Дайыр ауылдық округ әкімінің тұрғындар алдында



жүктеу 28,55 Kb.
Дата20.02.2018
өлшемі28,55 Kb.
#10274

Дайыр ауылдық округінде 2016 жылдың 1-тоқсанында істелген

жұмыстар туралы.
Округте 1-тоқсанда төмендегіджей жұмыстар атқарылды. Жалпы тұрғындар саны – 2821, белсенді халық саны- 1289, зейнеткер- 286, оқушы саны- 538.

Округ бойынша 3 мектеп, 1 дәрігерлік емхана, 2 ФАП, 9 сауда дүкені, 2 наубайхана, 2 тойхана, 1 шаштараз, 1 дәріхана, 1 мәдениет үйі, 2 клуб үйі, 1 байланыс бөлімшесі жұмыс істейді.

Дайыр ауылдық округ әкімі аппаратында 6 мемлекеттік қызметкер, 5 штаттан тыс қызметкерлер халыққа қызмет көрсетеді. Осы тоқсанда тұрғындардан 20 жазбаша, 15 ауызша өтініш түскен. оның 22 –сі орындалып, 13- түсіндірілді.

Сонымен қатар, 184 жеке тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсетілді.

Қаңтар айында тұрғындармен. ауыл, аудан әкімінің есептік кездесулері өтті.

Тұрғындардан 7 ұсыныс пікірлер түсті. Қазіргі уақытта оның 3- уі орындалды. Қалғаны бақылауда тұр. Округтегі ең өзекті мәселелердің бірі округ орталығы Дайыр ауылының көшелерінде жүрудің қиындағы, әсіресе көктемгі мезгілде.

Осы мәселеге байланысты, 2016 жылы Дайыр ауылдық округіне, оның ішінде Дайыр ауылының көшелерін жөндеуге бюджеттен 26 млн. тенге мөлшерінде қаржы бөлініп отыр. Оның 22 млн.-і Орманбетов көшесін асфальттауға, 4 млн. тенгесі Ыдырышев көшесін ағымдағы жөндеуден өткізуге жұмсалады деп жоспарлануда. Бүгінгі күні осы 2 жобаның сметалық құжаттары дайындалып, мемлекеттік сатып алу конкурсына ұсынылып қойылды..

Бұның сыртында жергілікті салықтан түсетін қаржы жергілікті өзін басқару заңдылығына сәйкес ауылдық округтің өзіне берілетіндіктен, жоспар бойынша салықтан түсетін 3 млн. 500 мың тенгеге 3 жоба ұсынылып отыр. Олар: Дайыр ауылындағы Қойшыбаев көшесіне құм тас төгу, оған -3079,0 мың тенге, Бітімбаев көшесіне аялдама салу, оған- 332 мың 881 тенге және 402 мың 228 тенге қоқыс төгетін орынға жұмсауға жобалық-сметалық құжаттары жасалып, конкурсқа беруге дайын тұр. Қазір жергілікті салықтан округтің қолма-қол ақшаны бақылау шотында 586 мыңдай қаржы түсіп тұр.

Көктемгі егске қызу дайындық жүріп жатыр. Бүгінгі күні 16 трактор, 39 ауыл шаруашылық құралдары дайын. Барлығы 1547 га жерге егін егіледі деп жоспарлануда.

2015 жылы округ бойынша малдың сарып ауруы көп шықты. 140 бас ірі қарадан сарып ауруына оң таңба берді. Соған байланысты қыркүйек айынан бастап Дайыр ауылына ірі қара малдары бойынша шектеу қойылды.. Осы уақытқа дейін шектеу алынған жоқ.. Барлық үй шаруашылықтарына залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді. Бұл жұмыстар тұрғындар арасында түсіндіріліп, өз нәтижесін беруде.

Округ бойынша 2016 жылы 89 шаруа қожалығы тіркелген. Оның ішінде 24 шаруа қожалығы мал өсірумен айналысса, 43–і егін шаруашылығымен айналысады.

Мал басы, оның ішінде ірі қара, жылқы малдары жылдан жылға өсіп келеді.

Округте 3 клуб үйі , 1 кітапхана жұмыс істейді. Мәдени іс шараларының жоспары жасалынған. 2016 жылдың қаңтар айынан осы уақытқа дейін мәдениет қызметкерлерінің ұйымдастырумен округ бойынша 4 концерт, 12 жастар би кеші ,2 сайыс, 2 пікір-алмасу кездесулері өтті. Осы шараларды өткізуде ауыл әкімімен тығыз байланыста жұмыс жүргізілді. Наурыз айында өткен Тәуелсіздіктің 25-жылдығына арналған «Азат елдің ұрпақтарымыз» атты аудандық көркемөнерпаздар байқауында округтер арасында біздің округ жүлделі 2-ші орында иеленді. Осы шараларды өткізуде ауыл әкімімен тығыз байланыста жұмыс жүргізілді.. Әкімшілік шараларға демеушілік танытып, шаралардың жоғары деңгейде өтуіне ықпал жасадық.

Сонымен қатар, спорттық шараларда өз деңгейінде өтіп тұрды. Жалпы округте жастардың спортпен айналысуға толық жағдай жасалған. Себебі, Дайыр ауылында 2 спорт зал, 1 футбол алаңы, 1 хоккей алаңы, аудандық спорт мектебінің күрес секциясының филиалы жұмыс жасайды. Және мұның сыртында ауылдағы мәдениет үйінде жастарға арналған 9 компьютер және бір кіші залда шахмат, дойбы, тоғыз құмалақ ойындарын ойнауға жағдай жасалған.



Ауылдық округ әкімі аппараты жанынан құрылған 3 ақпараттық насихат топтары осы мезгіл ішінде тұрғындарды Елбасы Жолдауымен, «Ұлт жоспары-100 нақты қадам», «Ұлт Жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» атты еңбегімен және басқа да мемелеттік бағдарламалар таныстырып отырды.
Дайыр ауылдық округ әкімі Б.Балғабаев
жүктеу 28,55 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау