Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы



жүктеу 354,68 Kb.
Pdf просмотр
бет2/10
Дата11.02.2018
өлшемі354,68 Kb.
#9368
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

аударымдар түскен айлардың жалпы саны;

 

      19) мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылар – төлеушi; өзi үшiн 



әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушы; 

алушы; «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы; Қор; Қазақстан 

Республикасының Үкiмeтi; Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi; өзге де уәкiлеттi 

органдар;

 

      20) мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiнiң өзi үшiн әлеуметтiк аударымдар 



жүргiзiлген қатысушысы - өзi үшiн әлеуметтiк аударымдар төленетiн және осы Заңда 

көзделген әлеуметтiк қатер жағдайлары басталған кезде әлеуметтiк төлемдер алуға құқығы 

бар жеке тұлға;

 

      20-1) міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы бақылау жөніндегі уәкілетті орган 



– халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыратын мемлекеттік 

органның аумақтық бөлімшесі;

 

      21) өзiн-өзi жұмыспен қамтыған адам (осы Заңға қолдануға болатын) – өздерiне табыс 



әкелетiн жұмыспен өздерiн қамтамасыз ететiн дара кәсiпкер, жекеше нотариус, жеке сот 

орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор;

 

      Арнаулы салық режимiн қолданатын шаруа немесе фермер қожалықтарына қатысты өзiн-



өзi жұмыспен қамтыған адамдар деп дара кәсiпкерлер - қожалық басшысы, сондай-ақ 

кәмелетке толған жылдан кейiнгi күнтiзбелiк жылдан бастап шаруа немесе фермер 

қожалығыныңкәмелетке толған мүшелерi танылады;

 

      22) табысты ауыстыру коэффициентi - әлеуметтiк төлемнiң әлеуметтiк аударымдарды 



есептеу кезiнде негiзге алынған табыс мөлшерiне қатынасын айқындайтын коэффициент;

 

      23) уәкiлеттi орган - Қор қызметiне реттеу, бақылау және қадағалау функцияларын 



жүзеге асыратын мемлекеттiк орган.

 

      24) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – 



Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік 

қызметтер көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге 

өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі 

жұмысты ұйымдастыру үшін, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді 

қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды 

тұлға.


 

      Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.07.10 

N 34-V

 Заңымен (алғашқы ресми 



жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 04.02.2013 

№ 75-V


 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа 

енгізіледі); 10.01.2014 

N 156-V

 (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.11.2014



 № 

257-V 


(01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 17.03.2015 

№ 293-V


 (алғашқы ресми 

жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 

17.11.2015 

№ 408-V


 (01.03.2016 бастап 

қолданысқа

 енгізіледі); 06.04.2016 

№ 483-V


 

(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа 

енгізіледі) Заңдарымен.

 

       2-бап. Осы Заңмен реттелетiн қатынастар 

 

      Осы Заң мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру түрлерi бойынша әлеуметтiк қатер жағдайының 



басталуына қарай мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушыларды әлеуметтiк 

қамсыздандырудың қосымша нысандарын құрумен байланысты осы Заңда көзделген қатынастарды 

реттейдi. 

 

      3-бап. Қазақстан Республикасының мiндеттi әлеуметтiк 

 

             сақтандыру туралы заңдары 

 

      1. Қазақстан Республикасының мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы заңдары 



Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан 

Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады. 

 



        2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше 

ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады. 

 

      4-бап. Мiндеттi әлеуметтiк сақтандырудың түрлерi 

 

      Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру мынадай түрлерге бөлiнедi: 



 

        1) еңбек ету қабiлетiнен айрылған жағдай; 

 

        2) асыраушысынан айрылған жағдай; 



 

        3) жұмысынан айрылған жағдай; 

 

        4) жүктілігіне және босануына байланысты табысынан айрылған жағдай; 



 

        5) жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты табысынан айрылған 

жағдай; 

 

        6) бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айрылған 



жағдай. 

 

      Ескерту. 4-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2007.12.19. 



N 9 

(2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 

 

       5-бап. Мiндеттi әлеуметтiк сақтандырудың 

 

             негiзгi принциптерi 

 

      Мiндеттi әлеуметтiк сақтандырудың негiзгi принциптерi мыналар болып табылады: 



 

        1) Қазақстан Республикасының мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы заңдарын 

сақтау мен орындаудың жалпыға бiрдейлiгi; 

 

        2) әлеуметтiк төлемдердi қамтамасыз ету үшiн қолданылатын шараларға мемлекеттiң 



кепiлдiк беруi; 

 

        3) мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысудың мiндеттiлiгi; 



 

        4) осы Заңға сәйкес әлеуметтiк аударымдарды әлеуметтiк төлемдерге пайдалану; 

 

        5) әлеуметтiк төлемдердiң осы Заңда көзделген шарттар бойынша мiндеттiлiгi; 



 

        6) әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерiн саралау; 

 

        7) мiндеттi әлеуметтiк сақтандыруды қамтамасыз ететiн мемлекеттiк органдардың 



қызметiндегi жариялылық. 

 

      6-бап. Әлеуметтiк төлемдердi алу құқығы 

 

      Мемлекет азаматтарға әлеуметтiк қатер жағдайлары басталған кезде осы Заңда 



белгiленген шарттармен мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру түрлерi бойынша әлеуметтiк 

төлемдердi алу құқығына кепiлдiк бередi.

 

      Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ 



адамдар әлеуметтік төлемдерді алу құқығын Қазақстан Республикасының азаматтарымен тең 

пайдаланады.

 

      


Ескерту. 1-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 04.02.2013 

№ 75-V


 Заңымен (алғашқы ресми 

жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

 

      7-бап. Әлеуметтiк аударымдардың сақталуын қамтамасыз ету 



 

      1. Мемлекет Қордағы әлеуметтiк аударымдардың сақталуына және нысаналы 

пайдаланылуына кепiлдiк бередi.

 

         2. Әлеуметтiк аударымдардың сақталуы: 



 

      1) Қордың қызметiн, оның қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ететiн, Қазақстан 

Республикасының Үкiметi айқындайтын тиiстi нормалар мен лимиттердi белгiлеу арқылы 

реттеу;


 

      2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi арқылы инвестициялық қызметтi жүзеге 

асыру;

 

      3) Қор активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi барлық операцияларды Қазақстан 



Республикасының Ұлттық Банкiнде есепке алу;

 

      4) Қордың өз қаражаты мен активтерiнiң бөлек есебiн жүргiзу;



 

      5) Қордың қызметiн қамтамасыз етуге арналған шығыстарға шектеулер енгiзу;

 

      6) жыл сайын аудит жүргiзудiң мiндеттiлiгi;



 

      7) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен Қордың ұдайы 




жүктеу 354,68 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау