Осы құжат «Норт Каспиан Оперейтинг Компани» компаниясының меншігі болып табылады.
12
Іс-әрекеттері немесе мінез-құлқы сізге жағымсыз көрінетін адамға ескерту жасаудан
жасқанбаған жөн. Ол адамға ескертудің себептерін түсіндіріп, одан сондай әрекеттерін
тоқтатуды сұраған жөн.
Егер кімде кім сізді қудалайтын болса, сіздің шұғыл реакцияңыздың маңызды екенін ЕСТЕ
САҚТАҒЫЗ,
әйтпесе,
сізді
жәбірлеуші
адам
сіздің
шыдамдылығыңызды
немесе
әрекетсіздігіңізді оның қудалау әрекеттерін қабылдау деп бағалауы мүмкін. Егер сіз қудалаушы
адамның өзінен қудалауын тоқтатуды сұрауға қорықсаңыз, өзіңіздің тікелей басшыңызбен
немесе этика және сәйкестікті қамтамасыз ету жөніндегі менеджерімен хабарласқан жөн.
Өзіңізге сұрақ қойыңыз
Тиісті түрде әрекет етесіз бе?
Өзіңіздің мінез-құлқыңыз әдепсіз немесе қатерлі емес пе?
Орынсыз әзілге немесе ескертулерге жол беріп жүрген жоқсыз ба?
Басқа тұлғаларды қорлауы мүмкін материалдар таратпайсыз ба және жарияламайсыз ба?
4.5.
АДАМ ҚҰҚЫҒЫ
НКОК-тың адам құқықтарын құрметтеуге қатысты тәсілдемесі бірнеше негізгі элементтерден,
соның ішінде корпоративтік саясаттарды сақтаудан, қолданылатын заңнама мен нормаларды
сақтаудан, мүдделі тараптарымызбен тұрақты диалогтан және қарым-қатынас жасаудан,
сонымен қатар қызметімізді жүргізіп жатқан өңірдегі халықтың жалпы әл-ауқатын нығайтуға
тікелей немесе жанама ықпал етуден тұрады.
Біздің осы саладағы міндеттемелеріміз төменде аталған түрлі бағыттар бойынша Этика
жарғысымен, осы Мінез-құлық кодексімен, Парақорлықпен және жемқорлықпен күрес жөніндегі
нұсқаумен және Компаниямыздың басқару жүйесі шеңберіндегі Компанияның тиісті
саясаттарымен қуатталады:
әлеуметтік инвестициялар;
адам ресурстары; және
келісімшарттар жасасу және сатып алу.
Біз өзіміздің стандарттарымызға ұқсас стандарттарды сақтайтын іскери серіктестер мен
жабдықтаушыларды іздейміз.
Барлық қызметкерлер өздері жұмыс істейтін саладағы адам құқықтарына байланысты
мәселелерді білулері және НКОК-тың осы саладағы міндеттемелерін, стандарттарын және
саясаттарын сақтаулары тиіс.
СІЗДІҢ МІНДЕТТЕРІҢІЗ
Сіз өзіңіз жұмыс істейтін саладағы адам құқықтарына байланысты мәселелерді
білуге және НКОК-тың міндеттемелерін, стандарттарын және саясаттарын
сақтауға тиіссіз.
5.
ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС
НКОК парақорлыққа, инсайдерлік мәмілелерге, нарықтық айла-шарғыларға, алаяқтыққа немесе
ақшаның ізін жасыру әрекеттеріне төзбейді. Сіз барлық жағдайларда кез келген нақты, ықтимал
немесе болжамды мүдделер қайшылығынан аулақ болуға және ешқашан орынсыз төлемдер,
Осы құжат «Норт Каспиан Оперейтинг Компани» компаниясының меншігі болып табылады.
13
сыйлықтар, заттай жеңілдіктер немесе қонақжайлық белгілерін ұсынбауға және қабылдамауға
тиіссіз.
Тіпті жемқорлық туралы негізсіз шағымдар да беделіміз бен бизнесімізге нұқсан келтіруі мүмкін
екенін есте сақтау қажет.
5.1.
ПАРАҚОРЛЫҚ ПЕН ЖЕМҚОРЛЫҚ
Жемқорлық деп сіз іскерлік қызмет нәтижелеріне ықпал ету немесе ондай қызметті заңсыз
түрде жеңілдету мақсатында ақша сомаларын немесе қызметтер ұсынатын, төлейтін, алуға
тырысатын немесе қабылдайтын жағдай түсініледі. Мемлекеттік лауазымды тұлғалардың
немесе коммерциялық кәсіпорындардың, соның ішінде бірлескен кәсіпорындардың қатысуымен
жүргізілетін парақорлық немесе жемқорлық сенім жүктелген тұлғалар, бірлескен кәсіпорын
бойынша серіктестер және мердігерлер сияқты үшінші тұлғалар арқылы тікелей немесе жанама
түрде жүзеге асырылуы мүмкін. Сіз парақорлыққа және жемқорлыққа қатысты күдігіңізді
көңіліңізге алмасаңыз да, бұл НКОК және тікелей сіз үшін қылмыстық, әкімшілік және қаржылық
жауапкершілікке соқтыруы мүмкін.
СІЗДІҢ МІНДЕТТЕРІҢІЗ
Сіз іскерлік қызметте жақсы ниетпен қарау немесе кез келген артықшылық алу үшін ақша
сомаларын, сыйлықтар немесе қызметтер ұсынбауға, төлемеуге, табыстамауға, алуға
тырыспауға және жеке пайдалану үшін қабылдамауға тиіссіз. Парақорлықпен және
жемқорлықпен күрес жөніндегі нұсқаудың талаптарын орындау қажет. НКОК компаниясының
парақорлықпен және жемқорлықпен күрес жөніндегі бағдарламасы мен тиісті басшылыққа
алынатын нұсқаулар Парақорлықпен және жемқорлықпен күрес (ПЖК) жөніндегі қазақстандық
және халықаралық заңнаманы сақтауға арналған. Парақорлықпен және жемқорлықпен
айналысқандары анықталған тұлғалар тәртіптік жазалау, жұмыстан шығарылу, сотпен
қудалану және қамауға алыну түрінде жауапкершілік атқарады.
Қағидаттар
НКОК-тың
парақорлықпен
және
жемқорлықпен
күрес
жөніндегі
нұсқауында
көрсетілгендей, сіздің міндеттеріңіз мынадай:
ешқашан іскерлік қызметте жақсы ниетпен қарау немесе кез келген артықшылық алу
үшін ақша сомаларын, сыйлықтар немесе қызметтер ұсынбау, төлемеу, табыстамау,
алуға тырыспау және жеке пайдалану үшін қабылдамау;
өзіңізбен бірге жұмыс істейтін адамдардың парақорлыққа және жемқорлыққа жол беруге
болмайтындығын түсінетіндігіне көз жеткізу;
егер сіз НКОК-та немесе НКОК-пен бірлесіп жұмыс істейтін кез келген тұлғада
(компанияда немесе жеке тұлғада) жемқорлық жайттары бар деп күдіктенсеңіз немесе
хабардар болсаңыз, бұл туралы НКОК-қа хабарлау.
Өзіңізге сұрақ қойыңыз
Сіз іскерлік шешімге ықпал ету мақсатында ақшалай сома, сыйлықтар немесе қызметтер
ұсындыңыз ба, бердіңіз бе немесе алдыңыз ба?
Жұртшылықтың немесе отбасыңыздың әрекетіңіз туралы білгені сізді алаңдата ма?
Әкімшілік мәселелердің шешілуін жеделдету үшін аздап ақша төлейсіз бе?
Сіз заңсыз сыйлықақы деп бағалануы мүмкін жәрдем көрсетейін деп отырсыз ба немесе
көрсеттіңіз бе?