Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы



жүктеу 354,68 Kb.
Pdf просмотр
бет1/10
Дата11.02.2018
өлшемі354,68 Kb.
#9368
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы 

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 25 сәуірдегі N 405 Заңы

 

      Қолданушылар назарына!



 

      Қолданушыларға ыңғайлы болуы үшін РҚАО мазмұнды жасады.

 

МАЗМҰНЫ


 

      Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша «ауылдық (селолық)» деген сөздер тиісінше «ауылдық» 

деген сөзбен ауыстырылды - ҚР 03.07.2013 № 121-V Конституциялық заңымен (алғашқы ресми 

жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), бүкіл мәтін 

бойынша «ставкасы», «ставкасынан», «процент», «проценті», «процентінен» деген сөздер 

тиісінше «мөлшерлемесі», «мөлшерлемесінен», «пайыз», «пайызы», «пайызынан» деген 

сөздермен ауыстыру көзделген - ҚР 28.11.2014 № 257-V Заңымен (01.01.2015 бастап 

қолданысқа енгізіледі).

 

      Осы Заң азаматтарды әлеуметтiк қорғаудың мемлекет жүзеге асыратын нысандарының 



бiрi ретiндегi мiндеттi әлеуметтiк сақтандырудың құқықтық, экономикалық және ұйымдық 

негiздерiн белгiлейдi. 

 

   1-тарау. Жалпы ережелер  

      1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар 

 

      Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:



 

      1) асыраушы - өзiнiң асырауындағы отбасының еңбек етуге қабiлетсiз мүшелерiн өз 

табысы есебiнен асыраушы адам;

 

      2) асырауындағылар санының коэффициентi - қайтыс болған (coт хабар-ошарсыз кеттi 



деп таныған немесе қайтыс болды деп жарияланған) асыраушының асырауында болған оның 

отбасы мүшелерiнiң санын ескеретiн коэффициент;

 

      3) әлеуметтiк аударымдар - өзi үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген мiндеттi 



әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушыға, ал асыраушысынан айрылған жағдайда оның 

асырауында болған отбасы мүшелерiне осы Заңға сәйкес әлеуметтiк төлемдер алу құқығын 

беретiн, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына төленетiн осы Заңда белгiленген 

мiндеттi төлемдер;

 

      3-1) әлеуметтік аударымдар бойынша берешек – есептелген және мерзімінде 



аударылмаған әлеуметтік аударымдар сомасы;

 

      4) әлеуметтiк аударымдарды есептеу объектiсi - жұмыс берушiнiң қызметкерге 



орындалған жұмыстар, көрсетiлген қызметтер үшiн табыс түрiнде төлейтiн шығыстары. Өзiн-

өзi жұмыспен қамтыған адамның әлеуметтiк аударымдарын есептеуге арналған объект оның 

алатын табыстары болып табылады;

 

       5) 



алып тасталды - ҚР 17.11.2015 

№ 408-V


 Заңымен (01.03.2016 бастап 

қолданысқа

 

енгізіледі);



 

      6) әлеуметтiк аударымдарды төлеушi (бұдан әрi - төлеушi) - осы Заңда белгiленген 

тәртiппен Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдарды есептеудi 

және төлеудi жүзеге асыратын жұмыс берушi немесе өзiн-өзi жұмыспен қамтыған адам;

 

      7) әлеуметтiк аударымдар мөлшерлемесі - әлеуметтiк аударымдарды есептеу 



объектiсiнiң шамасына пайыздық қатынаспен көрсетiлген, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру 

қорына төленетiн мiндеттi төлемдердiң тiркелген мөлшерi;

 

      8) әлеуметтiк қатер - еңбек ету қабiлетiнен айрылуына және (немесе) жұмысынан 



айрылуына, асыраушысынан айрылуына, сондай-ақ жүктілігіне және босануына, жаңа туған 

баланы (балаларды) асырап алуына және бір жасқа толғанға дейінгі бала күтіміне 

байланысты табысынан айрылуына әкеп соқтырған оқиғаның басталуы, соның нәтижесінде өзi 

үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушы 

не ол қайтыс болған жағдайда оның асырауында болған отбасының мүшелерi осы Заңға сәйкес 

әлеуметтiк төлемдердi алу құқығына ие болады;

 

      9) әлеуметтiк төлемдер - әлеуметтік төлемдерді алушының пайдасына Мемлекеттік 



әлеуметтік сақтандыру қоры жүзеге асыратын төлемдер;

 



       10) 

алып тасталды - ҚР 17.11.2015 

№ 408-V

 Заңымен (01.03.2016 бастап 



қолданысқа

 

енгізіледі);



 

      11) әлеуметтiк төлемдi алушы (бұдан әрi – алушы) – әлеуметтік қатер төнгенге дейін 

Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына ол үшін әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген не 

өзін-өзі жұмыспен қамтыған адам ретінде оларды өзi төлеген және Мемлекеттік әлеуметтік 

сақтандыру қоры оған қатысты әлеуметтiк төлемдер тағайындау туралы шешiм шығарған жеке 

тұлға, ал мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiнiң өзi үшiн әлеуметтiк аударымдар 

жүргiзiлген қатысушысы болып табылатын адам қайтыс болған жағдайда – қайтыс болған (coт 

хабар-ошарсыз кеттi деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының 

асырауында болған отбасы мүшелерi;

 

      12) еңбек ету қабiлетiнен айрылу - қызметкердiң жұмыс орындау, қызмет көрсету 



қабiлетiнен айрылуы, оның дәрежесi айрылған еңбек ету қабiлетiне пайыздық қатынастан 

көрінеді;

 

      13) еңбек ету қабiлетiнен айрылу коэффициентi - өзi үшiн әлеуметтiк аударымдар 



жүргiзiлген мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушының жалпы еңбек ету 

қабiлетiнен айрылу дәрежесiне қарай айқындалатын коэффициент;

 

      13-1) еңбекке жарамсыздық күндері санының коэффициенті – еңбекке уақытша 



жарамсыздық парағында көрсетілген күндер санына қарай айқындалатын коэффициент;

 

       13-2) 



алып тасталды - ҚР 06.04.2016 

№ 483-V


 Заңымен (алғашқы ресми жарияланған 

күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

 

      13-3) халықты жұмыспен қамту орталығы – ауданның, облыстық және республикалық 



маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органы жұмыспен қамтуға 

жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды және 

«Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңға сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің өзге де 

шараларын ұйымдастыру мақсатында құратын мемлекеттік мекеме;

 

      14) қатысу өтілінің коэффициентi - мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне 



қатысудың жалпы өтіліне қарай айқындалатын коэффициент;

 

      14-1) медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімшесі (бұдан әрі – МӘС бөлімшесі) – 



міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы бақылау жөніндегі уәкілетті органның 

медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізетін құрылымдық бөлімшесі;

 

      15) Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қоры (бұдан әрi - Қор) - міндетті әлеуметтік 



сақтандыру жүйесінің қатысушысы – асыраушысынан айырылған жағдайда, асырауындағы отбасы 

мүшелерін қоса алғанда, өздеріне қатысты әлеуметтік тәуекел жағдайы төнген міндетті 

әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушыларына әлеуметтік аударымдарды шоғырландыруды, 

әлеуметтік төлемдерді тағайындауды және жүзеге асыруды жүргізетін заңды тұлға;

 

      16) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының активтерi - әлеуметтiк аударымдар, 



әлеуметтiк аударымдарды төлеу мерзiмi өтiп кеткендiгi үшiн алынған 

өсiмпұл, инвестициялық табыс және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қызметiн 

қамтамасыз етуге арналған комиссиялық сыйақыны, әлеуметтiк төлемдерге бағытталған 

қаражатты және қате есептелген немесе артық төленген қаражатты қайтаруды шегерiп 

тастағанда, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына түсетiн Қазақстан Республикасының 

заңнамасында көзделген өзге де түсiмдер;

 

      17) мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру - еңбек ету қабiлетiнен айрылуына және (немесе) 



жұмысынан айрылуына, сондай-ақ асыраушысынан айрылуына байланысты, жүктілігіне және 

босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына және бір жасқа толғанға дейінгі 

бала күтіміне орай табысынан айрылуына байланысты табыстың бiр бөлiгiн өтеу үшiн 

мемлекет ұйымдастыратын, бақылайтын және кепiлдiк беретiн шаралар жиынтығы;

 

      18) мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесi - мемлекет белгiлейтiн және кепiлдiк 



беретiн, мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылардың арасындағы қатынастарды 

реттейтiн нормалар мен қағидалардың жиынтығы;

 

      18-1) мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысудың жалпы өтілі – әлеуметтiк 




жүктеу 354,68 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау