Осы құжат «Норт Каспиан Оперейтинг Компани» компаниясының меншігі болып табылады.
14
5.2.
МЕМЛЕКЕТТІК ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАЛАРМЕН ЖҰМЫС ЖҮРГІЗУ
Мемлекеттік лауазымды тұлғаларға сыйлықтар, сауық шараларын және қонақжайлық
белгілерін, соның ішінде іссапар шығыстарының өтемақысы мен заттай жеңілдіктер ұсыну бөлек
алаңдаушылыққа негіз болады. Төменде берілген қағидаттар НКОК-тың сыйлықтарға, сауық
шараларына және қонақжайлық белгілеріне қатысты саясатымен реттеледі. Мемлекеттік
лауазымды тұлғалар ортасы сіздің ойлағаныңызға қарағанда әлдеқайда кең болуы мүмкін:
тікелей мемлекеттік қызметтегі тұлғалармен қатар, олардың қатарына саясаткерлер және
мемлекеттік кәсіпорындардың қызметкерлері кіреді. Осы мәселе бойынша толығырақ ақпарат
НКОК-тың Парақорлықпен және жемқорлықпен күрес жөніндегі нұсқауда берілген.
Процедуралар мен заңнама талаптарын білген маңызды. Мысалы, жеке меншік ұйымдар
қатарындағы іскери серіктестер арасында орынды болатын сыйлықтар, сауық шаралары және
қонақжайлық белгілері іскерлік орта өкілдері мен Мемлекеттік лауазымды тұлғалар арасында
орынсыз болуы мүмкін. Егер сіз НКОК атынан Мемлекеттік лауазымды тұлғалармен жұмыс
жүргізетін үшінші тұлғаларға (яғни НКОК үшін жұмыс істейтін мердігерлерге немесе кеңесшіге)
қатысты тиісті кешенді аудит жүргізбесеңіз немесе егер сіз ондай кешенді аудиттің нәтижелерін
ескермейтін болсаңыз, тіпті үшінші тұлғалардың мінез-құлқы сізді және НКОК-ты жауапкершілік
атқаруға соқтыруы ықтимал екендігін ұмытпаған жөн.
СІЗДІҢ МІНДЕТТЕРІҢІЗ
Сіз НКОК-тың Сыйлықтарға, сауық шараларына және қонақжайлық белгілеріне қатысты
саясатымен танысуға, сол саясатты сақтауға, сондай-ақ этика және сәйкестікті қамтамасыз ету
жөніндегі менеджерден Мемлекеттік лауазымды тұлғаларға ұсынылатын кез келген
жеңілдіктерді алдын ала мақұлдауға тиіссіз.
Қағидаттар
Сіз НКОК-тың ПЖК жөніндегі нұсқаулығы мен Мемлекеттік лауазымды тұлғаларға
ұсынылатын сыйлықтарға, сауық шараларына және қонақжайлық белгілерге қатысты
ішкі процедураларының талаптарын сақтауға тиіссіз. Осылайша қолданылатын көптеген
заңдардың сақталуына кепілдік қамтамасыз етіледі.
Сіз Мемлекеттік лауазымды тұлғаларға ұсынылатын кез келген сыйлықтарға, сауық
шараларына және қонақжайлық белгілеріне қатысты этика және сәйкестікті қамтамасыз
ету жөніндегі менеджерден, басқарушы директордан және қажет болған жағдайда
Сыйлықтарға, сауық шараларына және қонақжайлық белгілерге қатысты саясатта
көрсетілгендей, Сәйкестікті қамтамасыз ету жөніндегі комитеттен тиісті рұқсат алуға
тиіссіз.
Сіз Мемлекеттік лауазымды тұлғалардың жұбайларына, отбасы мүшелеріне және
қонақтарына сыйлықтар, сауық шараларын және қонақжайлық белгілерін ұсынбауға
тиіссіз.
Өзіңізге сұрақ қойыңыз
Мемлекеттік лауазымды тұлғаларға, олардың жақын туыстарына немесе достарына
ақша, сыйлықтар немесе заттай жеңілдіктер ұсындыңыз ба немесе табыстадыңыз ба?
Сыйлықтарға, сауық шараларына және қонақжайлық белгілерге қатысты саясаттың
талаптарына сай алдын ала тиісті мақұлдау алдыңыз ба?
Осы құжат «Норт Каспиан Оперейтинг Компани» компаниясының меншігі болып табылады.
15
5.3.
СЫЙЛЫҚТАР, САУЫҚ ШАРАЛАРЫ ЖӘНЕ ҚОНАҚЖАЙЛЫҚ БЕЛГІЛЕРІ (ССҚБ)
ССҚБ ешбір жағдайда сіздің қызмет бабындағы шешімдеріңізге ықпал етпеуі немесе әсер етуге
бағытталмауы тиіс және сізге немесе НКОК-қа ешбір міндеттеме жүктемеуі тиіс. Сіз қызмет
бабындағы шешімдерге заңсыз ықпал ету үшін қандай да бір ССҚБ қабылдамауға, ұсынбауға
немесе бермеуге тиіссіз.
СІЗДІҢ МІНДЕТТЕРІҢІЗ
Сіз ССҚБ-ның қызмет бабындағы шешімдеріңізге ықпал етуіне немесе басқа тұлғаларда
ықпал етіледі деген түсініктің туындауына жол бермеуге тиіссіз. Сіз НКОК-тың
Сыйлықтарға, сауық шараларына және қонақжайлық белгілеріне қатысты саясатында,
сонымен бірге Парақорлықпен және жемқорлықпен күрес жөніндегі нұсқауда берілген
талаптар мен басшылыққа алынатын нұсқауларды, сонымен қатар қолданылатын
заңнама мен нормаларды орындауға тиіссіз. Егер сіз басқа адамның ықпалында болсаңыз
немесе басқа адамның ықпал етуіне тырыссаңыз, сотпен қудалануыңыз, тәртіптік жаза
алуыңыз немесе жұмыстан шығарылуыңыз мүмкін.
Қағидаттар
Сіз бен отбасы мүшелеріңізге (жұбайыңызға, балаларыңызға және асырауыңыздағы
басқа да адамдарға) НКОК қызметіне байланысты:
заңсыз немесе орынсыз ССҚБ;
қолма-қол ақша қаражатын немесе олардың эквивалентін;
жеке сипаттағы қызметтер;
қарыз;
іскерлік серіктестер жоқ кезде іс-шараларға қатысуды немесе мейрамханаларға
баруды;
маңызды шешімдер қабылдау кезеңдерінде ССҚБ ұсынуға, табыстауға, алуға
тырысуға немесе қабылдауға тыйым салынады.
НКОК өз қызметкерлеріне үшінші тұлғалардан кез келген түрдегі алудан бас тартуды
ұсынады.
Егер сізге ССҚБ алғаныңыз туралы әріптестеріңізге, отбасыңыздың мүшелеріне,
достарыңызға немесе жұртшылыққа айту ыңғайсыз болса, онда ондай ССҚБ-дан бас
тартқан жөн.
Сіз төмендегідей ССҚБ-ға қатысты тікелей басшылардың мақұлдауын, сонымен қатар
этика және сәйкестікті қамтамасыз ету менеджерінің бекітуін алуға және тіркеуге тиіссіз:
жеке
тұлғаларға/жеке
кәсіпкерлерге
ұсынылатын
немесе
олардан
қабылданатын, бағасы 100 доллар және одан жоғары ССҚБ; және
бағасының қандай екеніне қарамастан Мемлекеттік лауазымды тұлғаларға
ұсынылатын барлық ССҚБ (тіркелуі тиіс НКОК логотипі бар жарнамалық-кәдесый
өнімдері оларға жатпайды).
Іскерлік серіктестеріңізді НКОК компаниясының ССҚБ-ға қатысты саясатымен таныстыру
қажет.
Тікелей басшыңызбен корпоративтік қонақжайлық немесе демеушілік мәселелерін
талқылап алу қажет.
Жергілікті әдет-ғұрыптар НКОК саясатына қайшы келетін болса, оларды сақтауға
болмайтынын ескеру керек.
Өзіңізге сұрақ қойыңыз
ССҚБ алғаннан кейін өзіңізді әлдекімнің алдында міндетті сезіндіңіз бе?