Осы құжат «Норт Каспиан Оперейтинг Компани» компаниясының меншігі болып табылады.
16
Сыйлық мәміле жасалғаны үшін жеке ризашылық немесе марапаттау ретінде ұсынылып
жатқан жоқ па?
ССҚБ заңсыз немесе орынсыз емес пе?
Ұсынылған сыйлықтардың барлығын тіркедіңіз бе?
ССҚБ қандай да бір оқиғаға (мысалы, келіссөздерге, міндеттемелер қабылдауға)
орайластырылған емес пе?
5.4.
МҮДДЕЛЕР ҚАЙШЫЛЫҒЫ (МҚ)
Мүдделер қайшылығы жеке мүдделер немесе НКОК-қа қатысы жоқ мүдделер (соның ішінде
қаржылық немесе отбасылық мүдделер) үшін әреке ету кәсіпқойлық пен адалдыққа, сайып
келгенде НКОК мүдделеріне де зиян келтіруі мүмкін немесе зиян тиді деп пайымдауға негіз
болуы мүмкін кезде орын алады.
Егер НКОК мүдделері үшін жүзеге асырылатын қызметіңізді орындау кезінде сіз өзіңіз,
отбасыңыздың мүшелері/туысыңыз және (немесе) серіктестеріңіз мүдделі (басшы лауазымын
атқаратын, серіктес, акционер болып табылатын немесе агенттіктер арқылы мүдделі) заңды
тұлғаларға қатысты НКОК-тың кез келген шешімін қабылдауға қатыссаңыз немесе ондай заңды
тұлғалармен (тікелей немесе жанама түрде) ынтымақтастығыңыз болса, сіз мүдделер
қайшылығы жағдайына ұшырайсыз.
Егер сіз досыңыз немесе отбасыңыздың мүшесі НКОК-қа жұмысқа кіргенін білсеңіз, мүдделер
қайшылығына тап болуыңыз мүмкін. НКОК-тағы кез келген туысыңыздың карьерасын
қадағалауға, басқаруға немесе жоспарлауға қатыссаңыз немесе қатысуды жоспарласаңыз,
мүдделер қайшылығы туындайды.
Болуы ықтимал немесе болжамды мүдделер қайшылығының тағы бір мысалы — НКОК пен кез
келген үшінші тұлғаның, соның ішінде СКӨБК шеңберіндегі Өкілетті органның арасындағы,
досыңыздың немесе туысыңыздың қатысуымен өтетін негізгі іскерлік келіссөздерге қатысу.
СІЗДІҢ МІНДЕТТЕРІҢІЗ
Сіз кез келген мүдделер қайшылығынан аулақ болуға тиіссіз. Сіздің НКОК атынан
қабылданатын шешіміңіз жеке басыңыздың пайдасы ықпалында қабылданбауы қажет.
Мүдделер қайшылығы шешімдер қабылдауға ықпал етуі мүмкін немесе сондай ықпал
жасалды деп пайымдауға негіз бола алады және сіздің беделіңізге, сонымен қатар НКОК
беделіне нұқсан келтіруі мүмкін. Осы Мінез-құлық кодексінің талаптарын немесе кез келген
заңдар мен нормаларды орындамау тәртіптік шара қолдануға, соның ішінде еңбек
қатынастарын тоқтатуға негіз бола алады.
Қағидаттар
Сіздің НКОК-тағы шешіміңізге немесе әрекеттеріңізге әсер етуі мүмкін немесе әсер етеді
деп пайымдауға негіз болатын барлық мән-жайлар туралы тікелей басшыңызға немесе
супервайзерге хабарлау керек.
Егер сіз іс жүзінде мүдделер қайшылығы бар немесе болуы ықтимал деп есептесеңіз,
өзіңіздің тікелей басшыңызға барлық тиісті жайттарды жазбаша түрде ұсыну қажет
болады.
Іс жүзіндегі немесе болжамды мүдделер қайшылықтарының барлығын ССҚБ және МҚ
тізілімінде тіркеу қажет.
Егер шешімдер қабылдауға қатысу нәтижесінде МҚ немесе МҚ пайда болды деген
пайым пайда болса, ондай қатысудан бас тарту қажет.
Осы құжат «Норт Каспиан Оперейтинг Компани» компаниясының меншігі болып табылады.
17
Өзіңіздің тікелей басшыңыздан МҚ реттелгені туралы растау алу және оның нұсқауын
орындау қажет.
Мінез-құлық кодексі бойынша оқу шеңберінде өзіңіздің МҚ статусыңызды жыл сайын
немесе, егер жеке статусыңыз не болмаса НКОК-тағы жұмыс жағдайыңыз өзгерсе,
алдын ала растап отыру керек.
Мердігерлермен және жабдықтаушылармен жұмыс істеген кезде риясыз, кәсіпқой және
бәсекеге қабілетті болу қажет.
Егер сіз біліміңізді немесе лауазымыңызды компаниядан тыс материалдық құндылықтар
алу үшін пайдалануды жоспарлайтын
болсаңыз, бұл туралы НКОК-қа хабарлау қажет.
Өзіңіздің жеке уақытыңызда сіз қоғамдық, мемлекеттік, білім беру және басқа да
коммерциялық емес ұйымдардың қызметіне белсене қатыса аласыз, алайда бұл тиісті
заңдарға, нормаларға және НКОК саясаттарына қайшы келмеуі керек.
Сіз өзіңіздің жеке уақытыңызда компаниядан тыс басқа істе үлес ала аласыз және кәсіби
қызмет жүргізе аласыз, алайда бұл іс жүзіндегі және ықтимал мүдделер қайшылығына
соқтырмауы тиіс. Күдік туған жағдайда этика және сәйкестікті қамтамасыз ету жөніндегі
менеджермен хабарласқан жөн.
Өзіңізге сұрақ қойыңыз
Туысыңызды немесе досыңызды жұмысқа қабылдауға, жұмысын басқаруға, тексеруге
немесе бағалауға қатысасыз ба?
Қызмет бабындағы жағдайыңызды жеке пайда табу үшін пайдаланасыз ба?
НКОК-тың немесе Консорциумның құпия ақпаратынан жеке пайда таптыңыз ба?
Өзіңіздің жеке қарым-қатынастарыңыз іскерлік шешімдерге ықпал етпей ме?
Туысыңызбен немесе жақын досыңызбен іскерлік келіссөздерге қатысасыз ба?
Мүдделер қайшылығы туралы декларация толтырдыңыз ба?
5.5.
ИНСАЙДЕРЛІК МӘМІЛЕЛЕР
Егер сіз құнды жабық ақпаратқа ие болып, акциялар немесе басқа да бағалы қағаздар сатсаңыз
немесе ондай ақпаратпен кейін акциялар немесе басқа бағалы қағаздар сататын тұлғамен
бөліссеңіз, онда инсайдерлік мәмілеге қатысасыз. Инсайдерлік ақпарат негізінде акциялармен
немесе басқа бағалы қағаздармен жасалатын мәмілелер қылмыстық жазаға тартылатын
қылмыс
болып
табылады.
Бұл
ақпарат
НКОК-тың
акционер
компанияларының,
жабдықтаушыларының немесе мердігерлерінің бағалы қағаздарына қатысты болуы мүмкін.
СІЗДІҢ МІНДЕТТЕРІҢІЗ
Сіз қызмет бабындағы құпия ақпаратты қорғауға тиіссіз және ешбір жағдайда оны жеке
мақсаттарда, әсіресе акциялар немесе басқа бағалы қағаздар сату үшін пайдаланбауыңыз
қажет және басқа кез келген тұлғаға осы қызметті жүзеге асыруды ұсына алмайсыз. Сізге
қауесет таратуға, басқа адамдарды жалған ақпарат пайдалана отырып жаңылыстыруға және
бағалармен айла-шарғы жасауға болмайды.
Инсайдерлік мәмілелер мен нарықтық айла-шарғылар заңсыз әрекеттер болып
табылады және айыппұл салуға, жұмыстан шығаруға немесе қамауға алуға негіз
болады.
Қағидаттар
Инсайдерлік мәмілелер мен нарықтық айла-шарғылар туралы заңдарды сақтау қажет.
Акциялар немесе басқа бағалы қағаздар сату кезінде тиісті саясаттарды сақтау қажет.
Акциялар немесе бағалы қағаздар туралы инсайдерлік ақпаратқа ие болсаңыз, ондай
акцияларды немесе бағалы қағаздарды сатып алуға немесе сатуға тыйым салынады.