қаржылық есептiлiгi;
8) Қор активтерiн инвестициялау үшiн қаржы құралдарының тiзбесi Қазақстан
Республикасы Үкiметiнiң айқындауы арқылы қамтамасыз етiледi.
Ескерту. 7-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.03.19
№ 258-IV
Заңымен.
8-бап. Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыруға жататын адамдар
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан
Республикасы Заңының 11-бабының 1-тармағында көзделген жасқа толған адамдарды
қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын және Қазақстан
Республикасының аумағында кіріс әкелетін қызметтi жүзеге асыратын шетелдiктер мен
азаматтығы жоқ адамдарды қоса алғанда, қызметкерлер, өзiн-өзi жұмыспен қамтыған адамдар
мiндеттi әлеуметтiк сақтандыруға жатады.
Ескерту. 8-бап жаңа редакцияда - ҚР 17.11.2015
№ 408-V
Заңымен (01.03.2016 бастап
қолданысқа
енгізіледі).
8-1-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің міндетті
әлеуметтік сақтандыру саласындағы құзыреті
Қазақстан Республикасының Үкіметі міндетті әлеуметтік сақтандыру саласында:
1) Қор активтерінен алынатын комиссиялық сыйақының пайыздық мөлшерлемесінің шекті
шамасын жыл сайын белгілейді;
2) әлеуметтік аударымдарды есептеу мен аударудың тәртібін және
мерзімдерін бекітеді;
3)
алып тасталды - ҚР 29.09.2014
N 239-V
Заңымен (алғашқы ресми жарияланған
күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
4) еңбек ету қабілетінен айырылған және асыраушысынан айырылған жағдайда Қордан
төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін арттыру туралы шешім қабылдайды;
5) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, осы Заңмен, Қазақстан
Республикасының өзге де заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен
жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
Ескерту. 1-тарау 8-1-баппен толықтырылды - ҚР 04.02.2013
№ 75-V
Заңымен (алғашқы
ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
өзгерістер енгізілді - ҚР 10.01.2014
N 156-V
(01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі);
29.09.2014
N 239-V
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң
қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
9-бап. Міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы
бақылау жөніндегі уәкілетті органның құзыреті
Міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы бақылау жөніндегі уәкілетті орган:
1) еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілейді;
2) Қордың әлеуметтік төлемдерді уақтылы және дұрыс тағайындауын бақылауды
қамтамасыз етеді;
3) Мемлекеттік корпорацияның алушыға әлеуметтік төлемдерді уақтылы және толық
аударуын бақылауды қамтамасыз етеді;
4) Қордың әлеуметтік төлемдерді тағайындауы, тағайындаудан бас тартуы, сондай-ақ
Мемлекеттік корпорацияның әлеуметтік төлемдерді уақтылы және
толық аударуы мәселелері
бойынша міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың шағымдарын қарайды.
Ескерту. 9-бап жаңа редакцияда - ҚР 17.11.2015
№ 408-V
Заңымен (01.03.2016 бастап
қолданысқа
енгізіледі).
10-бап. Мемлекеттік корпорацияның құқықтары мен
міндеттері
Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР 17.11.2015 № 408-V Заңымен (01.03.2016
бастап қолданысқа енгізіледі).
1. Мемлекеттік корпорацияның:
1) Қорға беру үшiн құжаттарды қабылдау мен олардың жиынтықтылығын тексерудi
жүзеге асыруға;
2)
алып тасталды - ҚР 17.11.2015
№ 408-V
Заңымен (01.03.2016 бастап
қолданысқа
енгізіледі);
3) осы Заңда көзделген қызметтердi көрсеткенi үшiн Қазақстан
Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен республикалық бюджеттен қаражат алуға;
4) әлеуметтік төлемдерді тағайындау үшін қажетті құжаттардың қолданылу мерзімі
аяқталған кезде әлеуметтік төлемді тоқтата тұруға құқығы бар.
2. Мемлекеттік корпорация:
1) жеке сәйкестендiру нөмiрi негiзiнде әлеуметтiк аударымдар мен әлеуметтiк
төлемдердi есепке алуды жүзеге асыруға және мемлекеттік кіріс органдарымен бiрге
әлеуметтiк аударымдардың түсiмін салыстырып-тексеруді жүргiзуге;
1-1) қате есепке жатқызылған немесе артық төленген әлеуметтік аударымдар және
(немесе) әлеуметтiк аударымдарды уақтылы және (немесе) толық төлемегенi үшiн өсімпұлдар
сомаларын қайтаруды жүзеге асыруға;
2) әлеуметтiк төлемдерден жүргiзiлген ұстап қалу туралы алушыларды хабардар
етуге;
3) артық төленген сомаларды Мемлекеттік корпорация арқылы қайтару қажет болған
жағдайда,
бұл туралы алушыға хабарлауға;
4) Қорға жасалған аударымдардың мөлшерi мен мерзiмiне қарамастан, мiндеттi
әлеуметтiк сақтандырылуға тиiстi адамдарға қызмет көрсетудiң тең жағдайларын қамтамасыз
етуге;
5) банктiк үш күн iшiнде әлеуметтiк аударымдарды Қорға аударуға;
6) әлеуметтiк төлемдер тағайындауға арналған құжаттарды жасауға және оларды
Қорға осы Заңда
көзделген мерзiмде беруге;
7) алушыларға әлеуметтiк төлемдердiң аударылуын уақтылы қамтамасыз етуге;
8) артық төленген әлеуметтiк аударымдар сомаларын осы қаражат Қордан Мемлекеттік
корпорацияның шотына аударылған кезден бастап банктiк үш күн iшiнде төлеушiлерге
аударуды жүзеге асыруға;
9) Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда,
әлеуметтiк аударымдар мен әлеуметтiк төлемдердiң жай-күйi мен қозғалысы туралы
ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етуге;
10) осы Заңға сәйкес уәкiлеттi органға және Қорға қажеттi есептiлiктi табыс
етуге;
11) әлеуметтiк төлемдердi алу мәселелерi бойынша қажеттi түсiндiрме беруге
мiндеттi.
Ескерту. 10-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.01.12 N
224
(2012.01.01 бастап
күшіне енеді); 2012.01.12
№ 538-IV
(қолданысқа енгізілу тәртібін
2-баптан
қараңыз);
04.02.2013
№ 75-V
(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң
қолданысқа енгізіледі); 07.11.2014
№ 248-V
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн
күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 17.11.2015
№ 408-V
(01.03.2016
бастап
қолданысқа
енгізіледі) Заңдарымен.
10-1-бап. Мемлекеттік корпорацияның міндетті әлеуметтік
сақтандыру саласындағы құзыреті
1. Мемлекеттік корпорация міндетті әлеуметтік сақтандыру саласында мемлекеттік
монополияға жататын қызметтің мынадай түрлерін:
1) міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың әлеуметтік аударымдары
мен әлеуметтiк төлемдерін дербестендірілген есепке алуды және
олардың орталықтандырылған
дерекқорын қалыптастыруды;
2) Қордың қаражатынан әлеуметтік төлемдерді ұйымдастыруды;
3) міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы ақпараттық жүйелерді жүргізуді және