2) мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар алуына қарамастан, осы Заңда көзделген
тәртiппен Қордан әлеуметтiк төлемдердi алуға;
3) төлеушiден, Мемлекеттік корпорациядан және Қордан әлеуметтiк аударымдар мен
әлеуметтiк төлемдердi аудару мен есепке жатқызудың толықтығы және уақтылығы туралы,
сондай-ақ әлеуметтiк төлемдердi тағайындау және оны алу тәртiбi туралы ақпаратты
сұратуға және тегiн алуға;
4) Қордың және осы тармақта көрсетілген өзге де мемлекеттік органдардың немесе
ұйымдардың осы Заңда белгіленген әлеуметтік қамсыздандырудың қосымша нысандарын алуға
құқықтарын шектеуге байланысты әрекеттеріне шағымдануға құқығы бар.
2. Өзi үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру
жүйесiне қатысушы және алушы:
1) әлеуметтiк төлемдер тағайындауға қажеттi құжаттарды Қазақстан
Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен табыс етуге;
2) алынып тасталды
3) қате төленген сомаларды қайтарып алуға;
4) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда қайта куәландырудан
өтуге және қайта куәландырудан өту мерзiмдерiн сақтауға;
5) әлеуметтік төлемдерді алу кезеңінде әлеуметтік төлемдер бойынша Қор
міндеттемелерінің орындалуына әсер ететін барлық өзгерістер туралы, осындай өзгерістер
туындаған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Мемлекеттік корпорацияны хабардар
етуге міндетті.
Ескерту. 12-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.12.19.
N 9
(2008.01.01 бастап
қолданысқа енгізіледі); 04.02.2013
№ 75-V
(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін
күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.03.2015
№ 293-V
(қолданысқа
енгізілу тәртібін
2-б
. қараңыз); 17.11.2015
№ 408-V
(01.03.2016 бастап
қолданысқа
енгізіледі); 06.04.2016
№ 483-V
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он
күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
13-бап. Төлеушiнiң құқықтары мен мiндеттерi
1. Төлеушiнiң:
1) қате төленген әлеуметтік аударымдар және (немесе) әлеуметтік аударымдарды
уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдар сомаларын қайтарып алуға;
1-1) жеке сәйкестендіру нөмірі жоқ және (немесе) деректемелерінде қателер
жіберілген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысы үшін аударылған
әлеуметтік аударымдардың сомаларын қайтаруға;
2) аударылған сомалар туралы қажеттi ақпаратты Қазақстан Республикасының
заңнамасында белгiленген тәртiппен Мемлекеттік корпорациядан сұратуға және тегiн алуға;
3) осы Заңға сәйкес басқа да құқықтарын iске асыруға құқығы бар.
2. Төлеушi:
1) әлеуметтiк аударымдарды және әлеуметтiк аударымдарды уақтылы және (немесе)
толық төлемегенi үшiн өсiмпұлды уақтылы және толық көлемiнде төлеуге;
2) Қорға төленетiн әлеуметтiк аударымдар мөлшерiн есептеу мен қайта есептеудi,
сондай-ақ әлеуметтiк аударымдарды уақтылы және (немесе) толық төлемеген жағдайда өсiмпұл
есептеудi дербес жүзеге асыруға;
3) есептелген және аударылған әлеуметтiк аударымдар бойынша мемлекеттік кіріс
органдарына есеп-қисап беруге мiндеттi.
Ескерту. 13-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 04.02.2013
№ 75-V
Заңымен (алғашқы
ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
10.01.2014
N 156-V
(01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 07.11.2014
№ 248-V
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа
енгiзiледi); 17.11.2015
№ 408-V
(01.03.2016 бастап
қолданысқа
енгізіледі) Заңдарымен.
2-тарау. Әлеуметтік аударымдар
14-бап. Әлеуметтiк аударымдардың мөлшерi
1. Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылар үшiн Қорға төленуге тиiстi
әлеуметтiк аударымдар мынадай мөлшерде белгiленедi:
2005 жылдың 1 қаңтарынан бастап - әлеуметтiк аударымдарды есептеу объектiсiнен
1,5 пайыз;
2006 жылдың 1 қаңтарынан бастап - әлеуметтiк аударымдарды есептеу объектiсiнен 2
пайыз;
2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап - әлеуметтiк аударымдарды есептеу объектiсiнен 3
пайыз;
2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап - әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінен 4
пайыз;
2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап - әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінен 5
пайыз.
2. Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес арнаулы салық режимi
қолданылатын өзiн-өзi жұмыспен қамтыған адамдар үшiн олардың өз пайдасына төлейтiн
әлеуметтiк аударымдарының мөлшерi:
2005 жылдың 1 қаңтарынан бастап - тиісті қаржы жылына арналған республикалық
бюджет туралы заңда белгiленетiн ең төмен жалақының 1,5 пайызы;
2006 жылдың 1 қаңтарынан бастап - тиісті қаржы жылына арналған республикалық
бюджет туралы заңда белгiленетiн ең төмен жалақының 2 пайызы;
2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап - тиісті қаржы жылына арналған республикалық
бюджет туралы заңда белгiленетiн ең төмен жалақының 3 пайызы;
2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап - әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінен 4
пайыз, бірақ тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін
ең төмен жалақының 4 пайызынан кем емес;
2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап - әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінен 5
пайыз, бірақ тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін
ең төмен жалақының 5 пайызынан кем емес болады.
Ескерту. 14-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.12.19
N 9
(01.01.2008 бастап
қолданысқа енгізіледі), 2008.12.10
N 101-IV
(01.01.2009 бастап қолданысқа енгізіледі);
17.03.2015
№ 293-V
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң
қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
15-бап. Әлеуметтiк аударымдарды есептеу және аудару
1. Жұмыс берушiнiң қызметкерге табыс түрiнде төлейтiн шығыстарын есептеу жұмыс
берушiнiң қызметкерлерге табыс түрiнде төлейтiн шығыстарына әскери қызметшілердің,
арнаулы мемлекеттiк органдар мен құқық қорғау органдары қызметкерлерiнiң ақшалай
қамтылымын қоса отырып, Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде көзделген тәртiппен
жүргiзiледi.
2. Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылар үшiн төленетiн әлеуметтiк
аударымдарды есептеу және аудару ай сайын жүргiзiледi.
Бұл ретте айлық табыс әлеуметтiк аударымдарды eceптеу үшiн республикалық бюджет
туралы заңда белгiленген ең төмен жалақының он еселенген мөлшерiнен аспайтын мөлшерде
алынады.
Егер күнтізбелік ай үшін әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі республикалық
бюджет туралы заңда белгiленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста
болатын ең төменгі жалақы мөлшерiнен кем болса, онда әлеуметтік аударымдар ең төменгі
жалақы мөлшері негізге алына отырып есептеледі, аударылады.
2-1. Резидент заңды тұлғаның шешімі бойынша оның филиалдары, өкілдіктері
әлеуметтік аударымдарды төлеушілер ретінде қаралуы мүмкін.
3.
Алып тасталды - ҚР 04.02.2013
№ 75-V
Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан
кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).