Нкок мінез-қҰЛЫҚ кодексі



жүктеу 346,15 Kb.
Pdf просмотр
бет2/11
Дата31.01.2018
өлшемі346,15 Kb.
#8215
түріКодекс
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

 

 

Осы құжат «Норт Каспиан Оперейтинг Компани» компаниясының меншігі болып табылады.



 

 



адалдыққа, сәйкестікті қамтамасыз етуге, жергілікті халыққа және ақпарат 

алмасуға қатысты қызметіміздің алты қағидатында көрсетілген.

 

Мен сіздердің біздегі Этика жарғысының, осы Мінез-құлық кодексінің, Парақорлықпен 



және жемқорлықпен күрес жөніндегі нұсқаудың және Сыйлықтарға, сауық 

шараларына және қонақжайлық белгілеріне қатысты саясатының, сонымен қатар 

Компанияның басқару жүйесінің тиісті процедураларының талаптарын білулеріңізге 

үміттенемін. Сіздердің оларды ешбір тәртіп бұзусыз және ымырасыз 

сақтайтындарыңызға және күнделікті жұмыс барысында қолданатындарыңызға 

сенемін.

 

Сіздер осы Мінез-құлық кодексін, Парақорлықпен және жемқорлықпен күрес жөніндегі 



нұсқауды және Сыйлықтарға, сауық шараларына және қонақжайлық белгілеріне 

қатысты саясатын, сонымен қатар Компанияның басқару жүйесінің тиісті 

процедураларын қолдануға байланысты кез келген мәселе бойынша, атап айтқанда 

жұмыс барысында қажет болуы мүмкін кез келген шешімдерді қабылдау мәселелері 

бойынша өздеріңіздің тікелей басшыларыңызбен немесе этика және сәйкестікті 

қамтамасыз ету жөніндегі менеджермен кеңесе аласыздар.

 

Заңдарды және өзіміздің әдеп нормаларымызды қатаң сақтау бәрімізге де пайдалы 



болады. 

Пьер Оффан 

Басқармасының төрағасы және басқарушы 

директоры 

«Норт Каспиан Оперейтинг Компани Б.В.» 


 

 

Осы құжат «Норт Каспиан Оперейтинг Компани» компаниясының меншігі болып табылады.



 

 



1. 

КІРІСПЕ 

Бұл «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Б.В.» компаниясының (НКОК немесе Компания) Мінез-

құлық  кодексінің  екінші  басылымы.  НКОК  компаниясы  2008  жылы  Жаңа  операциялық  үлгі 

шеңберінде  Солтүстік  Каспий  бойынша  Өнім  бөлісу  туралы  келісім  (СКӨБК)  аясындағы 

Консорциумның Операторы ретінде құрылды. Соңғы төрт жыл ішінде НКОК Қашаған кен орнын 

игеру жобасының акционерлері, жеке жауапкершіліктері аясында жобаның белгілі бір бөліктерін 

орындайтын  Агенттер  және  Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  билік  органдары 

арасында кәсіпқой және сенімді Оператор ретінде беделге ие болды.

 

Қазақстандық  және  халықаралық  заңнаманы  сақтаудың  негізгі  ережелері  берілген,  сонымен 



қатар жоғары әдеп нормалары белгіленген Мінез-құлық кодексінің алғашқы басылымының бізге 

берер  пайдасы  көп  болды.  Мінез-құлық  кодексінің  екінші  басылымы  алғашқысының  негізінде 

әзірленіп,  отандық  және  халықаралық  заңнамаға  енгізілген  соңғы  өзгерістерді  көрсетеді. 

Сонымен  бірге  ол  заңнаманы  және  акционерлеріміздің  жоғары  әдеп  нормаларын  қатаң 

сақтауды  меңзейді.  Оның  үстіне  ол  Парақорлықпен  және  жемқорлықпен  күрес  жөніндегі 

бағдарламаны нығайтудың іргетасын қалайды.

 

Осы  Мінез-құлық  кодексі  сіздер  үшін  әзірленген  және  сіздерге  қатысты.  Сіз  оны  оқып  шығуға, 



түсінуге және сақтауға тиіссіз.

 

Мінез-құлық кодексінде берілген ережелер мен басшылыққа алынатын нұсқаулар НКОК-тың әр 



қызметкері үнемі әрекет ететін шектерді белгілейді. Осы Мінез-құлық кодексін қызметкерлердің 

барлығы  сақтауға  міндетті.  Этика  жарғымызға  сәйкес  Кодексте  сізге  немесе  НКОК 

компаниясына  нұқсан  келтіруі  мүмкін  жағдайлардан  қалай  аулақ  болу  керектігі  туралы 

нұсқаулар мен ұсыныстар берілген. Кодексте заңнама мен әдеп сақтаудың жоғары нормалары 

белгіленген және сол нормаларды орындау тәртібі берілген.

 

Мінез-құлық кодексі дегеніміз не? 

Мінез-құлық  кодексі  мақсаттарымызға  жету  үшін  қажет  негізгі  ережелер  мен  нормаларды 

белгілейді.  Бірыңғай  құжатта  әрбір  қызметкер  үшін  талаптар  мен  басшылыққа  алынатын 

нұсқаулар берілген. 

 

Мінез-құлық кодексі қолданыстағы заңнама мен қағида талаптарына қысқаша түсінікті, сонымен 



қатар  осы  талаптарға  сәйкестікті  қалайша  қамтамасыз  етуге  болатынына  қатысты  қосымша 

нұсқауларды қамтиды. Атап айтқанда, осы Мінез-құлық кодексімен қатар Этика жарғысымен (0-

PO-HR-

002)  танысып  шығу  керек,  онда  СКӨБК  бойынша  Консорциум  қызметінің  6  қағидаты 



берілген.  Мінез-құлық  кодексінің  екінші  басылымында  НКОК-тың  Парақорлықпен  және 

жемқорлықпен  күрес  жөніндегі  нұсқауы  және  Сыйлықтарға,  сауық  шараларына  және 

қонақжайлық  белгілеріне  қатысты  саясаты  және  Компанияның  басқару  жүйесі  шеңберіндегі 

тиісті процедуралар берілген.

 

Осы  төрт  құжат  жиынтығында  сәйкестікті  қамтамасыз  етудің  нақты  тұжырымдалған  жалпы 



негізін  құрайды  және  НКОК-тың  сәйкестікті  қамтамасыз  ету  құрылымының  маңызды  құрамдас 

бөліктері  болып  табылады.  Мінез-құлық  кодексінің  екінші  басылымын,  Парақорлықпен  және 

жемқорлықпен күрес жөніндегі нұсқауды, сонымен қатар Сыйлықтарға, сауық шараларына және 

қонақжайлық  белгілеріне  қатысты  саясатты  қолданысқа  енгізумен  қатар  біз  НКОК-тың  өзге  де 

тиісті  процедураларын  олардың  барлығының  да  сәйкестікті  қамтамасыз  ету  құрылымымызбен 

байланысты екеніне және келісілгеніне көз жеткізу мақсатында мұқият тексердік. 

 



жүктеу 346,15 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау