға қабылдандым. 1989 жылы оқытушылық қызметке 
аталған институтқа қалдырылдым.
1995  жылы  «Шырай  категориясы»  тақырыбында  кандидаттық 
диссертация қорғадым.
Тұрмыстамын,  жолдасым  –  Омаров  Серік  Бекұлы,  1961  жылы 
туған, «Алматықұрылыс» акционерлік бірлестігінде бөлім меңгерушісі. 
Ұлым  –  Омаров  Нұрлан  Серікұлы,  1992  жылы  туған,  №34  гимназия 
оқушысы.
Мекенжайым: 
Алматы қаласы, Манас көшесі, 21 үй, 2 пәтер. Үй тел: 2-40-41-47.


19
Орынғазы Әбутәліп
Жеке 
адам 
өміріне 
қатысты 
құжаттар


20
Ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу
 5-cабақ 
ТҮЙІНДЕМЕ

 Анықтамасы: 
Түйіндеме  –  белгілі  бір  тұлғаның  өмірбаяны,  білімі,  мамандығы, 
кәсіптік  шеберлігі,  біліктілігі,  икемділігі  жайлы  нақты,  қысқа 
мәлімет беретін ісқағазының бір түрі. 
Түйіндеме (Резюме) – француз тілінен алынған термин. “Айтылған я 
жазылған мәселенің қысқаша түйіні” деген мағына береді.
Бүгінгі нарық заманында мемлекеттік органдарға, фирма, кәсіпорын- 
дарға қызметкерлер қабылдау үшін түйіндеме талап етеді. Түйіндемеде 
белгілі бір адам туралы мәліметтер ықшам әрі нақты түрде беріледі. Са-
уатты әрі толық жазылған түйіндеме сіз туралы жақсы әсер қалдырады. 
Бұл өзіңіз қалаған жұмысты тезірек табуға көмектеседі. 
Жалпы  тәжірибеде  түйіндеме  екі  түрде  жазылады.  Бірінші  –  құжат 
атауы  А-4  қағазының  ортасына  қою  қара  әріппен  жазылады.  Екінші  – 
құжат атауы көрсетілмейді, үміткердің аты-жөні А-4 қағазының ортасы-
на қою қара әріппен жазылады.
Түйіндемеде  үміткердің  «Түйіндеме  құрылымында»  көрсетілген 
мәліметтер беріледі.
6
 Құрылымы:
1. Құжат атауы. 
2.Үміткер туралы толық мәлімет: (аты-жөні, туған жылы, күні, айы, 
туған жері, ұлты, жынысы, отбасы жағдайы, азаматтығы).
3. Мекенжайы, телефондары, электрондық пошта (e-mail).
4. Үміттеніп отырған орны.
5. Білімі, бітірген оқу орындары.
6. Мамандығы.
7. Еңбек өтілі, жұмыс тәжірибесі.
8. Ғылыми атағы, дәрежесі. 
9. Жетістіктері. 
10. Тілдерді білуі.
11. Компьютерді білуі.
12. Жеке қасиеттері.
13. Қызығушылығы.
14. Қосымша ақпараттар.
15. Ұсыным хат немесе кепілдеме.
õ
 Түйіндеменің ерекшеліктері:
1) үміткердің білімі және кәсіби шеберлігі туралы мәліметтердің кері 
хронологиялық тәртіпте берілуі;


жүктеу 10,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   69




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау