Нкок мінез-қҰЛЫҚ кодексі



жүктеу 346,15 Kb.
Pdf просмотр
бет3/11
Дата31.01.2018
өлшемі346,15 Kb.
#8215
түріКодекс
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

 

 

Осы құжат «Норт Каспиан Оперейтинг Компани» компаниясының меншігі болып табылады.



 

 



Мінез-құлық кодексін кімдер сақтаулары тиіс? 

НКОК-тың  әрбір  қызметкері  (соның  ішінде  тікелей  еңбек  шартымен  жұмыс  істейтін,  уақытша 

тағайындалған  қызметкерлер  және  мердігер  персоналы)  Мінез-құлық  кодексімен  танысып 

шығуы  және  оны  сақтауы  тиіс.  Біздің  сенім  білдірген  тұлғаларымыз  болып  табылатын  немесе 

қызмет көрсету, процестер я болмаса кез келген қызмет аутсорсингі арқылы біздің атымыздан 

жұмыс  жасайтын  мердігерлер  немесе  консультанттар  да  біздің  атымыздан  Мінез-құлық 

кодексімізге сәйкес әрекет етуге міндетті.  

Бұл  талап  сонымен  бірге  НКОК  атынан  және  оның  жетекшілік  етуімен  кез  келген  қызмет 

атқаратын  немесе  басқа  процестерге,  мысалы  аудиттерге  қатысатын  Серіктестер 

компанияларының өкілдеріне қатысты қолданылады. 

Тәуелсіз  мердігерлер  немесе  кеңесшілер  де  Кодекспен  танысып  шығулары  тиіс,  өйткені  ол 

сондай  мердігерлермен  және  кеңесшілермен  ынтымақтастық  шеңберіндегі  қызметкерлерімізге 

қатысты қолданылады. 

Мінез-құлық кодексі бізге не үшін қажет? 

Сізге  біздің  ұлттық  және  халықаралық  заңнаманы  және  іскерлік  әдеп  ережелерін  сақтау 

саласында  сізден  не  күтетінімізге  қатысты  анықтық  қажет  екенін  түсінеміз.  Осы  Мінез-құлық 

кодексі  Парақорлықпен  және  жемқорлықпен  күрес  жөніндегі  нұсқаумен  және  Сыйлықтарға, 

сауық  шараларына  және  қонақжайлық  белгілеріне  қатысты  саясатпен  қатар  тиісті  түсініктерді 

қамтиды.  НКОК  өзінде  жұмыс  істейтін  әр  адамнан  осы  Мінез-құлық  кодексінің  ережелерін 

түсінуді  және  сақтауды,  оның  жеке  мінез-құлқының  әрдайым  біздің  негізгі  этикалық 

құндылықтарымызға сәйкес болуын талап етеді.

 

Мінез-құлық кодексі несімен пайдалы бола алады? 

Егер  сізде  заңнамаға  сәйкестік  немесе  іскерлік  әдеп  саласында  қандай  да  бір  сұрақ  туындаса, 

оның жауабын, оған қатысты ұсыныстар мен нұсқауларды Мінез-құлық кодексінен іздегеніңіз жөн: 

 

ол  заңнамалық  және  нормативтік  актілердің  талаптарына  сәйкес  болу  жөніндегі 



практикалық нұсқауларды қамтиды; 

 

ол басқа тұлғалармен қарым-қатынасты реттейтін талаптарды белгілейді және басшылыққа 



алынатын нұсқауларды қамтиды; 

 

ол іскерлік мінез-құлыққа қатысты күрделі мәселелерді шешуге көмектесе алады. 



Әдепті  іскерлік  мінез-құлық  қағидаттары  НКОК-тың  Этика  жарғысында,  осы  Мінез-құлық 

кодексінде  және  Парақорлықпен  және  жемқорлықпен  күрес  жөніндегі  нұсқауда  баяндалған. 

Этика  жарғысы  НКОК  қызметін  жүзеге  асыру  тәртібін  анықтайды.  Осы  Мінез-құлық  кодексінде 

НКОК-тың сізден  күтетін  мінез-құлық, сонымен қатар сіздің НКОК-тан күтуіңіз мүмкін  әрекеттер 

сипатталған. Парақорлықпен және жемқорлықпен  күрес жөніндегі нұсқауда және Сыйлықтарға, 

сауық шараларына және қонақжайлық белгілеріне қатысты саясатта сіздің де, Компанияның да 

тарапынан  Парақорлықпен  және  жемқорлықпен  күрес  (ПЖК)  жөніндегі  халықаралық  заңнама 

бұзылмайтынына кепілдік беретін егжей-тегжейлі ережелер берілген.

 

Этика  жарғысының,  Мінез-құлық  кодексінің  және  Парақорлықпен  және  жемқорлықпен  күрес 



жөніндегі  нұсқаудың  негізін  құрайтын  құндылықтар  анық  және  әмбебап —  адалдық, 

парасаттылық  және  адамдарды  сыйлау.  НКОК-тың  СКӨБК  бойынша  Консорциумның 

Операторы  ретіндегі  негізгі  рөлі  Компанияның  заңнама  сақтау  және  іскерлік  әдеп  саласында 

көшбасшы  болуын  талап  етеді  және  Компанияның  осы  мақсатқа  жетуі  үшін  сіздің  үлгілі  мінез-




 

 

Осы құжат «Норт Каспиан Оперейтинг Компани» компаниясының меншігі болып табылады.



 

 



құлқыңыздың  маңызы  зор. Сіздің  осы құндылықтарды  қаншалықты басшылыққа алатыныңызға 

қарай  және  мінез-құлқыңыз  Кодексте  баяндалған  қағидаттардың  мән-мағынасына  қаншалықты 

сәйкес келетіндігіне қарай сіздің мінез-құлқыңыз туралы пікір қалыптасады.

 

Кей  жағдайларда  қойылған  талаптар  толық  түсінікті  болуы  үшін  анағұрлым  толығырақ 



материалдармен танысу қажет болады. Ондай материалдарға Компанияның басқару жүйесінің 

тиісті  процедуралары  жатады,  оларда  Этика  жарғысында,  осы  Мінез-құлық  кодексінде, 

Парақорлықпен  және  жемқорлықпен  күрес  жөніндегі  нұсқауда  баяндалған  қағидаттар 

қамтылған.  Оның  үстіне  сіз  осы  Кодексте  сөз  болған  тақырыптар  бойынша  онлайн  режимінде 

ұйымдастырылатын  және  міндетті  түрде  көзбе-көз  жүргізілетін  жаттығуларға  қатысуға 

міндеттісіз. 

 

Ал  күдік  пайда  болған  жағдайда  тиісті  кеңес  немесе  нұсқау  алу  үшін  кідіріссіз  тікелей 



басшыңызбен  немесе  НКОК  этика  және  сәйкестікті  қамтамасыз  ету  жөніндегі  менеджерімен 

хабарласқан  жөн.  Алайда  тікелей  басшыңыздың  Этика  жарғысын,  осы  Мінез-құлық  кодексін, 

Парақорлықпен  және  жемқорлықпен  күрес  жөніндегі  нұсқауды,  Сыйлықтарға,  сауық 

шараларына  және  қонақжайлық  белгілеріне  қатысты  саясатты  немесе  Компанияның  басқару 

жүйесі  шеңберіндегі  кез  келген  тиісті  процедураны  бұзатын  қандай  да  бір  іс-әрекетті  орындау 

туралы нұсқау бермейтіндігін түсіну қажет. Сіздің тікелей басшыңыз да, НКОК-тың басқа қандай 

болмасын  қызметкері  де  ондай  кез  келген  әрекет  жасауға  рұқсат  бере  алмайды  немесе 

ондайды мақұлдай алмайды. Ондайда сіз өз әрекеттеріңіз үшін жеке жауап беретін боласыз.

 

НКОК-қа хабарлау 

Кодексте  алаңдаушылық  тудыратын  мәселелер  туралы  НКОК-қа  хабарлау  және  баяндау 

немесе  ондай  мәселелер  бойынша  кеңесу  қажет  жағдайлар  сипатталған.  Ондай  мәселелер 

бойынша келесі тұлғалармен хабарласуға болады:

 



тікелей басшы немесе супервайзер; және (немесе) 





этика және сәйкестікті қамтамасыз ету жөніндегі менеджер. 

Өзіңіздің қауіптенуіңіз туралы электрондық поштамен compliance@ncoc.kz адресіне хабарлауға 

немесе кеңесуге болады.  

Қауіптенуге қатысты кез келген хабарламаға көңіл бөлінеді және қалыптасқан жағдай бойынша 

шұғыл тергеу жүргізіледі. Тиісті шаралар қабылданады. 

 

НКОК  Мінез-құлық  кодексінің  бұзылуы  туралы  хабарлаған  адамдарға  қарсы  қандай  болмасын 



шара  қолдануға жол бермейді. Сондай-ақ НКОК осы ережелердің кез келген түрде бұзылуына 

жол  бергізбейді.  Сондықтан,  егер  қандай  болмасын  адам  басқа  кез  келген  адамды  қорқыту 

немесе  оның  беделіне  нұқсан  келтіру  мақсатында  жалған  ақпарат  берсе  немесе  жала  жауып 

кінә тақса, ондай қызметкерге қатысты тәртіптік шара қолданылады.

 

Осы  Мінез-құлық  кодексінде  біз  Кодекстің  бұзылуы  елеулі  зардаптарға  соқтыруы  әлдеқайда 



ықтимал  ерекше  салаларды  атап  өттік.  Алайда  бұл  тек  сол  тарауларды  ғана  сақтау  қажет 

дегенді білдірмейді. Мінез-құлық кодексін  кез келген түрде бұзу тиісті  қызметкерлерге  қатысты 

қатаң шаралар қолдануға, соның ішінде оларды жұмыстан шығаруға негіз болуы мүмкін. Мінез-

құлық  кодексін  әкімшілік  құқық  бұзушылық  немесе  қылмыстық  іс  ретінде  жіктелетін  түрде  бұзу 

сотпен қудалауға, айыппұл салуға және қамауға алуға негіз болуы мүмкін.

 



жүктеу 346,15 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау