Нкок мінез-қҰЛЫҚ кодексі



жүктеу 346,15 Kb.
Pdf просмотр
бет5/11
Дата31.01.2018
өлшемі346,15 Kb.
#8215
түріКодекс
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

 

 

Осы құжат «Норт Каспиан Оперейтинг Компани» компаниясының меншігі болып табылады.



 

10 


 

Шекті баға

 

Қабылданатын  немесе  ұсынылатын  сыйлықтың,  қонақжайлық 



белгісінің немесе сауық шарасының қолайлы бағасы

 

Консорциум 

НКОК,  оның  Агенттері  және  СКӨБК  шеңберіндегі  Акционерлер 

басқаратын коммерциялық кәсіпорын

 

4. 

АДАМДАР ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІК 

4.1. 

ДЕНСАУЛЫҚ, ЕҢБЕК ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ (ДЕҚОҚ) 

Біздің ДЕҚОҚ саласындағы беделіміз  мақтан етуге тұрарлық болуы үшін біз адамдарға зиян 

келтірмеу  және  қоршаған  ортаны  қорғау  мақсатын  ұстанамыз  және  энергетикалық 

ресурстарды  игеру,  өнім  өндіру  және  қызмет  көрсету  жұмыстарын  осы  мақсатқа  сай 

жүргіземіз.  Біз  тапсырыс  берушілердің,  акционерлердің  және  қоғамның  сенімдерін  ақтауға, 

тату көршілік қатынасты қолдауға және тұрақты дамуға ықпал етуге ұмтыламыз.

 

НКОК  меншігіндегі  және  НКОК  пайдаланып  жатқан  нысандар  үшін  денсаулық,  еңбек  және 



қоршаған  ортаны  қорғауды  қамтамасыз  етуге  арналған  барлық  қажетті  рұқсаттар,  келісулер 

және бақылау құралдары болуы тиіс. НКОК-тың Агенттері, мердігерлері (жабдықтаушылары) 

және басқа да іскер серіктестері НКОК басшылыққа алатын деңгейге ұқсас денсаулық, еңбек 

және қоршаған ортаны қорғау деңгейін қамтамасыз етеді деп ойлаймыз. 

Бұл  ережелер  мен  нормалар  ДЕҚОҚ  жөніндегі  саясатқа  және  оған  жалғанған  құжаттамаға 

енгізілген. 



СІЗДІҢ МІНДЕТТЕРІҢІЗ 

Сіз  ДЕҚОҚ  саласындағы  саясат  сияқты  ДЕҚОҚ  жөніндегі  тиісті  саясаттар  мен  басшылыққа 

алынатын нұсқауларды білуге және олардың талаптарын сақтауға тиіссіз.

 

4.2. 



ТҰРАҚТЫ ДАМУ 

НКОК-тың  тұрақты  даму  қағидаттарын  ұстануы  бізден  өзіміздің  қысқа  мерзімді  және  ұзақ 

мерзімді  мүдделеріміз  және  экономикалық  аспектілерді,  денсаулық,  еңбек,  қоршаған  ортаны 

қорғау  және  қауіпсіздікті  қамтамасыз  ету  аспектілерін,  сонымен  қатар  іскерлік  шешімдерді 

қабылдау  кезіндегі  әлеуметтік  мәселелерді  есепке  алу  арасындағы  теңгерімді  қолдауды 

талап етеді. Консорциум көптеген түрлі мүдделі тараптарды тарта отырып, бедел тұрғысында 

жобаның  жүзеге  асырылуына  кесте  мен  шығындар  бойынша  елеулі  әсер  етуі  (оң  немесе 

теріс) мүмкін бірқатар өзекті мәселелерге тап болады.

 

Консорциумның ұзақ мерзімге есептелген беделі мен қызметін жоғары стандарттарға сәйкес 



жүргізуге  қабілеті  оның  мұнай-газ  саласының  шектерінен  шығып,  осы  әлемдік  деңгейдегі 

жобаны  Қазақстанның  жергілікті  және  ұлттық  экономикасын  тұрақты  дамыту  мүмкіндігіне 

айналдыру, жергілікті халықтың дамуға ұмтылысын қолдау, бұл ретте қоршаған ортаны қорғау 

жөніндегі талаптарды сақтау қабілетіне негізделген. 



СІЗДІҢ МІНДЕТТЕРІҢІЗ 

Сіз  Этика  жарғысының  талаптарын  білуге  және  сақтауға  тиіссіз.  Сіз  НКОК-қа  ұзақ  мерзімді 

әлеуметтік  артықшылықтар  тудыру,  қызметкерлердің,  мердігерлердің  және  көршілердің 

денсаулығы мен еңбегін қорғау; қоғамдағы тұрақсыздықты барынша төмендету; Консорциум 

нысандарындағы  шығарындыларды  азайту;  экологиялық  жүйе  мен  биологиялық 

әртүрлілікке  тиетін  әсерді  барынша  азайту;  пайдаланылатын  қуат  көздерінің,  судың  және 

басқа да ресурстардың көлемін азайту жөніндегі мақсаттарға қол жеткізуге көмектесесіз деп 



 

 

Осы құжат «Норт Каспиан Оперейтинг Компани» компаниясының меншігі болып табылады.



 

11 


 

үміттенеміз.

 

4.3. 

ТЕҢ МҮМКІНДІКТЕР 

НКОК өзінің еңбек қатынастары саласындағы барлық шешімдерінің тиісті біліктілікке, еңбекке, 

жұмыс  көрсеткіштеріне  және  жұмысқа  қатысы  бар  басқа  да  факторларға  негізделгеніне 

кепілдік береді. НКОК еңбек қатынастарында заңсыз кемсітушіліктерге жол бермейді.

 

СІЗДІҢ МІНДЕТТЕРІҢІЗ 

Өзіңіз  қарым-қатынас  жасайтын  барлық  тұлғаларға  құрметпен  қарап,  оларға  қатысты 

Этика жарғысына сай  адал болу керек. Сіз мәдени ерекшеліктердің  құндылығын біліп, 

ешқашан заңсыз кемсітушілікке бармауыңыз керек.

 

Қағидаттар 



Қызметкерлерді  жұмысқа  қабылдау,  бағалау,  лауазым  бойынша  жоғарылату,  оқыту, 



біліктілік  арттыру,  еңбек  тәртібі,  сыйақылар  беру  және  жұмыстан  шығару  туралы 

шешімдеріңіз  тек  біліктілікке,  еңбекке,  жұмыс  көрсеткіштеріне  және  іскерлік  ой-пікірге 

ғана негізделуі қажет. 

 





Нәсілге,  тері  түсіне,  дінге,  жасқа,  жынысқа,  жыныстық  бағдарға,  отбасылық  жағдайға, 

мүгедектікке, этникалық шығу тегіне немесе ұлтына қарай кемсітуге тыйым салынған. 



Жергілікті  еңбек заңнамасының талаптарын орындаған және оларға құрметпен  қараған 



жөн. 

Өзіңізге сұрақ қойыңыз 



Сіз адалсыз ба және басқаларды сыйлайсыз ба? 





Басқа адамдардың пікірлеріне құлақ асасыз ба? 



Сіздің жеке сезіміңіз, сеніміңіз немесе ерекше ықыласыңыз шешіміңізге әсер ете ме? 





Нормативтік талаптар мен сәйкестікті қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды түсінесіз бе? 



4.4. 

 

ҚУДАЛАУ 

НКОК нәпсілік немесе басқа кез келген түрдегі қудалауға жол бермейді. НКОК үшін кез келген 

тіл тигізетін, қорқытатын немесе қастандық әрекеттер немесе мінез-құлық мүлдем жат болып 

табылады.  Бір  мәдениетте  орынды,  ал  басқа  мәдениетте  орынсыз  болуы  мүмкін  әрекеттер 

мен  қылықтарға  мұқият  қарап,  ондай  әрекеттер  қудалау  ретінде  қабылдануы  мүмкін  болса, 

олардан аулақ болу қажет.

 

СІЗДІҢ МІНДЕТТЕРІҢІЗ 

Басқаларға  құрметпен  қарап,  орынсыз  деп  қабылдануы  мүмкін  жағдайлардан  аулақ  болу 

керек.  Мінез-құлқы  қаскүнем,  қорқытатын  немесе  қорлайтын  деп  есептейтін  адамыңызға 

ескерту жасау қажет. Қудалау тәртіптік жазалауға және жұмыстан шығаруға соқтыра алады.

 

Қағидаттар 



Қорқытатын және қорлайтын әрекеттерге немесе сөздерге жол беруге болмайды. 





Орынсыз  әзілге  немесе  ескертулерге  жол  беруге  болмайды.  Егер  сіз  қандай  да  бір 

түсіндірменің орындылығына сенімді болмасаңыз, оны орынсыз деп есептеген жөн.

 





Тіл  тигізетін  немесе  кемсітетін  материалдарды,  соның  ішінде  фотосуреттерді  таратуға 

немесе жариялауға тыйым салынады. 




жүктеу 346,15 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау