Ескерту. 19-бап жаңа редакцияда - ҚР 17.11.2015
№ 408-V
Заңымен (01.03.2016 бастап
қолданысқа
енгізіледі).
3-тарау. Әлеуметтік төлемдерді тағайындау
20-бап. Әлеуметтiк төлемдердi тағайындауға өтiнiш
беру және әлеуметтiк төлемдер тағайындауға
арналған құжаттарды қарау мерзімдері
1. Әлеуметтік төлемдерді тағайындауға өтініш жасау осы Заңның 12-бабының 1-
тармағында көзделген тиісті мемлекеттік органдарға немесе ұйымдарға өтініш берушінің
жеке басын куәландыратын құжатпен қоса уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша өтініш
беру арқылы жүзеге асырылады. Тізбесін уәкілетті орган айқындайтын құжаттар өтінішке
қоса беріледі.
1-1. Мемлекеттік органдар және (немесе) ұйымдар ақпараттық жүйелерде сұратылып
отырған мәліметтердің жоқ екенін растайтын электрондық құжаттарды ұсынған кезде, сұрау
салуды жүзеге асырған орган немесе ұйым өтініш берушіні қағаз жеткізгіштердегі
құжаттардың түпнұсқаларын ұсыну қажеттігі туралы хабардар етеді.
2. Мемлекеттік корпорация әлеуметтік төлемдер тағайындау үшін қажетті құжаттар
қабылданған күннен бастап төрт жұмыс күні ішінде оларды Қорға береді.
3. Қор құжаттар келіп түскен күннен бастап төрт жұмыс күні ішінде оларды қарайды
және әлеуметтік төлемдерді тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім
қабылдайды.
Әлеуметтік төлемдерді тағайындаудан бас тартылған жағдайда, ол өтініш берушіні бас
тарту себептері туралы хабардар етеді және ұсынылған құжаттарды Мемлекеттік корпорация
арқылы өтініш берушіге қайтарады.
4. Қордың табыс етiлген құжаттардың дұрыстығына тексеру жүргiзуге құқығы бap.
Осы мақсаттарда ол мемлекеттік органдар мен тиісті ұйымдарға ұсынылған құжаттардың анық
екендігі туралы сұрау салуды жiберiп, оларды беруге негiз болған құжаттардың бар-жоғын
тексере алады. Бұл peттe, әлеуметтiк төлемдер тағайындау туралы шешiм қабылдаудың
кешiктiрiлуi және шешiм қабылдаудың ұзартылу мерзiмдерi, бiрақ бiр айдан аспайтын
мерзiмге ұзартылуы туралы өтiнiш берушiге жазбаша түрде хабардар етiлуге тиiс.
5. Кейiнгi өтiнiштер берiлген кезде Қор өтiнiш қайталап берiлген кезден бастап бес
жұмыс күнi iшiнде тағайындау немесе бас тарту туралы шешiм қабылдайды және бас тарту
себептерi мен шағымдану тәртiбiн көрсете отырып, бұл жөнінде Мемлекеттік корпорация
арқылы өтiнiш берушiге жазбаша нысанда хабарлайды.
Қордың шешiмiне сот тәртiбiмен шағым жасалуы мүмкiн.
6. Қордан төленетiн әлеуметтiк төлемдер Қордан төленетiн әлеуметтiк төлемдерге
құқық туындаған күннен бастап тағайындалады.
Қордан төленетiн әлеуметтiк төлемдерге құқық:
еңбек ету қабілетінен айырылған жағдайда – міндетті әлеуметтік сақтандыру
жүйесінің Қорға өзі үшін әлеуметтік аударымдар жүргізілген қатысушысының жалпы еңбек ету
қабілетінен айырылу дәрежесін МӘС бөлімшесі белгілеген күннен бастап;
асыраушысынан айырылған жағдайда – қайтыс болу туралы куәлiкте көрсетiлген қайтыс
болған күнінен бастап не азаматты хабар-ошарсыз кетті деп тану туралы немесе азаматты
қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешiмiнде көрсетiлген күннен бастап туындайды.
Асыраушысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлем үлесiн бөлу құқығы
Қорға оны бөлу үшін өтiнiш жасалған күннен бастап туындайды;
жұмысынан айырылған жағдайда – мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiнің Қорға өзі
үшін әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген қатысушысы халықты жұмыспен қамту орталығына
жұмыссыз ретiнде тiркелу үшiн өтiнiш жасаған күннен бастап;
жүктiлiкке және босануға байланысты табысынан айырылған жағдайда – еңбекке уақытша
жарамсыздық парағында көрсетiлген жүктiлiкке және босануға байланысты демалыс берiлген
күннен бастап;
жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылған жағдайда
– еңбекке уақытша жарамсыздық парағында көрсетiлген, жаңа туған баланы (балаларды)
асырап алған қызметкерлерге демалыс берiлген күннен бастап;
бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты табысынан айырылған
жағдайда – баланың туу туралы куәлiгiнде көрсетiлген туған күнiнен бастап, баланы
(балаларды) асырап алған және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бір жасқа дейінгі
балаға қорғаншылық тағайындалған жағдайларда – баланы (балаларды) асырап алу туралы сот
шешімі заңды күшіне енген күннен бастап немесе қорғаншы тағайындалған күннен бастап
туындайды.
Жұмысынан айырылған, жүктiлiкке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды)
асырап алуға және бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты табысынан
айырылған жағдайларда Қордан төленетiн әлеуметтік төлемдерді тағайындауға өтініш жасау
мерзімдері Қордан төленетiн әлеуметтiк төлемдерге құқық туындаған күннен бастап он екі
айдан аспауға тиіс.
7. Өтініштің осы Заңның 12-бабының 1-тармағында көрсетілген органда немесе ұйымда
тіркелген күні Қордан әлеуметтік төлемдер тағайындауға өтініш жасалған күн болып
есептеледі.
Әлеуметтік төлемдер тағайындау мерзімі өтініштің барлық қажетті құжаттарымен қоса
Мемлекеттік корпорацияда тіркелген күнінен бастап сегіз жұмыс күнінен аспайды.
8. Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) Қордың кiнәсiнан уақтылы алынбаған не
толық алынбаған әлеуметтiк төлемдер сомасы өткен уақыт үшiн мерзiмi шектелмей төленедi
және уәкілетті орган айқындайтын тәртiппен, мерзiмi өткен әрбiр күн үшiн (төлеу күнiн
қоса алғанда) осы сомаларды төлеу күнiне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi
белгiлеген қайта қаржыландырудың 2 еселенген ресми мөлшерлемесінен аспайтындай мөлшерде
индекстелуге жатады.
Ескерту. 20-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.12.19
N 9
(2008.01.01 бастап
қолданысқа енгізіледі); 04.02.2013
№ 75-V
(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін
күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.01.2014
N 156-V
(01.01.2014
бастап қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014
N 239-V
(алғашқы ресми жарияланған күнінен
кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 17.03.2015
№ 293-V
(алғашқы
ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
17.11.2015
№ 408-V
(01.03.2016 бастап
қолданысқа
енгізіледі); 06.04.2016
№ 483-V
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа
енгізіледі) Заңдарымен.
21-бап. Еңбек ету қабiлетiнен айырылған жағдайда төленетін
әлеуметтiк төлемді тағайындау және оның мөлшерi
1. Еңбек ету қабiлетiнен айырылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлем мiндеттi
әлеуметтiк сақтандыру жүйесiнің өзi үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген қатысушысына
әлеуметтiк төлем алуға өтiнiш жасаған уақытқа қарай жұмысты тоқтатқанына немесе iстеп
жатқанына қарамастан тағайындалады.
2.
Алып тасталды - ҚР 17.03.2015
№ 293-V
(алғашқы ресми жарияланған күнінен
кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
3. Адамның жалпы еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін куәландыруды және
белгілеуді МӘС бөлімшесі Қазақстан Республикасының мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы
заңнамасына сәйкес медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу арқылы жүзеге асырады.
4. Еңбек ету қабiлетiнен айырылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлем Қордан
төленетін әлеуметтiк төлемдерге құқық туындаған күннен бастап еңбек ету қабiлетiнен
айырылған деп белгiленген бүкіл кезеңге тағайындалады.
Еңбек ету қабiлетiнен айырылу дәрежесi өзгерген жағдайда, әлеуметтiк төлем еңбек
ету қабiлетiнен айырылу дәрежесi өзгерген күннен бастап еңбек ету қабiлетiнен айырылудың
жаңадан белгiленген дәрежесiне сәйкес келетiн мөлшерде жүзеге асырылады. Бұл ретте Қор