Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрлігінің
Байланыс, ақпараттандыру
және ақпарат комитеті
төрағасының
2014 жылғы «12» қарашадағы
№ 221 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрлігі
Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің
Құжаттау және құжаттаманы басқару
қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінде (бұдан әрі – Комитет) Құжаттау және құжаттаманы басқарудың қағидасы (бұдан әрі – Қағида) «Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының жобаларын дайындау, келісу, кол қоюға ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру және Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтарына мониторинг жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 27 сәуірдегі
№ 976 Жарлығына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 желтоқсандағы № 1570 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың үлгілік қағидаларына, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 14 қазандағы № 62 бұйрығымен бекітілген Комитет туралы ережесіне, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілер мен және Комитетте іс жүргізуді жүзеге асыру бойынша жалпы талаптарды белгілейді.
2. Осы Қағидалармен, белгіленген құжаттармен жұмыс істеудің талаптары мен тәртібі Комитеттің барлық қызметкерлеріне міндетті.
3. Қағидалар басқарушылық қызметтегі құжаттау мен құпия емес сипаттағы құжаттармен жұмысты ұйымдастырудың тәртібін белгілейді және ұйымдастырушылық – басқарушылық құжатқа таратады.
Арнайы байланыс түрлерін пайдалана отырып құпия іс жүргізу мен құпия хат жазысуды жүргізу тәртібі Комитеттің жекелеген нұсқаулықтарымен белгіленеді.
Таралуы шектелген қызметтік ақпаратты дайындау, таныстыру және олардың өтуі «Мемлекеттік органдардың қызметтік ақпаратпен жұмыс істеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы
23 қаңтардағы № 51 қбпү қаулысымен бекітілген қаулысымен бекітілген Мемлекеттік органдардың қызметтік ақпаратпен жұмыс істеу ережесіне сәйкес жүзеге асырылады.
4. Осы Қағидалардың ережелері жеткізгіш түріне қарамастан, электрондық цифрлық қолтаңбаны тексерудің оң нәтижесін белгіленген тәртіппен анықтау туралы растамасы бар электрондық құжаттарды қоса алғанда, құжаттармен жұмыс істеуді ұйымдастыруға қолданылады.
5. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар мен қысқартулар қолданылады:
1) Министрліктің басшылығы – Министр, жауапты хатшы, министрдің орынбасарлары;
2) Комитеттің басшылығы – Төраға, төрағаның орынбасарлары;
3) ЭҚАБЖ – Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі;
4) БҚ – бағдарламалық қамтамасыз ету;
5) ДҚ – деректер қоры;
6) Қызметтік хат-хабарламалар - ЭҚАБЖ ДҚ тіркелген нөмірі бар Комитеттегі барлық кіріс/шығыс хат-хабарламалар;
7) ЭЦҚ – Комитет қызметшісінің электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық (құпия) кілтін қамтитын ақпаратты кілтті жеткізгіш;
8) ТБК – ЭҚАБЖ ДҚ қызметтік хат-хабарламаларды тіркеу-бақылау карточкасы;
9) жоғары органдардың құжаттары – ҚР Президенті Әкімшілігінен, Парламентінен және ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесінен түсетін тапсырма (хаттар, жоспарлар);
10) Министрлік пен Комитет басшылығының тапсырмасы – Министрлік пен Комитет басшылығының жеке, хаттамалық тапсырмалары;
11) Азаматтардың өтініштері - жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;
12) ішкі хат алмасу – Министрлік пен Комитеттің құрылымдық бөлімшелері арасындағы хат алмасу;
13) жауапты орындаушы – Комитет басшылығының бірінші орындаушысымен анықталған Комитеттің (құрылымдық бөлімше) қызметкері;
14) Комитеттің Құжаттамалық қамтамасыз ету және мемлекеттік тілді дамыту басқармасы (бұдан әрі - ҚҚЕМТДБ) – хат-хабарламалардың тіркелуін және жөнелтілуін, сондай-ақ құжаттардың орындалуын бақылауды жүзеге асыратын Комитеттің құрылымдық бөлімшесі;
15) фирмалық бланкілер – мемлекеттік рәміздерді қолдану арқылы ресімделген белгіленген форматтағы қатаң есептегі бланкілер (хаттың бланкілері және бұйрықтың бланкілері);
6. Комитеттегі іс жүргізуге жауапкершілік оның ішінде кіріс және шығыс хат-хабарламаларды есепке алу, орындаушыларға дейін басшылықтың құжаттары мен тапсырмаларын уақтылы жеткізуді қамтамасыз ету, осы Қағидалардың ережелеріне сәйкес құжаттарды сақтау және ресімдеу бойынша шараларды қолдану, іс жүргізудің жағдайы туралы басшылыққа хабарлауды, сондай-ақ Комитеттің құрылымдық бөлімшелерінде орындаушылық тәртіптің жағдайы туралы басшылыққа хабарлауды, басшылықтың құжаттары мен тапсырмаларының уақтылы және сапалы орындалуына бақылауды Комитеттің ҚҚМТДБ жүзеге асырады.
7. Бірыңғай техникалық саясат негізінде басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету жүйесін ұйымдастыру, жүргізу мен жетілдіруді, құжаттармен жұмыс істеуде заманауи техникалық құралдарды қолдануды, Комитеттегі құжаттармен жұмыс істеудің белгіленген тәртіптің орындалуына әдістемелік басшылық жасау мен бақылау жүргізуді Комитеттің құжаттамалық қызметі туралы қағидасына сәйкес жұмыс істейтін құжаттамалық қамтамасыз етудің функциялары жүктелген ҚҚЕМТДБ жүзеге асырады.
8. Комитеттің құрылымдық бөлімшелері іс жүргізу, құжаттардың есепке алынуы, сақталуы, уақтылы өтуі және орындалуына олардың басшылары жауапты болып табылады.
Жоғарғы мемлекеттік органдардың тапсырмалары мен актілерін сапалы және уақтылы орындау жөніндегі дербес жауапкершілікті құзыреттеріне сәйкес Комитеттің басшылығына және құрылымдық бөлімшелердің басшыларына жүктеледі.
Жылсайынғы орталық мемлекеттік органдар қызметтерінің нәтижелерін бағалау қорытындысы бойынша, жоғарғы мемлекеттік органдардың тапсырмалары мен актілерін орындау аясында Комитет қызметінің нәтижесі жөніндегі көрсеткіш төмендеген жағдайда жауапкершілікке құрылымдық бөлімшелердің басшылары (басқарма басшылары) тартылу мәселесі қарастырылады.
9. Осы Қағиданың орындалуына бақылауды ҚҚЕМТДБ жүзеге асырады.
10. Комитет құрылымдық бөлімшелерінің басшылары жаңадан қабылданған қызметшілерді осы Қағидалармен, лауазымдық нұсқаулықтармен, жұмыс регламентімен және Комитеттің жұмысын регламенттейтін өзге де құжаттармен таныстырады.
11. Мемлекеттік органдармен хат жазысу мемлекеттік тілде, Қазақстан Республикасы мен ТМД елдерінің ұйымдарымен және азаматтарымен мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі. Өзге шетелдік хат-хабармен хат жазысу басқа да шет тілдерінде жүргізілуі мүмкін.
2. Құжаттаудың тәртібі
12. Комитетте құжаттың пайда болған немесе алынған кезден бастап, оның орындалу немесе жіберілген аралықта қозғалу құжат айналымды қалыптастырады.
13. Құжат айналым мынадай талаптарға сәйкес болуы керек:
1) құжаттардың нысаналы айналымы (құжат қысқа жолмен орындаушыға беріледі, құжаттардың қайта орнын ауыстыруға болмайды);
2) лауазымдық міндеттеріне сәйкес қызметшілер арасында құжаттарды нақты бөлісу.
14. Комитеттің құжат айналымының мынадай түрлері бар:
1) жоғары тұрған, ведомстволық бағынысты, басқа ұйымдардан келіп түсетін (кіріс) құжаттар және жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;
2) жоғары тұрған, ведомстволық бағынысты, басқа ұйымдарға жіберілген (шығыс) құжаттар және жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне жауап құжаттары;
3) Комитет шегіндегі міндеттердің шешілуін қамтамасыз ететін ішкі құжаттар (хаттамалар, актілер, қызметтік жазбалар, жеке құрам жөніндегі бұйрықтар, негізгі қызмет бойынша бұйрықтар және т.б.).
15. Құжат айналымының көлемі ай, тоқсан, жыл ішіндегі кіріс, шығыс, ішкі құжаттардың жалпы мөлшерімен анықталады.
3. Қызметтік хат-хабарды қабылдау және тіркеу тәртібі
16. Комитетте келіп түсетін барлық хат-хабарды сағат 9.00-ден
17.00-ге дейін ҚҚЕМТДБ қызметшілері қабылдайды және Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі (бұдан әрі – ЭҚАБЖ) мен мемлекеттік органдардың интранет порталының (бұдан әрі - МОИП) деректер қорларында тіркейді.
17. Комитет қызметшілеріне ҚҚЕМТДБ тіркелмеген құжаттарды қабылдап, олармен жұмыс істеуге тыйым салынады.
Кезекшілер және/немесе Комитет басшылығының қабылдау бөлмесінің қызметшілері қабылдаған хат-хабарлар ҚҚЕМТДБ-не тіркеу үшін тапсырылады.
Комитеттің құрылымдық бөлімшілерінің қызметшілеріне Комитеттің электрондық базасында оларды тіркеусіз тікелей Комитетке жолданған құжаттарды қабылдауға тыйым салынады.
Комитеттің электрондық базасына енгізусіз құрылымдық бөлімшеге түскен хат-хабарлар Кеңсеге тіркеу үшін беріледі.
Тиісті мемлекеттік органның белгіленген үлгідегі бланкісінде басылған басшының қолы бар немесе ЭЦҚ бар болуымен ЭҚАБЖ ДБ -да электрондық құжаттың оған сәйкес келетін шаблонын пайдаланып жасалған құжаттардың бірінші даналары ҚҚЕМТДБ қабылдауға жатады. Бұл ретте құжатта күні, шығыс нөмірі міндетті түрде қойылуы тиіс.
18. Комитетке құжаттар түскен күннен бастап тіркелінеді, ал сағат 17.00-ден кейін, жұмыс уақытынан тыс немесе демалыс күндері келіп түскен құжаттар келесі жұмыс күні тіркеледі.
19. Жаңылысып түскен хат-хабарлар пошта бөліміне қайтарылады.
20. Комитетке қағаз жеткізгішінде келіп түскен хат-хабар күні, уақыты, алған тұлғаның аты-жөні көрсетіле отырып, ҚҚЕМТДБ қызметшілерімен қорғаудың құралдарын қолдану арқылы электрондық құжатқа қол қойған тұлғаның және құжаттың қажетті реквизиттерін растаған тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбаның (бұдан әрі – ЭЦҚ) бар-жоғына тексеру рәсімдері өткізілгеннен кейін қабылданады. Құжатты қабылдау кезінде, егер қосымшасы болған жағдайда көрсетілген қосымшалар сәйкестікке салыстырылады. Электрондық нұсқасы жоқ хат-хабар сканерден өткізіледі.
«Мемлекеттік бюджет туралы» Заң қабылданғаннан кейін бюджеттік қаржы бөлуге қатысты мемлекеттік органдардың және аймақтық бөлімшелерінің, ведомстваларының хаттары қарауға қабылданбайды және жоғары тұрған мемлекеттік органдарға жіберілмейді.
21. «Шұғыл», «Өте шұғыл» деген белгісі бар Үкіметтік хат-хабар дереу өңделеді. Қол қойылмаған және жіберушінің мекенжайы көрсетілмеген хаттар қабылдануға және тіркелуге жатпайды.
22. ҚҚЕМТДБ қызметшілері конверттерді ашардың алдында олардың арналуы мен ресімделуінің дұрыстығын, құжаттардың, оларға қосымшалардың жинақтылығын және бүтіндігін тексереді, пакетте көрсетілген салу нөмірлерінің құжаттарға қойылған нөмірлермен сәйкестігі салыстырылады. Құжаттар жеткіліксіз немесе бүлінген болғаны анықталса, конверттердің нөмірлері құжаттардың нөмірлерімен сәйкес келмеген жағдайда осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес үш данада акт жасалады. Актінің бір данасы ҚҚЕМТДБ қалады, екіншісі (құжатпен бірге) арналуы бойынша беріледі, ал үшіншісі өтініш берушіге жолданады.
23. Құжатты жөнелтушінің мекенжайын, жөнелтілген және алынған уақытын конверттер арқылы ғана анықтауға болатын жағдайда, сондай-ақ жеке басты куәландыратын құжаттар келіп түскенде конверттер жойылмай сақталады. «Жеке өзіне» белгісімен жолданған конверттер ашылмастан адресте көрсетілген иесіне табыс етіледі, адресат конвертті ашқан кезде онда қызметтік сипаттағы құжаттар болған жағдайда олар тіркелу үшін ҚҚЕМТДБ іс жүргізушісіне табысталады.
24. ЭҚАБЖ ДБ-да тіркеуден өтпеген осы Қағидалардың 2-қосымшасында көрсетілген тіркелуге жатпайтын құжаттардың тізбесіне сәйкес құжаттарды, Комитет басшылығының қабылдау бөлмесінің қызметшілеріне, сондай-ақ Комитеттің құрылымдық бөлімшелерінде іс жүргізуге жауапты тұлғаларға арнайы журналдарда қол қойғызумен беріледі.
25. ҚҚЕМТДБ қызметшілері тіркелуге жатпайтын құжаттардың тізбесіне сәйкес поштаны қарап, оны тіркелетіндерге және тіркелмегендерге сұрыптайды.
26. Есепке алуды және орындауды қажет ететін, ақпараттық-анықтамалық мақсаттарда пайдаланылатын барлық құжаттар тіркеуге алынуы тиіс.
27. Комитетте құжаттарды тіркеу кезінде ЭҚАБЖ ДБ автоматтандырылған ақпараттық жүйесіндегі электрондық тіркеу бақылау карточкасы қолданылады, сондай-ақ, мынадай тіркеу-бақылау нысандарына жол беріледі: осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес карточкалық және
4-қосымшаға сәйкес журналдық.
28. ЭҚАБЖ ТБК міндетті түрде тіркелуі қажет құжат туралы келесі мәліметтердің құрамы белгіленеді:
1) ұйымның атауы (автор немесе корреспондент);
2) құжат түрінің атауы;
3) келіп түскен құжаттың уақыты мен тіркеу нөмірі;
4) мәтіннің тақырыбы (құжаттың қысқаша мазмұны);
5) мәселенің сипаты;
6) бұрыштама (орындаушы, тапсырманың мазмұны, авторы, уақыты);
7) құжаттың орындалу уақыты (егер құжат бақылауға қойылса);
8) орындау карточкасы (егер құжат бақылауға қойылса) және оны іске жолдау;
9) құжатты бақылаудан алу туралы белгі (егер құжат бақылауға қойылса).
Құжаттың сипаты мен ақпаратты қолданудың міндеттеріне қарай міндетті мәліметтер құрамы басқа да мәліметтермен толықтырыла алады (қосымшаның бар болуы, парақтар саны, мекеме ішіндегі құжаттың қозғалуы, орындалу мерзімі мен басқалары).
29. Құжаттың бірінші бетінде оң жақтағы төменгі бұрышта келіп түскен күні мен кіріс нөмірі көрсетілген тіркеу мөртабаны қойылады. Бұдан бұрын келіп түскен тіркелген кіріс құжаттарға негізгі құжаттың тіркеу нөмірі беріледі.
Құжатты тіркелгеннен кейін ТБК реквизиттеріне рұқсат етілмеген өзгерістер енгізуге тиым салынады.
Келіп түскен құжаттарды сканерлеу кезінде (электрондық нұсқасы болмаған кезде) бұдан кейінгі жұмыстар олармен ЭҚАБЖ ДБ электрондық түрде жүзеге асырылатын болады.
30. Шет тілдеріндегі хат-хабар тіркелген кезде мөртаңба түпнұсқаға және аударма мәтініне қойылады.
31. Келіп түскен құжат туралы мәлімет ҚҚЕМТДБ қызметшілерімен ЭҚАБЖ тиісті деректер базасының тіркеу-бақылау карточкасына енгізіледі: «Сыртқы хат-хабар», «ҚБПҮ», «Азаматтардың өтініштері», «Төраға блогының сұрақтары», «Хаттамалар».
32. Комитеттің құрылымдық бөлімшелері арасындағы ішкі хат алмасу Комитеттің басқармасы басшысының немесе оның орнын алмастыратынның қолымен ресімделеді;Министрліктің құрылымдық бөлімшелері арасындағы ішкі хат алмасу Комитет төрағасының немесе онын орнын алмастыратын тұлғаның қолымен ресімделеді; ҚҚЕМТДБ қызметкерлерімен Комитеттің ЭҚАБЖ «Ішкі хат-хабар» ДБ тіркеледі.
Комитет құрылымдық бөлімшелерінің арасындағы ішкі хат алмасуда Комитеттің ТБК нөміріне (кіріс нөмірі) сілтеме болуға тиіс.
4. Қызметтік хат-хабарды қарау тәртібі
33. Келіп түскен құжаттарды алдын ала қарастырудың басты мақсаты – ұйым басшысымен міндетті түрде қарастырылатын және қарастырылмайтындарға жіктеу болып табылады. Басшының міндетті түрде қарастыруын талап етпейтін құжаттар тікелей құрылымдық бөлімшілер мен жауапты тұлғаларға жолданады.
34. Құжаттарды алдын ала қарастыру, оның мазмұнын, авторын, Комитетте бекітілген міндеттердің негізінде қойылған сұрақтың қиындығы мен жаңашылдығын бағалау арқылы жүзеге асырылады.
35. Төрағамен (ол жоқ болған жағдайда – оның міндетін атқарушы тұлғамен) міндетті түрде қарастыруға Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінен, Қазақстан Республикасының Парламентінен, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесінен, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардан, жоғары органдардан, жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен құжаттары жатады.
Комитет төрағасының орынбасарларына қарастыруға олар жетекшілік ететін мәселелер бойынша құжаттар жолданады.
Тіркелген құжаттар Комитет басшылығының қарауына келіп түскен күні ЭҚАБЖ ДБ электрондық нысанда «Қызметтік пайдалану үшін» белгісі бар құжаттардан басқа беріледі.
36. Президенттің нормативтік құқықтық құжаттарын, Президенттің, Президент Әкімшілігінің, Парламенттің, Премьер-Министрдің және Үкімет басшылығының тапсырмаларын және қызметтік құжаттардың ертеректе жолданған даналары «Бұрынғы жіберілгеннің орнына» мөрімен Комитеттің құрылымдық бөлімшелері алған кезінде жаңа даналарды алған күні Комитеттің ҚҚЕМТДБ қайтарылады.
37. Қажет жағдайда кідірмей орындауға жататын құжатты Комитет басшысының қарастыруысыз құжаттың мазмұнымен орындаушыға таныстыруға рұқсат етіледі.
38. Төрағаның қарауына жолданатын «Қызмет бабында пайдалану үшін» деген грифі бар кіріс хат-хабарды Төрағаның қабылдау бөлмесіне белгіленген кесте бойынша сағат 10.00-де және 18.00-де күніне 2 рет, шұғыл хат-хабар дереу беріледі.
39. Төрағаға (ол жоқ болған жағдайда – бірінші басшының міндетін атқарушы тұлғаға) берілген құжаттар қаралмай қайтарылып берілген жағдайда, Төрағаның (ол жоқ болған жағдайда – бірінші басшының міндетін атқарушы тұлғаның) көмекшісі қайтарылған құжатқа олардың қолы қойылған құжаттың қайтып берілу себебінің негіздемесін қоса береді.
40. Комитеттің басшылығына жолданатын «Қызмет бабында пайдалану үшін» деген грифі бар құжаттарды тиісті қабылдау бөлмесінің қызметкерлері құжатты қол қойып қабылдайды, алған күнін, уақытын және қабылдаған құжат санын көрсетеді Ереженің 5 қосымшасына сәйкес.
41. Комитет басшылығының қабылдау бөлмелеріндегі іс жүргізуді қабылдау бөлмесінің қызметкерлері жүргізеді, құжаттардың өтуі мен сақталуын және ЭҚБЖ ДБ оған уақтылы және сапалы бұрыштама енгізуін дербес жауапкершілік тартады.
Кіріс құжаттар бойынша бұрыштамалар (қажеттілігіне қарай) белгіленген үлгідегі бланкіде басып шығарылады (фишкаларда). Тек төраға, төрағаның орынбасарлары үшін бұрыштамаларды соғуда фишкалар қолданылады. Комитеттің қалған құрылымдық бөлімшелерінің басшылары ТБК-ға бұрыштамаларды соғуды немесе құжаттың өзінде жүргізеді.
«БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ» мөртабаны бар бақылаудағы құжаттарды қарау мерзімі мен бұрыштамаларды соғу бір күннен аспайды.
42. Бұрыштамада мыналар көрсетілуі керек:
1) орындаушылар (барыс септігіндегі аты-жөні);
2) құжатты қолданудың мазмұны немесе орындаудың тәртібі мен сипаты;
3) орындау мерзімі;
4) жеке қолтаңбасының толық жазылуы;
5) бұрыштаманы қою мерзімі (күні, айы, жылы);
6) бұрыштамаға қатысты құжаттың төменгі жиегінде асты сызық тіркеу нөмірі және мерзімі көрсетіледі.
43. Комитеттің басшылығымен қаралған «Қызмет бабында пайдалану үшін» белгісі бар құжаттар Комитеттің құрылымдық бөлімшелері бойынша бұрыштамалардың мәтіндеріне сәйкес оларды әрі қарай бөлу үшін ҚҚЕМТДБ қол қоюмен қайтарылып беріледі.
ЭҚАБЖ ДБ төраға қараған құжаттарға бұрыштама мазмұнын ҚҚЕМТДБ қызметшілері енгізеді, ал Комитет төрағасының орынбасарлары қараған құжаттарға қарар мазмұнын тиісті қабылдау бөлмесінің қызметшілері енгізеді.
44. Комитеттің басшылары қараған және Комитеттің құрылымдық бөлімшелеріне тікелей жолданған хат-хабарларды ҚҚЕМТДБ қызметшілері мекенжай ұяшығына орналастырады, Комитет құрылымдық бөлімшелерінің іс жүргізушілерімен келіп түскен хат-хабарларды тіркеу нөмірін және алу мерзімін көрсетіп, журналға қол қойып алу арқылы жүргізіледі.
Іс жүргізушілер Комитеттің құрылымдық бөлімшелеріне келіп түскен құжаттарды алуды күн барысында күніне 2 сағат сайын жүргізеді, шұғыл құжат дереу алынады.
Өте шұғыл хат-хабар (құжат) келіп түскендігі жөнінде ҚҚЕМТДБ қызметшісі телефон арқылы іс жүргізушілерді дереу хабардар етеді, олар шұғыл құжатты алуды дереу – кестеден тыс алулары керек.
45. Комитеттің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары олардың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша құжаттарды қарайды, мемлекеттік органдармен, лауазымдық тұлғалармен және ұйымдармен қызметтік хат алмасуды жүргізеді, олардан барлық қажетті ақпараттарды сұрайды және алады, мәселені шешуге орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметшілері, ұйымдардың өкілдері, ғалымдар мен мамандар тек Комитеттің басшылары арқылы тартылады.
46. Осы Қағидаларға 6-қосымшада Комитеттің құрылымдық бөлімшелері арасында тек электрондық түрде құрылуға және алмасуға жататын ішкі қызметтік құжаттар тізбесі көрсетілген.
47. Егер құжат Комитеттің аумақтық немесе ведомстволық бағынысты органдарына орындалуға жолданған жағдайда, құжатқа бұрыштама салатын тұлға аталған тапсырманың орындалуын бақылауды жүзеге асыратын Комитеттің жауапты құрылымдық бөлімшесін бекіту керек.
48. Келісуге жолданған орталық атқарушы және басқа мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын қарауды Комитеттің Құқықтық және кадрлық жұмыс басқармасымен бірлесе отырып құзыреттеріне осы жобалармен байланысы бар сұрақтар кіретін құрылымдық бөлімшелермен жүзеге асырылады және қажет болған жағдайда басқа да құрылымдық бөлімшелер тартылады.
49. Орындалуы бірнеше Комитеттің құрылымдық бөлімшелеріне жүктелген құжат (төлнұсқасын) бірінші орындаушыға, барлық бірлескен орындаушыларға ЭҚАБЖ ДБ құжаттың сканерлеу көшірмелері беріледі.
Құжаттың негізгі орындаушысы бұрыштамада бірінші болып көрсетілген бөлімше немесе қызметші болып табылады. Құжаттың тең орындаушылары негізгі орындаушының талабы бойынша барлық қажетті материалдарды беруі керек. Тең орындаушылар құжаттың дер кезінде және сапалы орындалуына бірдей жауапкершілік тартады.
Бірлескен орындаушылар үшін құжаттарды орындаудың мерзімі құжат бойынша жалпы белгіленген бақылаудағы мерзімдерге дейін үш күн ішінде белгіленеді (бірінші орындаушыға арналған мерзім).
50. Қойылған мәселелерді шешу құзыретіне кірмейтін Комитеттің құрылымдық бөлімшелерінен бақылау құжаттарының орындалуын қайта адрестеу Комитет басшылығының қарарына сәйкес бақылау құжатын алғаннан кейін құжатты орындау жүктелетін Комитеттің құрылымдық бөлімшесінің басшысымен міндетті келісу арқылы және ҚҚЕМТДБ құжатты орындаушыны міндетті қайта тіркеу арқылы үш күн ішінде жүргізіледі, басқа жағдайда құжаттың сапалы және уақтылы орындалмағанына жауапты бірінші орындаушы болып табылады
Күнтізбелік он күнге дейін орындалудың қысқа мерзімдері бар құжаттарды қайта адрестеу бір күннің ішінде жүзеге асырылады, көрсетілген құжаттарды одан кешірек мерзімдерде қайта адрестеуге рұқсат етілмейді.
Кері жағдайда құжатты басшылық белгілеген құрылымдық бөлімше орындауға қабылдауы тиіс.
51. Комитеттің құрылымдық бөлімшелерде іс жүргізуді іс жүргізушілер жүргізеді, олар өз құрылымдық бөлімшенің басшылары мен орындаушыларына құжаттарды уақтылы жеткізгені үшін, журналда жазулардың толық және дұрыс жүргізілуі үшін, ЭҚАБЖ ДБ ТБК орындаушылардың аты-жөндерін енгізу үшін, құжаттардың дер кезінде жіберілгені және тиісті сақталуы үшін жеке жауапкершілік тартады.
Комитеттің құрылымдық бөлімшелеріне мәлімет үшін келіп түсетін құжаттар істер номенклатурасына сәйкес іс жүргізушіде арнайы папкаларда (файлдарда) сақталады және қажет болған жағдайда алу туралы міндетті белгілеумен тиісті бөлімшелердің қызметшілеріне беріледі.
52. Құжаттың орындалуы аяқталған кезде оның авторы хат алмасуды жүйелендіреді, бастапқы құжатқа: мәселе қалай, қандай құжатпен және қашан шешілгендігін, құжатқа кім қол қойғандығын, жеке қолымен растайды, ЭҚАБЖ ДБ құжатты ТБК-ға «Орындалу карточкасын» толтырады, орындалғаны туралы ҚҚЕМТДБ қызметкерлеріне хабарлайды және құжатты құрылымдық бөлімшенің номенклатура бойынша тиісті іс папкаға тігеді (ҚҚЕМТДБ тігілетін жеке тұлғалардың өтініштерін қоспағанда).
Егер мәселе ауызша шешілсе, онда орындаушы құжатта әңгіме болған адамның лауазымы мен тегін, оның қысқаша мазмұны мен күнін жазады, ЭҚАБЖ ДБ құжатты ТБК-ға «Орындалу карточкасына» тиісті жазба енгізіледі, ол жөнінде міндетті түрде іс жүргізуші немесе бақылауды жүзеге асыруға жауапты ҚҚЕМТДД қызметшісі хабардар болады.
53. Әр аптаның жұма күні ҚҚЕМТДБ Комитеттің басшылығына және Комитеттің құрылымдық бөлімшелерінің іс жүргізушілеріне бақылау құжаттарының және кеңестерде, оның ішінде аппараттық кеңестерде берілетін Комитеттің басшылары тапсырмаларының тізбесін кесте түрінде электрондық пошта арқылы жібереді.
54. Кеңестерде берілген Комитет басшыларының тапсырмаларын бақылаудан алуды немесе орындау мерзімін ұзартуды құрылымдық бөлімше басшысының жазбаша өтінішіндегі жетекшілік ететін Төрағаның орынбасары тиісті бұрыштамасы негізінде ҚҚЕМТДБ жүзеге асырады.
55. Құрылымдық бөлімшелер өз құзыреті шегінде келіп түсетін хат-хабарлардың сипаты мен сапасына жүйелі талдау жасайды, қойылған мәселелерді шешу, сондай-ақ құжат айналымын қысқарту бойынша қажетті шаралар қабылдайды.
Достарыңызбен бөлісу: |