Мектептегі қорларды тиімді пайдалану Елдік шолуы



жүктеу 4,1 Mb.
Pdf просмотр
бет71/100
Дата26.12.2019
өлшемі4,1 Mb.
#24975
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   100

4. БӨЛІМ ҚОРЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ 
«МЕКТЕПТЕГІ ҚОРЛАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ» ЕЛДІК ШОЛУЫ: ҚАЗАҚСТАН 2015 © ЭЫДҰ ЖӘНЕ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БАНК, 2015 
білім алушылардың сыни және әлеуметтік қабілеттіктерін дамыту маңыздылығына мұғалімдердің 
назарын  аудартатын  (81%),  мұғаліммен  оның  сыныбында  туындаған  проблемаларды  талқылау 
қажет  болатын  кезде  бастаманы  көрсететін  (78%),  сыныптағы  жаман  тәртіпке  назар  аударатын 
(85%), сыныптағы мәселелерді шешу үшін мұғалімдермен бірге жұмыс істейтін (82%) мектептерде 
оқиды  (ЭЫДҰ,  2013а).  Оған  қоса,  барлық  білім  алушылар,  ЭЫДҰ  елдеріндегі  60  и  69% 
салыстырғанда, директордың айтуынша,  сараптама жүргізілетін (мысалы, сабақ жоспарларының, 
бағалау құралдарының және сабақтардың сараптамасы) және директоры не тәжірибелі қызметкері 
сабақ  беру  тәжірибесін  бақылау  үшін  сабақтарды  бақылайтын  мектептерде  оқиды.  Одан  басқа, 
білім  алушылардың  көбісі  директоры  кемінде  айына  бір  рет  мектептің  білім  беру  мақсаттарын 
әзірлеу үшін білім алушылардың нәтижелерін қолданатын мектептерде оқиды.  
4.2-
сурет Қазақстанда және ЭЫДҰ елдерінде оқуды басқаруға қатысу тұрақтылығы орта есеппен, 2012
 
Ескертпе: Бұл деректер директорлары PISA-2012-ге қатысу кезінде өзінің айына бір реттен аптасына бір ретке дейін (қара 
көк) немесе аптасына бір реттен артық (ақшыл көк) алдынғы оқу жылындағы оқуды басқаруға қатысты шараға тартылғанын 
белгілеген мектептердегі білім алушылардың үлесін көрсетеді.  
Дереккөз: ЭЫДҰ (2013a), PISA-2012 нәтижелері: мектептердің қалайша табысты болатыны (IV том): ресурстар, саясат және 
тәжірибе, PISA, ЭЫДҰPublishing, Париж, http://dx.doi.org/10.1787/9789264201156-en. 
Мұғалімдердің біліктілігін арттыру  
Мұгалімдер  кемінде  бес  жылда  бір  рет  өз  мектебінен  тыс  жерде  біліктілікті  арттыру 
курстарынан  өтуге  тиіс,  бұл  ретте  курстар  төрт  айдан  аспайды.  Міндетті  біліктілікті  арттыру 
курстарын  мемлекет  қаржыландырады,  және  мектеп  директорлары  өз  мектебінде  біліктілікті 
арттыру  жөніндегі  талаптардың  орындалуын  қамтамасыз  ету  үшін  жауап  береді.  Әдетте 
мұғалімдер  өздерінің  кәсіби  дамуы  үшін  ақы  төлемейді.  Мұғалімдерді  бағалау  олардың  кәсіби 
дамуымен тікелей байланысты емес. Алайда мұғалімді бағалау нәтижелері бойынша оған белгілі 
бір  біліктілікті  арттыру  курсынан  өту  ұсынылуы  мүмкін,  бірақ  бұл  міндетті  емес.  Кәсіби  даму 
бойынша шаралардың екі түрі бар:     

 
Дәстүрлі  кәсіби  даму  нысандары,  мысалы,  курстар,  семинарлар  және  конференциялар, 
оларды  жергілікті  деңгейде  жергілікті  мамандандырылған  мекемелер  мұғалімдерге 
сертификат беріп, бірақ еңбекақыны көтермей, жүзеге асырады. Олар әдетте кемінде 72 
сағат  бойы  жүргізіледі.  Егер  курстар  36  сағаттан  артық  болса,  онда  оқу  практикалық 


4. БӨЛІМ ҚОРЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ 
«МЕКТЕПТЕГІ ҚОРЛАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ» ЕЛДІК ШОЛУЫ: ҚАЗАҚСТАН 2015 © ЭЫДҰ ЖӘНЕ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БАНК, 2015 
сабақтарды  және  қорытынды  емтиханды  көздейді.  Бұл  курстарды  «Өрлеу»  ұлттық 
біліктілікті арттыру орталығының өңірлік бөлімшелері жүргізеді.  

 
«Анағұрлым  жоғары  деңгейдегі  оқу  бағдарламалары»,  оларды  аяқтағаннан  кейін 
мұғалімдердің еңбекақысы көтеріледі. Бұл бағдарламалар Қазақстандағы кәсіби дамудың 
орасан  биік  мақсатын  бейнелейді  және  оны  халықаралық  әріптестермен  бірге  (ең 
бастысы,  Кембридж  университетінің  білім  беру  факультеті)  «Назарбаев  зияткерлік 
мектептері»  ДБҰ  Педагогикалық  шеберлік  орталығы  жүзеге  асырады.    Реформаның 
мақсаттары:  елдегі  кәсіби  даму  жүйесін  қайта  ұйымдастыруды,  НЗМ  мектептері 
жинақтаған  тәжірибе  негізінде  мектеп  білімі  жүйесінде  инновациялық  практиканы 
енгізуді,  озық  әлемдік  педагогикалық  тәжірибені  пайдалануды  қамтиды.  Бұл 
бағдарламалар үш деңгейде жүзеге асырылады: i) негізгі: оқу сыныптағы оқыту процесіне 
шоғырландырылған;  ii)  негізгі:  оқу  мектептегі  оқыту  процесіне  шоғырландырылған;  iii) 
жоғарғы:  оқу  бүкіл  мектеп  бойынша  сабақ  беру  тәжірибесін  жақсартуға 
шоғырландырылған.  Бұл  оқыту  бағдарламаларын  «Назарбаев  зияткерлік  мектептері» 
ДБҰ  Педагогикалық  шеберлік  орталығы  және  «Өрлеу»  ұлттық  біліктілікті  арттыру 
орталығы жүзеге асырады, алайда соңғысы тек негізгі және негізгі деңгейдегі курстарды 
ғана жүргізе алады.  
Жоғары  деңгейдегі  оқуды  өту  үшін  мұғалімдерді  іріктеуді  мектеп  директорларының 
ұсынысы  бойынша  облыстық  Білім  беру  департаменттері  жүзеге  асырады.  Іріктеу 
өлшемдері  сабақ  беру  жұмысының  тәжірибесін,  табысты  сабақ  беру  дәлелдерін,  сабақ 
берудің  инновациялық  әдістерін  енгізу  қабілетін,  өзінің  сабақ  беру  тәжірибесін  тарату 
қабілетін,  тәжірибесі  аздау  мұғалімдерге  жетекшілік  ету  қабілетін,  ақпараттық-
коммуникациялық  технологияларды  білуді  қамтиды  (4.A3-қосымшасында  4.A3.1-кесте). 
Әрбір  бағдарлама  ұзақтығы  бір  ай  құрайтын  үш  ретті  кезеңдерден  тұрады:  теориялық 
кіріспе; онлайн-қолдау кезінде жұмыс орнында оқыту; жұмыстан тыс жүргізілетін және 
өзін-өзі  талдауды,  әріптестер  тарапынан  бағалауды,  мұғалімнің  педагогикалық 
тәжірибесіндегі  өзгерістерді  бағалауды  көздейтін  қорытынды  бөлігі.  Бағдарлама 
аяқталғаннан  кейін  мұғалімдер  портфолио  дайындап,  презентацияны  өткізуге  және 
емтихан тапсыруға тиіс. 2012 жылы 7 % жуық мұғалімдер бағдарламаны табысты аяқтай 
алмады.  «Анағұрлым  жоғары  деңгейдегі»  оқу  бағдарламасын  табысты  аяқтау 
еңбекақының  негізгі,  негізгі  және  жоғарғы  бағдарламаларын  аяқтау  кезінде  негізгі 
лауазымдық  жалақыдан,  тиісінше,  30%,  70%  және  100%  көтерілуіне  әкеледі  (3-тарауда 
3.4-кесте).  
2013  жылы  50  600  мұғалім  «Өрлеу»  ұлттық  біліктілікті  арттыру  орталығының  өңірлік 
филиалдары  өткізетін  дәстүрлі  нысандағы  біліктілікті  арттырудың  қысқа  мерзімді  курстарынан 
өткен.  Дәл  сол  жылы  «Өрлеу»  БАҰО  жүзеге  асыратын  «анағұрлым  жоғары  деңгейдегі»  оқу 
бағдарламаларынан  өткен  мұғалімдердің  саны  негізгі  және  негізгі  деңгейлер  бойынша,  тиісінше 
8 691  және  1 198  адам  құрады,  ал  «Назарбаев  зияткерлік  мектептері»  ДБҰ  Педагогикалық 
шеберлік  орталығында  дәл  осыбағдарламалардан  өткен  мұғалімдердің  саны  негізгі,  негізгі  және 
жоғары деңгейлер бойынша, тиісінше, 1 147, 997, 3 093 адам құрады. Сондай-ақ мұғалімдер өзінің 
кәсіби дамуымен ресми талаптардан тыс та айналысуы мүмкін, сол сияқты басқа білімді де алуы 
мүмкін. Кейде бұл тиісті мектептің қолдауымен жасалады.   
Мектептердің басшы кадрларын дамыту  
Әдеттегідей,  мектеп  басшылары  өзінің  басқару  дағдыларын  дара  практикалық  жұмыс 
тәжірибесі  аясында  дамытады.  Педагогикалық  кадрларды  даярлау  бағдарламалары  мектепті 
басқару бойынша пәнді қамтымайды және басшы кадрларды даярлау бағдарламасын аяқтау басшы 
лауазымына  тағайындау  кезінде  және  лауазымға  тағайындалғаннан  кейін  талап  етілмейді. 
Жұмыстан  босатылмай,  біліктілікті  арттыру  бойынша  шараларға  қатысу  міндетті  болып 
табылмайды және мұғалімдерге қарағанда, еңбекақының көтерілуіне әкеп соқпайды. Одан басқа, 
мектеп басшылары үшін кәсіби оқу қауымдастықтарының және тәлімгерлік бағдарламалары жоқ.    


жүктеу 4,1 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   100




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау