Ескерту. 15-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.12.13
N 11
(күшіне ену
тәртібін
2-баптан қараңыз); 2007.12.19
N 9
(2008.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 2011.07.21
№ 467-IV
(2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 2012.01.18
N 547-IV
(алғашқы ресми
жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 2012.02.13
N
553-IV
(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа
енгізіледі); 04.02.2013
№ 75-V
(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн
өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.01.2014
N 156-V
(01.01.2014 бастап қолданысқа
енгізіледі) Заңдарымен.
16-бап. Әлеуметтiк аударымдарды төлеу тәртiбi
1. Егер осы бапта өзгеше белгiленбесе, төлеушi Мемлекеттік корпорацияның банк шоты
арқылы төлемдерді жүзеге асыру жолымен есептi айдан кейiнгi айдың 25-iнен кешiктiрмей
Қорға әлеуметтiк аударымдарды төлейдi.
2.
алынып тасталды.
2-1. Арнаулы салық режимін қолданатын шаруа немесе фермер қожалықтары,
оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын шағын бизнес
субъектілері, патент негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер
әлеуметтік аударымдар сомасын Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген
мерзімде төлейді.
3. Әлеуметтiк аударымдар қолма-қол нысансыз жүзеге асырылатын төлеу күнi банктен
немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардан әлеуметтiк
аударымдар сомасына төлем тапсырмасының акцептiн алған күн болып, қолма-қол нысанда
жүзеге асырылатын төлеу күнi төлеушiнiң банкке әлеуметтiк аударымдарды енгiзген кезiнен
бастап есептеледi.
Ескерту. 16-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.12.13
N 11
(күшіне ену тәртібін
2-баптан қараңыз), 2008.12.10
N 101-IV
(2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі);
17.11.2015
№ 408-V
(01.03.2016 бастап
қолданысқа
енгізіледі) Заңдарымен.
17-бап. Әлеуметтік аударымдарды уақтылы аудармағаны
үшін төлеушінің жауапкершілігі
Ескерту. 17-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 2008.12.10 N 101-IV (2009.01.01
бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 10.01.2014 N 156-V
(01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Уақтылы аударылмаған әлеуметтiк аударымдар сомаларын мемлекеттік кіріс
органдары өндiрiп алады немесе оларды төлеушi мерзiмi өткен әр күн үшiн (Қорға төлеген
күндi қоса) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген қайта қаржыландырудың 2,5
еселенген ресми мөлшерлемесі мөлшерiнде есептелген өсiмпұлмен қоса Қордың шотына
аударуға тиiс.
2. Әлеуметтiк аударымдар толық және (немесе) уақтылы аударылмаған жағдайда,
мемлекеттік кіріс органдары жиналып қалған берешек шегіндегі
ақшаны төлеушiнiң банктік
шоттарынан өндiрiп алуға құқылы.
Әлеуметтiк аударымдар бойынша берешектi өндiрiп алу Қазақстан Республикасының
Үкіметі белгiлеген тәртiппен төлеушiге хабарлама жiберiле отырып, мемлекеттік кіріс
органының инкассолық өкімі негiзiнде жүргiзiледi.
Егер әлеуметтік аударымдар бойынша берешек республикалық бюджет туралы заңда
белгіленген бір айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі сомадан аспайтын болса, мұндай
хабарлама жіберілмейді.
Төлеушi әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлетiн мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне
қатысушылардың тiзiмiн Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген мерзiмдерде
мемлекеттік кіріс органына табыс етуге мiндеттi.
Клиентке қойылатын талаптардың бәрiн қанағаттандыру үшiн банктік шоттарда ақша
болмаған немесе жеткiлiксiз болған жағдайда банк клиенттiң
ақшасын алып қоюды Қазақстан
Республикасының Азаматтық кодексiнде белгiленген кезектiлiк тәртібімен жүргiзедi.
Төлеушінің банктік шоттарында ұлттық валютада ақша болмаған жағдайда әлеуметтік
аударымдар бойынша берешекті өндіріп алу мемлекеттік кіріс органдары ұлттық валютада
қойған инкассолық өкімдер негізінде төлеушінің банктік шоттарынан шетел валютасында
жүргізіледі.
2-1. Осы баптың 2-тармағында көзделген хабарламаны берген күннен бастап бес жұмыс
күні өткен соң әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі бар төлеуші міндетті әлеуметтік
сақтандыру жүйесіне қатысушылардың тізімін ұсынбаған жағдайда, мемлекеттік кіріс органы
төлеушінің банктік шоттар және касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрады.
Мемлекеттік кіріс органдарының өкiмi бойынша банктер мен банк операцияларының
жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар төлеушiлердiң банктік шоттарындағы барлық
шығыс операцияларын тоқтата тұруға және Қазақстан Республикасының заңнамасында
белгiленген тәртiппен мiндеттi әлеуметтік аударымдарды, зейнетақы жарналары мен салық
берешегiн аударуға қатысты нұсқауларды орындауға мiндеттi.
Мемлекеттік кіріс органының банктік шоттар және касса бойынша шығыс операцияларын
тоқтата тұру туралы өкiмiнің күшін осындай өкiмдерді шығарған мемлекеттік кіріс органы
банктік шоттар және касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрудың себептерi жойылған
күннен кейiнгi бiр жұмыс күнiнен кешiктiрмей жояды.
3. Банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар
әлеуметтiк аударымдар сомаларын Қордың шотына осы сомалар төлеушiнiң банктiк шотынан
есептен шығарылған күнi аударуға мiндеттi.
4. Төлеушiнiң банк шоттары және кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру
Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен жүзеге асырылады.
Ескерту. 17-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.12.13
N 11
(күшіне ену тәртібін
2-баптан қараңыз); 2006.12.11 N
201
(2007.01.01 бастап
қолданысқа
енгiзiледi);
2008.12.10
N 101-IV
(2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 04.02.2013
№ 75-V
(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа
енгізіледі); 05.12.2013
№ 152-V
(01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 10.01.2014
N
156-V
(01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 07.11.2014
№ 248-V
(алғашқы ресми
жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi)
Заңдарымен.
18-бап. Жүргiзiлген аударымдар туралы хабарлау
Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгiленбесе, төлеушi мiндеттi
әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылар үшiн есепке жазылған әлеуметтiк аударымдар
жөнiндегі мәліметтерді көрсететін жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық бойынша
декларацияны Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленген мерзімде тоқсан
сайын тапсырады.
Декларацияның нысанын және оны жасау тәртібін Қазақстан Республикасының
Үкіметі белгiлейдi.
Ескерту. 18-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.12.26
N 61-V
(2013.01.01 бастап
қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
19-бап. Артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдарды
және (немесе) әлеуметтік аударымдарды уақтылы
және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдарды
қайтару
Төлеуші артық (қате) төлеген әлеуметтік аударымдар және (немесе) әлеуметтік
аударымдарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдар сомалары Қазақстан
Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен, төлеушінің банк шотына банктік үш күн
ішінде Мемлекеттік корпорацияның кейіннен аударуы үшін, төлеушінің өтініші Қорға келіп
түскен күннен бастап банктік жеті күн ішінде Мемлекеттік корпорацияның банк шотына
аударылуға жатады.