Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы



жүктеу 101 Kb.
Дата14.01.2020
өлшемі101 Kb.
#26566

Алматы қаласы

Денсаулық сақтау басқармасы



Алматы қаласы бойынша ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау Комитетінің Департаменті

Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік санитарлық -эпидемиологиялық бақылау Комитетінің Департаменті

_______№____ бұйрық



_______№____ бұйрық



________№____ бұйрық





«Өз мамандығының үздігі» атағын

тағайындауға конкурс өткізу туралы

ҚР ДСМ 2013 жылғы 6 мамырдағы «Медициналық қызметкерлер күніне орай «Өз мамандығының үздігі» конкурсын өткізу туралы» №283 бұйрығының орындалуы үшін және медициналық кәсіптің беделін жоғарылату, медициналық көмек сапасын, медициналық қызметкерлердің кәсіби деңгейін жетілдіру мақсатында


I. БЕКІТЕМІЗ:

  1. «Өз мамандығының үздігі» атағын тағайындауға конкурс өткізу бойынша конкурстық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрамын (№1 қосымша);

  2. «Өз мамандығының үздігі» атағын тағайындау конкурсы туралы ереже (№2 қосымша)

II. БҰЙЫРАМЫЗ:

  1. Аудан, аудандық мемсанэпидбақылау басқармалары, денсаулық сақтау мекемелерінің бас дәрігерлеріне:

    1. ҚР ДСМ 6.05.2013ж. №283 бұйрығына сәйкес конкурс шарттарымен «Үздік стационар дәрігері», «Үздік провизор», «Үздік санитарлық дәрігер, эпидемиолог», «Үздік денсаулық сақтау менеджері» «Үздік тәуелсіз сарапшы», «Үздік БМСК дәрігері», номинацияларын тағайындауға өңірлік және республикалық конкурс өткізу туралы ұжымда ақпараттық-түсіндіру жұмысы жүргізілсін Мерзімі - 2013ж. 20 мамырға дейін

    2. Аудандық басқармалар, денсаулық сақтау мекемелерінде кәсіби конкурстар өткізілсін.

Мерзімі - 2013ж. 24 мамырға дейін

1.3 Қаланың медициналық мекемелерінен кәсіби конкурс нәтижелері бойынша «Үздік стационар дәрігері», «Үздік провизор», «Үздік санитарлық дәрігер, эпидемиолог», «Үздік денсаулық сақтау менеджері» «Үздік тәуелсіз сарапшы», «Үздік БМСК дәрігері» номинацияларын тағайындауға өңірлік конкурсқа қатысуға іріктеу жүргізу үшін әр ауданнан 1 кандидаттан шығарылсын және конкурс жеңімпаздарының материалдары Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік сан-эпидемиологиялық бақылау Комитетінің Департаменті мен денсаулық сақтау басқармасына ұсынылсын.

Мерзімі - 2013ж. 27 мамырға дейін

1.4. Кандидаттар республикалық конкурсқа қатысу үшін, жолда жүру уақыты есептелмегенде 10 – 14 маусым аралығында Астана қаласына іссапарға жіберілсін. Іссапар шығындары негізгі жұмыс орнынан өтелсін.



  1. Алматы қаласы бойынша ҚР МФҚБКД кадрлар бөлімінің бастығы Г.Б. Алдаңғарова үміткерлердің құжаттарын қабылдауды қамтамасыз етсін.

  2. Конкурстық комиссия төрағасына:

    1. Республикалық конкурсқа қатысу үшін кандидаттарды ұсыну шарасы (әр номинацияда 1 маманнан) және үміткерлермен сұхбат жүргізу, құжаттарды қарау аяқталсын және қалалық салтанатты шарада марапаттау үшін «Өз мамандығының үздігі» атағын тағайындау (әр номинацияда 1 маманнан) бойынша шешім қабылдансын Мерзімі - 2013ж. 1 маусымға дейін

    2. «Өз мамандығының үздігі» атағын тағайындау бойынша Республикалық комиссияға республикалық конкурсқа қатысу үшін кандидаттардың материалдары ұсынылсын. Мерзімі - 2012ж. 1 маусымға дейін

  3. Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Л.А.Кеңесбаева кәсіби конкурс қорытындылары БАҚ жарық көруін ұйымдастырсын.

  4. Денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыру-кадрлық жұмыс бөлімінің басшысы м.а. Г.К. Жанқарашева жеңімпаздарды салтанатты марапаттау рәсімін ұйымдастырсын.

  5. Бұйрықтың орындалуын бақылау Алматы қаласы бойынша ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау Комитеті Департаменті басшысының орынбасары М.С.Үкібайға, Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік сан-эпидемиологиялық бақылау Комитетінің Департаменті басшысының орынбасары К.Х.Әбдіжапароваға, денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Ә. Мұсабаеваға жүктелсін.

  6. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының бастығы

_____________ Ж. Касымжанова

Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау Комитеті Департаментінің директоры __________ Е. Дүрімбетов








Алматы қаласы бойынша ҚР ДСМ

Медициналық және фармацевтикалық қызметті

бақылау Комитетінің Департаменті директоры

__________________ А. Молдақасымова

Енгізуші:


АҚСӨСҚО директоры Г. Сүлейменова

Келісілді :

ДСБ басшысының орынбасары А. Мұсабаева

ДСБ басшысының орынбасары Г. Төлепбаева



ДСБ 2013 ж. «___» мамырдағы№___

МФҚБКД 2013 ж. «___» мамырдағы№___

МСЭБКД 2013 ж. «___» мамырдағы№___

біріккен бұйрықтарына №1 қосымша

Конкурстық комиссияның құрамы

Ж. Касымжанова

  • Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы төрайымы

А.Б.Молдақасымова

  • Алматы қаласы бойынша ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау Комитеті Департаменті (бұдан әрі – МФҚБКД) директоры, төрайым орынбасары

С.К.Рахменшиев

  • Алматы қаласы бойынша ҚР ДСМ Медициналық қызметке ақы төлеу комитеті департаментінің басшысы, төрайым орынбасары

Е.Е.Дүрімбетов

  • Алматы қаласы бойынша ҚР ДСМ Мемлекеттік сан-эпидемиологиялық бақылау Комитеті Департаменті басшысы, төрайым орынбасары

Г.Б.Алдаңғарова

  • Алматы қаласы бойынша ҚР ДСМ МФҚБКД медициналық қызметке бақылау жүргізу бөлімінің басшысы, хатшы

Мүшелері:

Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары, төрайым орынбасары

Б.М.Дәулетқалиев

  • Алматы қалалық «Медик» кәсіподағының төрайымы

М.С.Үкібай


  • Алматы қаласы бойынша ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау Комитеті Департаменті басшысының орынбасары

Г.С.Төлепбаева

  • Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының ана мен бала денсаулығына медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру бойынша орынбасары

Ә.М.Мұсабаева


  • Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы медициналық ұйым қызметін үйлестіру бойынша орынбасары

А.К.Бердіоңғарова

Р.М.Мұхамадиева

  • Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының емдеу бөлімінің бас маманы

И.И.Ли

  • Қалалық мәслихат депутаты, АДО бас дәрігері

Б.Н.Садыков

  • Медеу ауданының, №5 Қалалық клиникалық аурухананың бас дәрігері

Г.А.Қамбарова

Т.М.Көккөзов

  • Әуезов ауданының,Әуезов ауданы Туберкулезге қарсы диспансерінің бас дәрігері

Ж.С.Әбеуова

  • Алатау ауданының, №22 Қалалық емхананың бас дәрігері

Г.Р.Сүлейменова

  • Бостандық ауданының, СӨС орталығының бас дәрігері

Г.А.Кәрібаева

  • Жетісу ауданының, №11 Қалалық емхананың бас дәрігері

К.М.Темірова

  • Түрксіб ауданының, №13 Қалалық емхананың бас дәрігері

А.М.Садықова

  • Қалалық медицина колледжінің директоры

Л.А.Кеңесбаева

  • Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы


ДСБ 2013 ж. «___» мамырдағы№___

МФҚБКД 2013 ж. «___» мамырдағы№___

МСЭБКД 2013 ж. «___» мамырдағы№___

біріккен бұйрықтарына №2 қосымша

«Өз мамандығының үздігі» атағын беруге

өткізілетін конкурс туралы ереже


  1. Жалпы ережелер




        1. «Үздік стационар дәрігері», «Үздік БМСК дәрігері», «Үздік провизор», «Үздік санитарлық дәрігер, эпидемиолог», «Үздік денсаулық сақтау менеджері» «Үздік тәуелсіз сарапшы» номинацияларын тағайындауға өткізілетін конкурс туралы осы Ереже кәсіби білім деңгейін, медициналық қызметкерлердің біліктілігін және олардың моральдік-танымдық көзқарасын анқтауға мүмкіндік береді.

        2. Номинациялар бойынша атақ тағайындау соңғы уақыттағы өз қызметінде айтарлықтай нәтижеге жеткен денсаулық сақтау саласының қызметкерлерін марапаттау болып табылады.

        3. Конкурсқа тәжірибелік жұмыстағылар үшін 10 жылдан кем емес, сарапшылар үшін 5 жылдан кем емес жұмыс өтілі бар, бірінші немесе жоғары біліктілік санаты бар, провизорлар үшін санаты болуы міндетті емес, денсаулық сақтау саласындағы дәрігерлер, санитарлық дәрігерлер, провизорлар, менеджерлерқатыса алады. Конкурсқа осындай конкурстардан соңғы бес жыл ішінде жүлделі орын алған тұлғалар жіберіледі.

        4. Конкурс 2 кезеңде өтеді:

  1. Өңір деңгейінде (облыс, республикалық маңызы бар қала, астана);

  2. Республикалық деңгейде;

        1. Ұсынылған номинациялар бойынша конкурс жеңімпаздары айтылағанда ресми марапаттау 2013 жылғы 14 маусымда Алматы қаласында өтеді .


2. Конкурстық комиссия


        1. «Үздік стационар дәрігері», «Үздік БМСК дәрігері», «Үздік провизор», «Үздік санитарлық дәрігер, эпидемиолог», «Үздік денсаулық сақтау менеджері» «Үздік тәуелсіз сарапшы» номинациялары бойынша атақ беруге үміткерлерді іріктеу үшін Денсаулық сақтау басқармасының жанында конкурстық комиссия құрылады (бұдан әрі Өңірлік комиссия).

        2. Алматы қаласында конкурс жеңімпаздарын іріктеу кезінде номинациялары бойынша атақ беруге конкурсанттарды бағалау әдістемесінде көрсетілген критерилер жалпы критерий болып табылады.

        3. Өңірлік комиссия құрамында 9 адамнан кем емес мүшелері және Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасының, Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті департаменті, Медициналық қызметке ақы төлеу департаменті,мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялыққадағалау, медициналық ұйым, кәсіподақ ұйымы, үкіметтік емес ұйым өкілдерінен тұруы керек. Өңірлік комиссия құрамынан Төраға, орынбасары, хатшы сайланады.

        4. Өңірлік комиссия төрағасы оның қызметіне басшылық жүргізеді, жалпы бақылау жасап, қабылданған шешімдерге жауапты болады.

        5. Хатшы Өңірлік комиссия қызметіне техникалық қызмет көрсетеді, сондай-ақ:

  1. Конкурсанттардың құжаттарын қабылдайды;

  2. Конкурсты ұйымдастырып, өткізеді;

  3. Республикалық комиссия хатшысына конкурс қорытындысы бойынша материалдарды, мәжіліс хаттамаларын ұсынады.

        1. Өңірлік комиссия шешімі ашық дауыспен қабылданып, мәжіліс хаттамасымен ресімделеді.

        2. Өңірлік комиссия «Үздік стационар дәрігері», «Үздік БМСК дәрігері», «Үздік провизор», «Үздік санитарлық дәрігер, эпидемиолог», «Үздік денсаулық сақтау менеджері» «Үздік тәуелсіз сарапшы» номинациялары бойынша 2 кезеңде конкурс өткізеді.

  1. тестілеу- 29.05.2013ж.;

  2. тәжірибелік дағдыны бағалау- 30.05.2013ж.

        1. «Үздік стационар дәрігері», «Үздік БМСК дәрігері», «Үздік провизор», «Үздік санитарлық дәрігер, эпидемиолог», «Үздік денсаулық сақтау менеджері» «Үздік тәуелсіз сарапшы» атағын беру Өңірлік конкурсы осы ереженің 17 т. сәйкес ұсынылған материал негізінде іске асырылады.

        2. Өңірлік комиссия 2013 жылғы Алматы қ. «Үздік стационар дәрігері», «Үздік БМСК дәрігері», «Үздік провизор», «Үздік санитарлық дәрігер, эпидемиолог», «Үздік денсаулық сақтау менеджері» «Үздік тәуелсіз сарапшы» атағын беруге конкурс жеңімпаздарын анықтайды.

3. Өңірлік және республикалық конкурс үшін ұсынылатын құжаттар




        1. Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттар ұсынылады:

  1. Номинациясы көрсетіліп еркін үлгіде конкурсқа қатысуы туралы жазылған өтініш;

  2. Суретімен түйіндеме;

  3. Кәсіби қызметі туралы мәліметтері көрсетілген конкурсант жұмыс істейтін денсаулық сақтау ұйымы басшысының қолы қойылған кәсіби қызметі туралы есебі (10 шрифтпен жазылған 15 баспа бетінен көп емес);

  4. Конкурсант туралы бейнеролик (5 минуттан артық емес);

  5. Конкурсант еркіне қарай қосымша мәлімет (10 шрифтпен жазылған 3 баспа бетінен көп емес).

Құжаттар конкурсқа мемлекеттік және орыс тілдерінде ұсынылады.
жүктеу 101 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау