Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылғы 12 сәуірде № 7559 тіркелді
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі
Национальный Банк
Республики Казахстан
_________________________________________________________________________________________________________________
БАСҚАРМАСЫНЫҢ
ҚАУЛЫСЫ
ПОСТАНОВЛЕНИЕ
ПРАВЛЕНИЯ
2012 жылғы 24 ақпан № 99
Алматы қ.
г. Алматы
Сақтандыру
тобындағы
тәуекелдерді басқару және ішкі
бақылау жүйесіне қойылатын
талаптарды бекіту туралы
«Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан
Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің
Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берілген Сақтандыру тобындағы тәуекелдерді басқару және ішкі
бақылау жүйесіне қойылатын талаптар бекітілсін.
2. Бас ұйым ретінде сақтандыру тобына кіретін сақтандыру холдингтері,
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары 2013 жылғы 1 қаңтарға дейінгі
мерзімде сақтандыру тобындағы өздерінің тәуекелдерді басқару және ішкі
бақылау жүйелерін осы қаулының талаптарына сәйкес келтірсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он
күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық Банк
Төрағасы
Г. Марченко
1
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2012 жылғы 24 ақпандағы
№ 99 қаулысымен бекітілген
Сақтандыру тобындағы тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесіне
қойылатын талаптар
Осы Сақтандыру тобындағы тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау
жүйесіне қойылатын талаптар (бұдан әрі – Талаптар) сақтандыру холдингінде,
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында (бұдан әрі – Ұйым), сондай-ақ
Ұйымның еншілес ұйымдарында және (немесе) сақтандыру холдингі және
(немесе) оның еншілес ұйымдары капиталына қомақты қатысатын ұйымдарда
(бұдан әрі – сақтандыру тобының қатысушылары) тәуекелдерді басқару және
ішкі бақылау жөніндегі өкілеттіктер мен функционалдық міндеттер көзделетін
тиісті тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің сақтандыру
тобында қалыптастырылуына қойылатын талаптарды айқындау мақсатында
«Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан
Республикасының Заңына сәйкес әзірленген.
1. Жалпы ережелер
1. Ұйымның Директорлар кеңесі (шаруашылық серіктестіктер үшін –
қатысушылардың жалпы жиналысы) сақтандыру тобындағы тәуекелдерді
басқару және ішкі бақылау жүйелерінің Талаптарға сәйкес келуін қамтамасыз
етеді және Ұйым мен сақтандыру тобы қатысушыларының тәуекелдерді
басқару және ішкі бақылауды жүзеге асыру саласында өздеріне жүктелген
міндеттерді орындауы үшін жағдай жасайды.
2. Сақтандыру тобындағы тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау
Ұйымның Директорлар кеңесі (қатысушылардың жалпы жиналысы) бекітетін
және тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің жұмыс істеу тәртібі,
рәсімдері, талаптары, мақсаттары, қағидаттары мен әдістері айқындалатын ішкі
құжаттар (бұдан әрі – ішкі құжаттар) арқылы қамтамасыз етіледі.
Ішкі құжаттарда мыналар:
сақтандыру тобы қызметінің негізгі мақсаттары мен бағыттары;
сақтандыру тобы қызметінің қаржылық және өзге көрсеткіштерінің
болжамды мәндері;
сақтандыру тобындағы тәуекелдерді басқару саясаты;
басқарудың ұйымдық-функционалдық құрылымы туралы ереже;
2
басшы қызметкерлерді тағайындау және оларға сыйақы беру саясаты;
басқару есептілігін беру мерзімдері мен нысандары туралы ереже;
ішкі бақылау жүйесін ұйымдастыру және ішкі аудит қызметі туралы
ереже айқындалады.
3. Ұйымның Директорлар кеңесі (қатысушылардың жалпы жиналысы):
сақтандыру тобындағы тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау
жүйелерінің, ішкі құжаттардың болуын, тұтастығын және жұмыс істеуін
қамтамасыз етеді және сақтандыру тобының барлық қатысушыларының ішкі
бақылау саласындағы өз міндеттерін орындауы үшін жағдай жасайды, сондай-
ақ ішкі аудит қызметінің функционалдық және ұйымдық тәуелсіздігін
қамтамасыз етеді;
тәуекелдер бойынша есептіліктің және негізгі көрсеткіштердің негізінде
тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылаудың мониторингін, сақтандыру тобы
ұшырағыш тәуекелдердің барлық түрлерін сәйкестендіруді, бағалауды,
бақылауды және мониторинг жасауды жүзеге асырады.
4. Ұйымда тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерін
қалыптастыру мақсатында тәуекелдерді басқару жөніндегі бөлімше мен ішкі
аудит қызметі құрылады.
Тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылауды жүзеге асыру, сондай-ақ ішкі
құжаттардың ережелерін сақтау міндеті сақтандыру тобының барлық
қатысушыларына қолданылады.
Ұйым Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және
қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитетіне (бұдан әрі – уәкілетті
орган) есепті жылдан кейінгі жылдың 15 қаңтарына дейінгі мерзімде мыналар:
Талаптардың қосымшасына сәйкес нысан бойынша Талаптарға
сәйкестікті дербес бағалау;
талаптың
белгілі
бір
критерийіне
(талаптардың
белгілі
бір
критерийлеріне) сәйкессіздіктер анықталған жағдайда сәйкессіздіктерді жою
жөніндегі іс-шаралардың жоспары, жауапты адамдар және іс-шаралардың
орындалу мерзімдері қоса берілген жазбаша түсіндірме қамтылатын
Талаптардың критерийлерін орындауды бағалау жөніндегі жылдық есепті
ұсынады.
2. Сақтандыру тобының тәуекелдерін басқару жүйесі
5. Сақтандыру тобының тәуекелдерін басқару процесі мынадай
кезеңдерді қамтиды:
1) тәуекелдерді айқындау:
тәуекелді және оны туындататын
факторларды бағалау (зиянның барлық
ықтимал себептеріне жүйелі және тұрақты мониторинг, талдау жасау, олардың
ықтималдығы мен мөлшерлерін сапалы бағалау);
3
тәуекелдерді жіктеу (тәуекелдердің және олардың пайда болуына алып
келетін, олардың дамуына әсерін тигізетін факторлардың ерекшеліктерін
зерттеу, тарихи деректерді сараптамалық бағалау, тәуекелдер картасы);
2) тәуекелдерді өлшеу (бағалау), оны өткізу кезеңділігін директорлар
кеңесі тәуекелдің маңыздылығына қарай, бірақ жылына екі реттен кем емес
белгіленеді;
3) сақтандыру тобының тәуекелдеріне жүйелі стресс-тестинг пен талдау
жасауды жүзеге асыру;
4) тәуекелдерді басқару әдісін таңдау және қолдану;
5) тәуекелдерді басқару жүйесін түзету.
6. Сақтандыру тобының тәуекелдерін басқару саясатында мыналар:
сақтандыру
тобы
қатысушыларының
басшы
қызметкерлерінің
өкілеттіктері мен функционалдық міндеттерін реттейтін, оның ішінде
операциялардың дұрыс жасалуын және оларға байланысты тәуекелді
бақылауды қамтамасыз ету көзделетін ережелер;
сақтандыру тобында тәуекелдерді басқару мақсаттары;
тәуекелдерді басқару кезінде пайдаланылатын негізгі қағидаттар мен
әдістер;
сақтандыру тобының барлық қатысушыларының қызметін ескере
отырып, қаржылық көрсеткіштерге және сақтандыру тобының қатысушылары
қабылдайтын тәуекелдерге, оның ішінде шоғырландырылған негізде
мониторинг жасау рәсімдері, оның ішінде сақтандыру тобы тәуекелдерінің
жиынтық лимиттері шегінде сақтандыру тобының әрбір қатысушысына
арналған лимиттер;
сақтандыру тобы қатысушыларының тәуекелдерді дұрыс және дәйекті
өлшеуін бағалау рәсімдері;
сақтандыру тобының қаржылық қызметіне, оның ішінде сақтандыру тобы
қатысушыларының арасында жасалатын операцияларға мониторинг жасау
рәсімдері;
сақтандыру
тобының
қатысушылары
жасайтын
мәмілелердің
талаптарына қойылатын талаптар;
сақтандыру тобы қатысушыларының қаржылық тұрақтылығын және
төлеуге қабілеттілігін қолдау шаралары;
Ұйымның директорлар кеңесі (қатысушылардың жалпы жиналысы)
мүшелерінің, атқарушы органның және жауапты қызметкерлерінің және
сақтандыру тобы қатысушыларының тәуекелдерді басқару жөніндегі
өкілеттіктері мен функционалдық міндеттері көзделеді.
7. Басқарудың ұйымдық-функционалдық құрылымы туралы ереже
мыналарды регламенттейдi:
1) директорлар кеңесiнiң, атқарушы органның, комитеттердiң, iшкi аудит
қызметiнiң, басшы қызметкерлердiң, бөлiмшелердiң құрылымын, өкiлеттiктерiн
және мiндеттерiн;
4
2) қызметкерлерге қойылатын бiлiктiлiк талаптарын;
3) өзара әрекеттесу және есеп берушiлiк тәртiбiн;
4)
атқарушы
органның,
құрылымдық
бөлiмшелерiнiң
және
қызметкерлердiң қызметiнiң тиiмдiлiгiн бағалау критерийлерiн, оның iшiнде
оларға жүктелген функцияларды және мiндеттердi орындамағаны (тиiсiнше,
уақтылы орындамағаны) үшiн шаралар қолдану тәртiбiн.
8. Басшы қызметкерлерді тағайындау және сыйақы төлеу жөнiндегi
саясаты
Ұйымның
атқарушы
органы
әзiрлейдi
және
мыналарды
регламенттейді:
1) атқарушы органның мүшелері (мүшелерінің), басшы қызметкерлері
(оның iшiнде еншілес және бағынышты ұйымдардың) лауазымдарына
кандидаттарын iрiктеу прициптерiн, критерийлерiн, сыйақы мөлшерiн
анықтауды;
2) сыйақының түрлерiн, компоненттерiн, жүзеге асыру негiздемелерiн
(сыйақының тіркелген мөлшері, акциялар, облигациялар бойынша сыйақы,
сыйақының, компенсациялық төлемдердің басқа түрлерi);
3) басшы қызметкерлерiнiң жұмысын бағалау және сыйақыны қолдану
критерийлері;
4) Ұйымның директорлар кеңесiне (қатысушыларының жалпы
жиналысына) ұсынылатын жасалған сыйақы төлемдерi және басқа
компенсациялық
төлемдерi
бөлiгiнде
бюджеттi
игеруге,
басшы
қызметкерлерiнiң уәкiлеттi органның бiлiктiлiк талаптарына және iшкi
лауазымдық мiндеттерiне сәйкес келуiн қамтамасыз етуiне қатысты атқарушы
органы есебiнiң нысаны мен кезеңдiлiгiн.
9. Басқару есептiлiгiн беру мерзiмдерi мен нысандары туралы ереже
директорлар кеңесiне (қатысушыларының жалпы жиналысына) және Ұйым
акционерлерiне мынадай басқару есептiлiгiн беру тәртiбiн регламенттейдi:
қаржылық есептілікті;
инвестициялар туралы есептердi (қаржы құралдарын баланстық және
нарықтық құнын, кiрiстiлiгiн, сатып алу және сатудың жалпы сомаларын
көрсете отырып, топтастырумен);
сақтандыру тобының тәуекел картасының талдамасын;
сақтандыру тобының ағымдағы және болжанатын меншiктi капитал
қажеттiлiгiн қысқаша талдауын.
10. Сақтандыру тобының тәуекелдерді басқару жүйесі шешімді
қабылдаған кезде жауапкершілікті шектеуді көздейді.
11. Тәуекелдердi басқару бөлiмшесiнiң функцияларына мыналар кiредi:
1) мыналарды қоса алғандағы тиiмдi тәуекелдердi басқару жүйесiн
ұйымдастыру:
тәуекелдердi басқару жөнiндегi саясатты әзiрлеу;
сапалық және сандық тәсiлдердi қоса алғандағы тәуекелдер картасын
әзiрлеу;
5
басқарушылық шешiмдер қабылдау процесiне қатысу;
басқарушылық шешiмдердiң орындалуына тұрақты мониторинг жүргізу
және қабылданған басқарушылық шешiмдердiң тиiмдiлiгiн анықтау;
сақтандыру, инвестициялық және өзге операциялар мен мәмiлелер
бойынша белгіленген лимиттердің орындалуын бақылау;
2) сақтандыру тобының қызметіне байланысты тәуекел көрсеткiштерiнiң
сипаттық және сандық мәндерін анықтауды қоса алғандағы тәуекелдердi
сәйкестендіру және бағалау, сондай-ақ тәуекелдердің барынша жоғары рұқсат
етiлетiн мәндерін анықтау;
3) сақтандыру тобының қызметi барысында туындайтын тәуекелдердi
басқару бойынша шаралар қабылдау;
4) сәйкестендірілген (анықталған) тәуекелдердiң мониторингi, бағалауы
және бақылау жүргiзу;
5) Ұйымның тиiстi бөлiмшелерiмен анықталған тәуекелдердi азайту
бойынша егжей-тегжейлi iс-шаралар жоспарын әзiрлеу процесiн ұйымдастыру;
6) қаржылық тұрақсыздық пен төтенше жағдайдағы iс-шаралар жоспарын
орындау бойынша iс-шараларды ұйымдастыру;
7) тұрақты түрде мыналарға талдау жүргiзу:
стресс-тесттер және қабылданған тәуекелдердiң деңгейiне жүйелi
мониторинг жүргiзу шегiнде қаржылық көрсеткiштерге;
стресс-тесттер және қабылданған тәуекелдердiң деңгейiне жүйелi
мониторинг жүргiзу шегiнде қаржы құралдарының бағалары өзгеруiнiң
өтiмдiлiк, төлем қабiлеттiлiгi, капитал жеткiлiктiлiгi көрсеткiштерiне әсер
етуiне;
8) Ұйымның макроэкономикалық факторлардың рентабельдiлiкке,
өтiмдiлiкке, меншiктi капитал жеткiлiктiлiгiне, сондай-ақ сақтандыру тобының
басқа қатысушыларының қаржылық тұрақтылығы және төлем қабілеттілігі
көрсеткіштеріне ықпал етуiн болжамдау;
9)
Ұйымның
директорлар
кеңесіне
(қатысушылардың
жалпы
жиналысына) сақтандыру тобының тәуекелдерді басқару жүйесiнiң бағалауын
және талдауын қамтыған тоқсан сайынғы есепті ұсыну;
10) Ұйымның және сақтандыру тобы қатысушыларының қызметін
тәуекелдердi басқару бөлiгiнде бекiтiлген iшкi құжаттарға сәйкес келуін
қамтамасыз ету.
3. Ішкі бақылау жүйесі
12. Ішкі бақылау жүйесі мынадай мақсаттарға жету үшін құрылады:
1) сақтандыру тобы қызметінің операциялық және қаржылық тиімділігі,
бұл сақтандыру тобының активтерін және пассивтерін басқарудың тиімділігі
6
мен рентабельділігін тексеруді және шығындар ықтималдығын анықтауды
көздейді;
2) қаржылық және басқарушылық ақпараттың сенімділігі, толықтығы
және уақтылылығы, бұл дәйекті және сапалы қаржылық есептілігінің жасалуын
тексеруді
және
шешімдерді
қабылдау
үшін
сақтандыру
тобы
қатысушыларының пайдаланылатын басқа қаржы құжаттардың тексеруін
көздейді;
3) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау, бұл
сақтандыру тобы қатысушыларының Қазақстан Республикасы заңнамасын,
сондай-ақ сақтандыру тобы қатысушыларының ішкі саясатын және рәсімдерін
анықтайтын құжаттар талаптарының сақтауын тексеруді көздейді.
13. Сақтандыру тобының ішкі бақылау жүйесін ұйымдастыру жөніндегі
ішкі құжаттарда мыналар:
ішкі аудит қызметі жүзеге асыратын тексерулер;
келісу және құқық беру жүйесі;
Ұйымның және сақтандыру тобы қатысушыларының әр түрлі
бөлімшелеріне тиісті бақылау;
тәуекелдерге лимиттердің сақталуын тексеру және анықталған
бұзушылықтарды жоюды кейіннен бақылау;
шоттарды салыстырып тексеру және екі жақты тексеру жүйесі;
мүлікті түгендеуді қоса алғанда, бақылаудың тиісінше құрылымын құруы
көзделеді.
14. Сақтандыру тобының ішкі бақылау жөніндегі ішкі құжаттарда:
сақтандыру тобы ұшырайтын барлық тәуекелдер;
ішкі бақылау жүргізудің масштабы және жиілігі;
сақтандыру тобының ішкі аудит жүргізу жоспарын жасауға қойылатын
талаптар айқындалған.
15. Ішкі бақылау жүйесінің мониторингі тұрақты негізде жүзеге
асырылады.
Сақтандыру тобының ішкі құжаттарында ішкі бақылау жүйесінің
мониторингін
жүргізу
тәртібі
анықталады.
Сақтандыру
тобының
қатысушылары ішкі бақылаудың, оның ішінде сақтандыру тобының қызметіне
ықпал ететін өзгеріп отыратын ішкі және сыртқы факторларды ескере отырып,
тиімді қызмет етуін қамтамасыз ету үшін оны жетілдіру жөніндегі қажетті
іс-шаралар қабылдайды.
16. Ішкі бақылау жүйесінің мониторингін Ұйымның әр түрлі
бөлімшелерінің, операциялар мен мәмілелерді және олардың бухгалтерлік есеп
пен есептілікте көрсетілуін жүзеге асыратын бөлімшелердің басшылары мен
қызметкерлері, сондай-ақ ішкі аудит қызметі жүзеге асырады.
Сақтандыру тобының әр түрлі қызметіне бақылауды жүзеге асырудың
мерзімділігі олармен байланысты тәуекелдерге, сақтандыру тобы қызметінің
7
бағыттарында болатын өзгерістердің жиілігіне және сипатына орай
анықталады.
Қарау нәтижелері құжаттанады және сақтандыру тобының тиісті
басшыларына жіберіледі.
17. Ішкі бақылау жүйесінің сәйкестігін тексеру үшін Ұйымда және
сақтандыру тобы қатысушыларында ішкі аудит қызметі құрылады
(шаруашылық серіктестіктері үшін тексеру комиссиясы) немесе ішкі
аудитордың функциясын жүзеге асыратын жауапты тұлғаға (бұдан әрі – ішкі
аудит қызметі) өкілеттік беріледі.
Ішкі аудит қызметінің мақсаты сақтандыру тобы қызметінің барлық
аспектілері бойынша ішкі бақылау және тәуекелдерді басқару жүйесінің
барабарлығын және тиімділігін бағалау, сақтандыру тобының қатысушылары
бөлімшелерінің
өздеріне
жүктелген
функциялары
мен
міндеттерін
орындауының жай-күйі туралы уақтылы және дәйекті ақпаратпен қамтамасыз
ету, сондай-ақ жұмысты жақсарту бойынша пәрменді және тиімді
ұсынымдарды ұсынуы болып табылады.
18.
Ішкі
аудит
қызметі
Ұйымның
директорлар
кеңесінің
(қатысушылардың жалпы жиналысының) барабар ішкі бақылау жүйесінің
болуын және жұмыс істеуін қамтамасыз ету бойынша функцияларды жүзеге
асыру барысында туындаған міндеттерді ішкі бақылау жүйесінің объективті
бағалауын және оларды жетілдіру бойынша ұсынымдарды беру жолымен шешу
мақсатында құрылады.
19. Ішкі аудит қызметі өзінің қызметінде Ұйымның жарғысын, ішкі
бақылау жүйесін ұйымдастыру және ішкі аудит қызметі туралы ережені,
сондай-ақ Ұйымның қызметін регламенттейтін басқа да ішкі құжаттарды
басшылыққа алады.
20. Ішкі аудит қызметінің негізгі функциялары:
1)
Ұйымның
директорлар
кеңесіне
(қатысушылардың
жалпы
жиналысына) ішкі аудит қызметінің жұмысы туралы есеп дайындау;
2) ағымдағы жылда ішкі және (немесе) сыртқы аудит жүргізілуге тиіс
сақтандыру тобы операцияларындағы тәуекелдерді анықтау;
3)
Ұйымның
директорлар
кеңесіне
(қатысушылардың
жалпы
жиналысына) және сыртқы пайдаланушыларға ұсынылатын қаржылық
ақпараттың дәйектілігі мен дұрыстығын анықтау;
4) сыртқы және ішкі аудиторлармен анықталған бухгалтерлік есептегі
немесе ішкі аудиттегі кез келген елеулі кемшіліктерді айқындау;
5) сақтандыру тобы қатысушыларының Қазақстан Республикасы
заңнамасын, сақтандыру тобының ішкі құжаттарын сақтауын анықтау;
6) ішкі бақылау және тәуекелдерді басқару жүйесінің барабарлығы мен
тиімділігін тексеру және бағалау;
7) сақтандыру тобының тәуекелдерін бағалау әдістемесінің қолдану
толықтығы мен тәуекелдерді басқару рәсімдерін тексеру;
8
8) деректер базасының тұтастығын және оларды рұқсат етілмеген кіруден
қорғалуын бақылауды, күтпеген жағдайда іс-қимыл жоспарының болуын қоса,
автоматтандырылған ақпарат жүйесінің жұмыс істеу тиімділігін тексеру;
9) бухгалтерлік есеп пен есептіліктің дәйектілігін, толықтығын,
объективтігін және уақтылылығын, сондай-ақ ақпарат пен есептілікті жинақтау
мен ұсынуының сенімділігін және уақтылылығын тексеру;
10) сақтандыру тобы мүлігінің сақталуын қамтамасыз етуге
қолданылатын тәсілдерді (әдістерді) тексеру;
11) жасалатын операциялардың экономикалық мақсатқа сай болатынын
және тиімділігін бағалау;
12) ішкі құжаттардың Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық
актілеріне сәйкестігін тексеру;
13) ішкі бақылаудың процестері мен рәсімдерін тексеру;
14) сақтандыру тобының ішкі құжаттары болуының толықтығына
мониторинг жүргізу болып табылады.
21. Ішкі бақылау жүйесін ұйымдастыру туралы ережесінде мыналар
көзделеді:
барлық бөлімшелерге тұрақты ішкі бақылау жүргізу, сондай-ақ үшінші
тұлғаларды тарта отырып қызмет;
ішкі аудит қызметінің тексерілетін бөлімшенің қызметімен байланысты,
оның ішінде заңмен қорғалатын коммерциялық немесе өзге құпияны құрайтын
немесе конфиденциалды ақпараты бар барлық құжаттарға қол жеткізу құқығы;
функционалдық
міндеттерді
орындаудың
Ұйымның
басшы
қызметкерлерінен немесе бөлімшелерінен және сақтандыру тобына
қатысушылардан тәуелсіздігі және ішкі аудит қызметінің Ұйымның
директорлар кеңесіне (қатысушылардың жалпы жиналысына) есеп беруі;
сақтандыру тобының ішкі бақылау жүйесінің кемшіліктерін талқылау
үшін бірлескен кездесулерді өткізу;
ішкі аудит қызметінің орындалуы Ұйымның бөлімшелері және
сақтандыру тобына қатысушылар үшін міндетті болып табылатын жүргізілген
тексерудің нәтижелері бойынша ұсыныстарды әзірлеу жөніндегі өкілеттері;
оларды оңтайлы орындау мақсатындағы ішкі бақылау нәтижелері
бойынша қолданылатын Ұйымның бөлімшелері және сақтандыру тобына
қатысушылары өткізетін және жоспарлайтын іс-шаралар мониторингі.
22. Ішкі аудит қызметі туралы ережеде мыналар:
ішкі аудит қызметінің мақсаттары және қызмет саласы;
ішкі аудит қызметінің мәртебесі, оның құзыреті, міндеттері және басқа
қызметтермен қарым-қатынастары;
ішкі аудит қызметінің есеп беруі айқындалады.
9
Сақтандыру
тобындағы
тәуекелдердi басқару және
iшкi
бақылау
жүйесіне
қойылатын
талаптарға
қосымша
«____________________________»
(Ұйымның атауы)
____________ жылғы
(кк/аа/жж)
Тәуекелдердi басқару және iшкi бақылау жүйелерiне қойылатын
талаптарға сәйкес келуiн бағалау жөнiндегi есебi
№ Талаптардың
тиiстi
тармағын,
тармақшасын,
абзацын
көрсету
Талапқа
сәйкес
келуiн
бағалау
Айқындал
ған
кемшiлiкт
ер
Кемшiлiктерд
i жою
бойынша
қабылданған
(жоспарланға
н) iс-шаралар
(iс-шараның
мазмұны,
орындалу
мерзiмдерi)
Жауапты
орындаушылар
(тегi, аты, (бар
болса -
әкесiнiң аты),
лауазымы,
байланыс
ақпараты)
1
Тәуекелдердi басқару және iшкi бақылау жүйелерiне қойылатын
талаптарға сәйкес келуiнiң жалпы бағалау:
_______________________________________________________________
_____________________________________________________
Кестенi толтыру бойынша түсiнiктеме:
Тәуекелдердi басқару және iшкi бақылау жүйелерiне қойылатын талаптарға
сәйкес келуiн бағалау мынадай критерийлер бойынша жүзеге асырылады:
1) ТС – «толығымен сәйкес келедi»
критерийдi орындаған жағдайда;
2) IС – «iшiнара сәйкес келедi»
талап (кемшiлiктер) критерийiнен ауытқуын анықтаған жағдайда, олар
Ұйымның келешекте осы критерийдi орындауға жететiнiне күмән туғызуына
жеткiлiктi деп саналмайды, ауытқулар басшылықтың бақылауына алынған
және жақын арада жойылады;
3) СК – «сәйкес келмейдi»
10
Тәуекелдердi басқару және iшкi бақылау жүйелерiне қойылатын талаптар
критерийiн орындамаған жағдайда;
4) Қ - «қолданылмайды»
егер Ұйым тәуекелдердi басқару және iшкi бақылау жүйелерiне
қойылатын жеке талаптарды бағалауды жүзеге асырған күнiне қолданбаған
жағдайда. «Қолданылмайды» бағалауы Ұйымның Талаптардың критерийлерiн
орындаған үлесiнiң есебiне кiрмейдi.
Ұйымның бiрiншi басшысы (не оның орнындағы тұлға):
______________________________________________________________
(лауазымы, тегі, аты, (бар болса – әкесінің аты) қолы күнi)
Тәуекелдердi басқару бөлiмшесінiң басшысы:
______________________________________________________________
(лауазымы, тегі, аты, (бар болса – әкесінің аты) қолы күнi)
Iшкi аудит қызметiнiң басшысы:
______________________________________________________________
(лауазымы, тегі, аты, (бар болса – әкесінің аты) қолы күнi)
Достарыңызбен бөлісу: |