Қазақстан Республиқасының
Министерство
Білім және ғылым
образования и науки
министрлігі
Республики Казахстан
Д. Серікбаев атындағы ВКГТУ им. Д. Серикбаева
ШҚМТУ
БЕКІТЕМІН
ЭжМ факультетінің деканы
____________Е.В. Варавин
«___»_____________ 2013ж
ДИПЛОМДЫҚ ЖОБАЛАУ
5В050600 «Экономика» мамандығының
бакалавриат бітіруші курс студенттері үшін
әдістемелік нұсқаулар
ДИПЛОМНОЕ ПРОЕКТИРОВАНИЕ
Методические указания
для студентов выпускного курса бакалавриата
специальности 5В050600 «Экономика»
Өскемен
Усть-Каменогорск
2013
Диплом жобалауға арналған әдістемелік нұсқаулар кәсіпорын
экономикасы кафедрасында:
- ҚР МЖББС 5.03.016 – 2009 Жоғары оқу орындарында дипломдық
жұмыс (жоба) орындау ережелеріне. Негізгі ережелер;
- «Экономика» мамандығы бойынша Қазақстан Республикасының
мемлекеттік жалпыға міндетті оқу стандартына;
- МС ИСО 9000:2000, МС ИСО 9001:2000, МС ИСО 9004:2000
нормативтік құжаттарына;
- (Т. Рысқұов ат. ҚазЭУ ОӘМ) диплом жұмысы туралы ережесіне
сәйкес жасалған.
Кәсіпорын экономикасы кафедрасы отырысында қаралған
Кафедра меңгерушісі
Н. В. Краузе
«_____»____________ж. № ___ хаттамасы
Экономика және менеджмент факультеті оқу-әдістемелік комиссиясында
бекітілген
Төрағасы А. М. Кабдулшарипова
«_____»____________ж. № ___ хаттамасы
Құрастырғандар Н.В. Краузе
Е.И. Чижикова
Е.В. Третьякова
А.С. Бухатова
Норма бақылаушы Т.В. Тютюнькова
МАЗМҰНЫ
1 Негізгі ереже
4
2 Диплом жұмысын орындауға арналған әдістемелік нұсқау
5
2.1 Диплом жұмысының тапсырмалары
5
2.2 Диплом жұмысына қойылатын негізгі талаптар
5
2.3 Диплом жұмысының тақырыбын таңдау
7
2.4 Диплом жұмысының орындалуы
8
2.5 Әдебиеттерді таңдау, матриалдарды жинау және жүйелеу
10
2.6 Диплом жұмысының мазмұны
10
3 Диплом жұмысын безендірудің негізгі талаптары
13
4 Диплом жұмысының сапасын бақылау және қорғау тәртібі
17
Қосымша
20
1 НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕ
Жоғары оқу орындарында оқитындардың қорытынды аттестациясы
мемлекеттік емтиханды тапсыру және бітіру жұмысын қорғау (диплом
жобасы немесе диплом жұмысы) түрінде өтеді.
Студенттің диплом жұмысын орындауы Университетте оқуының
қорытынды кезеңі және оның теориялық және практикалық тапсырмаларды
орындауғы даярлығын көрсету болып табылады. Бұл студенттің өзіндік
ғылыми-практикалық зерттеуі, оның басты мақсаты мен мазмұны ол –
мамандықтың кәсібіне сәйкес, бір мәселенің теориялық және практикалық
жағын ғылыми зерттеу және жан-жақты талдау.
Диплом жұмысы бітірушінің кәсіби біліктілігін еңбек рыногында
бәсекеге қабілетті екенін айқындап, куәләндіруге міндетті.
Диплом жұмысын орындаудағы негізгі мақсаттар мыналар:
- жүйелендіру, мамандық бойынша теориялық және практикалық
білімін бекіту және кеңейту, бұл білімін нақты ғылыми, техникалық,
экономикалық, өндірістік тапсырмаларды орындауда қолдану;
- өздік жұмысын жүргізуде, талдауда, жариялауда және диплом
жұмысының мәселелері мен сұрақтарын құрастырып материалды ойша
мазмұндап, шешуде біліктілігін дамыту;
- бағалау әдісін меңгеру;
- нақты тақырып төңірегінде қорытынды дәйектеме және ұсыныс
жасау;
- студенттердің практикалық қызметте қазіргі заман талабына сай
даярлығын анықтау.
Бітіртуші кафедра диплом жобасының жетекшісі ретінде, диплом
жұмысын орындауда әдістемелік көмек көрсететін, жұмыстың орындалу
мерзімін бақылайтын, студентке анықтамалық жазба қағазын даярлауда,
диплом жұмысының графикалық бөлімі мен қорғауда көмек көрсететін,
біліктілігі жоғары оқытушыларды немесе кафедрамен белсенді қызметтес
кәсіпорындар мен басқа да ұйымдардың (мекемелердің) мамандарын
тағайындайды. Сонымен қатар диплом жұмысын жазу кезіндегі негізгі
жұмысты студент өз бетімен іске асырады.