Қазіргі кездегі миграциялық процестің ахуалы
Мемлекеттiң әлеуметтiк дамуының негiзгi табыстарының бiрi-
демографиялық дамуда жетiстiктерге жету. Ол елдiң қорғанысын арттыруда,
оның тәуелсiздiгiн қамтамасыз етуде ерекше орын алады және елдiң
экономикалық дамуының келешегi болып табылады.
Тарих ғылымындағы өзекті мәселелердің қатарына жататын
миграциялық ахуал болып табылады. Еліміз егемендік алған алғашқы
күнінен бастап елдегі халық санына, демографиялық, миграциялық
процестерге
ерекше
көңіл
бөліп
отыр.
Елбасының
Халыққа
Жолдауларында еліміздегі халықтың са- нын 20 миллионға жеткізудің
жолдары мен алдымызда тұрған міндеттер туралы үнемі айтылып келе
жатқандығының өзі бұл мәселенің өзектілігін көрсетеді.
Қазақстан Республикасының тәуелсiздiк алғанынан бастап өткен
күрделi әлеуметтiк-экономикалық және саяси процестер халықтың
демографиялық ахуалына да да өзiндiк ықпал жасады. Мемлекеттiн
дамуының жаңа моделiн табу және қоғамды жандандыра түсудiң тиiмдi
жолдарын
анықтау,
елiмiздiң
негiзгi
байлығы
халықтардың
дамуында тұрақтылықты сақтау үшiн олардың өткен тарихы мен бүгiнгi
дамуына ғылыми түрде талдау жасау өзектi мәселенiң бiрi болып отыр.
Қоғамтанушы ғалымдар экономикалық, саяси, әлеуметтiк және басқа да
процестердi талдау, зерттеу үстiнде демографиялық статистикаға соқпай
кетпейдi және демографиялық жағдайды елдiң әлеуметтiк-экономикалық
дамудағы өзектi мәселелерiмен байланыстырады.
Еліміздегі миграциялық ахуал және оны шешу жолдары, мәселесінің
өзектілігі маман зерттеушілердің көптеген ғылыми еңбектері мен арнайы
монографиялық зерттеулерін осы мәселені талдауға, қорытындылауға
арнауларынан да көрініс алады және бүгінгі күні де өзекті мәселе болып
отыр. Республикадағы және аймақтардағы әлеуметтiк-демографиялық
жағдайға әсер ететiн факторлардың бiрi халықтың көшi-қоны болып
табылады. Миграциялық процестің қазіргі ахуалына тоқталардан бұрын
оның тарихына қысқаша сипаттама беру керек. Көшi-қондық процестiң
қарқынды жүруi 90 жылдары бұрынғы КСРО құрамындағы елдердiң
барлығына тән болды. Қазақстанда оның алғы шарттары Кеңестер Одағы
ыдырағанға дейiн қалыптасты. Елiмiзден 1991-2000 жыл аралығында 2 млн.
адам көшi-қонға ұшырады. Ең жоғары көрсеткiш бер- ген жыл 1994 жыл
болды, онда сыртқа көшкендер саны 410,4 мың адамға тең болды.
Кейiнгi жылдары Қазақстан Республикасынан сыртқа көшушiлер
санының азайғаны байқалады, ол жыл сайын 200-160 мың адам болып отыр.
Халықтың көптеп сыртқа қоңыс аударуы қоғамдағы демографиялық
жағдайдың нашарлауына алып келедi, себебi көшкендер арасындағы
көпшiлiгi жастар мен жұмысқа жарамды- лар. Көшi-қонға ұшырағандардың
арасында 18-20 % жұмысқа жарамды жасқа толмағандар. Осыған
байланысты халықтың арасында жұмысқа жарамдылар жасынан асып
кеткендер саны өсiп, халықтың қартаюы көрiнiс алады. Көшi-қоны халықтың
сапалық құрамына да үлкен әсер етедi. Көшi-қонға түскендер арасында
жоғары, аяқталмаған жоғары және орта арнаулы бiлiмi бар мамандар өте көп,
олар 1993 жылы- 39 %, 1994 ж.-46,5%, 1995 ж.-33,0%, ал 1999 ж.-38% және
2000 ж.-38,8%-ке тең болды. Немiстердiң және басқа да ұлттардың сыртқа
көшуi 80-жылдардың аяғында 90-жылдардың басында –ақ көрiнiс алды. 1990
жылы Қазақстаннан шетелге 79,4 мың немiстер, 1,6 мың татарлар, 1,4 мың
беларустар көштi.[1] Демографиялық дамуда жетiстiктерге жету мемлекеттiң
әлеуметтiк дамуының негiзгi табыстарының бiрi болып саналады, ол елдiң
қорғанысын арттыруда және оның тәуелсiздiгiн қамтамасыз етуде ерекше
орын алып, елдiң экономикалық дамуының келешегi болып табылады.
Сондықтан да халықтың са- нын, бiлiмiн, ұлттық құрамы мен оның жасы мен
жынысы туралы толық мәлiметтi бiлмей мемлекеттiң әлеуметтiк-
экономикалық және демографиялық саясатын жүзеге асыру мүмкiн емес.
Республикамыздың
демографиялық
саясаты
Елбасымыз
Н.Ә.
Назарбаевтың «Қазақстан-2030» бағдарламасында атап көрсетiлген
халықтың дамуын қамтамасыз етудегi алға қойған мiндеттермен сәйкес
келедi. Осы бағдарламаның негiзiнде қабылданған мемлекеттiң көптеген
басқа да бағдарламалары бар. Олар: «Халықтың денсаулығы», «Бiлiм»,
«Қазақстан Республикасында дене тәрбиесi мен спортты дамыту»,
«Қазақстан Республикасындағы ана мен бала денсаулығын қорғау»,
«Қазақстан жастары» және тағы басқа көптеген жүргiзiлiп жатқан
мемлекеттiк шаралар елiмiздегi халықтың денсаулығын, тұрмысын жақсарту
және жұмыссыздыққа қарсы күресу, жанұяға көмектесуге бағытталған.
Әлеуметтiк-демографиялық дамуда ерекше орын алатын ол iшкi көшi-
қондық процесс. Iшкi көшi- қон - облыс аралық және облыстың өз iшiндегi
механикалық қозғалыстар. 1993-2000 жыл аралығында iшкi көшi-қон 1,4%
өстi. Ол әсiресе экологиялық апат аудандарынан (Шығыс Қазақстан,
Қызылорда) ерекше көрiнiс алып отыр. Халықтың ерекше көп көшi-қонның
нәтижесiнде орналасып жатқан жерлерi ол Алматы, Астана, Ақмола және
Манғыстау облыстары. Iшкi көшi-қонға көп ұшырайтындар ол қала
халықтары болып отыр. Ауыл адамдарының қалалық жерлерге көптеп
қоңыстануы байқалады. Ерекше көшi-қонға ұшырап отырған жергiлiктi
тұрғындар –қазақтар. Республика iшiндегi миграцияда 1999- 2000 жылдар
аралығында олар 70% және 72%-ке жетiп отыр[2].
ХХ ғ. 90 -жылдарында урбанизация процесiнiң өсуi ауыл
шаруашылығының дамымай артта қалуы және ауылдағы әлеуметтiк-
экономикалық дамудың нашарлауына ықпал етуде. Iшкi көшi-қоны өз
алдына жүрiп отыратын процеске айналып ол қазiр мемлекет тарапынан
бақылауды қажет етуде. Жалпы елдегi әлеуметтiк-демографиялық дамуға
тiкелей әсер ететiн көшi-қондық жағдай бiрнеше факторларға байланысты.
Әлеуметтiк-экономикалық: ұзаққа созылған экономикалық дағдарыс,
өндiрiстiң құлдырауы, өнеркәсiп орындарының жабылуы, жұмыссыздықтың
өсуi, бағаның көтерiлуi тұрғындар арасындағы ертеңгi өмiрге сенiмсiздiкпен
қарауға итермеледi. Тұрғындардың республикадағы өмiрiне көңiлдерi
толмады. Қазақстаннан көшуге субъективтiк факторлар да әсер еттi.
Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы басқа республикаларда бо- лып
жатқан ұлтаралық жанжалдар туралы хабарлардың татарылуы тұрғындар
арасында мұндай ахуал Қазақстанда да қалыптасуы мүмкiн деген күдiк
тудыра бастағанды. Жалпы Қазақстан Республикасында өмiр сүрiп жатқан
халықтардың арасындағы бiрлiк пен тұтастықты сақтау үшiн аймақта өмiр
сүрiп жатқан жүзден аса ұлт өкiлдерi арасындағы бiрлiктi сақтау, елiмiздiң
егемендiгiн
нығайтуда,
қоғамдағы
әлеуметтiк-психологиялық
және
әлеуметтiк- демографиялық тұрақтылықты сақтауда қазақ тiлiмен қатар онда
өмiр сүрiп жатқан басқа ұлт өкiлдерiнiң тiлiн де дамытуға жағдай жасауға
ерекше көңiл бөлiнiп отыр. Аймақтағы халықтар арасында достық,
туысқандық, бiр-бiрiне деген сыйласушылық негiзiнде тәрбие беру үшiн де
елімізде өмiр сүрiп жатқан халықтардың әлеуметтiк-демографиялық тарихын
зерттеу өзектi мәселенiң бiрi болып табылады.
ХХ ғасырдағы болған тарихи оқиғалар демографиялық дамудағы
мынадай iрi өзгерiстердiң негiзгi себебi болды: табиғи өсiмнiң, көшi-қон;
әлеуметтiк-экономикалық өзгерiстерге - урбанизация, халықтың сандық және
сапалық құрылымындағы өзгерiстер, халықты еңбекпен қамтамасыз ету,
бiлiм деңгейi, кәсiптiк-мамандық құрамы, әйелдердiң қоғамдағы орны мен
олардың бiлiм деңгейiндегi өзгерiстер; аймақтағы жергiлiктi ұлт өкiлдерiнiң
қазақтардың сан жағынан азайып, керiсiнше басқа ұлт өкiлдерiнiң, оның
iшiнде орыстар санының көбеюi. КСРО-ның ыдырауынан кейiн Қазақстан
Республикасы өзiнiң егемендiгiн жариялауы аймақтағы көптеген орталық
өнеркәсiп
орындарының
жабылуына,
әскери
өнеркәсiп
орындарындағы
өнiмдерiне
сұраныстың
азаюына
алып
келдi.
Республиканың барлық жерінде экономикалық дағдарыс басталды:
жұмыссыздық, еңбек ақының уақытында төленбеуi, нарықтық экономикалық
қайта-құруларға халықтың бiрден мойынсұнбауы, халықтың әлеуметтiк-
демографиялық жағдайының төмендеуiне алып келдi.
Елімізден сыртқа көптеп басқа ұлт өкiлдерiнiң, оның iшiнде орыстар,
украиндар, немiстер, еврейлер т.б. көше бастады. Бұл еліміздегі әлеуметтiк-
демографиялық жағдайдың шиеленiсуiне алып келдi. Жалпы көрсеткіші мен
1990 жылдағы қозғалыс тенденциясы Қазақстан 30 жыл бойы эмиграциялық
ел болып келді. 1990 жылда солай болды. Қазақстан өзінің тәуелсіздігін
алғаннан кейінгі алты жылда (1992-1996 жылдры) елдің территориясынан
сыртқа 2 милли- он адам кетті. Қазақстанның сыртқы миграциясы жалпы
(келушілер мен қайта кеткендерді санағанда) жыл сайын 1469,6 мың адамға
тең болды. ТМД елдері мен Балтық жағалауынан келгендер 473,6 және
кеткендер 1469,6 мың, ал басқа елдерден келгендер 61,4, ал кеткендер 551,8
мың
адам.
Қазақстан
эммиграцияның
нәтижесінде
1990
жылы
республиканың табиғи жолмен дамуының 55,8 % жоғалтты, 1991 ж.-22,2,
1992 ж.-89,3 %. 1993 және 1994 жылдары миграциялық қозғалыс табиғи
жолмен дамуды толығымен жоқ етіп қана қоймады, сонымен қатар одан 1,4
және 2,8 есе асып кетті. 1994 жыл миграцияның ең жоғарғы шегі болған
жыл, ол жылы сыртқы миграцияға ұшырағандар: келгендер-4,21; кеткендер-
28,73; миграциялық шығын-1000 адамға алып санағанда -24,52; эмиграция
елдегі иммиграциядан 7 есе көп болды. 1995 жылы -4,4 есе, 1996 ж.-4,3; 1997
ж.-7,9 есе артты[3]. Кең көлемге таралған эммиграция елге сырттан
келушілердің санының азаюымен тең келіп отырды, ол бейбіт кезде бұрын
болып көрмеген құбылыс еді. 1993 жылғы 1 қаңтарда 16914 мыңнан 1998
жылы 1 қаңтарда 15671 мың адам болды-жергілікты халық санының өскеніне
қарамастан. 1996 жылы халық саны 1989 жылғы халық санына сай келді:
16472 және 16464. 1992-1997 жылдар аралығында төмендегідей миграциялық
ағымдар көрініс алды: - елге иммигранттардың келуі ТМД елдерінен және
Балтық жағалауы елдерінен кеміді, ал басқа елдерден сол кезде 534,1 келіп,
2021,5 мың адам сыртқа кетті; - сыртқа кетушілер саны өзгеріске түсіп
отырды, ең жоғары сыртқа кетушілер саны 1994 жылы болды(480,8 мың
адам), ал келесі жылдары оның көрсеткіші төмендеді; - миграциялық
ағымның негізі ТМД елдері мен Балтық жағалауынан келді(69, 80%) бірінші
орында Ресей тұрды, басқа елдер арасында Германия ерекшеленді; -
иммиграциялық ағымға негізінен қазақтар көп түсті, оның себебі
респуликада сырттағы этникалық қазақтарды Отанына репатриациялау
саясаты жүзеге асырылды. Миграцияның бағыты: Негізгі миграциялық
бағыттар Қазақстан мен Ресейдің арасында, Украина Республикасы мен
Орталық Азия елдері арасында жүрді. 1994 жылы осы елдерге
эмигранттардың 78 % келсе, соның ішінде Ресейге-72 %, Украина-2 %,
Өзбекстан-1,7 %, Беларусь пен Қырғызстанға-1 % -тең Қазақстанның барлық
облыстарында бірдей болды, бірақ соның ішінде орыстар тығыз орналасқан
облыстарда жоғары болды: Қарағанды, Павлодар, Қостанай, Ақмола жерінде,
яғни Ресеймен көрші орналасқан территорияда. Сонымен қатар Алматы және
Оңтүстік Қазақстан облыстарында жоғары болды. 1996 жылы интенсивті
эмигранттар саны мынадай болды: Көкшетау облысында-33,0; Солтүстік
Қазақстан-32,7; Ақмола-22,9 (1 мың тұрғынға алып есептегенде). ТМД және
Балтық жағалауы елдері- нен басқа Қазақстаннан сыртқа қоныстанғандар
Германия жеріне кетті (1997 жылы 55,5 мың адам) және Израиль (1,9 мың).
Басқа елдерге эмигранттардың аз бөлігі кетті[4]. Ішкі миграция. 1993 жылы
ішкі миграцияға 60, ал 1994 жылы-54,5 %, барлық миграцияға түскендерге
шағып есептегенде. Республикааралық миграцияға негізінен әсер еткен ол ел
ішінде- гі экологиялық аудандардан Семей, Қызылорда жерлерінен басқа
аудандарға жер ауыстыру болды. Миграцияның нәтижесінде өзінің
тұрғындар санының азаюы Жезқазған, Атырау, Торғай облыста- ры болды.
Ал облыс аралық қоныс аударудан тұрғындар санының өсуі Алматыда және
Павлодар, Қостанай, Ақмола облыстарында болды. Республика ішіндегі
миграцияға көп түсетіндер қала тұрғындары. Сонымен қатар ауылдық
жерлер- дегі тұрғындар саны да азаюда, адамдардың қалаға көшуінен,
сонымен қатар немістер мен орыстардың елден сыртқа кетуі. Облыс аралық
миграцияға негізінен қазақтар (үштен екісі), сосын орыстар (бестен бірі) көп
түседі. Мигранттардың ұлттық құрамы: Қазақстаннан сыртқа қоныс
аударушылар негізінен неміс- тер мен орыстар. Миграцияның ең жоғары
шегі болған жылы орыстар үлесі 58,9 %, немістер-19,0 %, украиндықтар-8,0
%, қазақтар-3,0 %. Келгендер арасында: орыстар-44,0 %, қазақтар-28,0 %,
украин- дар-7 %, немістер-4,0 %. 1995 жылы орыстар үлесі-52,0 %, немістер-
26,7 %. Ең жоғары эмиграцияға ұшырағандар немістер болды: 1995 -1996
жылы олардың саны орыстармен салыстырғанда 5,4-5,8 есе артық
болды. Немістер сыртқа көшіп кеткен соң олардың одан кейінгі саны азая
түсті, ал орыстар саны өсті-58,3 %, немістер-16,5 %, украиндар-9,7 %,
қазақтар-3,9%; келгендер арасында орыстар үлесі 45,0 %, ал қазақтар-30,4 %
тең
болды.
Қазақстан
негізінен
сол
жылдары
өздерінің
тұрғындарының санын азайтты, орыстар-60,3 %, украиндар-10,2 % [5].
Қазақтардың иммиграциясы Қазақтардың өздерінің тарихи Отанына оралуы
1990 жылдан басталды, Қазақстан Республикасының өзінің тәуелсіздігін
алғаннан басталды. Үкімет «Иммиграция туралы Заң» қабылдады және
қазақтардың репатриациясы бойынша белгілі бір бағытпен саясат ұстауда.
Қазақстан Президенті жыл сайын басқа елден келетін иммигранттардың
(репатрианттардың) квотасын белгілеп отырады. 1993 жылы квота –10 мың
жанұя болса, 1994 жылы-7 мың, 1995 ж.-5 мың, 1996 ж.-4 мың және 1998
жылы- 3 мың жанұя. Кейіннен квота саны азайып қана қоймай тіпті оны
орындамай да отыр. Оның орындалуы 1993 жылы - 94,4 % болса, 1994 ж. -
63,9 %, 1995 ж. - 72,6 % және 1996 жылы - 88 % болды. 1993 жылы квота
артығымен орындалды: Монғолия - 117,5 %, ал ТМД елдері бойынша - 97 %,
Иран бойынша - 36,6 %, 1994 жылы ТМД бойынша квотаның орындалуы
114,1 %, Түркия бойынша - 21,9 %, Қытай - 8,2 %, Монғолия - 5,5 %, Иран -
2,4 %, Ауғанстан - 0,7 %. 1995 жылы елімізге 3631 жанұя келді (14 462 адам),
квота 72,6 % орындалды; 1996 жылы 3522 жанұя (14 088 адам) келді. 1991-
1997 жылы Республикаға қазақ репатрианттарының 37,9 мың адам, немесе
164 мың адам, оның ішінде 93 мың адам ТМД адамдары келді (негізінен
Ресей мен Өзбекстан елдерінен), оның ішінде 57 % репатрианттар. 62,5 мың
адам Монғолиядан келген. Келген қазақ жанұяларының ішінде қазақтардың
санының 90 % Монғолиядан келген қазақтар, қалғандары ТМД елдерінен,
Иран, Түркия, Қытай, Ауғанстан жерлерінен келгендер[6]. Кейінгі жылдары
елге келген репатрианттардың біразы қайта кері көшіп кеткен, ол елдегі қиын
әлеуметтік-экономикалық жағдайға байланысты.
Қазақстаннан қайтадан сыртқа 300-400 жанұя кері кетті, ал 3 мың
репатрианттар әлі де үй ала алмай жүр. Республикадан сыртқа қоныс
аударғандардың көпшілігі еңбек ету жасындағылар болды (64 %). сыртқа
кетушілердің 22 % -еңбек ету жасына жетпегендер. Осыған байланысты
еліміздегі тұрғындар құрамының қартаюы байқалады. Миграция
Қазақстандағы еңбек потенциалының сапалық құрамын нашарлатады. 16
жастан және одан асқан сыртқа көшушілер арасында жоғары дәрежелі немесе
аяқталмаған жоғары дәрежелілер, немесе арнайы білімі барлар саны өсуде:
1993 ж.-39 %, 1994ж.-46,6 %, 1995 ж.-45 %, 1996 ж. 41 %, 1997 ж.-44
%[7]. Елімізге келетін иммигранттар арасында білімдері жоғарылар саны
төмен, сондықтан да елден кеткендердің арасында біліміділер саны жоғары
еді. Қазақстаннан сыртқа көшушілер арасында жоғары білімді мамандар мен
арнайы білімі бар жұмысшылар саны көп, олар өнеркәсіптің жабылуы мен
елдегі жұмыссыздықтың кесірінен, құрылыс, ғылым және мәдениет
саласынан олардағы меншік түрінің ауысуына байланысты қысқарғандар
бол- ды. Бұрын одақ тапсырысы бойынша жұмыс жасап, орталықтанған
қаржыландырылған ғылыми-зерт- теу мекемелерінің жабылуынан, жобалау
институттарының
жұмыстарын
тоқтатуынан,
ғылыми-жос-
парлау
орындарының жабылып қалуынан жұмыссыздық саны елде өсіп, маман
кадрлар сыртқа көшті. Осының тағы бір себебі әскери мекемелердің
жабылуы да болды. Елде интеллектаульды эмигранттар саны өсті.
Миграцияның себебі. Тұрғындардың миграцияға ұшырауына негізінен
бірнеше факторлар әер етеді.
Сыртқы миграцияға әсер ететін негізінен әлеуметтік-экономикалық
және саяси фактор, ал ішкі миграцияға әсер етуші- әлеуметтік-экономикалық
және экологиялық фактор. Сыртқы миграцияға ең көп әсер ететін ол
тұрғындардың
тұрмыс
жағдайы.
Кеңестер
Одағының
ыдырауы
экономикалық дағдарысты күшейтті, ол өнеркәсіптердің құлдырауына алып
келді, инфляция өсті, жұмыссыздар саны 35 есеге көбейді (әсіресе жасырын),
ол адамдардың тұрмыс жағдайының на- шарлауына және әлеуметтік саланың
құлдырауына алып келді. Әлемдік банкінің есебі бойынша, 1994 жылы
Қазақстандағы еңбек ақының мөлшері бұрынғы кеңес құрамында болған
мемлекеттердің барлығынан да төмен болды. Орташа еңбек ақысы 24 долл.
болды, бірақ олардың облыстардағы көрсеткіші төмен болды. 1997 жылы
орташа еңбек ақының көлемі-8550 теңге, немесе 112 долл. бірақ ол
күнделікті қажеттілікті толығымен өтеу алмады, әр облыста көлемі әртүрлі
болды. КСРО ыдыраған жылдары өндіріс орындарында өнім өндіру
нашарлады, ондағы өндірушілерді қанағаттандыра алмады.
Мемлекеттік статбасқарманың есебі бойынша 1995 жылдың басында
тұрғындардың негізгі табысы 1989 жылмен салыстырғанда 26 % болды.
Тұрғындардың салық төлеу қабылетінің нашарлауы тұрмысқа қажетті
заттардың құнының өсуіне алып келді. Егер 1989 жылы тамаққа жұмсалатын
шығын барлық шығынның -39 %-не тең болса, ал 1995 жылы ол 45-70 %-ке
тең болды. 1993 жылы ұлттық валютаның- теңгенің шығуымен тауарлар
құны-35 есеге өсті, ал ақшаны реттеу реформасының алдында 1992 жылдың
қаңтарында-18 есеге өсті. Республикада өмір сүруге қажетті мөлшерден
төмен тұрғындар үлесі өсті. 1992 жылы қарашада тұрғындардың осы тобына
11,9 %, 1993 ж. тамызда- 18,2 %, 1994 ж.тамызда-32 %, ал 1995 жылы ма-
усымда-37 %, республиканың тұрғындарының үштен бір бөлігі кедейлікте
өмір сүрді. Сол кездегі ор- таша өмір сүру көрсеткіші 2000 теңге болды.
Мемлекеттік тұрғындардың 44 % кедейшілікте өмір сүрді[8]. Тұрғындардың
табысының төмендеп кетуіне өндіріс орындары мен мекемелерде бірнеше ай
бойы еңбек ақысын төлемеуден болды, жалақы көлемі төленбеген 1997 жылы
1 қаңтарда 47,9 млрд теңге болды, оның ішінде 90 % -і және одан көп айлар
бойы төленбеген жалақы болды. Берешегі бар өндіріс орындарының үлесі 75
%-ке тең болды. Экономика саласындағы дағдарыс еңбекке тартылудың
азаюы мен жұмыссыздықтың өсуіне алып келді. 1996 жылы ресми тіркеуде
тұрған жұмыссыздар саны 282,4 мың адам болды. Эксперттік бағалау
орталығының есебі бойынша жұмыссыздар саны барлығына шаққанда -10 %
ке тең болды. Еркіндік үйінің есебі бойынша (АҚШ) барлық
елдерді төмендегідей бөледі: еркін, жартылай еркін және саяси жағынан
жартылай еркін және азаматтық құқықтары шектелген елдер деп.
Қазақстан 1994-1995 жылдары еркін емес мемлекет қатарына
жатқызылды. Саяси даму жағыннан дамыған елдер қатарына алып санағанда
Қазақстанның көрсеткіші 7 балл көрсеткішінің 5 тең болды. 1998 жылдың
басына дейін Қазақстан адамдардың құқығына байланысты ешқандай
халықаралық құжаттарды, адамдардың құқығы туралы Декларацияны
қабылдамады. әлеуметтік және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіге
қол қоймады. Кейінгі кездегі саяси жағдайларға қарағанда білім, саяси және
әлеуметтік салалардағы қайта құруларға басқа этникалық ұлт өкілдері
қарсылықтар да білдіре бастайды. Олар қазақ тілін білмегендіктен жоғары
қызмет орындарын жергілікті ұлт өкілдеріне беруіне тура келеді. 1991-1994
жылдар аралығында сыртқа қоныс аударған қазақстандықтардан әлеуметтік
сауалнама алған кезде олардың қоныс аударуына негізгі себеп болған
факторлар қатарына жататын: әлеуметтік қорғалу-86 %, медициналық қызмет
көрсету-84 %, қылмыскерлік-75 %, экономикалық реформа жүргізу темпінің
баяулығы-72 %, мемлекетке ықпал ете алмау-66 %, адам құқығы-54 %
ж.т.б[9]. Осының барлығы елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайдың
қиындығымен қоса адамдардың өз жерлерін тастап сыртқа қоныс аударуына
алып келеді. Эмиграцияның салдары: Миграциялық ағымның жылдан жылға
өсуі ол елдегі қоғамдық дамуда тұрақсыздыққа алып келеді. Эмиграцияның
салдарына жататын жағдайларға сипаттама беру өте күрделі- өте көптеген
жағдайларға сипаттама беру керек болады. Мысалы, елден 100 мың немістің
кетуі ел экономикасына 4 млрд сом шығын әкеледі, 1991 жылғы есеп
бойынша, ал 100 неміс жанұясының кетуі 1994 жылмен санағанда
мемлекетке 17 млрд теңге шығын алып келді. Республиканың еңбек
ресурсының потенциалы негізінен өндіріс орындарында жұмыс жасайды, ол
еліміздің экономикасының индустриалды- аграрлық салада дамуына
байланысты. Индустриалды сала- да жұмыс жасайтындардың 75% орыс
тіліндегі тұрғындар, олар 1994 жылға дейін сыртқа көптеп келді.
Қазақтардың демографиялық жағдайына олардың табиғи жолмен өсуі мен
туудың өсуі және өлімнің кемуімен сипатталды. 16 жастағы балалар мен
жасөспірімдер саны 90 жылдары жалпы тұрғындардың республикадағы 33 %
-ін құрды, ал қазақтар арасында - 40 %. Осы жастардың еңбек ету жасына
жетуі- мен елдегі экономиканың да тұрақтанатындығына ол кезде сенбеді.
ХХ ғ. 9 % жылдарында қазақтардың ірі өндіріс орындарында жұмысқа
тартылуы төмен болды (1993 ж,-34 %), олардың үлесі индустриалды өндіріс
салаларында барлығы -24 %, 45,1 % қазақтардың барлығы негізінен үш
салада ғана топталды: жеңіл, тамақ және құрылыс өндіріс орындарында. Қара
және түсті металлургия саласында, машина жасауда 3-5 тен 15 % (1993 ж.)
болды[10].
Маман
кадрлардың
көптеп
сыртқа
қоныс
аударуы
республикадағы экономикалық саланы білікті мамандармен қамтамасыз
етуде келешекте қиындық тудырары белгілі болды, оны болдырмау үшін
индустриалды салада қызмет жасайтын мамандарды даярлау қажеттілігін
тездету керектігін көрсетіп берді. Елімізді маман кадрлармен қамтамасыз ету
мәселесі, әсіресе индустриалды салада сол кезде өзекті мәселе болды.
БҰҰ есебі бойынша жиырма жыл шамасында орталық азиялық
аймақтағы тұрғындар саны 1,5 есеге өседі немесе 75 млн адамға
өседі. Азиялық республикалардағы тұрғындар санының өсуі мен ондағы
жұмыс күшінің артық болуы қосымша әлеуметтік және басқа да
шиеленістерге алып келеді. Эмиграцияның нәтижесінде Қазақстан халқының
этникалық құрамы өзгере отырып тұрғындардың құрамында үлкен өзгерістер
болды. Қазақстан көп ұлтты мемлекет болып табылады. 1997 жылы қаңтарда
этникалық құрамы(15861 млн адам) төмендегідей болды: қазақтар-8033 мың
адам (50,8 %), орыстар-5105 (32,2 %), украиндықтар-720 (4,5 %), немістер
303, өзбектер 359, татарлар-278, беларустар-147 мың адам. Ұйғырлар,
көрейлер, азер- байжандар, поляктар, түріктер және басқа этникалық ұлт
өкілдері, олардың саны 130 дан астам[11]. КСРО ыдырағаннан кейін,
тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында 1991 жылы орыстар, сонымен бірге
басқа да этникалық ұлт өкілдері басқа елде тұрып жатқандар қатарына
түсті. Он жылдан соң елде- гі этникалық қазақтардың үлесі орыстармен
бірдей болды. Орыстар өздерін аз ұлт өкілдері ретінде санағысы келмеді.
1989 жылмен салыстырғанда 1996 жылы қазақтардың саны 1388 мыңға өсті,
елдегі олардың үлесі 48,1 % болды, 1989 ж. 39,7 % орнына. Осы кезде
орыстардың саны 606 мың адам, олардың үлесі 37,8 % тен 34,1 %
түсті. Немістердің саны 2,2 есеге азайды (кестеге қараныз) [12]. 1990
жылдары экономикалық дағдарыс пен нарықтық экономикаға өту кезінде
елде әлеуметтік стратификация жүрді, жергілікті тұрғындардың саяси және
бизнес –элитаға және қалғандары ауылдық тұрғындар, негізінен аграрлық
сектормен, оның ішінде мал шаруашылығымен айналысатын- дар.
Қазақтар негізінен республиканың оңтүстік пен оңтүстік-батыс
бөлігінде
тұрып
жатты.
Жоғарғы
туушылық
және
әлеуметтік
қорғалмаушылық басым болды: жұмыссыздық, кедейшілік-осы аймақтағы
негізгі мәселе бола отырып сол кездегі шиеленістердің негізгі себебі еді.
Сырттан келген этникалық ұлт өкілдері, бірінші орында орыстар өздерінің
білімдерінің жоғарылығын пайдалана отырып елдегі дәнекерлік рөл атқарды,
қалалық жерлерде орналасқан ұлттық элита мен ауыл тұрғындары
арасындағы буферлік қызметті атқарды. Елден орыстардың көптеп сыртқа
көшуі осы екі топтың өзімен өзі қалуына алып келді. Ел ішінде үш жүз
адамдары арасындағы билік үшін тартыс күшейді, ірі территориялық рулық
шие- леністер күшейе түсті, ол жылдары негізгі шиеленістер қазақтар мен
орыстар арасында болды. Көптеген эксперттердің айтуы бойынша
орыстардың сыртқа көптеп кетуі елдегі саяси шиеленісті біраз болса да
бәсендетті, жұмыс орындары мен үйлер босады. Сонымен қатар орыстардың
сыртқа кетуі елдегі оларға байланысты әлеуметтік, экономикалық және саяси
статусының төмендеуімен бай- ланысты елдегі болатын шиеленістің
болмауына да негіз болды. Орыстардың елден сыртқа көптеп қоныс аударуы
елдегі
экономикалық
тұрақтылықтың
болма-
уынан
және
елдегі экономикалық дамудың бәсендеуінен болды.
Олар
өздерінің
ертеңіне
сенбеді,
балаларының
келешегін
ойлады. Әлеуметтік зерттеулер орыс тілді халықтардың 45-47 %
Қазақстаннан кеткілері келді. Мигранттардың тең жартысы елден кеткісі
келетіндер, олардың саны 1,5 млн. адам. Кетуге даярланғандардан алынған
сұрақтар бойынша қандай жағдайда олар кетпейтіндіктерін айтқан: - елдегі
экономикалық жағдайдың жақсаруынан-48,6 %; - өздерінің балаларының
келешегіне сенсе-44,8 %; - ұлттық белгісіне қарай бөлуді қойғанда-27,1 %; -
екі жақты азаматтылық енгізілсе-22,7 %; - егер қазақ тілімен қатар орыс тілі
мемлекеттік тіл болса -17,7 %; - басқа себептермен-1,6 %. Тек ғана 3,2%
сұрағандар арасынан ешқандай жағдайда да өз пікірлерін өзгертпейтіндерін
айтқан[13]. Миграцияны құқықтық реттеу. Миграцияны құқықтық реттеудің
негізі ол Қазақстан Республикасының Конституциясы болып табылады, 1995
жылы 30 тамызда қабылданған. Конституцияда негізінен азаматтардың еркін
көшіп жүру, республика ішінде, оның сыртында, қайтадан елге қайтып келуі
мен еркін жүру құқығы берілген. Конституция бойынша оның азаматтары екі
елдің азаматтығын ала алмайды.
Ешқандай жағдайда да Қазақстан Республикасының азаматтығынан
ешкім де, ешқандай жағдайда айырмайды. Мигранттардың құқықтық
жағдайын реттеуде 26 маусым 1992 жылы қабылданған «Иммиграция
туралы» Заң қорғады. Заң негізінен сыртқа көшкен қазақтарды орналастыру
мәселесімен айналысты. Сыртқы және ішкі миграциялық процестерде
шиеленіс пайда бола бастаған кезде 1994-1997 жыл- дары «Миграция
туралы» Заң даярланып ол желтоқсан 1997 жылы қабылданды. Ол заңда
бірақта елде қалыптасқан миграциялық мәселелердің барлығын реттейтіндей
мүмкіндік толық қамтылмады. Негізгі миграциялық процестерге байланысты
терминдердің түсінігін де жетілдіре түсуді қажет етті.
1997 жылы желтоқсанда Демография және миграция Агенттігі
құрылды, онда еркімен қоныс ауда- руды жүзеге асыру және келген
жанұяларды орналастыру және қазақтарға көмек беру жұмыстарын
ұйымдастыратын болды. Агентство тіркеу жұмыстарын, республикаға
келгісі келген жанұялар тура- лы мәліметтер жинау, көмек беру, облыстық
миграциялық процестерді ұйымдастыру, мигранттарды әлеуметтік қорғау.
Қазақстандағы миграциялық процестерді реттеу негізінде төмендегідей
нормативті-құқықтық ак- тілер қабылданды: -Президент Қаулысы «О
порядке представлении политического убежища иностранным гражданам и
лицам без гражданства в Республике Казахстан» 15 шілде 1996 жылы; -
Конституцияға сай сыртқа кеткен азаматтарға саяси құқық бере отырып
оларды қорғау мүмкіндіктерін қамтамасыз ету, халықаралық құқыққа
байланысты қызмет ету; - «Қазақстан Республикасының азаматтығын алу
туралы
мәселені
қарау»
тарулы
27
қыркүйек
1996
жылы
қабылданған Президент Қаулысы; - Азаматтықты қайтадан қалпына келтіру
немесе оны алу істерін жүзеге асыру құқықтық норма- ларын «Азаматтық
туралы» Заңмен Конституция негізінде және Қазақстан қол қойған
халықаралық келісімдер негізінде. Осы нормативті құқықтық актілердің
субъектісі шет ел азаматтары мен Қазақстан Республикасының азаматтығын
алушыларға арналған. Қазақстан азаматтығын оның территоиясында 5 жыл
тұрақты тұратындарға беріледі және ол мерзім үзіліссіз болуы керек; -
Қазақстан Республикасының Президентінің «Квота туралы» қаулылары.
Елдегі миграциялық процесті реттеу терең саяси және әлеуметтік
реформалардың нәтижесінде, азаматтардың құқығын сақтай отырып олардың
әлеуметтік тұрмысын жақсарту арқылы жүзеге асы- рылады.
Елдегі миграциялық процестің өрлеуіне әсер еткен жағдай ол
астананың Алматыдан көшірілуі болды. Ақмола жерінде орыстар, немістер
мен еврейлер көп тұратын. Астана қаласын мәдени және экономикалық
жағынан дамыту ол жерде жаңа жұмыс орындарын ашады және
мамандардың өз мамандығы бойынша қызмет етуіне мүмкіндік туады.
Елімізден сыртқа маман жергілікті қазақтардың қоныс аударуы ол елдегі
саяси, әлеуметтік жағдайларға, демократиялық реформалардың толық жүзеге
асырылмауына байланысты болды. Елдегі қазақтардан кейінгі көп этникалық
ұлт өкілдері ұйғырлар мен көрейлердің сыртқа қоныс аударуы аса көп
емес. Ұйғырлар Қазақстан жерінде бұрыннан тұрып келе жатыр.
Олар мұсылман дінінде, білім мен қызметте қазақтармен бірдей сатыда
пайдалана алады. Олар білім, ғылым және кәсіпкерлікпен айналысады және
көпшілігі бұрыннан саудамен айналысады. Елдегі болған саяси шиеленістер
кезінде сыртқа көшкен кездері де болды, бірақ қазір ондай болуы мүмкін
емес. Корейлер де сыртқа көшуде көпшілік емес, Оңтүстік және Солтүстік
Кореядан да корейлердің саяси репатрианттарының болма- уы мен тілді де
толық білмеуі олардың елден сыртқа көп қоныс аудармауына алып келді.
1996 жылы эмиграцияға ұшыраған корейлер саны 1063 ғана болды.
Сыртқы миграцияда Орталық Азия және Азиялық Тыңық Мұхит
аймағындағы
шиеленістер
әсер
етті.
Ауғанстандағы
мұсылман
фундаментализмінің орнатылуы сырттан 100 мыңдаған босқындардың
келуіне алып келді. Қытайдағы ұйғырлар мәселесі шиеленісті, Ұйғыр
Автономиялық ауданынан ұйғырлар мен ол жердегі қазақтардың шекаралық
аймақтарға көптеп келуіне алып келді. Қытай мен Қазақстан арасындағы
шиеленістерді реттеу негізінде 1994 жылы көкекте Қазақ-Қытай келісіміне
шекара туралы қол қойылды, 5 мемлекеттің басшылары Қытай, Ресей,
Қазақстан, Қырғызстан мен Тәжікстан Москвада шекаралық аймақтарда
Шығыс Қазақстанда 370 кв. км. мен Талды-Қорған облы- сы аймағында 630
кв.км. жерде қару-жарақты азайту туралы келісімге келеді. Келешекте
миграциялық мәселеде негізгі орында демография мәселесі.
БҰҰ есебі бойынша 2015 жылы орталықазия елдеріндегі тұрғындардың
саны 1,5 есеге артады, 75 млн. адамға дейін өседі. Аймақтағы
демографиялық жағдайдың тез өсуінен елдегі экономикалық жағдайдың
артта қалуы жұмыспен қамту мәселесін шеше алмайды және осының
нәтижесінде артық қалған жұмыс күші сыртқа қоныс аудара бастайды.
Қазақстан арқылы орталықазиялық елдерден артық жұмыс күші мен
тұрғылықты тұрғындардың қоныс аударуы жүзеге асады[14]. КСРО
ыдырағаннан кейін және ТМД құрылған кезде миграцияға байланысты
бірнеше жан-жақты келісімдерге қол қойылды. Мысалы «Қазақстан
Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы достық пен өзара
көмектесу» (1992 ж. 25 мамыр; «ТМД елдері арасындағы еңбек, миграция
және тұрғындарды әлеуметтік қорғау мәселесіндегі Ақылдасушы Кеңесі»
(1992 ж. қарашада), «Қазақстан Республикасының Азаматтығы мен құқықтық
статусы туралы Меморандум» (наурыз 1994 ж.).
1995 жылы қаңтарда Қазақстан мен Ресей арасында мигранттарға
азаматтық беру жұмыстарын тез арада шешу туралы келісімге келеді,
сонымен қатар екі ел азаматтарының басқа жерде құқықтарын қорғау. 1996
жылы Қазақстан мен Ресей арасындағы қатынастағы негізгі мәселенің бірі-
1996 жылы 24 мамырдағы миграциялық процесті реттеу туралы Келісімді РФ
Мемлекеттік Думасының ратификаци- ялауы болды, екінші жақта тұрып
жатқан азаматтардың құқығын қорғау туралы. Осы Келісім бойынша
Ресейдің немесе Қазақстан Респбликасының азаматы ол жақта сайлауға
қатыса алмады, сайлана алма- ды, жоғары мемлекеттік істерге араласа
алмады және жоғары қызмет пен дипломатиялық қызмет жа- самады.
Референдумге қатыспады, ішкі істер мекемесінде жұмыс жасай алмады.
Олар аудандық және жергілікті сайлау орындарында, мекемелерінде
жұмыс жасай алды, жергілікті атқару орындарында жұмыс жасау мүмкіндігі
болды. Осы меморандум екі жақтың да мигранттарының құқықтарын қорғау
мүмкіндігін алды, екі елде де олардың саны көп еді. Осы келісім бойынша екі
елде де азаматтық алу мәселесін тез арада шешуге келісілді. Тәуелсіздігін
алған 1991 жылдан бастап Қазақстан Республикасы өзінің тұрғындарының
ТМД ел- дерімен миграциялық процестерін реттеуде көптеген құқықтық
нормативтік актілерді қабылдады және олардың күнделікті мәселелерін
шешуде көптеген жетістіктерге қол жеткізді. Елдегі миграциялық про-
цестерді реттеуде жетістіктерге қол жеткізді. Қорыта келгенде, еліміздің
тәуелсіздігінің 22 жылдығы аралығында демографиялық дамуда да көптеген
жетістіктерге қол жеткізілді. Соның ішіндегі ең ірісі еліміздегі көші-қонды
реттеу, сырт жаққа еліміздің тұрғындарының қоныс аударуын азайту.
Еліміздегі өтпелді кезең аяқталып нарықтық даму жолына түсе бастаған
алғашқы кезден бастап –ақ бірінші кезек күттірмейтін шешімін күтіп тұрған
мәселе көші-қон мәселесі болды. Еліміздің нарықтық даму жолына түсуі
және экономикалық, әлеуметтік дамуда табыстарға жетуі елімізден
сыртқа қоныс аударуды азайтты.
Еліміздегі саяси жағдайлардың бірқалыптылығы мен экономикалық
тұрақтылық халықтың тұрмыс жағдайының жақсаруы енді сыртқа қоныс
аудару қажеттілігін тудырмады. Еліміздегі этнодемографиялық дамужы
жақсарту негізінде жанұя, неке қатынастарынап ерекші көңіл бөліне
басталды. Сонымен қатар жас сәбилердің өмірге келуі мен оны қағып-бағу
үшін мемлекет тарапынан берілетін материалдық көмек көлемі өсірілді,
аналар мен балалар денсаулығын сақтау, қорғауда еліміздегі демографиялық
жаңдайға әсер етті. Осы ірі әлеуметтік өзгерістер миграциялық процестің
тұрақталуына әкелді. Енді сыртқы миг- рация мен ішкі миграцияға әсер
ететін факторлар реттелді, қала мен ауыл арасындағы айырмашылықтар мен
ауылдық жерлердегі инфрақұрылымдардың дамытылуы ішкі облыс аралық
миграция мен қала мен ауыл арасындағы миграцияны тұрақтандырды.
Ал Қазақстан Республикасының саяси аренадағы рөлінің өсуі мен
экономикалық тұрақтылық пен бейбіт қатар өмір сүру негізінде еліміздегі
жүзден аса ұлт өкілдерінің өздерінің Отаны –Қазақстан үшін еңбек етуге
құлшындырды. Еліміздің тәуелсіздігінің 22 жылы ішінде қол жеткізген
табыстарымыздың бірі елдегі миграциялық процессті реттеу болды. Оны
реттеу жолында көптеген жетістіктер мен жеңілістерге де душар бол- ды.
Миграциялық процесс қазіргі уақытта мемлекет тарапынан реттеліп және
халықаралық миграция мен ішкі миграцияны реттейтін заңдық актілер
жұмыс жасайды. Еліміздегі саяси тұрақтылық пен экономикалық жетістіктер
миграциялық процестердің тұрақтануына алып келді. Тоқтамай жүрiп
отырған миграциялық процестер де еліміздегі этнодемографиялық жағдайға
тiке- лей әсер еттi. Ол әсiресе патша үкiметiнiң орыс шаруаларын күшпен
жер аударуынан басталса одан кейiнгi орыс мұжықтарының аймаққа өз
бетiмен келiп қоныс аударуы және жергiлiктi ұлт өкiлдерiнiң жерiн тартып
ала бастауы, казактардың келуi болды. Одан кейiнгi соғыс жылдарындағы
миграциялық процестiң дамуы да үлкен әсер еттi. Сыртқы миграция мен қоса
облыс аралық және iшкi миграциялық процестер де жиiлеп кеттi.
Кейiнгi кездердегi КСРО ыдыраған кездегi көптеген басқа ұлт
өкiлдерiнiң аймақты тастап кетуi де бұл жердегi этнодемографиялық
жағдайға тiкелей әсерi болды. Нарықтық экономика сатысына өткеннен
бастап еліміздегі сыртқы және iшкi, облысаралық миграциялық қозғалыстар
өсiп, ел халқының механикалық жолмен дамуына алып келдi, жұмыссыздар,
өз
бетiмен
жұмыс
iздеп
келушiлер
елімізде
көбеюi
еліміздегі этнодемографиялық жағдайға көп әсер еттi. Қазiргi кезде
республикада қазақтар санының өскендiгiн көрсетiп отыр және сыртқа
көшудiң азаюы да көрiнiс берiп отыр. Еліміздің жалпы әлеуметтiк-
демографиялық дамуға әсер еткен: сырттан қоныс аударғандар, 1916 жылғы
көтерiлiс, 1918-1920жж. азамат соғысы, 1921ж. аштық, 1928-1934жж. болған
тағы аштық, 1937-1938жж. репрессия, 1941-1945жж. Ұлы Отан соғысы-
қазақтардың демографиялық дамуындағы қайғылы кезеңдер болды. 1928-
1934 жж. 610 мың адамның өмiрi қиылды. Жүздеген мың адам РСФСР,
Өзбекстан, Түрiкменстан, Қытай жерлерiне қашты. Одан кейiн 1936-1939жж.
репрессия бастал- ды. Нәтижесiнде қазақтар өз республикасында азшылыққа
айналды. 1939 жылы қазақтар өздерiнiң демографиялық дамуының
бiрқалыптылығын жойып алды және тың жердi игергеннен кейiн олардың
үлесi 30 пайызға дейiн кемiдi.Тек 1985 жылы ғана ол табиғи жолмен өзiнiң
өсу деңгейiне жете алды. Ең жоғарғы көрсеткiш 1979 жылға сәйкес келдi, ол
сол жылғы табиғи жолмен өсу болса, екiншiден, өз жерiне бұрынғы қоныс
аударған қазақтардың келуi, әсiресе Қытайдан. 1991 жылы қазақтардың үлесi
41,5, ал орыстар-38 пайыз болды[15]. 1991 жылы КСРО ыдырағаннан кейiн-
ақ сыртқа басқа ұлт өкiлдерiнiң көшi-қоны көбейдi.
Орыстар, немiстер,украиндар, еврейлер Қазақстанды тастап көше
бастады. Оған негiзгi себеп елде- гi экономикалық дағдарыс, жанұясына
қажеттi заттармен қамтамасыз етудiң төмендеуi, азық-түлiк бағасының өсуi,
өз туыстарының қасына жақын орналасуды қалауы. Әлеуметтiк-
экономикалық жағынан жұмыссыздықтың көбеюiне тiкелей байланысты. Ал
немiстер мен еврейлерге келер болсақ олар Германия мен Израилдағы
керемет тамаша өмiр туралы естiп, соған қызығу нәтижесiнен де көп көшсе,
ал екiншiден тиiмдi кезде өздерiнiң жоғалтқан отандарына оралуды ойлады.
Демографиялық миграциялық процестердiң елдiң келешектегi геосаяси,
экономикалық, саяси және әлеуметтiк дамуын бiлу үшiн қажет. Ең бастысы
қазiргi демографиялық проблемадағы басым бағыттарды дәл анықтап, оны
шешудiң тиiмдi жолдарын таба бiлу қажет. Осыған орай әлемде
индустриализация мен урбанизацияның жоғарғы қарқынды жүруiмен
туындап жатқан ғаламаттық сипаттағы проблема- лар бар. Оның қатарына
«өркениет ауруы» атанған - туудың азаюы, өлiм-жiтiмнiң өсуi, тұрғындар
қатарындағы қариялардың көбеюi. Туындаған мәселелердi шешу қоғамдағы
саяси тұрақтылық пен халықтың әлеуметтiк жағдайын жақсартудың негiзгi
тiрегi-экономикалық дамуға тiкелей байланысты. Әлеуметтiк-демографиялық
және көшi-қон саясатын саралай отырып шешудi қажет етедi.
Еліміздің өзiне тән ерекшелiктерi, оңтүстiктегi астана ретiнде мәдени
және экономикалық жағынан дамуы, шетелдiк инвестициялардың елдiң
экономиксын дамытуда көптеп қолданылып жатқаны да, халықтың аймақта
тығыз орналасуы және оның табиғат жағдайы да әлеуметтiк-демографиялық
дауына қолайлы жағдай жасай алады. Келешекте Жетiсу өңiрiнiң халықтары
жоғары әлеуметтiк- демографиялық сатыға көтерiлiп жалпы республикадағы
этнодемографиялық дамумен тығыз байланыста дамуына толық мүмкiндiк
бар. Қазiргi кезде Егемен Қазақстан Республикасына демографиялық
саясаттағы проблеманы шешу негiзгi мәселе болып табылады. Жан-жақты
зерттей отырып ғылыми тұрғыдан халықтың даму тарихына талдау жасау
қажеттiгi туып отыр. Оны уақытында шешу, дұрыс бағасын беру және халық
арасындағы үгiт-насихат жұмыстары Республикадағы және аймақтағы
халықтардың тұрақтылығын сақтауға негiз болады және қазақ халқының
қайта өрлеуiне негiз салып Қазақстан Республикасының экономикалық
жағынан тәуелсiз өмiр сүруiне негiз салады. Экономиканың тұрақтылығы
мен
дамуы,
халықтың
материалдық
жағдайының
жақсаруы,
қазақстандықтардың рухани жағынан дамуы- халықтың демографиялық
жағынан дамуының негiзi болып табылады. Оған әсер ететiн факторлар
қатарына Қазақстан мемлекетiнiң сыртқы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, саяси
және ұлттар арасындағы тұрақтылықты сақтау. Қазақстандағы өнеркәсiп
орын- дары жаппай iске қосылып, жұмыссыздық жойылып, халықаралық
қоғамдастықтағы тең құқықтық ролге ие болғанда елдегi жалпы
демографиялық жағдай да жақсарады. Сондықтан республикамыздағы
жекелеген аймақтардағы әлеуметтiк-демографиялық процестердi зерттеудi
онан әрi жалғастыра түскен абзал. Алдағы кезеңде көшi-қондық процестердi,
әлеуметтiк құрылыс ерекшелiктерiн өз алдына бөлек нәрсе ретiнде қарастыру
қажет. Мұндай бағыттағы зерттеу құжаттарына осы ұсынылып отырған
докторлық диссертацияның игi ықпал тигiзерi сөзсiз.
Әдебиеттер:
1.Программа демографического развития Республики Казахстан на 2001-2005
годы // Официальная газета. - № 46(47). – 2001г.17 ноябрь. -С. 5-7.
2. Алматы облысының статистикалық басқармасының мәліметі бойынша//
Жетісу, 2001. 1 наурыз 2-бет.
3. Итоги миграция населения в республике Казахстан за 1997 г.-Алматы:
Комитет статистике и анализу Агентства по стратегическому планированию
и реформам Республики Казахстан, 1998. - С.83-85.
4. Итоги Всесоюзной переписи населения 1959 года Казахская ССР. -
Москва:Госстатиздат,1962.-202с.(13): Численность,естественное движение и
миграция населения КазССР, в 1989 г. -Алма-Ата,1990
5. Остапенко Л.В., Субботина И.А. Некоторые проблемы русских в ближнем
зарубежье: миграции, занятость, конфликты //Российский этнограф. -М.,1993.
- С.309.
6. Итоги миграция населения в республике Казахстан за 1997 г.-Алматы:
Комитет статистике и анализу Агентства по стратегическому планированию
и реформам Республики Казахстан, 1998. с.83-85.
7. Миграционная ситуация в странах СНГ. Под.ред. Ж.А.Зайончковской. –
М., 1999-288 с.
8. Садовская Е.Ю. Миграционные процессы и миграционная политика в
Казахстане // Миграционная ситуа- ция в странах СНГ.-С.119-121.
9.Терещенко Т.А. Иммиграция в Казахстан по данным переписи населения
1999 г. –С.81-85.
10. Россия-Казахстан: фронтьерская миграция. Сб.научных турдов /Под
общ.ред.Ж.А.Зайончиковской и М.Н.Сдыкова.-М.:РСО. - 2002. – 236с.
11. Потуданская В.Ф., Д.Н.Шайкин. Естественное и механическое движение
населения
и
трудовых
ресурсов
Северного
Казахстана:
анализ
моделирования и прогнозирования. –М.2008.-168 с.
12.
Миграционные
процессы
в
странах
Азии
и
Африки
опыт государственного регулирования. –М., 2010.
13. Куклина И.Н. Международный диалог по проблемам миграции:
тенденции и перспективы.-М., 2010. – С.53-67.
14. Иванов Д.В. Вынужденная и трудовая миграция населения в
международном и национальном праве.- М: БИ., 2010.-240с.
15. Основные итоги переписи населения 1999 года в Республике Казахстан.
Статистический сборник /Под ред. А.А.Смаилова.-Алматы, 1999.-211 с.
Тулекова М.К. т.ғ.д., профессор
Абай атындағы ҚазҰПУ (Алматы)
Достарыңызбен бөлісу: |