О. М.Әбутәліп ісқАҒаздарын мемлекеттік тілде жүргізу



жүктеу 10,5 Kb.
Pdf просмотр
бет4/69
Дата10.03.2018
өлшемі10,5 Kb.
#12121
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   69

11
Орынғазы Әбутәліп
ІІ.
 
Кеңес үкіметі құрылған кезең
1920 жылы және одан кейінгі кезеңде қазақ тіліне деген көзқарасты 
төмендегі қабылданған құжаттардан байқауға болады:

1920 жылы Қазақ АССР-і Кеңестерінің бірінші құрылтай съезінде 
республикадағы  әр  ұлт  барлық  мекемелер  мен  мектептерде  ана  тілін 
қолдануда тең құқылы деген шешім қабылданды. 

Қазақ АССР Халық комиссарлар комитетінің 1921 жылы 2 ақпанда 
жарық  көрген  «Республиканың  мемлекеттік  мекемелерінде  қазақ  және 
орыс тілдерін қолдану туралы» Декреті;

Қазақ АССР ОАК-нің 1923 жылғы 22 қарашадағы «Қазақ тілінде 
ісқағаздарын жүргізуді ендіру туралы» Декреті;

Қазақ  АССР  ОАК  Президиумының  1923  жылғы  «Қазақ  тілінде 
ісқағаздарын енгізу жөніндегі орталық комиссия туралы ережені бекіту 
туралы» Қаулысы;

Қазақ  АССР  Юстиция  Халық  комиссариатының  1923  жылғы 
11  маусымдағы  «Сот-тергеу  органдарының  халық  соттары  мен  халық 
тергеушілерінің қазақ тілінде іс жүргізуді ендіруге байланысты» нұсқау 
хаты.

1924  жылы  қабылданған  Қазақстанның  бірінші  Конституциясы 
бойынша қазақ және орыс тілдері республикада мемлекеттік тіл болып 
танылған. 

Қазақ АССР ХКК-нің 1924 жылғы 23 сәуірдегі өлкелік мекемелерді 
қазақ тіліндегі жазу машинкасымен қамтамасыз ету жөніндегі өкімі;

Қазақ  АССР  Еңбек  Халық  Комиссариатының  1924  жылғы 
21  маусымдағы  «Қазақ  тілінде  іс  жүргізуді  енгізуге  байланысты 
қызметкерлерді жұмыстан босату және оларды қазақ тілінде сөйлеп, жаза 
алатын қызметкерлермен алмастырудың тәртібі жөніндегі» Қаулысы;

 Қазақ АССР ОАК-нің 1927 жылғы 17 мамырдағы «Қазақ уездері 
мен өлкелік мекемелердің қазақ тілінде ісқағаздарын жүргізуге көшірудің 
соңғы мерзімін белгілеу туралы» Қаулысы;

Қазақ  АССР  Халық  ағарту  комиссариатының  1930  жылғы  3 
қаңтардағы  Барлық  өлкелік  халыққа  білім  беру  бөлімдеріндегі  орыс 
мектептерінде қазақ тілін міндетті түрде оқыту жөніндегі нұсқау хаты; 

1934  жылғы  Орталық  Атқару  Комитетінің  «Қазақ  мектептерде 
қазақ тілін міндетті түрде оқыту жөніндегі» Қаулысы және т.б. құжаттар. 
Бірақ  көп  ұзамай-ақ,  қазақ  тілін  мемлекеттің  негізгі  қарым-
қатынас құралына айналдыру мүмкіншілігіне бұғалық салына баста-
ды. Оны төмендегі құжаттардан көруге болады:

1938 жылғы 5 сәуірдегі «Қазақ мектептерінде орыс тілін мәжбүрлі 
оқыту» туралы арнайы Қаулысы;

Қазақ АССР ОАК-нің 1938 жылғы сәуір айындағы «Ұлттық мектеп- 
терді қайта құру туралы» Қаулысы (Осы қаулыға сәйкес Қазақстандағы 


12
Ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу
ұлттық  мектептер  «буржуазиялық-ұлттық  идеологияның  ошағы,  бала-
ларды Кеңес үкіметіне қарсы тәрбиелейтін мекеме» деп танылып, түгел 
таратылып жіберді).
Еліміздегі  қазақ  тіліне  қатысты  белсенді  қозғалыс  1980  жыл- 
дардың соңында етек алып, мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болуына 
1989 жылы қол жеткізілді:

1989 жылы Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы құрылды;

1989  жылғы  22  қыркүйектегі  Қазақ  ССР-інің  Тіл  туралы  Заңы 
(Қазақ тілі – ҚазССР-нің мемлекеттік тілі болып бекітілді);

1990  жылғы  «Қазақ  тілін  және  Қазақ  ССР-індегі  басқа  да  ұлт 
тілдерін дамытудың 2000 жылға дейінгі кезеңдерге арналған мемлекеттік 
бағдарламасы».
ІІІ. ҚР Тәуелсіздік алған кезең 

1993, 1995 жылдардағы ҚР Конституциясы;

1993 жылы Қазақстан Үкіметі жанынан құрылған Тіл комитеті.

«Қазақстан  Республикасындағы  тiл  туралы»  Қазақстан 
Республикасының 1997 жылғы 11 шiлдедегі №151 Заңы: 
4-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлi 
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлi – қазақ тiлi. 
Мемлекеттiк  тiл  –  мемлекеттiң  бүкiл  аумағында  қоғамдық 
қатынастардың  барлық  саласында  қолданылатын  мемлекеттiк  басқару, 
заң шығару, сот iсiн жүргiзу және iсқағаздарын жүргiзу тiлi. 
Қазақстан  халқын  топтастырудың  аса  маңызды  факторы  болып  та-
былатын мемлекеттiк тiлдi меңгеру – Қазақстан Республикасының әрбiр 
азаматының парызы. 
Үкiмет, өзге де мемлекеттiк, жергiлiктi және атқарушы органдар: 
Қазақстан  Республикасында  мемлекеттiк  тiлдi  барынша  дамытуға, 
оның халықаралық беделiн нығайтуға
Қазақстан  Республикасының  барша  азаматтарының  мемлекеттiк 
тiлдi еркiн және тегiн меңгеруiне қажеттi барлық ұйымдастырушылық, 
материалдық-техникалық жағдайларды жасауға; 
Қазақ  диаспорасына  ана  тiлiн  сақтауы  және  дамытуы  үшiн  көмек 
көрсетуге мiндеттi.

2001 жылы 7 ақпанда Қазақстан Республикасында Тілдерді қолдану 
мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы;

2011  жылы  29  маусымда  Қазақстан  Республикасында  Тілдерді 
қолдану  мен  дамытудың  2011-2020  жылдарға  арналған  мемлекеттік 
бағдарламасы қабылданды.


13
Орынғазы Әбутәліп
 
3-cабақ 
ІСҚАҒАЗДАРЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ 
ОЛАРДЫ ТОПТАСТЫРУ
Ісқағаздарының  түрлері  өте  көп,  олардың  негізгі  түрлерін  мақсаты 
мен мазмұнына, жасалған орнына, жасалу сатысына, қызметіне, форма-
сына т.б. ерекшеліктеріне қарап топтастыруға болады. 
Ісқағаздары мазмұны мен қызметіне қарай үш топқа бөлінеді. 
1-ші топ. Жеке адам өміріне қатысты құжаттар.
2-ші топ. Азаматтық қарым-қатынасты реттейтін құжаттар.
3-ші топ. Басқару, ұйымдастыру қызметіне қатысты құжаттар.
Жеке адам өміріне 
қатысты
ісқағаздары
Азаматтық қарым-
қатынастарды 
реттейтін 
ісқағаздары 
Басқару, ұйымдастыру 
қызметіне қатысты 
ісқағаздары
Түйіндеме
Өмірбаян
Жеке іс парағы
Өтініш
Арыз
Мінездеме
Кепілдеме
Визит карточкасы
Анықтама
Жеделхат
Қолхат 
Кепілхат 
Сенімхат 
Өтінім 
Тапсырыс 
Келісімшарт
Шарт 
Еңбек шарты 
Еңбек келісімі 
Хаттама
Қызметтік хаттар
Хабарландыру 
Бұйрық 
Жарлық 
Үкім 
Өкім
Жарғы 
Ереже
Қаулы 
Шешім
Формасына қарай:

Типтік;

Трафареттік;

Еркін мәтінді болып бөлінеді. 
1. Типтік ісқағаздары деп қалыптасқан мәтін-үлгі бойынша жа-
зылатын ісқағаздарын айтамыз. Мысалы: арыз, өтініш т.б. 
2. Трафареттік ісқағаздары деп мәтіннің белгілі бір бөлігі алдын 
ала  баспаханалық  әдіспен  басылып  дайындалған  құжаттарды  ай-
тамыз. Мәтіннің алдын ала дайындалған бөлігінде өзгермейтін ақпарат 
жазылады. Мысалы: студенттің белгілі бір оқу орнында оқитынын рас-


жүктеу 10,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   69




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау