Қазақстандық салалық білім және ғылым
қызметкерлері кәсіподағының Атқару комитеті
Қызылорда облыстық кәсіподақ ұйымының жарғылық мақсаттар мен міндеттерді орындау жөніндегі жұмысы туралы
Қызылорда облыстық кәсіподақ ұйымы 2016 жылдың 1-қаңтарына 8 аудандық және Қызылорда қалалық комитетін, 536 бастауыш кәсіподақ ұйымын біріктіреді, құрамында 44478 кәсіподақ мүшесі бар, оның ішінде жұмыс жасайтындар саны- 39552.
Облыстық кәсіподақ комитеті, сайланбалы кәсіподақ органдары облыстық кәсіподақ ұйымы Жарғысының ережелерін басшылыққа ала отырып, кәсіподақ мүшелерінің құқықтары мен мүдделеріне өкілдік ету және қорғау, білім саласының ұйымдарында әлеуметтік әріптестікті дамыту жөнінде мақсатты жұмыстар жүргізеді.
Қызметкерлердің әлеуметтік мәселелерін шешу, әлеуметтік-еңбек қатынастарын тиімді реттеу үшін 2015 жылдың 21-тамызында облыстық білім басқармасының алқасы мен облыстық кәсіподақ ұйымы кеңесінің бірлескен мәжілістерінде «2015-2017 жылдарға арналған әлеуметтік әріптестік туралы облыстық салалық келісімге» қол қойылып, еңбек жөніндегі облыстық департаментте №2958 2015 жылдың 16-қазанында тіркелді. Облыстық кәсіподақ комитетінің филиалдары мен білім беру органдары бөлімдерінің арасында 8 келісім, бастауыш кәсіподақ ұйымдарында 536 ұжымдық шарт жасалған және қолданылады.
2016 жылдың 17-мамырында әлеуметтік әріптестіктің уәкілетті өкілдері – облыстық білім басқармасының бастығы Б.А.Сайлыбаев пен облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрайымы Р.М.Байназарова ҚР жаңа Еңбек кодексінің қабылдануымен және бюджет саласы қызметкерлеріне еңбек ақы төлеудің жаңа моделінің қолданысқа енгізілуіне байланысты әлеуметтік-еңбек қатынастарында жаңа бағыттарды айқындайтын 2015-2017 жылдарға арналған әлеуметтік әріптестік туралы Облыстық келісімге қосымша келісімге қол қойды.
Келісімдер мен ұжымдық шарттар еңбек және әлеуметтік кепілдіктерді, еңбекті қорғау мен денсаулық мәселесін, педагог қызметкерлердің жалақысы мен еңбек демалысының ақыларын уақытында төлеуді шешуге бағытталған.
Облыстық келісімнің орындалуын бақылау мақсатында тең негізде құрамы 10 адамнан тұратын әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі екіжақты комиссия құрылды. Өткен 2015-2016 жылдары комиссияның 3 отырысы өткізіліп, онда: «Білім беру ұйымдарында педагог кадрларды даярлау деңгейі туралы», «Жалпы білім беру мектептеріндегі педагог кадрлардың сағаттық жүктемелері туралы», «Жаз-2016» бағдарламасына сәйкес балалар мен оқушылардың демалысын ұйымдастыру қорытындысы туралы» және басқа да мәселелер қаралды.
Әлеуметтік-еңбек қатынастарын дамыту, кәсіподақ мүшелерін құқықтық және әлеуметтік қорғау, келісім шарттарын орындау жағдайы облыстық кәсіподақ ұйымы Атқару комитетінің мәжілістерінде де үнемі қаралып тұрады. 2015-2016 жылдар ішінде Атқару комитеті Қорқыт-Ата атындағы университеттің кәсіподақ ұйымының, Жалағаш, Қармақшы, Арал, Шиелі аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитеттерінің есептері мен ақпараттарын қарады.
Әлеуметтік әріптестік тараптары қатысушыларының келісімімен және облыстың кейбір білім беру ұйымдарына тән проблемаларды ескере отырып, мектептердің ұжымдық шарттарында мұғалімдерді нормативтік сағаттық жүктемемен қамтамасыз ету жөніндегі шаралар көзделген, зейнеталды жасындағы мұғалімдермен еңбек қатынастары, мектептер мен оқу орындарының техникалық қызметкерлеріне қосымша ақы төленетін еңбек демалыстарын беру және басқа да мәселелер реттелген.
2015 жылдың 21-тамызында еңбек саласындағы қадағалау Басқармасы мен Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының облыстық кәсіподақ ұйымы еңбек заңнамасының мәселелерін реттеу, еңбекті қорғау мен еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету, еңбек заңнамасын бұзушылыққа жол бермеу мақсатында тараптар ынтымақтастығы туралы Меморандумға қол қойды.
Осы шаралар мен іс-әрекеттердің барлығыь әлеуметтік әріптестікті ұйымдастыру мәселесіне облыстық кәсіподақ комитетінің жүйелік тәсілдемесі туралы дәлелдейді, бұл сала қызметкерлерін әлеуметтік қорғау аясында кәсіподақ ұйымдары қызметінің тиімділігі мен нәтижелілігін арттыру кезінде маңызды рөл атқарады.
Облыстық кәсіподақ комитеті педагог қызметкерлердің әлеуметтік мәселелерін неғұрлым терең білу мақсатында облыстың білім саласы қызметкерлеріне сауалнама жүргізеді. Сауалнама барысында бірқатар маңызды проблемалар анықталды: мұғалімдердің шығындары олардың табыстарынан анағұрлым асып түседі, қызметкерлердің едәуір бөлігі баспанамен қамтамасыз етілмеген, сауалнама алғандардың 10% жуығы тұрғын үйге, балаларының оқу орындарында оқуына несие төлейді және т.б. 2015 жылдың 21-тамызындағы сауалнама нәтижелері облыстық кәсіподақ Кеңесінің мәжілісінде қаралып, педагог қызметкерлердің әлеуметтік мәселелерін қарап және шешу үшін облыстық, аудандық және қалалық білім басқармаларына, жергілікті атқарушы органдар мен кәсіподақ органдарына жіберілді.
Облыстың білім беру саласының кәсіподақ ұйымдары кәсіподақ мүшелерін сауықтыру мен демалыс мәселелеріне үнемі зор мән береді. Балалар мен жасөспірімдердің сауықтырылуы мен демалысын ұйымдастыру мәселелері облыстық салалық келісімде, кәсіподақ ұйымдарының ұжымдық шарттарында көзделген. Жыл сайын облыстың салалық кәсіподағының 1500-ден астам мүшесіне сауықтыру мен демалуға «Мерке», «Жаңақорған», «Қарғалы», «Манкент», «Сосновый бор», «Мойылды» кәсіподақ шипажайларына және басқаларына жеңілдікпен жолдамалар беріледі. Осы мақсаттарға облыстық кәсіподақ бюджетінен 2015 жылы – 105 136 000 теңге, 2016 жылы – 112 416 600 теңге қаражат бөлінді. Педагогикалық қызметінде айрықша көзге түскен педагогтар үшін Қазақстанның астанасы Астана қаласына, ""Бурабай" курорт аймағына және басқа аймақтарға туристік сапарлар ұйымдастыру дәстүрге айналды.
Педагог қызметкерлердің балаларын сауықтыру жөніндегі облыстық, аудандық және қалалық кәсіподақ комитеттерінің болымды жұмыстарын атап өткен жөн. ҚР Премьер-Министрінің "2016-2019 жылдары балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру туралы" 2016 жылдың 12-мамырындағы өкіміне сәйкес, 3737 бала қала сыртындағы және күндізгі лагерьлерде сауықтырылды. Жалпы, 2015-2016 жылдардың жазғы мерзімінде кәсіподақ ұйымдарының жолдамалары бойынша өз құнының 50% ақысымен облыстың білім саласы қызметкерлерінің 2725 баласы сауықтырылды.
Олыстық кәсіподақ ұйымында құқықтық жұмысты ұйымдастыру, оның тиімділігі мен нәтижелілігін арттыру жөнінде облыстық кәсіподақ комитеті белсенді және мақсатты жұмыс бастады. Штаттық кестеге сәйкес облыстық кәсіподақ комитетінің аппаратында құқықтық мәселелер жөнінде бас маман қызмет жасайды. "Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы" ҚБ құқықтық қызметі туралы Ережені ескере отырып, құқықтық мәселелер жөніндегі бас маманның лауазымдық нұсқаулығы бекітілді, оның негізгі міндеті - еңбек жөніндегі заңнаманың қадағалану жағдайын тексеру, кәсіподақ мүшелері мен кәсіподақ ұйымдарына құқықтық және заңгерлік көмек көрсету, еңбек заңнамасының мәселелері бойынша кәсіподақ активі үшін тәжірибелік семинарлар ұйымдастыру және т.б. құқықтық жұмысты ұйымдастыру болып табылады.
2016 жылдың қаңтарындағы Атқару комитетінің мәжілісінде облыстық кәсіподақ ұйымының құқықтық қызметінің жұмыс Жоспары мен облыстың білім саласы ұйымдарындағы қоғамдық бақылауды жүзеге асыру Кестесі бекітілді. Қазақстандық салалық кәсіподақпен бекітілген қоғамдық бақылауды ұйымдастыру туралы Нұсқаулыққа сәйкес, қоғамдық бақылау, келушілерді қабылдау және т.б. жөніндегі шараларды есепке алу журналы ресімделген және жүргізіледі.
Жұмыс жоспары мен бекітілген кестеге сәйкес, 2016 жылдың бірінші тоқсанында құқықтық қызмет 15 ұйымда еңбек заңнамасын қадағалау жөнінде қоғамдық бақылауды жүзеге асырды, олар: Қызылорда көпсалалы колледжі, № 8 арнайы санаторлық мектеп-интернаты, Шиелі индустриялық-техникалық колледжі, көпсалалы колледжі, Қазалы, Жалағаш, Жаңақорған, Сырдария аграрлық-техникалық колледждері, Қазалы техникалық-көлік колледжі, №9 мектеп-гимназиясы, №261 ОМ, №253 ОМ, №11 ОМ, №101 ОМ және Қызылорда қаласының басқа ұйымдары. Тексеру барысында 4 ұйымда түрлі еңбек заңнамасын бұзушылық фактілері анықталып, нәтижелері бойынша тиісті шаралар қабылданды.
Үстіміздегі жылдың 1-қыркүйегіне облыстық кәсіподақ ұйымының құқықтық қызметі түрлі мәселелер бойынша білім саласының 343 қызметкерін қабылдап, оның барлығы салалық Кәсіподақтың Атқару комитетімен бекітілген Нұсқаулыққа сәйкес арнайы журналда ресімделді.
Еңбек заңнамасын қадағалауға қоғамдық бақылауды жүзеге асыру жөніндегі жұмыс тиімділігі туралы жергілікті жерлердегі анықтамалар мен тексеру актілері дәлел бола алады. Мысалы, Жаңақорған аграрлық-техникалық колледжінде қызметкерлерге 3 млн. 36 мың теңге сомасында жалақының, іссапар шығындарының, еңбек демалысы жәрдемақыларының уақытында төленбеу фактілері анықталып, тексеру нәтижелері бойынша 2015-2016 жылдар ішінде төленді. Қазалы көлік-техникалық колледжінде 2015 жылдан бастап еңбекке жарамсыздық жөніндегі жәрдемақы төленбеген. Осы және басқа да еңбек заңнамасын бұзушылық фактілері соңында ұйым басшыларымен жойылып, оларды облыстық кәсіподақ комитетінің құқықтық қызметінің құжаттары растайды.
Жергілікті жерлердегі құқықтық қызметті ұйымдастыру жөніндегі жұмыс тиімділігін арттырудағы маңызды рөлді еңбек заңнамасының мәселелері бойынша кәсіподақ кадрлары мен активін оқыту атқаратынын айта кеткен жөн.
Кәсіподақ органдары мен ұйымдары қызметінің саласында еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау мәселелері бар, барлық мектептер мен білім беру ұйымдарында 536 қоғамдық инспектор сайланған. Облыстық кәсіподақ комитеті еңбекті қорғау мен еңбек қауіпсіздігі жөніндегі жқмысты ұйымдастыру мәселелерін жаңа Еңбек кодексімен сәйкестендіру мақсатында, өндірістік кеңес және еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспектор туралы үлгілі ережелерді бекітті. Жұмыс талдауы көрсетіп отырғандай, еңбекті қорғау мен еңбек қауіпсіздігі мәселелеріне мектептердің, оқу орындарының ұжымдық шарттарында айрықша мән беріледі.
Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні аясында, сәуір айында жыл сайын білім саласы ұйымдарындағы қоғамдық инспекторлардың жұмысын ұйымдастыру мәселелері бойынша семинар-кеңестер өткізіледі. 2016 жылы облыстық кәсіподақ комитеті "Білім беру ұйымдарындағы техникалық ипнспектор туралы ереже" атты әдістемелік нұсқаулық шығарып, Қызылорда қаласының Ә.Молдағұлова атындағы №173 ОМ жұмыс тәжірибесі жинақталып, таратылды.
Салалық Кәсіподақтың XIII съезінің шешімдеріне сәйкес, облыстық кәсіподақ комитетінің қызметіндегі негізгі бағыттардың бірі - кәсіподақ ұйымдарын ұйымдастырушылық нығайту болып табылады.
Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Жарғысына сәйкес облыстық кәсіподақ ұйымының құрылымы бірыңғайланған. Кәсіподақтың мүшелік базасын нығайту жөніндегі жұмыс реттелген. Жалпы, 2010 жылы 42800 мүшесі бар облыстық кәсіподақ ұйымы 2015 жылы 44478-ге дейін артты; осы мерзімдегі бастауыш кәсіподақ ұйымдарының саны 81-ге көбейді. Ағымдағы 2016 жылдың өткен мерзімінде 808 кәсіподақ мүшесімен 8 бастауыш ұйым қайта құрылды.
Жарғылық мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыра отырып, облыстық комитет кәсіподақ кадрлары мен активін іріктеуге ерекше мән береді. Орташа жастары 43 жасты құрайтын облыстық, аудандық және қалалық кәсіподақ комитеттерінің төрағаларына кадрлар резерві жасалды.
Облыстық кәсіподақ комитетінің кәсіподақ кадрлары мен белсенділерінің оқуын ұйымдастыру, олардың білімдері мен біліктіліктерін арттыру жөніндегі жұмысын ерекше атап өткен жөн.
2015 жыл ішінде кәсіподақ оқуымен 555 адам, яғни мектептердің, колледждердің, балалар бақшаларының кәсіподақ комитеттерінің төрағалары, аудандық, қалалық білім бөлімдерінің басшылары қамтылды. Оқудың басымды бағыты - ҚР жаңа Еңбек кодексінің ережелерін тәжірибеде қолдану мәселелері бойынша семинарлар өткізу болып табылады.
Облыстық кәсіподақ комитеті Атқару комитетінің 2016 жылғы 24-ақпандағы №5 қаулысымен облыстық кәсіподақ ұйымының кәсіподақ активінің мектебі құрылып, мектептің жұмыс жоспары бекітілді. Кәсіподақ кадрларының оқуын ұйымдастыру жөніндегі жұмысты күшейту және кәсіподақ оқуына тұрақты және мақсатты жұмыс беру мақсатында, 2016 жылдың ақпан айынан бастап, облыстық комитеттің аппаратына кәсіподақ жұмысында тәжірибесі бар, жұмыстың аталған бөлігіне жауапты маман қабылданды. Кәсіподақ активі мектебінің бағдарламасына сәйкес, 2016 жылдың жазғы мерзімінде "Кәсіподақ көшбасшыларының жазғы мектебі" арнайы бағдарламасы бойынша, Арал ауданының "Қамбаш" балаларды сауықтыру және қосымша білім беру орталығы мен Сырдария ауданының "Жалын" балалар лагерінің базасында "ҚР Еңбек кодексін тәжірибелік қолдану мәселелері", "Бастауыш кәсіподақ ұйымының жұмысын ұйымдастыру", "Еңбек қатынастарын құқықтық реттеу, қызметкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау", "Білім беру ұйымдарындағы еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау" тақырыптары бойынша үш семинар өткізілді. Семинарлар қорытындысы бойынша бастауыш кәсіподақ ұйымдары кәсіподақ комитеттерінің 37 төрағасы алдағы уақытта жергілікті жерлерде кәсіподақ белсенділерін оқытуға тартылатын озық тәжірибелі базалық кәсіподақ ұйымдары басшыларының құрамына кіргізілді.
Барлығы 2016 жылдың 9 айында облыстық кәсіподақ комитеті кәсіподақ активінің мектебі облыстың барлық аймақтарының кәсіподақ белсенділері - 846 адамды оқумен қамтып, кәсіподақ қызметінің түрлі бағыттары бойынша 20-дан астам әдістемелік нұсқаулықтар мен оқу құралдарын әзірлеп, шығарды.
Соңғы уақытта облыстық кәсіподақ комитетінің төменгі кәсіподақ органдары мен ұйымдарының жұмысын басқару мен үйлестіру жөніндегі қызметі едәуір белсендендірілді. Облыстық кәсіподақ ұйымының жұмыс жоспарына сәйкес, 2015-2016 жылдардағы алқалы органдардың шешімдерін орындауға кәсіподақ кадрларының жауапкершілігін арттыру, ішкіодақтық тәртіпті нығайту мақсатында, облыстық кәсіподақ комитеті Атқару комитетінің кеңейтілген мәжілістерінде аудандық кәсіподақ комитеттері төрағаларының, Қорқыт Ата атындағы университеттің кәсіподақ комитетінің есептері мен ақпараттары қаралды. Осы кезеңнің жарғылық мерзімінде Кеңестің 2 мәжілісі мен Атқару комитетінің 7 мәжілісі өткізіліп, кәсіподақ қызметінің түрлі бағыттары бойынша 64 мәселе қаралды. Бұл шаралардың барлығы облыстың филиалдары мен бастауыш кәсіподақ ұйымдарының қызметін белсендендіруге жағдай жасайды.
Кәсіподақ ұйымының рөлі мен беделін арттыруға жыл сайын, 2007 жылдан бері өткізілетін "Үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы" және "Үздік кәсіподақ лидері" байқау-сайыстары септігін тигізеді. Сайыстарды ұйымдастыру барысында басты назар кәсіподақ комитетін әлеуметтік қорғау мен кәсіподақ жұмысын нығайту мәселелеріне бөлінеді; сайыстарды ұйымдастырудың осы мерзімінде 17 бастауыш кәсіподақ ұйымының озық жұмыс тәжірибелері қорытылып, таратылды.
Салалық кәсіподақтың нұсқамалық құжаттарын орындау жөніндегі аппараттағы атқарушылық тәртіптің лайықты деңгейде екенін атап өткен жөн. Облыстық комитет "Бастауыш кәсіподақ ұйымы туралы ереже", "Құқықтық жұмысты және қоғамдық бақылауды ұйымдастыру туралы ереже", "Кәсіподақ мүшелерін есепке алу және кәсіподақ құжаттарын ресімдеу тәртібі туралы нұсқаулық", "Кәсіподақ кадрлары мен активін оқытуды ұйымдастыру туралы ұсыныстар", "Іс жүргізу жөніндегі нұсқаулық", "Мүшелік жарналарды төлеу, бөлу және жұмсау тәртібі туралы ереже" және басқалары сияқты негізгі басқарушы құжаттарды барлық кәсіподақ комитеттеріне жіберді. Кәсіподақтың осы және басқа да нормативтік құжаттарын басшылыққа алу жөнінде нұсқаулық семинар-кеңестер өткізілді.
Жалпы кәсіподақ ұйымдарында қаржы тәртіптемесін нығайту жөніндегі кәсіподақ ұйымдарының болымды жұмысы байқалады. Салалық кәсіподақтың ұсыныстарын жүзеге асыра отырып, мүшелік кәсіподақ жарналарын төлеу мен жинау тәртіпке келтірілді, нәтижесінде бастауыш кәсіподақ ұйымдарында мүшелік жарналар аударымдарының мөлшері мен олардың жалпы түсімі көбейтілді.
Облыстық кәсіподақ ұйымының Жарғысымен берілген өкілеттік шегіндегі төрайым Р.М.Байназарованың жұмысын атап өткен жөн. Аудандық, қалалық кәсіподақ комитеттерінің қызметін, облыстық кәсіподақ комитетінің аппаратына басшылық етуді жүзеге асыра отырып, ҚР Еңбек кодексіне сәйкес филиал басшыларымен, аппарат қызметкерлерімен еңбек шарттары жасалған, қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтары бекітілген. Аппарат жұмысын нығайтуға үнемі көңіл бөледі. Облыстық кәсіподақ комитетінің аппаратында, барлық аудандық және қалалық кәсіподақ комитеттерінде байланыстың электрондық поштасы енгізілген.
2016 жылы облыстық кәсіподақ комитетінің төрайымы Р.М.Байназарова облыстық мәслихаттың депутаты болып сайланды, облыс әкімі жанындағы Қоғамдық кеңестің мүшесі, қоғамдық ұйымдар мәселелері жөніндегі облыс әкімінің кеңесшісі болып табылады, салалық кәсіподақтың имиджі мен беделін арттыру жөнінде белсенді жұмыс жүргізеді.
Қызылорда облыстық кәсіподақ ұйымының қызметіне жүргізілген талдау, Жарғыны жүзеге асыру шеңберінде сайланбалы кәсіподақ органдары, облыстық кәсіподақ комитетінің басшылығы кәсіподақ ұйымдарының ұйымдастырушылық қызметін нығайту, мемлекеттік билік органдарында, жұмыс берушілер алдында кәсіподақ мүшелерінің мүдделерін білдіру мен қорғау жөнінде негізгі жарғылық міндеттерді жүзеге асыру бойынша мақсатты жұмыс жүргізетінін көрсетеді.
Сонымен қатар ұйымдастырушылық жұмыс деңгейі, кәсіподақ ұйымдарымен қабылданатын шаралар әрдайым ойдағыдай нәтижелерге жете бермейді; олардың қызметінде шешімдері облыстық комитеттің, аудандық, қалалық кәсіподақ комитеттерінің неғұрлым белсенді жұмысын қажет ететін бірқатар мәселелер бар. Білім беру саласының ұйымдарында ҚР "Білім туралы" Заңының білім қызметкерлерінің міндетті мерзімдік медициналық тексерілуін қаржыландыруға қатысты Ережелері орындалмайды. Сондай-ақ, ауылдық аймақтардағы педагог қызметкерлерге коммуналдық қызмет пен отынға шығындарын жабуға біржолғы ақшалай жәрдемақы мәселелері толық шешілмеген. Облыстың бірқатар аудандарында жәрдемақы мөлшері бар болғаны 5000-6000 теңге құрайды, ал көмірдің тоннасы болса 10000-12000 теңгеге дейін жетіп, 5-6 тонна қажеттілік етеді. Проблемалардың болуына қарамастан, аталған мәселелер жергілікті атқарушы органдар басшыларының қатысуымен әлеуметтік әріптестік жөніндегі облыстық комиссияның отырыстарында шұғыл түрде қаралған жоқ, заңнамамен көзделген әлеуметтік жеңілдіктер мен кепілдіктердің жүзеге асырылуына да аудандық кәсіподақ комитеттері мен бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары табандылық танытпай отыр.
2015-2016 жылдары облыстық кәсіподақ ұйымының Атқару комитетінің мәжілістерінде аудандық комитеттердің сала қызметкерлерін әлеуметтік қорғау жөніндегі есептері мен басқа да мәселелердің қаралғаны аталып өтті. Бірақ, бұл мәселелер тек аудандық комитеттердің өздерінің ақпараттарының негізінде әзірленген және қаралды, облыстық кәсіподақ комитеті аппаратының қызметкерлері мәселе мен жағдайларды жергілікті жерлерге барып қарау тәжірибеге енгізілмеген. Осы себептер бойынша қаулыларда кәсіподақ ұйымдарына тән сол немесе басқа кемшіліктерді жою жөнінде нақты ұсыныстар жоқ. Аталған проблеманы тексеру барысында Атқару комитеті мәжілісінің материалдарын әзірлеу сапасы мен мазмұнына мән беру ұсынылды.
Кәсіподақ ұйымының ұйымдастырушылық қызметін, соның ішінде кәсіподақтың мүшелік базасын нығайту саласында шешілмеген мәселелер бар. Соңғы 5-6 жылда кәсіподақ мүшелерінің саны бірнеше мәрте өсті. Мысалы, 2010-жылмен салыстырғанда өсім 1678 адамды құрап отыр. Дегенмен, облыста жалдамалаы қызметкерлер арасында кәсіподақ мүшелігімен қамту төмен деңгейде. ҚР экономика Министрлігінің статистика Комитетінің деректері бойынша білім және ғылым саласы қызметкерлерінің барлық тізімдік саны 51300 адам болса, оның ішінде кәсіподақ мүшелері 39552 және 77,1% құрап, мүшелік базаны одан әрі көбейту жөнінде айтарлықтай резервті көрсетеді. Кәсіподақ мүшелігіне ынталандыру, жаңа мүшелерді тарту, жаңа кәсіподақ ұйымдарын құру жөніндегі кәсіподақ ұйымдарының қызметі алқалы органдардың отырыстарында нақты жоспармен қаралған жоқ.
Құрамында 100 және одан да көп қызметкерлері бар мемлекеттік емес сектордағы оқу орындарының қызметкерлерін кәсіподақ қатарына тарту жөнінде проблемалар бар. Олардың ішінде И.Әбдікәрімов атындағы аграрлық-техникалық колледжі, «Болашақ» университеті, Қазақ гуманитарлық және заң колледжі және басқалары бар.
Жеке кәсіподақ комитетттерінің жұмыс Жоспарлары ескіше құрылып, тек 8-Наурыз - Халықаралық әйелдер күні, Жаңа жыл, Ұстаздар күні және т.б. мерекелермен байланысты мәдени-бұқаралық шаралар тізімінен тұратыны көңіл аударалық жайт болып табылады, оларда кәсіподақ мүшелерін әлеуметтік қорғау мәселелері, кәсіподақ комитетінің одақішілік қызметі, ұжымдық шартпен жұмыс қарастырылмаған.
Жалпы облыстық комитеттің, кәсіподақ ұйымдарының қызметін тексеру барысында мүшелік кәсіподақ жарналарының жалпы түсімі бойынша жүргізілетін болымды жұмысты көруге болады. Сондай-ақ, облыстық комитеттің кәсіподақтың Салалық Кеңесіне мүшелік жарналарды аудару жөніндегі индикативті жоспарын орындау деңгейінің төмендігін атап өту қажет деп білеміз.
2016 жылдың 13-16 қыркүйегі аралығындағы мерзімде Қызылорда облыстық кәсіподақ ұйымына құрамында Кәсіподақ төрайымының орынбасары В.Ф.Беженаров, салалық Кеңестің бас есепшісі Ж.М.Амреева, бас мамандар Р.М.Қыдырбаева мен Х.К.Сағындықовтың іссапарлары барысындағы негізгі міндет - аймақтың кәсіподақ ұйымдарына тәжірибелік көмек көрсету және салалық Кеңестің "Қызылорда облыстық кәсіподақ ұйымының жарғылық мақсаттар мен міндеттерді орындау жөніндегі жұмысы туралы" жұмыс жоспарына сәйкес Атқару комитетінің мәжілісіне сұрақты әзірлеу мақсатында кәсіподақ ұйымының жұмысын тексеру болды.
Іссапар кезінде салалық Кеңес аппаратының қызметкерлері Арал, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария, Шиелі аудандарының және Қызылорда қаласының кәсіподақ ұйымдарында болып, облыстық кәсіподақ комитетіндегі жұмыс барысымен танысты.
Жаңа Еңбек кодексінің ережелерін түсіндіру және тәжірибелік қолдану, еңбек заңнамасын бұзушылықтың алдын алу және болдырмау жөніндегі кәсіподақ комитеттерінің қызметін белсендендіру, ережелерді, келісімдер мен ұжымдық шарттарды жүзеге асыру мақсатында В.Ф.Беженаров пен облыстық кәсіподақ ұйымының төрайымы Р.М.Байназарова мектеп басшылары мен білім беру ұйымдары мамандарының қатысуымен бастауыш кәсіподақ ұйымдары төрағаларының семинарларын өткізді: 150 адамның қатысуымен 13-қыркүйекте Қызылорда қаласында; 200 адамның қатысуымен 14-қыркүйекте Қармақшы және Қазалы аудандарында; 120 адамның қатысуымен 15-қыркүйекте Арал ауданында.
Барлық семинарларда білім саласындағы еңбек заңнамасының өзекті мәселелері қаралып, семинар қатысушыларының көптеген сұрақтарына жауаптар мен түсініктер берілді.
13-кыркүйекте облыста болған кезде жұмыс тобының басшысы, Кәсіподақ төрайымының орынбасары В.Ф.Беженаров облыстық телевизияның «Өзек - Жарды» тікелей бағдарламасына қатысып, телеканалға сұхбат берді, телекөрермендерді Кәсіподақтың XIII съезінің шешімдерін жүзеге асыру жөніндегі Қазақстандық салалық кәсіподақтың жұмысы туралы таныстырып, сұрақтарға жауап берді.
Кәсіподақ ұйымдарындағы жұмыс барысында В.Ф.Беженаров сондай-ақ "Біз мықты кәсіподақты қолдаймыз" атты күн тәртібі бойынша Қармақшы ауданының №99 ОМ облыстық кәсіподақ комитетінің жастар ісі жөніндегі комиссиясының көшпелі отырысына қатысты. Кәсіподақтың салалық Кеңесінің бас маманы Х.К.Сағындықов Қызылорда қаласының № 198 ОМ жаңа кәсіподақ мүшелерін қабылдау жөніндегі кәсіподақ жиналысына қатысып, жаңа үлгідегі кәсіподақ билеттерін табыстады.
Салалық Кеңес аппаратының қызметкерлері жергілікті жерлерде облыстық кәсіподақ комитеті аппаратының, кәсіподақ комитеттерінің қызметкерлеріне қаржылық тәртіптеме, кәсіподақ органдарының жұмысын жоспарлау, іс жүргізу, кәсіподақ мүшелерін есепке алу мәселелері, кәсіподақ жұмысының басқа бағыттары бойынша тәжірибелік және әдістемелік көмек көрсетті.
Достарыңызбен бөлісу: |