Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы



жүктеу 354,68 Kb.
Pdf просмотр
бет8/10
Дата11.02.2018
өлшемі354,68 Kb.
#9368
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

әлеуметтiк төлемдер мөлшерiнiң өзгергенi туралы шығарылған шешiмге қатысты Мемлекеттік 

корпорацияны үш жұмыс күнi iшiнде хабардар етеді.

 

      5. Еңбек ету қабiлетiнен айырылған жағдайда төленетін ай сайынғы әлеуметтiк төлем 



мөлшерi республикалық бюджет туралы заңда белгiленген жалақының ең төмен мөлшерінің 

сексен пайызын шегеріп, әлеуметтiк аударымдарды есептеу объектiсi ретiнде ескерiлген 

табыстың орташа айлық мөлшерiн табысты ауыстырудың, еңбек ету қабiлетiнен айырылуының 

және қатысу өтілінің тиiстi коэффициенттерiне көбейту арқылы айқындалады.

 

      Әлеуметтiк аударымдарды есептеу объектiсi ретiнде ескерiлген табыстың орташа айлық 



мөлшері әлеуметтік төлемге құқық басталған айдың алдындағы соңғы күнтізбелік жиырма төрт 

ай ішінде әлеуметтік аударымдар жүргізілген (осы кезеңде әлеуметтік аударымдарда 

үзілістердің болу-болмауына қарамастан) табыстар сомасын жиырма төртке бөлу арқылы 

айқындалады.

 

      Бұл ретте, табысты ауыстыру коэффициентi 0,6 болады.



 

      Еңбек ету қабiлетiнен айырылу коэффициентi:

 

      жалпы еңбек ету қабiлетiнен айырылу дәрежесi сексеннен жүз пайызға дейiн болатын, 



еңбек ету қабiлетiнен айырылған адамдар үшiн – 0,7;

 

      жалпы еңбек ету қабiлетiнен айырылу дәрежесi алпыстан сексен пайызға дейiн 



болатын, еңбек ету қабiлетiнен айырылған адамдар үшiн – 0,5;

 

      жалпы еңбек ету қабiлетiнен айырылу дәрежесi отыздан алпыс пайызға дейiн болатын, 



еңбек ету қабiлетiнен айырылған адамдар үшiн 0,3 болады.

 

      Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiнің өзi үшiн әлеуметтiк аударымдар 



жүргiзiлген қатысушысы үшiн қатысу өтілінің коэффициентi:

 

      алты айдан кем болғанда – 0,1;



 

      алты айдан он екi айға дейiн – 0,7;

 

      он екi айдан жиырма төрт айға дейiн – 0,75;



 

      жиырма төрт айдан отыз алты айға дейiн – 0,85;

 

      отыз алты айдан қырық сегiз айға дейiн – 0,9;



 

      қырық сегiз айдан алпыс айға дейiн – 0,95;

 

      алпыс ай және одан да көп айларға – 1,0 болады.



 

      6. Еңбек ету қабілетінен айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем:

 

      1) алушы «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан 



Республикасы Заңының 11-бабының 1-тармағында көзделген жасқа толған күннен бастап;

 

      2) алушының қайтыс болуына (соттың хабар-ошарсыз кеттi деп тануына немесе қайтыс 



болды деп жариялауына) байланысты тоқтатылады. Әлеуметтік төлем оны алушы қайтыс болған 

(соттың хабар-ошарсыз кеттi деп тану туралы немесе қайтыс болды деп жариялау туралы 

шешiмi заңды күшiне енген күннен бастап) айды қоса алғанда, жүзеге асырылады;

 

      3) алушыны әрекетке қабілетті деп тану туралы МӘС бөлімшесі шешім шығарған күннен 



бастап тоқтатылады.

 

      7. Еңбек ету қабілетінен айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем алушының 



еңбек ету қабілетінен айырылған деп белгілеген кезеңі аяқталған күннен бастап еңбек ету 

қабілетінен айырылған деп кезекті кезең белгіленгенге дейін тоқтатыла тұрады.

 

      Ескерту. 21-бап жаңа редакцияда - ҚР 04.02.2013 



№ 75-V

 Заңымен (алғашқы ресми 

жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер 

енгізілді - ҚР 17.03.2015 

№ 293-V

 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк 



он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 17.11.2015 

№ 408-V


 (01.03.2016 бастап 

қолданысқа

 енгізіледі) Заңдарымен.

 

      22-бап. Асыраушысынан айырылған жағдайда төленетін



 

               әлеуметтiк төлемді тағайындау және оның мөлшерi

 

      1. Қайтыс болған (сот хабар-ошарсыз кеттi деп таныған немесе қайтыс болды деп 



жариялаған) асыраушының – мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiнің өзi үшiн әлеуметтiк 

аударымдар жүргiзiлген қатысушысының мына отбасы мүшелерiнің:

 



      1) он сегiз жасқа толмаған және егер осы жастан асқан балалары он сегiз жасқа 

толғанға дейiн мүгедек болып қалса, олардың, оның iшiнде асырап алған балаларының, аға-

iнiлерiнің, апа-сiңлiлерi мен немерелерiнің асыраушысынан айырылған жағдайда төленетін 

әлеуметтiк төлемдердің тағайындалуына және оларды алуға құқығы бар. Бұл ретте, аға-

iнiлерiнiң, апа-сiңлiлерi мен немерелерiнiң еңбек етуге қабiлеттi ата-анасы болмаған 

немесе олар ата-анасынан алименттер алмаған жағдайда, олардың да осындай құқығы бар. Осы 

тармақшада аталған, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және 

жоғары білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын он сегіз жастан 

асқан адамдардың жиырма үш жастан аспайтын шекте оқуын бітіргенше әлеуметтік төлемдер 

алуға құқығы бар;

 

      2) егер қайтыс болған (сот хабар-ошарсыз кеттi деп таныған немесе қайтыс болды деп 



жариялаған) асыраушының үш жасқа толмаған балаларының, аға-iнiлерiнің, апа-сiңлiлерiнің 

немесе немерелерiнің күтiмімен айналысатын болса, жасына және еңбек етуге 

қабiлеттiлiгiне қарамастан, ата-анасының бiреуiнің немесе жұбайының не атасының, 

әжесінің, аға-iнiсiнің немесе апа-сiңлiсiнің асыраушысынан айырылған жағдайда төленетін 

әлеуметтiк төлемдердің тағайындалуына және оларды алуға құқығы бар.

 

      2. Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiнің өздерi үшiн мiндеттi әлеуметтiк 



аударымдар жүргiзiлген қатысушыларының – ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға 

тағайындалған әлеуметтiк төлемдер Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес 

айырылып қалған әрбiр ата-анасы үшiн асырап алушыға, қорғаншыға төленедi.

 

      3. Бала кезiнен бірінші немесе екінші топтағы мүгедектер деп танылған адамдарға 



әлеуметтiк төлемдер мүгедектiк белгiленген мерзiмге тағайындалады.

 

       4. 



Алып тасталды - ҚР 17.03.2015 

№ 293-V


 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін 

күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

 

      5. Қайтыс болған (сот хабар-ошарсыз кеттi деп таныған немесе қайтыс болды деп 



жариялаған) асыраушының асырауында болған, асыраушысынан айырылған жағдайда төленетін 

әлеуметтiк төлемдердің тағайындалуына және оларды алуға құқығы бар отбасының барлық 

мүшелерiне бiр әлеуметтiк төлем тағайындалады.

 

      6. Қайтыс болған (сот хабар-ошарсыз кеттi деп таныған немесе қайтыс болды деп 



жариялаған) асыраушының асырауында болған отбасы мүшесiнiң жазбаша өтiнiшi бойынша оның 

әлеуметтiк төлемдегі үлесi бөлiнедi және оған бөлек төленедi.

 

      Әлеуметтiк төлемнiң үлесiн бөлу Қорға өтiнiш жасалған күннен бастап жүргiзiледi.



 

      7. Қайтыс болған (сот хабар-ошарсыз кеткен деп таныған немесе қайтыс болды деп 

жариялаған) асыраушысының асырауында болған отбасы мүшелерiнің саны өзгерген жағдайда, 

Қор алушының жазбаша өтiнiшi негiзiнде әлеуметтiк төлемдердi қайта есептеу туралы шешiм 

қабылдайды. Бұл peттe әлеуметтік төлем мөлшері әлеуметтік төлемдер алуға құқығы бар 

отбасы мүшелерiнiң санына қарай тиiсiнше ұлғайтылады немесе азайтылады.

 

      8. Асыраушысынан айырылған жағдайда төленетін ай сайынғы әлеуметтiк төлем мөлшерi 



республикалық бюджет туралы заңда белгiленген жалақының ең төмен мөлшерінің сексен 

пайызын шегеріп, әлеуметтiк аударымдарды есептеу объектiсi ретiнде ескерiлген табыстың 

орташа айлық мөлшерiн табысты ауыстырудың, асырауындағылар санының және қатысу өтілінің 

тиiстi коэффициенттерiне көбейту арқылы айқындалады.

 

      Әлеуметтiк аударымдарды есептеу объектiсi ретiнде ескерiлген табыстың орташа айлық 



мөлшері әлеуметтік төлемге құқық басталған айдың алдындағы соңғы күнтізбелік жиырма төрт 

ай ішінде әлеуметтік аударымдар жүргізілген (осы кезеңде әлеуметтік аударымдарда 

үзілістердің болу-болмауына қарамастан) табыстар сомасын жиырма төртке бөлу арқылы 

айқындалады.

 

      Асыраушысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлемдер қайтыс болған (сот 



хабар-ошарсыз кеттi деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының 

асырауында болған отбасы мүшелерiне қайтыс болған (сот хабар-ошарсыз кеттi деп таныған 

немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының отбасы мүшесiнiң (мүшелерiнiң) 



жүктеу 354,68 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау