32
Ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу
,
2-үлгі
Өмірбаян
Мен, Сұлтанова Ғалия Айханқызы, 1964 жылы 20 сәуірде Талдықорған
облысы Ақсу ауданының Қызылтаң ауылында тудым.
Ұлтым – қазақ. Қазақстан Республикасының азаматымын.
1971 жылы Ақсу ауданындағы Ілияс Жансүгіров атындағы орта
мектептің 1-ші сыныбына бардым.
1981 жылы мектепті бітіріп, Алматы қаласындағы С.М. Киров
атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетіне
оқуға түстім.
1986 жылы университетті үздік дипломмен бітірген соң, ҚР Ұлттық
Ғылым академиясының Тіл білімі ғылыми-зерттеу институтына кіші
ғылыми қызметкер болып қабылдандым.
1989 жылы Абай атындағы Ұлттық педагогикалық университетінің
Қазақ тілі кафедрасына оқытушылық қызметке ауыстым.
1995 жылы «Қазіргі қазақ тіліндегі рай категориясы» тақырыбында
кандидаттық диссертация қорғадым.
1998 жылы доцент атағын алдым.
Отбасым бар. Жолдасым – Бекжанов Берік Бексұлтанұлы, 1961
жылы туған, «Рауан» акционерлік-коммерциялық бірлестігінде бөлім
меңгерушісі. Ұлым – Бекжанов Нұрлыбек Берікұлы, 1987 жылы туған,
Қ.Сәтбаев атындағы Қазақтың ұлттық техникалық университетінің
4 курс студенті. Қызым – Бекжанова Данагүл Берікқызы, 1989 жылы
туған, Алматы қаласындағы Жамбыл Жабаев атындағы №161 қазақ
гимназиясының 11 сынып оқушысы.
Қазақ, орыс тілдерін жетік білемін. Аудармамен кәсіби деңгейде
айналысамын. Бос уақытымда спортпен шұғылданамын, көркем
әдебиет оқимын. Әскери қызметке міндетті емеспін.
Мекенжайым: Алматы қаласы, Әуезов көшесі, 21 үй, 57 пәтер.
23 қаңтар, 2010 жыл
Сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Өмірбаян нешінші жақта жазылады?
2. Өмірбаянның қанша түрі бар?
3. Өмірбаянның қызметі мен ерекшеліктерін айтыңыз?
4. Өмірбаянның түйіндемеден айырмашылығы неде?
5. Өмірбаянда қандай мәліметтер жазылады?
33
Орынғазы Әбутәліп
Тілдік бірліктер:
• ұлтым
• жылдар аралығында
• Алтын белгі
• ата-анам
• еңбек (соғыс) ардагері
• әскери борышымды өтедім
• бойдақпын
• үздік мұғалім
• қызметкер
• кәсіпкер
• І орын алдым
• ..... жылы ..... институтының ..... факультетіне күндізгі бөлімге түстім
• ..... жылы жұмысқа тұрдым
• ..... жылы ..... қаласындағы (облысындағы, ауданындағы, ауылындағы),
№..... орта мектепке бардым
• ..... жылы басқа жұмысқа ауыстым
• ..... ж. ..... байқауда бірінші орын иелендім
• «Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері» атағын алдым
• 1992 жылы университетке оқуға түсіп, 1998 жылы үздік дипломмен
бітірдім
• 1998-2000 жж. аралығында аспирантурада оқыдым
• 2001 ж. кандидаттық диссертация қорғадым
• № ..... мектепке жұмысқа тұрдым
• анам – мұғалім
• әкем – зейнеткер
• аяқталмаған жоғары білім
• әскери атағым
• әскери міндетті емеспін
• еңбек өтілім
• ғылыми дәрежем
• ғылыми еңбектерім
• диплом бойынша мамандығым
• екі балам бар
• екінші білім алдым
• жеделдетілген бөлімге түстім
• институтты ..... жылы ..... мамандығы бойынша бітірдім
• кәсіптік техникалық училищеге түстім
34
Ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу
• кешкі бөлімге түстім
• күндізгі бөлімге түстім
• компьютер курсын бітірдім
• Қазақстан Республикасының азаматымын
• қызмет – ..... ..... № ..... мектептің 6 сынып оқушысы
• мемлекеттік марапаттарым бар
• мемлекеттік сыйлық алдым
• орта мектепті ..... жылы бітірдім
• сырттай бөлімге түстім
• тапсырмаларды табысты орындағаным үшін
• тұрмыс құрғанмын
• тұрмыс құрмағанмын
• училищені бітіргеннен кейін
• ұлым ..... ..... № ..... мектептің 3 сынып оқушысы
• үйленбегенмін
• үйленгенмін
1-жаттығу. Сұрақтарға үлгі бойынша жауап беріңіз.
Үлгі:
– Сіз қазақша жаза аласыз ба?
– Жаза аламын.
– Иә, ол қазақша жаза алады.
1. Сіз ісқағаздарын қазақ тілінде жүргізе аласыз ба?
2. Сіз қазақша еркін сөйлей аласыз ба?
3. Сіз маған өмірбаян жазуға көмектесе аласыз ба?
4. Сіз компьютерде жұмыс істей аласыз ба?
5. Сіз менің сұрағыма жауап бере аласыз ба?
6. Сіз іссапарға бара аласыз ба?
7. Сіз ертең жұмысқа келе аласыз ба?
8. Сіз өмірбаян жаза аласыз ба?
9. Сіз мәтінді дұрыс оқи аласыз ба?
10. Сіз бүгін кешкі жаңалықтарды тыңдай аласыз ба?
11. Сіз мәтінді орыс тілінен қазақ тіліне аудара аласыз ба?
2-жаттығу. Сұхбат мазмұны бойынша қажетті сөздерді (сұрақтарды)
толтырыңыз.
Тілші: – Сәлем, Айша. Менің интервью алғаныма қарсы емессің ғой
деп ойлаймын.
Айша: – Әрине, қарсы емеспін. Мен сенің сұрақтарыңа қуана жауап
беремін.
35
Орынғазы Әбутәліп
Тілші: – Онда бірінші сұрағым. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
Айша: – Талдықорған қаласынанмын.
Тілші: – Сіз . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
Айша: – Иә, тұрмыстамын. Екі балам бар.
Тілші: – Кешір, ал . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
Айша: – Иә, менің ағам, сіңлім бар.
Тілші: – . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
Айша: – Олар әлі кішкентай. Саябаққа барғанды ұнатады.
Тілші: – . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
Айша: – Иә, олар Талдықорғанда тұрады. Әкем де, шешем де зейнет-
кер.
3-жаттығу. Сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Сіздің аты-жөніңіз кім?
2. Сіз қай жерде және қашан дүниеге келдіңіз?
3. Сіздің отбасы жағдайыңыз қандай?
4. Сіздің біліміңіз қандай?
5. Сіз қайда оқыдыңыз, нені бітірдіңіз?
6. Сіздің мамандығыңыз қандай?
7. Сіз қайда жұмыс істедіңіз?
8. Қазір қайда жұмыс істейсіз?
9. Сіз қандай компьютер бағдарламаларын білесіз?
10. Қай тілде еркін сөйлейсіз?
11. Әскери қызметке міндеттісіз бе?
12. Қандай әскери атағыңыз бар?
4-жаттығу. Орыс тілінде жазылған «Өмірбаянды» қазақ тіліне
аударыңыз. (Үлгіден алыңыз).
Автобиография
Я, Исаев Марат Болатович, родился 1 сентября 1974 года в селе Талас.
Мой отец – Исаев Болат, работает экономистом. Моя мать – Исаева
Алия, домохозяйка.
С 1990 года по 2001 год я учился в средней школе №1. Был редактором
школьной стенгазеты. В школе увлекался математикой, принимал
участие в олимпиадах. Занимался спортом.
В 2002 году поступил в МАБ. В настоящее время являюсь студентом
2 курса Международной Академии Бизнеса.
18.02.2004.
Достарыңызбен бөлісу: |