Осы құжат «Норт Каспиан Оперейтинг Компани» компаниясының меншігі болып табылады.
20
6.
ҰЛТТЫҚ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САУДА
НКОК еркін, адал және әдепті кәсіпкерлік идеяларын қолдайды. Сіз барлық мәмілелеріңізде
саудаға қатысты қолданылатын барлық заңдарды сақтауға және НКОК-тың негізгі
құндылықтарының қолданылуын қамтамасыз етуге тиіссіз. Осы заңдар мен нормаларды
сақтамау іскерлік қызметіңізге елеулі нұқсан келтіруі және өзіңізге қарсы қылмыс жасады
деген айып тағылуына негіз болуы мүмкін. Сіз жұмыстан шығарылуыңыз, айыппұл төлеуіңіз
немесе қамауға алынуыңыз мүмкін.
6.1.
МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ЗАҢНАМА (БӘСЕКЕЛЕСТІК ТУРАЛЫ ЗАҢНАМА)
Әлемдегі 100-ден астам ел, олардың ішінде Қазақстан Республикасы өздерінің монополияға
қарсы заңнамасын (бәсекелестік туралы заңнама) әзірлеген. Ондай елдердің саны өсіп келеді.
Бұл заңнама бағалық ымыраласу, сауда-саттықтағы алаяқтық, ұжымдық бойкот, бәсекелестерді
шеттету мақсатында бағаларды әдейі түсіру, демпинг және нарықтағы көшбасшы жағдайын теріс
пайдалану сияқты сауда қызметін немесе еркін және әділ бәсекелестікті шектейтін түрлі
тәсілдерді қолдануға тосқауыл қояды. Кейбір заңдық хүкімдерде бәсекелесуге әсер етуге
қабілетті әдеттегі ақпаратпен алмасу бәсекелесу туралы заң аясында сот органымен жауапқа
тартылуға себеп болуы мүмкін, өйткені ондай ақпарат алмасу нарықтағы үйлестірілген әрекетке
негіз болуы мүмкін. Монополияға қарсы заңнама тиісті келісімге қол қою кезінде емес, қандай
болмасын мәміленің экономикалық салдары орын алған жағдайда қолданылады.
СІЗДІҢ МІНДЕТТЕРІҢІЗ
Сіз осы заңдарды білуге, олардың талаптарына сәйкес әрекет етуге және бәсекелеспен,
жабдықтаушымен немесе мердігермен жүргізілетін кез келген келіссөздер үшін заңды негіздеме
барына көз жеткізуге тиіссіз.
Осыған байланысты акционерлеріміздің Консорциум шеңберіндегі бірлескен әрекеттері заңды
болғанына
қарамастан, сала бойынша олар бір-бірімен бәсекелеседі.
Сонымен бірге НКОК-тың бағалары, тапсырыс берушілері, жабдықтаушылары немесе
мердігерлері туралы ақпаратпен немесе өндірістік қуаттар туралы деректермен өте мұқият болу
қажет.
Қағидаттар
Заңды негіздеме болмай бәсекелестермен бағалар немесе нарықтар туралы (тіпті
бейресми) келісімдер жасасуға тыйым салынады. Қандай да бір әрекеттің заңдылығын
анықтау үшін әрқашан заңгерлермен байланысу қажет.
НКОК-тың бағалар және нарықтар туралы шешімдерін НКОК қолданыстағы саясаттарға
сәйкес қабылдауы тиіс.
Бәсекелестермен:
НКОК-тың қандай жабдықтаушылармен немесе мердігерлермен жұмыс істейтінін
немесе істейін деп жатқанын;
НКОК қандай шарттар бойынша жұмыс істейтінін талқылауға тыйым салынады.
Сала өкілдерінің қатысуымен өтетін жиналыстарда бәсекеге қатысты мәселелер
көтерілетін болса, ондай жиналыстардан шығып кету керек және сіздің жиналыстан
кетуіңіздің хаттамада тіркелгеніне немесе басқа түрде белгіленгеніне көз жеткізуіңіз
қажет.
Ондай жағдайлар туралы этика және сәйкестікті қамтамасыз ету жөніндегі менеджерге
хабарлау қажет.
Осы құжат «Норт Каспиан Оперейтинг Компани» компаниясының меншігі болып табылады.
21
Егер сізге бәсекелесуге кедергі келтіруі мүмкін кез келген іс-әрекеттер немесе келісімдер
туралы белгілі болса немесе қандай да бір әрекеттің заңдылығына қатысты
күдіктенсеңіз, бұл туралы НКОК-қа хабарлау керек.
Өзіңізге сұрақ қойыңыз
Сала өкілдерінің қатысуымен өткен жиналыстарда бәсекелесуге қатысты мәселелер
(тікелей немесе жанама түрде) талқыланды ма?
Жабдықтаушыларымыздың бәсекелесуге кедергі келтіретін қандай да бір әрекеттерге
қатысы бар ма?
Өзіңіздің қарауыңыздағы қызметкерлердің немен айналысып жүргенін білесіз бе?
Заңгерлермен тиісті түрде кеңестіңіз бе?
6.2.
ЭКСПОРТТЫҚ БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ САНКЦИЯЛАР
Экспорттық бақылау және санкциялар туралы заңдар елдерге ақпараттың, бағдарламалық
жасақтамалардың, тауарлар мен қызметтердің мемлекеттік шегара арқылы сатылуын,
табысталуын, электрондық құралдармен жолданылуын немесе жария етілуін бақылауға заңды
негіз береді. Экспортқа тек дәстүрлі тәсілдермен ғана емес, электрондық құралдармен,
талқылау немесе көзбен шолып қарау арқылы табыстау да жатады.
СІЗДІҢ МІНДЕТТЕРІҢІЗ
Тауарларды, технологияларды, бағдарламалық жасақтамаларды немесе қызметтерді
мемлекеттік шегара арқылы табыстауға дейін экспорттық бақылау және санкциялар туралы
заңдардың ықтимал әсерлерін мұқият ойластырып алу керек. Елдерге, заңды тұлғаларға,
жеке тұлғаларға және тауарларға қарсы бақылау құралдары мен санкциялар (немесе
эмбарго) қолданылуы мүмкін екенін есте сақтау қажет. Сіз осы бақылау құралдарының
немесе санкциялардың қайсылары сіздің қызмет жүргізу тәсілдеріңізді шектеуі және оларға
тыйым салуы мүмкін екенін білуге тиіссіз. Егер сіз бақылау және санкциялар туралы тиісті
заңдарды сақтамасаңыз, НКОК қылмыстық жауапкершілікке тартылуы, айыппұл төлеуі,
сонымен қатар экспорттық жеңілдіктерден айрылуы мүмкін. Сіз жұмыстан шығарылуыңыз,
айыппұл төлеуіңіз немесе қамауға алынуыңыз мүмкін.
6.3.
ИМПОРТТЫҚ БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ САНКЦИЯЛАР
Импорттық бақылау және санкциялар туралы заңдар елдерге ақпараттың, бағдарламалық
жасақтамалардың, тауарлар мен қызметтердің мемлекеттік шегара арқылы өздерінің заңдарына
сай сатып алынуын, табысталуын, электрондық құралдармен жолданылуын немесе жария
етілуін бақылауға заңды негіз береді. НКОК-ты импорттық бақылау компанияға және сізге
қатысты қолданылады.
СІЗДІҢ МІНДЕТТЕРІҢІЗ
Сіз тауарларды немесе қызметтерді Қазақстан Республикасына немесе басқа кез келген
елге табыстаған кезде импортқа қойылатын талаптарды орындауға, бұл ретте баж
төлемдерінің, салықтардың және алымдардың төленуін қамтамасыз етуге тиіссіз.
Сіз
айналымда
шектеулі
тауарларды
Қазақстан
Республикасының
аумағына
декларацияламай әкеле алмайсыз. Импортқа қатысты күмән пайда болса, заңгерлік кеңеске
жүгіну қажет. Сіз тыйым салынған тауарлардың импортын жүзеге асыра алмайсыз.
Импорттық бақылау және санкциялар туралы заңдарды сақтамау өндірістік операциялардың
кідіртілуіне соқтыруы және іскерлік қызметке зиян келтіруі мүмкін. Оның үстіне бұл НКОК-тың
құқықтық тұрғыда зардап шегуіне, соның ішінде айыппұл төлеуіне және артықшылықтардан