Нкок мінез-қҰЛЫҚ кодексі



жүктеу 346,15 Kb.
Pdf просмотр
бет9/11
Дата31.01.2018
өлшемі346,15 Kb.
#8215
түріКодекс
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

 

 

Осы құжат «Норт Каспиан Оперейтинг Компани» компаниясының меншігі болып табылады.



 

18 


 



Нарықтық бағалармен айла-шарғы жасауға тыйым салынады. 





Нарықтық қауесет немесе жалған ақпарат таратуға тыйым салынады. 



Егер сіз әріптесіңіз инсайдерлік мәмілеге немесе нарықтық айла-шарғыға қатысуда деп 



есептесеңіз, бұл туралы НКОК-қа хабарлау қажет. 

Өзіңізге сұрақ қойыңыз 



Инсайдерлік ақпаратқа иесіз бе? 





Сіз  немесе  жақын  туыстарыңыз  нарықтық  мәмілелер  жүзеге  асыруды  жоспарлап 

отырған жоқсыз ба? 



Құпия ақпаратты басқа адамдарға жария еткен жоқсыз ба? 





Нарықтық қауесет тараттыңыз ба немесе нарыққа қатысушыларды жаңылыстырдыңыз ба? 



5.6. 

АҚШАНЫҢ ІЗІН ЖАСЫРУ 

Заңды  іскерлік  мәмілелердің  артында  ақшалай  қаражаттың  немесе  активтердің  қылмыстық 

жолмен табылғанын немесе заңсыз сипатын жасырған кезде немесе заңды ақшалай қаражат 

қылмыстық қызметке қолдау көрсету, соның ішінде лаңкестік әрекеттерді қаржыландыру үшін 

пайдаланылған  кезде  ақшаның  ізін  жасыру  жағдайы  орын  алады.  Ақшаның  ізін  жасырумен 

күрес  жөніндегі  заңнама  қолданылатын  құқық  бұзушылықтарға  мыналар  жатады:  біржақты 

сипат беру немесе тергеуге кедергі келтіру және күдікті қызмет туралы хабарламау.

 

СІЗДІҢ МІНДЕТТЕРІҢІЗ 

Қылмыскерлер  НКОК  компаниясын  ақша  ізін  жасыру  немесе  қылмыстық  қызметті 

қаржыландыру  мақсатында  пайдалануы  мүмкін.  Біздің  келешектегі  іскери  серіктестеріміздің 

қызметі  мен  тарихы  туралы  мәлімет  алу  және  ақшалай  қаражат  пен  мүліктің  шығу  көзі  мен 

мақсатын  анықтау  үшін  сіз  контрагенттерге  тиісті  кешенді  аудит  жүргізуге  тиіссіз.  Сіз  күдікті 

мәмілелер немесе ақшаның ізін жасыру жағдайлары туралы хабарлауға тиіссіз. Осы талаптың 

орындалмауы айыппұл салуға, жұмыстан шығаруға немесе қамауға алуға негіз болуы мүмкін.

 

Қағидаттар 



Қылмыстың  жасалуына  күдікті  адамдармен  қарым-қатынас  жасауға  және  қылмыстық 



қызметтен түскен табыспен байланысты болуға тыйым салынады. 



Кез келген күдікті мәмілелер немесе тұлғалар туралы этика және сәйкестікті қамтамасыз 



ету жөніндегі менеджерге баяндау қажет. Ондай күдікті мәмілелерге қолма-қол ақшамен 

орынсыз қомақты ақша сомаларын төлеу, мердігерден басқа заңды тұлғалардың немесе 

жеке  тұлғалардың  банк  шоттарына  ақша  аудару,  жергілікті  компаниялардың 

оффшорлық  шоттарына  төлем  төлеу  және  т.б.  сияқты  әдеттен  тыс  коммерциялық 

жағдайларды  жатқызуға  болады.  Этика  және  сәйкестікті  қамтамасыз  ету  жөніндегі 

менеджер өз кезегінде ондай әрекеттер туралы билік органдарына баяндайды. 

 



Қылмыстық  қызмет  нәтижесінде  табылған  ақшалай  қаражатты  немесе  мүлікті 



қабылдауға, пайдалануға және сақтауға тыйым салынады. 



Қылмыстық  жолмен  табылған  мүліктің  шығу  көзін  немесе  сипатын  жасыруға  тыйым 



салынады. 



Қылмыстық  жолмен  табылған  мүлікті  алуға,  иеленуге  немесе  басқаруға  ықпал  етуге 



тыйым салынады. 



Тергеу субъектісін алдын ала ескертуге тыйым салынады. 





Тиісті құжаттарды бұрмалауға, жасыруға, жоюға тыйым салынады. 



Өзіңізге сұрақ қойыңыз 


 

 

Осы құжат «Норт Каспиан Оперейтинг Компани» компаниясының меншігі болып табылады.



 

19 


 



Мәміленің егжей-тегжейін тексере аласыз ба? 





Сізге  қандай  болмасын  тұлға  нарықтағы  қалыпты  жағдайдың  шектерінен  асатын 

коммерциялық жағдайлар ұсынған жоқ па? 



Төлеу тәсілдері әдеттен тыс емес пе және оған бөгде тұлғалар қатысып жатқан жоқ па? 





Тиісті кешенді аудиттер жүргізілді ме? 



5.7. 

САЯСИ ҚЫЗМЕТ ПЕН ЖАРНАЛАР 

Сіз  саяси  партиялардың  және  қоғамдық  ұйымдардың  заңды  қызметіне  тікелей  қатысуға  толық 

құқылысыз,  алайда  сіздің  саяси  қызметіңіз  бен  төлейтін  жарналарыңыз  НКОК  атынан  жүзеге 

асырылып  жатыр  деп  бағалануы  мүмкін  және  біздің  қызметімізге  немесе  беделімізге  нұқсан 

келтіруі ықтимал. 

СІЗДІҢ МІНДЕТТЕРІҢІЗ 

Сіз  саяси  науқандарды,  саяси  партияларды,  саяси  партиялардың  үміткерлерін  немесе 

олармен  байланысы  бар  кез  келген  тұлғаларға  қолдау  көрсету  үшін  НКОК  құралдарын 

немесе  ресурстарын  ұсына  алмайсыз.  Сіз  жеке  саяси  қызметіңіздің  НКОЕ  атынан  жүзеге 

асырылатын  немесе  НКОК-пен  қандай  болмасын  түрде  байланысты  қызмет  ретінде 

көрінбеуін  қамтамасыз  етуге  тиіссіз.  Саяси  қызмет  пен  жарналар  мүдделер  қайшылығын 

тудыруы  және  НКОК  қызметі  мен  беделіне  нұқсан  келтіруі  мүмкін.  Осы  Мінез-құлық 

кодексінің талаптарын немесе кез келген заңдар мен нормаларды орындамау тәртіптік шара 

қолдануға, соның ішінде жұмыстан шығаруға негіз бола алады.

 

Қағидаттар 



НКОК  шоттарын  саяси  мақсаттардағы  жарналар  төлеу  үшін  пайдалануға  тыйым 



салынады. 



НКОК  ресурстарын  (соның  ішінде  электрондық  поштасын)  саяси  қызмет  жүргізу  үшін 



пайдалануға тыйым салынады. 



Саяси  мақсаттардағы  жарналар  орнына  қайырымдылық  көмек  көрсетуге  тыйым 



салынады. 



Салалық  ұйымдар  арқылы  немесе  басқа  амалдармен  саяси  партиялардың  атына 



жарналар төлеу үшін НКОК-тың ақшалай қаражатын немесе мүлкін пайдалануға тыйым 

салынады. 



Қажет  болған  жағдайда  мемлекеттік  лауазымға  өз  кандидатураңызды  ұсынар  алдында 



НКОК-тың рұқсатын алған жөн. 



Саяси  қызметке  қатысуды  және  жемқорлықтың  алдын  алуды  реттейтін  (ҚР  «Сыбайлас 



жемқорлыққа қарсы күрес туралы» 

267-


І заңы сияқты) заңдарды сақтау қажет. 

ЕСІҢІЗДЕ БОЛСЫН: Қазақстан Республикасының Конституциясы НКОК секілді шетелдік заңды 

тұлғаларға саяси партияларды және кәсіби одақтарды қаржыландыруға тыйым салады. Партия 

бойынша жолдастарыңыз НКОК тарапынан қолдау көрсетуді сұрайтын болса, сіз оларға осыны 

түсіндіруіңіз қажет.

 

Өзіңізге сұрақ қойыңыз 



Қызмет  бабындағы  жағдайыңызды  саясаткерлерге  немесе  партияларға  қолдау  көрсету 



үшін пайдаланасыз ба? 



Саяси қызметке ықпал ету үшін қызмет бабында заңсыз шешімдер қабылдамайсыз ба? 





НКОК шоттарын саяси қызметті қаржыландыру үшін пайдаланып жүрген жоқсыз ба? 



НКОК ресурстарын саяси партиялардың жұмысы үшін пайдаланып жүрген жоқсыз ба? 




жүктеу 346,15 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау