Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы



жүктеу 354,68 Kb.
Pdf просмотр
бет10/10
Дата11.02.2018
өлшемі354,68 Kb.
#9368
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

табысынан айырылған жағдайларда төленетін әлеуметтік төлем денсаулық сақтау саласындағы 

уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен берілген еңбекке уақытша жарамсыздық 

парағында көрсетілген бүкіл кезеңге тағайындалады.

 

      Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушылары болып табылатын Байқоңыр 



қаласының тұрғындарына жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап 

алуға байланысты табысынан айырылған жағдайларда төленетін әлеуметтік төлем Ресей 

Федерациясының федералдық денсаулық сақтау ұйымдары мен олардың Байқоңыр қаласының 

аумағында орналасқан бөлімшелері берген еңбекке уақытша жарамсыздық парағы негізінде, 

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жүктiлiкке және босануға, жаңа туған 

баланы (балаларды) асырап алуға байланысты демалыс кезеңіне тағайындалады.

 

      4. Жүктiлiкке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты 



табысынан айырылған жағдайларда төленетін әлеуметтiк төлем мөлшерi әлеуметтік 

аударымдарды есептеу объектісі ретінде ескерілген табыстың орташа айлық мөлшерін еңбекке 

жарамсыздық күндері санының тиісті коэффициентіне көбейту арқылы айқындалады.

 

      Әлеуметтiк аударымдарды есептеу объектiсi ретiнде ескерiлген табыстың орташа айлық 



мөлшері әлеуметтік төлемге құқық басталған айдың алдындағы соңғы күнтізбелік он екі ай 

ішінде әлеуметтік аударымдар жүргізілген (осы кезеңде әлеуметтік аударымдарда 

үзілістердің болу-болмауына қарамастан) табыстар сомасын он екіге бөлу арқылы 

айқындалады.

 

      Еңбекке жарамсыздық күндері санының коэффициенті еңбекке уақытша жарамсыздық 



парағы берілген күндер санын күнтізбелік отыз күнге бөлу арқылы айқындалады.

 

      5. Егер бұл еңбек шартының және (немесе) ұжымдық шарттың талаптарында, жұмыс 



берушінің актісінде көзделсе, жұмыс беруші Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына 

сәйкес жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты 

табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем сомасын шегергендегі орташа 

жалақысын сақтай отырып, жүктілікке және босануға байланысты демалысқа, жаңа туған 

баланы (балаларды) асырап алған қызметкерлерге берілетін демалысқа ақы төлейді.

 

      Ескерту. 23-1-бап жаңа редакцияда - ҚР 04.02.2013 



№ 75-V

 Заңымен (алғашқы ресми 

жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер 

енгізілді - ҚР 10.01.2014 

N 156-V

 (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 



N 239-V

 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа 

енгiзiледi); 07.11.2014 

№ 248-V


 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он 

күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 17.03.2015 

№ 293-V

 (алғашқы ресми жарияланған 



күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

 

      23-2-бап. Бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне



 

                 байланысты табысынан айырылған жағдайда

 

                 төленетiн әлеуметтiк төлемді тағайындау және



 

                 оның мөлшерi

 

      1. Бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты табысынан айырылған 



жағдайда төленетiн әлеуметтiк төлем мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiнің өзі үшiн 

әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген және Қордан төленетін әлеуметтiк төлемдер алуға құқығы 

бар қатысушысына 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап тағайындалады.

 

      2. Бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты табысынан айырылған 



жағдайда төленетiн әлеуметтiк төлем екi және одан да көп бала туған кезде әр балаға жеке 

тағайындалады.

 

       3. 



Алып тасталды - ҚР 17.03.2015 

№ 293-V


 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін 

күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

 

      4. Бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты табысынан айырылған 



жағдайда төленетiн әлеуметтiк төлем баланың туу туралы куәлiгiнде көрсетiлген туған 

күнiнен бастап ол бiр жасқа толған күндi қоса алғандағы мерзімге дейiн тағайындалады.

 

      Бiр жасқа толмаған бала қайтыс болған жағдайда, әлеуметтiк төлемдер қайтыс болған 




айды қоса алғанда төленедi.

 

      5. Бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты табысынан айырылған 



жағдайда төленетiн ай сайынғы әлеуметтiк төлемдер табыстың орташа айлық мөлшерiн табысты 

ауыстыру коэффициентiне көбейту арқылы айқындалады.

 

      Әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде ескерілген табыстың орташа айлық 



мөлшері әлеуметтік төлемге құқық басталған айдың алдындағы соңғы жиырма төрт ай ішінде 

әлеуметтік аударымдар жүргізілген (осы кезеңде әлеуметтік аударымдарда үзілістердің 

болу-болмауына қарамастан) табыстар сомасын жиырма төртке бөлу арқылы айқындалады.

 

      Табысты ауыстыру коэффициенті 0,4 болады.



 

      Бұл ретте, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан 

айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемнің ең жоғары мөлшері республикалық бюджет 

туралы заңда белгіленген ең төмен жалақының он еселенген мөлшерінің қырық пайызынан 

аспауға, ал әлеуметтік төлемнің ең төмен мөлшері бала бір жасқа толғанға дейін оның 

күтіміне байланысты берілетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы мөлшерінен кем болмауға 

тиіс.

 

      6. Алушы қайтыс болған (сот хабар-ошарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды 



деп жариялаған), ата-ана құқықтарынан айырылған немесе олар шектелген, бас бостандығынан 

айыру орындарында жазасын өтеп жүрген жағдайларда, бала бір жасқа толғанға дейін оның 

күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем баланы 

мемлекеттің толық қамсыздандыруы белгіленген жағдайларды қоспағанда, бала бір жасқа 

толғанға дейін оның күтімін жүзеге асыратын адамға, мынадай құжаттар:

 

      1) жеке басты куәландыратын құжат;



 

      2) бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған 

жағдайда төленетін әлеуметтік төлем алушының қайтыс болуы туралы куәліктің, соттың 

хабар-ошарсыз кетті деп тану туралы немесе қайтыс болды деп жариялау туралы, ата-ана 

құқықтарынан айыру немесе оларды шектеу туралы шешімінің, соттың бас бостандығынан айыру 

орындарында жазасын өтеуі туралы үкімінің көшірмелері;

 

      3) соттың бала асырап алу туралы заңды күшіне енген шешімінің үзінді көшірмесі;



 

      4) қорғаншы етіп тағайындау туралы анықтама негізінде жүргізіледі.

 

      7. Бала (балалар) бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан 



айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем:

 

      1) бала (балалар) қайтыс болған ай өткен соң;



 

      2) баланы (балаларды) мемлекеттің толық қамсыздандыруы белгіленген ай өткен соң;

 

      3) ата-анасы ата-ана құқықтарынан айырылған немесе олар шектелген, асырап алу 



туралы шешім жарамсыз деп танылған немесе оның күші жойылған, Қазақстан Республикасының 

неке-отбасы заңнамасында белгіленген жағдайларда, қорғаншылар өз міндеттерін 

орындаудан босатылған немесе шеттетілген ай өткен соң тоқтатылады.

 

      Ескерту. 23-2-бап жаңа редакцияда - ҚР 04.02.2013 



№ 75-V

 Заңымен (алғашқы ресми 

жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер 

енгізілді - ҚР 10.01.2014 

N 156-V

 (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 17.03.2015 



№ 293-V

 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа 

енгiзiледi) Заңдарымен.

 

       24-бап. Әлеуметтік төлемнің мөлшерін есептеу, қайта 

 

               есептеу және арттыру 

 

      Ескерту. 24-бап алып тасталды - ҚР 04.02.2013 № 75-V Заңымен (алғашқы ресми 



жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

 

   4-тарау. Әлеуметтік төлемдер және олардан ұстап қалу  

      25-бап. Қордан төленетін әлеуметтік төлемдер 

 

      Әлеуметтік төлемдер ағымдағы ай үшін Мемлекеттік корпорация арқылы алушының 



банктік шоттарына аудару жолымен жүргізіледі. Төлемдердің кешіктірілгені үшін осы Заңның 

20-бабының 8-тармағына сәйкес өсімпұл есебіне жазылады.

 



      Ескерту. 25-бап жаңа редакцияда - ҚР 17.11.2015 

№ 408-V


 Заңымен (01.03.2016 бастап 

қолданысқа

 енгізіледі).

 

       26-бап. Әлеуметтiк төлемдерден ұстап қалу 

 

      Еңбек ету қабiлетiнен айырылған және (немесе) жұмысынан айырылған, сондай-ақ 



жүктілігіне және босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына және бала бір 

жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайларда берiлетiн 

әлеуметтiк төлемдерден Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру 

туралы заңнамасына сәйкес мiндеттi зейнетақы жарналары ұсталып қалады және бірыңғай 

жинақтаушы зейнетақы қорына жiберiледi.

 

      Ескерту. 26-бап жаңа редакцияда - ҚР 21.06.2013 



N 106-V

 (алғашқы ресми 

жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

 

     5-тарау. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры  



      27-бап. Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қоры 

 

      1. Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қоры бiрден-бiр құрылтайшысы мен қатысушысы 



мемлекет болып табылатын акционерлiк қоғам нысанындағы коммерциялық емес ұйым.   

 

      2. Қор өз мiндеттемелерi бойынша өзiнiң барлық мүлкiмен жауапты болады.



 

      27-1-бап. Қордың басшы қызметкерлеріне қойылатын талаптар

 

      1. Атқарушы органның бірінші басшысы мен оның орынбасарлары, бас бухгалтер Қордың 



басшы қызметкерлері болып танылады.

 

      2. Қордың басшы қызметкерлеріне мынадай талаптар белгіленеді:



 

      1) атқарушы органның бірінші басшысы мен оның орынбасарлары үшін:

 

      білімі – жоғары кәсіптік (заң, қаржы-экономикалық) білімі;



 

      бағалы қағаздар нарығында және қаржы нарығындағы қызметті жүзеге асыратын 

ұйымдарда кәсіптік қызметпен тікелей байланысты басшы лауазымдарда кемінде бес жыл жұмыс 

өтілі не халықты әлеуметтік қорғау саласында басшы лауазымдарда кемінде алты жыл жұмыс 

өтілі;

 

      2) бас бухгалтер үшін:



 

      білімі – жоғары кәсіптік (қаржылық, экономикалық) білімі;

 

      қаржы-бухгалтерлік жұмыста кемінде бес жыл, оның ішінде басшы лауазымдарда кемінде 



бес жыл жұмыс өтілі болуы керек.

 

      3. Қордың басшы қызметкері болып:



 

      1) жоғары кәсіптік білімі жоқ;

 

      2) осы баптың 2-тармағында көзделген қызмет салаларында ең аз қажетті жұмыс өтілі 



жоқ;

 

      3) мінсіз іскерлік беделі жоқ;



 

      4) бұрын осы адам заңды тұлғаның бірінші басшысы, бірінші басшысының орынбасары, 

бас бухгалтері лауазымында болған кезеңде банкрот деп танылған немесе санацияға, 

консервациялауға, мәжбүрлеп таратуға ұшыраған осы заңды тұлғаның бірінші басшысы, 

бірінші басшысының орынбасары, бас бухгалтері болған адам сайлана (тағайындала) алмайды.

 

      



Ескерту. 4-тарау 27-1-баппен толықтырылды - ҚР 04.02.2013 

№ 75-V


 Заңымен (алғашқы 

ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

 

      28-бап. Қордың қызметi 

 

      Қор өз қызметiн Қордың активтерiнен алатын комиссиялық сыйақы есебiнен жүзеге 



асырады.

 

      Қордың өз қаражаты Қордың жарғылық капиталынан және комиссиялық сыйақыдан құралады 



және солардан тұрады.

 

      



Ескерту. 28-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 04.02.2013 

№ 75-V


 Заңымен (алғашқы ресми 

жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

 

      29-бап. Қордың құқықтары мен мiндеттерi 

 

      1. Қордың:   



 

        1) әлеуметтiк аударымдарды шоғырландыруды жүзеге асыруға;   

 



      2) Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен бағалы қағаздарға және 

басқа да қаржы құралдарына байланысты қызметпен айналысуға;

 

      2-1) міндетті әлеуметтік сақтандыру мәселелері бойынша консультациялық және 



түсіндіру жұмыстарын жүргізуге;

 

      3) Қор қызметiн жүзеге асыруға комиссиялық сыйақы алуға;   



 

      4) Мемлекеттік корпорациядан қаржы қозғалысы туралы ақпарат алуға;

 

      5) Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, 



мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiнiң қатысушыларынан Қор қызметiн қамтамасыз етуге 

қажеттi ақпаратты сұратуға және алуға;

 

      6) артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдар және (немесе) әлеуметтік 



аударымдарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдар сомасын қайтаруды 

жүзеге асыруға;

 

      7) әлеуметтік төлемдер тағайындау не тағайындаудан бас тарту туралы шешім 



қабылдауға;

 

      8) уәкілетті мемлекеттік органдар мен әлеуметтік аударымдарды төлеушілер арқылы 



тиісті ақпаратты сұрату жолымен әлеуметтік төлемдер тағайындау үшін ұсынылған 

құжаттардың анықтығын тексеруге;

 

      9) Қазақстан Республикасының аумағында филиалдар ашуға құқығы бар.



 

        2. Қор: 

 

      1) Мемлекеттік корпорацияның әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыруы үшін 



қаражаттардың уақтылы аударылуын қамтамасыз етуге;

 

      2) Қордың уақытша бос қаражатын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi 



арқылы қаржы құралдарына орналастыруға;   

 

        3) жыл сайын аудит өткiзудi қамтамасыз етуге;   



 

      4) Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес өзге де мiндеттердi атқаруға;

 

      5) әлеуметтік төлемдердің уақтылы және толық тағайындалуын қамтамасыз етуге;



 

      6) әлеуметтік төлемдер тағайындау және алу мәселелері бойынша қажетті 

түсініктемелер беруге міндетті.

 

        3. Қор: 



 

       1) Қор активтерiн кепiлге беруге;   

 

      2) кәсiпкерлiкпен және осы Заңда көзделмеген өзге де қызметпен айналысуға құқылы 



емес.

 

      



Ескерту. 29-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 04.02.2013 

№ 75-V


 (алғашқы ресми 

жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 21.06.2013 

106-V


 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа 

енгізіледі); 10.01.2014 

N 156-V

 (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 17.11.2015 



№ 

408-V


 (01.03.2016 бастап 

қолданысқа

 енгізіледі) Заңдарымен.

 

      30-бап. Қордың инвестициялық қызметi 

 

      1. Қор инвестициялық қызметтi Қор мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi 



арасында жасалатын шарт негiзiнде Қордың активтерiн Қазақстан Республикасының Ұлттық 

Банкi арқылы қаржы құралдарына орналастыру жолымен жүзеге асырады.   

 

        2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Қордың активтерiн шоғырландыру және 



орналастыру жөнiндегi, инвестициялық кiрiс алу жөнiндегi барлық операциялардың есебiн 

жүргiзедi және жасалған шартқа сәйкес Қор шоттарының және оның активтерiмен 

инвестициялық қызметтiң жай-күйi туралы Қорға тоқсан сайын есеп берудi табыс етiп 

отырады. 

 

      31-бап. Қор активтерiнiң құрылуы 

 

      1. Қордың активтерi:   



 

      1) әлеуметтiк аударымдар, әлеуметтiк аударымдар төлеу мерзiмiн өткiзiп алғаны үшiн 

алынған өсiмпұл, Қордың қызметiн қамтамасыз етуге арналған комиссиялық сыйақылар 

шегерiлген инвестициялық табыс;   

 



        2) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де көздер есебiнен 

құралады.   

 

        2. Қордың активтерi мынадай мақсаттарға ғана:   



 

        1) осы Заңға сәйкес әлеуметтiк төлемдердi жүзеге асыруға;   

 

      2) тiзбесiн Қазақстан Республикасының Yкiметi айқындайтын қаржы құралдарына 



орналастыруға;   

 

      3) артық төленген әлеуметтiк аударым сомалары мен өзге де қате есептелген 



қаражатты қайтаруға пайдаланыла алады.

 

      3. Қордың активтеріне өндіріп алуды қолдануға жол берілмейді.



 

      


Ескерту. 31-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 04.02.2013 

№ 75-V


 Заңымен (алғашқы ресми 

жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

 

      32-бап. Есеп жүргiзу және есеп беру 

 

      1. Қор бухгалтерлiк есеп жүргiзедi және қаржылық есеп берудi Қордың өзiнiң 



қаражаты мен активтерi бойынша Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген 

тәртiппен бөлек табыс етедi.  

 

      2. Қор бухгалтерлiк есеп жүргiзуде және есептiлiктi жасау кезiнде пайдаланылатын 



құжаттардың есебi мен сақталуын қамтамасыз етуге мiндеттi. Сақталуға жататын негiзгi 

құжаттардың тiзбесi және олардың сақталу мерзiмi Қазақстан Республикасының заңдарында 

белгiленедi. 

 

   6-тарау. Қорытынды ережелер  

      33-бап. Дауларды шешу 

 

      Қордың, Мемлекеттік корпорацияның, мемлекеттiк органдардың, жеке және заңды 



тұлғалардың арасында осы Заңды орындау жөнiнде туындайтын барлық даулар Қазақстан 

Республикасының заңнамасына сәйкес шешiледi.

 

      


Ескерту. 33-бап жаңа редакцияда - ҚР 17.11.2015 

№ 408-V


 Заңымен (01.03.2016 бастап 

қолданысқа

 енгізіледі).

 

      34-бап. Қазақстан Республикасының мiндеттi әлеуметтiк 

 

              сақтандыру туралы заңдарын бұзғаны үшiн 

 

              жауаптылық 

 

      Қазақстан Республикасының мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы заңдарын бұзуға 



кiнәлi адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады. 

 

      35-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі 

 

      Осы Заң 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі. 



 

      Қазақстан Республикасының 

 

      Президенті 

 

 

 



 

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" ШЖҚ 



РМК 

жүктеу 354,68 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау