Мектептегі қорларды тиімді пайдалану Елдік шолуы



жүктеу 4,1 Mb.
Pdf просмотр
бет70/100
Дата26.12.2019
өлшемі4,1 Mb.
#24975
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   100

4. БӨЛІМ ҚОРЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ 
«МЕКТЕПТЕГІ ҚОРЛАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ» ЕЛДІК ШОЛУЫ: ҚАЗАҚСТАН 2015 © ЭЫДҰ ЖӘНЕ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БАНК, 2015 
Оқу  уақыты  көбінесе  академиялық  пәндерге  арналған  –  математика,  жаратылыстану 
пәндері,  ана  тілі  және  шетел  тілі,  себебі  қазақстандық  оқу  бағдарламасы  біршама  тар  болып 
табылады. «Үш тілді» мектептерде білім алушылар өз оқу тілін (мысалы, орыс), қазақ тілін және 
шетел  тілін  (мысалы,  ағылшын)  оқи  алады.  Бастауыш  деңгейде  басты  назар  оқуға  бөлінген,  ал  
5  –  11-сыныптарда  басты  назар  математикаға  және  жаратылыстану  пәндеріне  бөлінеді.  
4.A2 қосымшасы пәндер бойынша бір «үш тілді» мектепте 1  – 11-сыныптардағы білім алушылар 
үшін көзделген сабақтардың сағаттар санын көрсетеді. Осы мектептің 11-сыныбын бітірген білім 
алушы  оқу  тілін  жалпы  алғанда  2 135  сабақ  бойы  оқиды  (осы  тілдегі  оқуды  қоса  алғанда),  бұл 
ретте осы уақыттың жартысынан көбі бастауыш сыныптарға тиесілі, математиканы  – 1900 сабақ 
бойы, жаратылыстану пәндері – 1631 сабақ бойы.     
Ресми  оқу  уақыты  ұзартылған  күн  топтары  аясында  өткізілетін  үйірмелермен 
толықтырылады,  бұл  үйірмелер  білім  алушыларға  сыныптық  шараларға  қатысудың  қосымша 
мүмкіндігін  ұсынады.  2012-2013  оқу  жылында  мектеп  аумағында  қызмет  ететін  мұндай  53 272 
үйірме  881 437  білім  алушымен  жұмыс  жүргізді.  Білім  алушылар  бірнеше  үйірмелерге  қатыса 
алатындықтан,  қатысушылардың  саны  білім  алушылардың  санынан  жоғары  болуы  мүмкін. 
Мұндай  үйірмелерде  не  ұзартылған  күн  клубтарында  білім  алушылар  көркем  өнермен,  би 
өнерімен  шұғылданады,  ән  айту,  хор,  театр  топтарына  қатысады.  PISA-2012  деректері 
көрсеткендей,  15  жастағы  білім  алушылардың  80%  астамы  спорт  сабақтары  (99%),  математика 
бойынша конкурстар (97%), қызметтерді ұсыну (97%), көркем өнермен шұғылдану (89%), бітіруші 
сыныптардың  альбомы  (82%)  сияқты  сыныптан  тыс  шаралар  ұсынылатын  мектептерде  оқиды 
(ЭЫДҰ, 2013a). Одан басқа, 30 000 астам бала бүкіл ел бойынша спорт секцияларына қатысады, ал 
мамандандырылған  мекемелердің  өсіп  келе  жатқан  саны  (2013-2014  жылдары  680  мекеме) 
экология, технологиялар, туризм, музыка және көркем өнер, демалыс және спорт лагерлері сияқты 
салаларда сыныптан тыс шараларды ұсынады.  
4.1-
сурет Қазақстанда және орта есеппен ЭЫДҰ-да міндетті оқу уақыты, жас топтары бойынша, 
2011 жыл 
 
Дереккөз: Ақпараттық  – талдау  орталығы  (АТО)  (2014),  Мектептерде  ресурстарды  пайдалану  тиімділігін  арттыру саясаты 
бойынша  ЭЫДҰ  шолуы:  Қазақстан  бойынша  елдің  негізгі  баяндамасы,  Астана  қ.;  ЮНЕСКО  Статистика  институты, 
http://www.uis.unesco.org/DataCentre/Pages/BrowseEducation.aspx



4. БӨЛІМ ҚОРЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ 
«МЕКТЕПТЕГІ ҚОРЛАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ» ЕЛДІК ШОЛУЫ: ҚАЗАҚСТАН 2015 © ЭЫДҰ ЖӘНЕ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БАНК, 2015 
Мектеп  аумағында  мұғалімдердің  ақылы  сабақ  берулеріне  тыйым  салынады.  Дегенмен 
мұғалімдер  мұндай  қызметтерді  қосымша  ақылы  қызмет  ретінде  мектеп  аумағынан  тыс  көрсете 
алады.  Сондай-ақ  мұғалімдер  мектептерге  жатпайтын  білім  беру  ұйымдары  жүзеге  асыратын 
сыныптан  тыс  шаралар  аясында  жұмыс  істей  алады.  Дегенмен  дара  репетиторлық  мектеп 
шаралары контекстінде ұйымдастырылуы мүмкін, ол үшін мұғалімдер қосымша ақыны алады.  
Мектеп объектілері   
Көптеген  мектептер  өз  объектілерін  күні  бойы  пайдаланады.  Ел  мектептерінің  үштен  екі 
бөлігі  оқуды  екі  ауысыммен  жүргізеді,  ал  кейбір  мектептер  (1%)  үш  ауысыммен  жұмыс  істейді. 
Мектептерде үш ауысымдық оқуды жою «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламаларының ең басты 
бөліктерінің  бірі  болған,  бірақ  2011  жылдағы  71  мектеппен  салыстырғанда,  2013  жылы  мұндай 
мектептердің  саны  110  болған.  Осы  мектептердің  көбісі  (80%)  екі  облыста  –  Алматы  және 
Оңтүстік Қазақстан облыстарында орналасқан, өйткені осы облыстарда білім алушылардың саны 
тез  өсіп  келеді  (ҰБСБО,  2014).  Кеңес  уақытынан  қалған  инфрақұрылым  тапшылығының  белгісі 
болып табылатын бірнеше ауысыммен оқу қолданыстағы объектілерді күні бойы пайдалануға әкеп 
соғады. Сабақтардан кейін объектілер жиі кезде көптеген сыныптан тыс және ілеспелі шараларды 
жүргізу  үшін  өте  жиі  қолданылады.  Мектеп  залдарын  көркемөнер  және  театр  үйірмелері 
қолданыдады, спорт залдары мен алаңдарын – мектеп жанында әрекет ететін спорт командалары, 
кабинеттер  ересектер  үшін  кешкі  сабақтарды  жүргізу  үшін  жиі  қолданылады  (егер  бұған 
жергілікті атқарушы органдар рұқсат берген болса) (АТО, 2014).     
Сондай-ақ мектеп объектілері жыл бойы қарқынды пайдаланылады. Жазғы лагерьлер және 
жазғы  мектеп  шаралары  демалыс  уақытында  ұйымдастырылады.  Бұл  шаралар  балаларға  мектеп 
демалыстары уақытында шығармашылық және зияткерлік ынталандыру мүмкіндіктерін ұсынудан 
бастап кәсіби және қоғамдық жұмысқа қатысу және әлеуметтік қауқарсыз отбасылардан шыққан 
балалардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға дейін неше түрлі әлеуметтік мақсаттарды көздейді. 
Әдетте  бұл  шаралар  тегін  өткізіледі,  қазақстандық  қалалар  мен  ауылдарда  қоғамдық  өмір 
орталығы сияқты мектептердің рөлін күшейтеді.  
Мұғалімдер және мектеп басшылары үшін кәсіптік даму мүмкіндіктері  
Мектептердегі жұмыс ахуалы  
Мұғалімдердің  өз  мектептерінде  кәсіби  даму  үшін  көп  мүмкіндіктері  бар.  Қазақстанның 
әрбір мектебінде, кем дегенде, бір оқу-әдістемелік бірлестік бар, оның аясында мұғалімдер оқыту 
әдістерін  талқылау  үшін  үнемі  жиналады.  Қазақстанда  2011  жылы  TIMSS  зерттеуіне  қатысқан 
білім  алушылардың  мұғалімдері  белгілегендей,  олар  белгілі  бір  тақырыпты  оқыту  әдістерін,  оқу 
материалдарын  жоспарлау  және  даярлау  бойынша  ынтымақтастықты,  сабақ  беру  тәжірибесімен 
алмасуды  талқылау,  сабақ  беру  туралы  көбірек  білу  және  жаңа  идеяларды  жүзеге  асыру  үшін 
бірлескен  жұмыс  үшін  басқа  сабақтарға  кіруге  басқа  мұғалімдермен  жиі  кезде  әрекеттесетінін 
белгіледі  (Муллис  және  т.б.,  2012).  Бұл  бөлігі  мұғалімдердің  ынтымақтастығы  бойынша  орта 
дүниежүзілік  көрсеткіштармен  салыстырғанда,  айтарлықтай  жоғары.  Сарапшылар  мектептерге 
барды  және  бұл  сапарлар  зерттеу  нәтижелерін  растайды.  Мұғалімдер  айтқандай,  олар  басқа 
мұғалімдерге  олардың  сабақ  беруіне  қатысты  пікірлерін  ұсынады  және  мектептің  әдістемелік 
бірлестігінің  отырыстарында  (бірдей  пәндерді  оқытатын  мұғалімдер  тобы)  жекелеген 
оқушылардыі мүмкіндіктерін талқылайды және туындаған мәселелерді шешу бойынша бірлескен 
жұмыс жүргізіледі.   
Мектеп басшылары PISA-2012 жеке өздері толтырған деректерге сәйкес (4.2-сурет), ЭЫДҰ 
елдеріндегі орта көрсеткішпен салыстырғанда, оқу басшылығын көбірек деңгейде жүзеге асырады. 
Қазақстандағы білім алушылардың көбісі директоры кемінде айына бір рет мұғалімдердің кәсіби 
дамуы  жөніндегі  шаралардың  мектептің  педагогикалық  мақсаттарына  сәйкестігін  тексеретін 
(84%),  мұғалімдердің  мектептің  педагогикалық  мақсаттарына  сәйкес  жұмыс  істеуін  қамтамасыз 
ететін  (89%),  педагогикалық  кеңестің  отырысында  мұғалімдермен  мектептің  оқу  мақсаттарын 
талқылайтын  (65%),  соңғы  зерттеулердің  нәтижелеріне  сәйкес  сабақ  беру  әдістемесін  алға 
жылжытатын  (77%),  оқушылары  оқуға  белсенді  қатысатын  мұғалімдерді  көтермелейтін    (32%), 


жүктеу 4,1 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   100




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау