14
Ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу
тайтын студенттік билет, анықтама т.б. Мұнда студенттің аты-жөні, тегі,
оқитын бөлімі мен курсы жазылатын арнайы орын қалдырылып, қалған
бөлігі
баспаханалық әдіспен басылып, алдын ала дайындалады.
3. Еркін мәтінді ісқағаздарына қалыптасқан үлгі бойынша жа-
зылмайтын құжаттар жатады. Мысалы: пікір. Еркін мәтінді
ісқағаздарын безендіруде де жалпы ісқағаздарына қойылатын талаптар
сақталады.
Қолданылу орнына қарай:
•
Мекемеішілік;
•
Мекемеаралық;
•
Мемлекеттік;
•
Халықаралық болып бөлінеді.
Шығу, жасалу сатысына қарай:
•
түпнұсқалық;
•
көшірмелік болып бөлінеді.
Түпнұсқалық ісқағаздарына кез келген құжаттың бірінші рет
жасалған нұсқасы (оригинал) жатады.
Ал көшірмелік ісқағаздарына түпнұсқаның мәтіні сол күйінде,
өзгеріссіз сақталып алынған толық нұсқасы немесе белгілі бір бөлігі
жатады. М: Көшірмелік ісқағаздарына кез келген құжаттың көшірмесін
(диплом көшірмесі, бұйрықтың көшірмесі т.б.), үзіндісін (хаттамадан
үзінді, бұйрықтан үзінді т.б.), дубликатын жатқызуға болады.
Үзінді – құжаттың қажетті бөлігінің мәтіні өзгертілмей жазылған,
қолға берілетін нұсқасы.
Дубликат – құжат жоғалған кезде берілетін құжаттың
түпнұсқасымен күші бірдей көшірмесі.
Кез келген мекеме тек өзінде жасалған құжаттың ғана көшірмесін
беруге құқы бар. Құжат көшірмелерінің көшірме екендігі расталып, қол
қойылып, мөр басылғанда ғана заңды күші бар.
15
Орынғазы Әбутәліп
4-cабақ
РЕСМИ ІСҚАҒАЗДАР СТИЛІ
Анықтамасы:
«Стиль» – латын сөзі, қазақ тіліне аударғанда «жазу мәнері»
дегенді білдіреді. Стилистика – тілдің қолданылу заңдылықтарын
зерттейтін ғылым, ол тілдік белгілердің дұрыс қолданылу норма-
сын көздейді.
Қазақ әдеби тіл стильдері:
1. Ауызекі сөйлеу стилі
2. Көркем әдебиет стилі
3. Публицистикалық стиль
4. Ресми
ісқағаздар стилі
5. Ғылыми стиль
Мақсаты:_іскерлік_қарым-қатынасты_дамыту,_нақты_мағлұмат_беру__Сипаты'>Орны:_күнделікті_қарым-қатынас__Мақсаты:_тіл_табысу__Сипаты'>1. Ауызекі сөйлеу тілі стилі
Орны:
күнделікті қарым-қатынас
Мақсаты:
тіл табысу
Сипаты:
қарапайым
Тілдік құралы: одағай, оқшау сөз
2. Көркем әдебиет стилі
Орны:
көркем шығарма, айтыс, спектакль
Мақсаты:
адамның
сезіміне әсер ету, образды ойлауға үйрету
Сипаты:
образды, көркем
Тілдік құралы: ауыспалы мағыналы сөздер, троптар, теңеулер,
эмоционалды-экспрессивті сөздер
3. Ресми ісқағаздары стилі
Орны:
ресми ісқағаздары, ресми кездесулер
Мақсаты:
іскерлік
қарым-қатынасты дамыту, нақты мағлұмат
беру
Сипаты:
қысқа да нұсқа
Тілдік құралы: ресми сөздер, тура мағыналы сөз, кәсіби сөздер,
терминдер, қалыпты
тіркестер
4. Публицистикалық стиль
Орны:
газет, журналдар, теледидар, радио (БАҚ құралдары)
Мақсаты:
ақпарат, хабар тарату, қоғамдық
пікір туғызу
Сипаты:
пафосты, ұранды, экспрессивті
16
Ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу
Тілдік құралы: термин, кәсіби сөздер, тұрақты тіркестер, әдеби
орамдар, экспрессивті сөздер
5. Ғылыми стиль
Орны:
ғылыми еңбектер, конференциялар, диссертациялар,
монографиялар
Мақсаты:
білім беру, білім тарату
Сипаты:
дәлелді, дәйекті
Тілдік құралы: терминдер,
тура мағынадағы сөздер, кәсіби сөздер
õ
Ресми немесе ісқағаздар стилінің ерекшелігі: онда факті дәл
көрсетіліп, бір ізбен жүйелі жазуға айрықша мән беріледі.
Ісқағаздарындағы мәлімет қысқа, нақты және белгілі бір ізбен
жүйелі жазылуы тиіс.
Ресми құжат стильдеріне тән белгілер:
•
мазмұнының
қысқа әрі тұжырымды баяндалуы
;
•
тұжырымдардың
дәл, нақты болуы;
•
сөздер мен терминдердің
нақты, тура мағынасында пайдаланы-
луы;
•
терминдер мен тұрақты орамдардың
бірегейлігі;
•
терминнің ең қолданылу
жиілігі жоғары, Мемлекеттік термино-
логия
комиссиясы бекіткен нұсқасының пайдаланылуы;
қалыптасқан мазмұндық-құрылымдық
нормалардың қатаң
сақталуы
.
Көптеген сөздер белгілі стильге телулі болады, қолданылу жағынан
шектеліп отырады. Мысалы:
тағайындалсын, міндеттелсін, осы
анықтама берілді, қаулы етеді, жарлық етеді т.б.
Ресми ісқағаздарында кейде бір заттың я ұғымның атауы қолданылу
орнына қарай әртүрлі аталады. Мысалы, «адам»
деген сөзді алатын
болсақ:
Ресми құжаттарда –
азамат, жолдас.
Телефон станциясында –
абонент.
Ательеде –
тапсырыс беруші.
Шаштаразда –
клиент.
Ауруханада
– науқас.
Шипажайда (санаторийде) –
демалушы,
тынығушы.
Көлікте (транспортта) –
жолаушы т.б. болып табылады.