Мектептегі қорларды тиімді пайдалану Елдік шолуы



жүктеу 4,1 Mb.
Pdf просмотр
бет69/100
Дата26.12.2019
өлшемі4,1 Mb.
#24975
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   100

4. БӨЛІМ ҚОРЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ 
«МЕКТЕПТЕГІ ҚОРЛАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ» ЕЛДІК ШОЛУЫ: ҚАЗАҚСТАН 2015 © ЭЫДҰ ЖӘНЕ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БАНК, 2015 
оқу» деп аталады және басқа елдерде қолданылады. Әртүрлі оқу бағдарламалары бойынша білім 
алушылардың бөлінуі тек 9-сыныптан кейін ғана орын алады, ол кезде білім алушылар оқуын жай 
мектептің 10-сыныбында не академиялық мектепте (мысалы, лицей, гимназия) не кәсіби мектепте 
жалғастыруы мүмкін, дәл осылайша, білім берудің басқа бағдарламаларына өтеді.      
Оқушылардың келесі сыныпқа өтуі және оқушыларды қолдау 
Оқуды  қолдайтын  стратегиялар  мектеп  деңгейінде  ұйымдастырылған  жағдайда,  оқуы 
нашар  білім  алушыларды  жүйелі  мемлекеттік  қолдау  саясаты  жоқ,  олардың  құжаттамасы  дұрыс 
жүргізілмейді. Сарапшылар мұғалімдері мен психологтары мектептегі ұзартылған күннің түзетуші 
сабақтары нысанында білім алушыларға ерекше назар аударатын мектептерге барған еді. Кейбір 
оқушылар  сарапшыларға  өздерінің  қандай  да  бір  сабағы  бойынша  қиындықтары  болса,  олар,  ең 
алдымен,  бұл  мәселені  мұғаліммен  талқылайтынын  айтты.  Бұдан  басқа,  олар  мектептегі 
ұзартылған күн топтарының тегін сабақтарына қатысу мүмкіндігі туралы хабарлады.  
Қазақстанда  қайтадан  оқыту  өте  сирек  кездеседі.  Ресми  статистика  көрсеткендей,  білім 
алушылардың  тек  0,04%  ғана  2012  жылы  екінші  жылға  қалған  еді  (АТО,  2014).  Респонденттер 
2012  жылы  PISA  зерттеу  төңірегінде  ұсынған  мәліметтерге  сәйкес,  15  жасқа  дейінгі  білім 
алушылардың шамамен 2%  бүкіл оқу мерзімі бойынша кем дегенде бір рет екінші жылға қалған 
еді, бұл ЭЫДҰ бойынша орта көрсеткіштен айтарлықтай төмен (12%) (ЭЫДҰ, 2013a). Әдетте, тек 
егер бұны психологиялық-медициналық комиссия ұсынса және ата-аналардың келісімі болса ғана 
бірінші сыныпта оқитын балаларды екінші жылға қалдырмайды. Кемінде екі пән бойынша нашар 
бағалары  бар  2-4-сыныптарының  оқушылары  осы  пәндер  бойынша  емтихан  тапсыруы  мүмкін 
және  егер  жақсы  тапсырған  жағдайда,  олар  келесі  сыныпқа  ауысады.  Бір  не  екі  пән  бойынша 
нашар  бағалары  бар  5  –  11-сыныптардың  оқушылары  қайтадан  емтихан  тапсырады  және  жазға 
осы пәндер бойынша қосымша үй тапсырмаларын алады. Егер оқушылар емтихан тапсыра алмаса, 
олар  екінші  жылға  қалып,  түзетуші  сабақтарға  қатыса  алады,  егер  де  бұны  психологиялық-
медициналық комиссия ұсынса және ата-аналардың келісімі болса ғана.  Мектептің педагогикалық 
кеңесі  және  мектеп  директоры  үш  не  одан  да  көп  пәндер  бойынша  нашар  бағалары  бар  білім 
алушыларды екінші жылға қалдыра алады.  
Мектептердегі ахуал   
Қазақстан мектептеріндегі ахуал жақсы болып көрінеді және оқу жетістіктеріне көп назар 
аударылады  (4.2-кесте).  2011  жылы  Халықаралық  математикалық  және  жаратылыс  ғылымы 
білімінің  сапасын  мониторингтік  зерттеуге  (TIMSS)  қатысқан  оқушылардың  үштен  бір  бөлігі 
директорлар  мен  мұғалімдердің  айтуына  қарағанда,  оқу  жетістіктеріне  көп  назар  аударылатын 
мектептерде  оқыған.  Дәл  осылайша  оқушылардың  үштен  екі  бөлігі  мұғалімдері  мектептерінің 
қауіпсіз  екендігін  және  тиісті  деңгейде  қызмет  ететінін  белгілеген  мектептерде  оқыған;  4-
сыныптың  түгелге  жуық  оқушылары  директорлары  мектептегі  тәртіп  пен  қауіпсіздік 
проблемаларының жоқтың қасы екендігін белгілеген мектептерде оқыды.  TIMSS-2011 қатысқан 
басқа  елдермен  салыстырғанда,  Қазақстан  4  және  8-сыныптарда  мектептегі  тәртіп  пен 
қауіпсіздікпен  болған  проблемалардың  ең  аз  санын  көрсетеді.  Ең  ақырында,  4-сыныптағы 
оқушылардың  үштен  екі  бөлігі  және  8-сыныптағы  оқушылардың  төрттен  үш  бөлігі  өздерінің 
мектепте қатыгез мінез-құлыққа ешқашан тап болмағанын белгілейді.  
 
 
 
 
 
 


4. БӨЛІМ ҚОРЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ 
«МЕКТЕПТЕГІ ҚОРЛАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ» ЕЛДІК ШОЛУЫ: ҚАЗАҚСТАН 2015 © ЭЫДҰ ЖӘНЕ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БАНК, 2015 
4.2-
кесте Директорлардың, мұғалімдер мен оқушылардың мектептегі ахуалды қабылдауы, 2011 жыл 
 
4-
сынып 
8-
сынып 
 
Қазақстан 
Әлемдегі 
орташа 
көрсеткіш 
ЭЫДҰ-
дағы ең 
жоғары 
көрсеткіш  
Қазақстан 
Әлемдегі 
орташа 
көрсеткіш 
ЭЫДҰ-
дағы ең 
жоғары 
көрсеткіш  
Директорлардың 
жауаптарына сәйкес 
оқу жетістіктеріне 
«өте жоғары» 
немесе «жоғары» 
көңіл бөлу   
70 
66 
93 
65 
60 
82 
Мұғалімдердің 
жауаптарына сәйкес 
оқу жетістіктеріне 
«өте жоғары» 
немесе «жоғары» 
көңіл бөлу 
80 
67 
96 
73 
53 
75 
Мұғалімдердің 
жауаптарына сәйкес 
қауіпсіз және 
тиісінше тәртібі бар 
мектептер  
67 
53 
85 
65 
45 
64 
Директорлардың 
жауаптарына 
сәйкес, мектепте 
тәртіппен және  
қауіпсіздікпен 
проблемалар жоқ   
91 
61 
85 
44 
16 
23 
Оқушылардың 
жауаптарына сәйкес 
оқушылар агрессивті 
мінез-құлықпен 
ешқашан 
кездеспейді  
64 
48 
68 
73 
59 
79 
Дереккөз:  МуллисИ.,  М.  Мартин,  П.  Фойжәне  А.  Арора  (2012),  TIMSS-2011  Халықаралық  математика  жөніндегі 
нәтижелер. IEATIMSS&PIRLS халықаралық зерттеулер орталығы, Линч білім беру мектебі, Бостон колледжі, Бостон. 
Оқу уақыты және сыныптан тыс шаралар 
Уақыт  –  балаларды  оқытуда  қолданылатын  ең  маңызды  ресурстардың бірі.  Оқу  уақытын 
көбейту  оқу  процесінің  жақсаруына  міндетті  түрде  әкелмейді,  бірақ  жеткіліксіз  оқу  уақыты  оқу 
мүмкіндіктерін шектейді. Қазақстанда ресми оқу жылының ұзақтығын ЭЫДҰ көптеген елдерімен 
салыстыруға болады. Оқу жылының ұзақтығы туралы шешімдер орталық деңгейде қабылданады 
және  барлық  мектептерге  қатысты:  1-сыныпта  33  апта  және  басқа  сыныптарда  34  апта. 
Мектептердегі  сабақтар  аптасына  алты  күн  өткізіледі  және  білім  алушылар  оқу  жылына  қарай 
аптасына  24-39  сабаққа  қатысады.  Дегенмен,  Қазақстанда  мектептегі  оқу  уақытының  жалпы 
ұзақтығы  ЭЫДҰ  көптеген  елдерімен  салыстырғанда,  айтарлықтай  қысқа,  себебі  сабақтардың 
өздері және олардың арасындағы үзілістер қысқа (сабақ ұзақтығы 45 минут, 1-сыныптың бірінші 
жартысында 35 минут). 9-сыныптың соңына қарай Қазақстандағы білім алушылар ЭЫДҰ-да орта 
көрсеткішке қарағанда, оқу сағаттарынан 12% аз аяқтайды. Бұл айырмашылықтың үлкен бөлігі 1-
2-сыныптарға  тиесілі,  онда  оқу  уақыты  осы  сыныптардағы  ЭЫДҰ-дағы  орта  көрсеткішпен 
салыстырғанда,  сағаттар  саны  бойынша  25%  қысқа.  ЭЫДҰ-дағы  орта  көрсеткішпен 
салыстырғанда,  аздау  болатын  орта  мектептегі  оқу  уақыты  14  жастағы  білім  алушылардың 
жағдайында бар болғаны  шамамен  5%  азырақ  және  15 жастағы  білім  алушылардың  жағдайында 
дәл  сол  деңгейде  (4.1-сурет).  Одан  басқа,  Қазақстандағы  білім  алушылар  үшін  нормативтік 
талаптар аптасына дара және топтық консультацияның екі сағатын көздейді.  


жүктеу 4,1 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   100




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау