«Белгіленген электр қуаты мвт және одан төмен, мвт-тан жоғары немесе белгіленген жылу қуаты 100 Гкал/сағ және одан жоғары, сондай-ақ өз балансында кернеуі 35 кВ және одан төмен



жүктеу 429,67 Kb.
Дата30.12.2019
өлшемі429,67 Kb.
#25543


Қазақстан Республикасы

Энергетика министрінің

2015 жылғы «14» сәуірдегі

№ 281 бұйрығына

3-қосымша


«Белгіленген электр қуаты 5 МВт және одан төмен, 5 МВт-тан жоғары немесе белгіленген жылу қуаты 100 Гкал/сағ және одан жоғары, сондай-ақ өз балансында кернеуі 35 кВ және одан төмен, 110 кВ және одан жоғары электр желілері бар энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлік паспортын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер
1. «Белгіленген электр қуаты 5 МВт және одан төмен, 5 МВт-тан жоғары немесе белгіленген жылу қуаты 100 Гкал/сағ және одан жоғары, сондай-ақ өз балансында кернеуі 35 кВ және одан төмен, 110 кВ және одан жоғары электр желілері бар энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлік паспортын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттік қызметті:

1) белгіленген электр қуаты 5 МегаВаттан (бұдан әрі – МВт) жоғары, сондай-ақ өз балансында кернеуі 110 килоВольт (бұдан әрі – кВ) және одан жоғары электр желілері бар энергия өндіруші және электр беруші ұйымдарға күзгі-қысқы жағдайлардағы жұмысқа әзірлік паспорттарын Министрліктің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) береді;

2) барлық қуаттардың және жылу желілерінің (магистральдық, орамішілік) жылыту қазандықтарына күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлік паспорттарын Астана және Алматы қалаларының, облыстық маңызы бар аудандар мен қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) береді;

3) өз құрамында кернеуі 35 кВ және одан төмен электр желілері бар энергия өндіруші және электр беруші ұйымдарға, сондай-ақ белгіленген электр қуаты 5 МВт және одан аз энергия өндіруші ұйымдарға күзгі-қысқы жағдайлардағы жұмысқа әзірлік паспортын Министрліктің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) береді;

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:


  1. көрсетілетін қызметті берушілердің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

2) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

1) көрсетілетін қызметті берушілерге құжаттар топтамасын тапсырған, сондай-ақ порталға өтініш берген кезден бастап – күнтізбелік 30 (отыз) күн;

Көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды алғаннан кейін екі жұмыс күнінің ішінде тапсырылған кұжаттардың толықтығын тексеруге міндетті.

Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші белгіленген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша түрде дәлелденген бас тартады.

2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтуге рұқсат етілетін ең көп уақыт – 15 (он бес) минут;

3) қызметті көрсетуге рұқсат етілетін ең көп уақыт – 15 (он бес) минут.

5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: белгіленген электр қуаты 5 МВт және одан төмен, 5 МВт жоғары немесе белгіленген жылу қуаты 100 Гкал/сағ дейін және одан жоғары, сондай-ақ өз балансында кернеуі 35 кВ және одан төмен, 110 кВ және одан жоғары электр желілері бар энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлік паспорты, әзірлік паспортының беруден бас тарту, не белгіленген электр қуаты 5 МВт және одан төмен, 5 МВт жоғары немесе белгіленген жылу қуаты 100 Гкал/сағ дейін және одан жоғары, сондай-ақ өз балансында кернеуі 35 кВ және одан төмен, 110 кВ және одан жоғары электр желілері бар энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлік паспортының күшін жою туралы хабарлама.



Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық, қағаз түрінде.

7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

8. Жұмыс кестесі:

1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, түскі асқа үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру түскі асқа сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі үзіліспен 09.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі.

9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

1) көрсетілетін қызметті берушілерге:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлік паспортын алуға өтініш;

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлік актісі;

әзірлік актісіне осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына  3-қосымшада көрсетілген энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлігі паспортын алуға арналған шарттардың орындалуын растайтын құжаттар қоса беріледі;

станциялардың, электр және жылу желілерінің негізгі және қосалқы жабдығының техникалық жай-күйі, сондай-ақ «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңы 9-1-бабының 5-тармағына сәйкес белгіленген температуралық кестеге сәйкес, «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңы 15-3-бабының 2-тармағына сәйкес күзгі-қысқы кезең электр қуатының балансына сәйкес, тұтынушыларға жылу және электр энергиясын беруді қамтамасыз етуге ұйымдардың дайындығы туралы аккредиттелген сарапшы ұйымның қорытындысы.

Жіберілетін құжаттар нөмірленеді, тігіледі және шарттарда көрсетілген бірізділікке сәйкес орналастырылады.


  1. порталға:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлік паспортын алуға өтініш;

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша актінің электрондық көшірмесі;

әзірлік актісіне осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына  3-қосымшада көрсетілген энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлігі паспортын алуға арналған шарттардың орындалуын растайтын құжаттар қоса беріледі;

станциялардың, электр және жылу желілерінің негізгі және қосалқы жабдығының техникалық жай-күйі, сондай-ақ күзгі-қысқы кезеңге бекітілген кестелерге сәйкес, тұтынушыларға жылу және электр энергиясын беруді қамтамасыз етуге ұйымдардың дайындығы туралы аккредиттелген сарапшы ұйымның қорытындысы.


Көрсетілетін қызметті алушы осы стандарттың 9-тармағында көзделген барлық қажетті құжаттарды:

көрсетілетін қызмет берушілерге (қолма-қол не пошталық байланыс арқылы) берген кезде – қағаз тасығыштағы өтінішті қабылдаудың растамасы оның көшірмесінде құжаттар пакетін қабылдау күні мен уақыты көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу туралы белгі болып табылады.



3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
10. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, Министрлікке Астана қаласы, «Министрліктер үйі», Орынбор көшесі, 8-үй мекенжайы бойынша беріледі.

Шағымдар жазбаша нысанда пошта арқылы, не көрсетілген қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол қабылданады.

Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің кеңсесінде шағымды тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және тіркеу күні шағымның немесе шағымға ілеспе хаттың екінші данасына қойылады).

Портал арқылы өтініш берген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты

бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.

Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» көрсетілетін қызметті берушіге өтінішті өңдеу барысында көрсетілетін қызметті беруші жаңартып отыратын өтініш туралы ақпарат (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) қолжетімді болады.

Шағымда:


  1. жеке тұлғаның тегі, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесінің аты, пошталық мекенжайы көрсетіледі;

  2. заңды тұлғаның аты мекен-жайы шығыс нөмірі және күні көрсетіледі

Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күнінің ішінде қарауға жатады. Шағымды қарау нәтижелері дәлелденген жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.

Портал арқылы электрондық өтініш берген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» көрсетілетін қызметті берушіге өтінішті өңдеу барысында көрсетілетін қызметті беруші жаңартып отыратын өтініш туралы ақпарат (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) қолжетімді болады.

Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

4. Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар
11. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.kaenk.gov.kz интернет-ресурсында, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.

12. ЭЦҚ болған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға құқығы бар.

13. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың «жеке кабинеті», сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға құқығы бар.

14. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары: 8 (7172) 74 02 38 74 12 91. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: (1414).

Белгіленген электр қуаты 5 МВт және

одан төмен, 5 МВт-тан жоғары немесе белгіленген

жылу қуаты 100 Гкал/сағ және одан жоғары,

сондай-ақ өз балансында кернеуі 35 кВ және

одан төмен, 110 кВ және одан жоғары

электр желілері бар энергия өндіруші

және энергия берушіұйымдарға күзгі-қысқы

жағдайларда жұмысқа әзірлік паспортын беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына

1-қосымша

(кімге) ________________________________

              (органның атауы)

________________________________________

(заңды тұлғаның, дара кәсіпкердің атауы)


Өтініш
_________________________________________________________________

       (заңды тұлғаның, дара кәсіпкердің атауы)

_________________________________________________________________

(БСН (ЖСН), куәліктің*, өтініш берушіні заңды тұлға, жеке кәсіпкер ретінде тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың нөмірі мен күні)



Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалған құпиядан тұратын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      Энергия объектісінің орналасқан жері:

      Пошталық мекенжайы:___________________________________

      Телефон нөмірлері ____________________________________

      E-mail _______________________________________________

      Факс _________________________________________________

      Басшы ____________________________________

                             (лауазымы, Т.А.Ә., қолы)


      МО 20__ж. "____"_____________

Қоса беріліп отырған құжаттар тізбесі:

      1.___________________________ парақта, беттің реттік №

      2.___________________________ парақта, беттің реттік №

      3.___________________________ парақта, беттің реттік №

      4.___________________________ парақта, беттің реттік №

      5.___________________________ парақта, беттің реттік №

      6.___________________________ парақта, беттің реттік №

Ескертпе:* «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгенге дейін берілген заңды тұлғаны мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметін тоқтатқанына дейін жарамды болып табылады.

Белгіленген электр қуаты 5 МВт және

одан төмен, 5 МВт-тан жоғары немесе белгіленген

жылу қуаты 100 Гкал/сағ және одан жоғары,

сондай-ақ өз балансында кернеуі 35 кВ және

одан төмен, 110 кВ және одан жоғары электр

желілері бар энергия өндіруші және энергия беруші

ұйымдарға күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа

әзірлік паспортын беру» мемлекеттік көрсетілетін

қызмет стандартына

2-қосымша


Акт

________________________________ _______________________________

    Акт жасалған жер (күні)               

     


Бұйрықпен тағайындалған комиссия _____________________________________

      (ұйым атауы)

     _______ №____

_________________________________________________________________

       энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың

____________________________________________________________________ күзгі-қысқы жағдайлардағы жұмысқа әзірлік паспортын алу үшін

________________________________________________________________

шарттардың орындалу-орындалмауы көрсетіледі

     
Қорытынды: (ұйым күзгі-қысқы кезең жұмысына дайын – дайын емес)

Комиссия төрағасы: _____________ _____________ __________________

(лауазымы) (қолы) (Т.А.Ә.)
Комиссия мүшелері: _____________ _____________ __________________

(лауазымы) (қолы) (Т.А.Ә.)


_____________ _____________ __________________

(лауазымы) (қолы) (Т.А.Ә.)

Белгіленген электр қуаты 5 МВт

және одан төмен, 5 МВт-тан

жоғары немесе белгіленген жылу

қуаты 100 Гкал/сағ және

одан жоғары, сондай-ақ өз балансында

кернеуі 35 кВ және одан төмен, 110 кВ

және одан жоғары электр желілері бар

энергия өндіруші және энергия беруші

ұйымдарға күзгі-қысқы жағдайларда

жұмысқа әзірлік паспортын беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет

стандартына

3-қосымша
Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлігі паспортын алу шарттары
1. Энергия өндіруші ұйымдар:

1) тиісті актілер мен (реконструкциядан немесе күрделі жөндеуден өткен жабдықтарды пайдалануға қабылдап алу актілерінің) ресімделген, қажетті көлемде және белгіленген нормаларға сәйкес келетін сапада негізгі және қосалқы жабдықты жоспарлы жөндеудің толық көлемде орындалуы туралы материалдар;

2) алдағы күзгі-қысқы кезеңге отын жеткізуге арналған шарттардың болуы;

3) сыртқы ауаның төмен температурасы жағдайларында жабдықтың, технологиялық схемалар мен құрылыстардың ақауларының алдын алу бойынша жоспарланған іс-шаралардың толық көлемде орындалуы туралы акт;

4) жүктемелер кестесін орындауға әзірлік – жұмыспен резервте жүктемелер кестесін орындау үшін қажетті жабдық құрамының болуы;

5) қоймада энергия өндіруші ұйымдар үшін күзгі-қысқы кезеңде пайдаланылатын отын қорының нормалары қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкес негізгі және резервтік отын қорының болуы;

6) жұмыс орындарының оқытылған және аттестатталған персоналмен жасақталғандығы. Персоналдың жеке және ұжымдық қорғаныс құралдармен, арнайыкиіммен, аспаптар және керек-жарақтармен, нормативтік-техникалық және жедел құжаттамамен, нұсқаулықтармен, өрт сөндіру схемалары және бастапқы құралдарымен (персоналдың нормативтік санына салыстырма талдау және нормативтік және нақты қорғаныс құралдарының, құрылғыларының, бастапқы өрт сөндіру құралдарының санын нақты, салыстырма талдау, ) қамтамасыз етілгендігі;

7) техникалық куәландыруды жүргізу сондай-ақ, аккредиттелген сарапшылық ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңнен өтуді қамтамасыз ететін жабдықты диагностикалау;

8) өнер кәсіптік қауіпсіздік саласындағы орган өкілдерінің қатысуымен жасалған өрт сөндіру және өрт дабылы жүйелерінің әзірлік акті(акт көшірмесі);

9) кабель шаруашылығының, отын-көліктік және мазут шаруашылығының, қазандық цехының, турбогенераторлардың, коммутациялық аппараттардыңгаз-май жүйелерінің, турбиналардың, трансформаторлар мен реакторлардың май жүйелерінің өрт жарылыс қауіпсіздігі талаптарын қамтамасыз ету туралы актісі;

10) автоматиканың релелік қорғаныс (бұдан әрі – АРҚ) және аварияға қарсы автоматиканың (бұдан әрі – АҚА) құрылғыларына, жылу автоматикасы және өлшеу құралдарына актісінің болуы (бұдан әрі – ЖӨА) техникалық қызмет көрсетуді толық көлемде орындау актісінің болуы. Бар болған жағдайда ғимараттармен құрылыстардың, байланыс құралдарының, диспетчерлік технологиялық басқару құралдарының (бұдан әрі – ДТБҚ), энергия ресурстарын бақылау және есепке алудың автоматтандырылған жүйесінің (бұдан әрі – ЭБЕАЖ) әзірлік актісі күзгі-қысқы жағдайларда жұмыстар бар болған жағдайларда;

11) жылу жүйесі жұмыстарының жергілікті атқарушы органдармен келісілген температуралық кестенің болуы;

12) энергия беруші кәсіпорындарының негізгі жабдықты жылу оқшаулау бойынша жұмыстарды орындау актісінің болуы;

13) күл үйінділерінің қажетті сыйымдылығының болуы (өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы орган өкілдерінің гидроқұрылыстарға күзгі комиссиялық тексеру жүргізуі туралы акт);

14) жылу механикалық жабдықтың жұмысы үшін нормативті су режимін қамтамасыз ету;

15) объектілік аварияға қарсы жаттығу жүргізу нәтижелерінің оң бағалануы;

16)мемлекеттік энергетикалық бақылау жөніндегі органның ұйғарымдары және технологиялық бұзылуларды тексеру актілері бойынша іс-шаралардың толық орындалуы туралы есеп;

17) станциялар мен жылу желілерінің негізгі жабдықтарын 30 тәуліктен асатын жоспардантыс (авариялық) жөндеулердің болмауы.

2.Энергия өндіретін ұйымдар жаңартылған энергия көздерінде:

1) негізгі және қосалқы жабдықтарының қажетті көлемінде жоспарлы алдын алу іс-шараларын толық көлемде орындау туралы актісі;

2) Құрылғының, технологиялық схемасының және ғимараттардың сыртқы ауадағы төмен температуралық жағдайларда зақымдануын ескерту бойынша жоспарланған іс-шараларды толық көлемде орындау туралы актісі;

3) Оқыған және аттестатталған қызметкерлерінің жұмыс орындарының жасақталуы. Қызметкерлердің жеке және ұжымдық қорғаныс құралдарымен, арнайы киімдермен, құралдар мен құрылғылармен, нормативті-техникалық және жедел құжаттамалармен, нұсқаулармен, схемалар және бастапқы өрт сөндіруші құралдарымен қамтамасыздандырылуы;

4) өнеркәсіп қауіпсіздігі саласы органдары өкілдерінің қатысуыменжасалған өрт сөндіру жүйелерінің және өрт дабылдарының дайындық актісі;

5) аварияға қарсы объектілерінің, өртке қарсы жаттығуларын (бағалау актілерімен) жүргізу бойынша материалдар;

6) авариялық қор материалдарының және құрылғыларының болуы (авариялық қор құрылғыларының және нақты ұйымдармен бекітілген салыстырмалы талдауы);

7) ғимараттар мен құрылыстардың, байланыс құралдарының технологиялық диспетчерлік басқарма құралдарының дайындық актісі (бұдан әрі – БДТБ) автоматталған бақылау жүйесі және күзгі-қысқы жағдайларда бар болған жағдайларда энерго ресурс есебі (бұдан әрі – АБЖЭЕ)

2. Энергия беруші ұйымдар.

Электр желілік компаниялар үшін:

1) тиісті актілермен (реконструкциядан өткен жабдықтарды пайдалануға қабылдап алу актілерінің, жабдықты күрделі жөндеуден қабылдап алу актілерінің, көпжылдық жоспарлы жөндеулер кестесінің көшірмелері) ресімделген, белгіленген нормаларға сәйкес қажетті көлемде, кезеңділікпен және сапада қосалқы станцияларды (бұдан әрі – ҚС), тарату пункттерін (бұдан әрі – ТП), трансформаторлық қосалқы станцияларды (бұдан әрі – ТҚС), жиынтықты трансформаторлық қосалқы станцияларды (бұдан әрі – КТҚС) және электр беруші желілерді жоспарлы жөндеудің орындалуы;

2) сыртқы ауаның төмен температурасы жағдайларында жабдықтың, технологиялық схемалар мен құрылыстардың ақауларының алдын алу бойынша жоспарланған іс-шаралардың орындалуы (орындалған іс-шаралар туралы акт);

3) электр жүктемелері кестесін орындауға әзірлік, яғни жұмысты және резервте жүктемелер кестесін орындау және электр беруші желілер мен трансформаторлардың өткізу қабілеті шегінде электр энергиясы мен қуатты беру үшін қажетті жабдық құрамының болуы (КҚК кезеңде 10-110 кВ бойынша режимдік (қалыпты) схемалар, режимдік схема кезінде өткен жылғы жаздық және қыстық бақылау күндері жүктемелерді өлшеулер);

4)  6-500 кВ электр желілері қосалқы станцияларының авариялық қорының, ЭЭБЖ 0.4 кВ-500 кВ резервтік материалдары мен жабдығының, жабдыққа құйылған 2%-дан кем емес көлемде трансформаторлық майдың төмендемейтін қорының болуы (ұйым бекіткен жабдықтың авариялық қорының салыстырмалы және нақты талдауы);

5) жұмыс орындарының оқытылған және аттестатталған персоналмен жасақталғандығы. Персоналдың жеке және ұжымдық қорғаныс құралдармен, арнайы киіммен, аспаптар және керек-жарақтармен, нормативтік-техникалық және жедел құжаттамамен, нұсқаулықтармен, өрт сөндіру схемалары және бастапқы құралдарымен ( персоналдың нормативтік санынасалыстырма талдау және нормативтік және нақты қорғаныс құралдарының, арнайы киімдерінің, құралдардың, өрт сөндіру құралдарының санын нақты, салыстырма талдау) қамтамасыз етілгендігі;

6) электр желілерінің жабдығына нормативтік құжаттарда көзделген көлемде және мерзімде уақтылы сынаулар жүргізу;

7) АРҚ және АҚА құрылғыларына толық көлемде техникалық қызмет көрсетуді орындау, бар болған жағдайда ғимараттар мен құрылыстардың, байланыс құралдарының, ДТБҚ, ЭБЕАЖ әзірлігі (актілердің көшірмелері);

8) энергия көздері қуатының тапшылығы туындаған кезде, сондай-ақ электр желілеріндегі авариялық жағдайда тұтынушыларды шектеудің (веерлі ажыратулар) келісілген кестелерінің болуы (шектеу кестелерінің көшірмелері);

9) электр қондырғыларының, ӘЖ, кабельдік желілердің, АРҚ құрылғыларының, ғимараттар мен құрылыстардың кестелер мен кезеңділікке сәйкес энергия кәсіпорындары жұмыс комиссияларының электр қондырғыларына толық техникалық куәландыруды жүргізуі (пайдалануға енгізу және техникалық жай-күйін бағалау жылын көрсете отырып, техникалық куәландырудан өткен жабдықтар тізбесі);

10) аварияға қарсы объектілік жаттығу жүргізу материалдары (жүргізілген жаттығулар тақырыптамалары мен персоналдың іс-қимылын бағалау);

11) мемлекеттік энергетикалық бақылау жөніндегі органның ұйғарымдары технологиялық бұзылыстарды тексеру жөніндегі актілері бойынша іс-шаралардың орындалуы;

12) автономды электрмен қамтамасыз ету көздері бар тұтынушылармен авариялық жағдайлар кезінде өзара іс-қимыл жасау ережелерінің болуы (ақпарат);

13) 35 кВ және жоғары ҚС негізгі жабдығының, 35 кВ және жоғары электр тарату желілерінің ұзақтығы 15 тәуліктен астам жоспардан тыс (авариялық) жөндеулерінің болмауы;

14) электр тарату әуе желілерінде мұзды еріту схемаларының жұмысқа әзірлігі туралы актісі (бар болған жағдайда);

15) жедел-көшпелі және желілік бригадалардың көлік құралдарымен және байланыс құралдарымен қамтамасыз етілгендігі туралы актісі;

16) диспетчерлік технологиялық басқару жүйелері мен кепілдендірілген электрмен қоректену жүйелерінің жұмысқа әзірлігі;

17) электр желісінің бақыланатын қималарындағы ең жоғары рұқсат берілген токтың артуы кезіндегі іс-қимылды қоса алғанда, жедел-диспетчерлік басқаруды жүзеге асыру, персоналдың технологиялық бұзылулардың алдын алу және оны жою бойынша іс-қимыл жасау тәртібін айқындайтын құжаттардың болуы және белгіленген талаптарға сәйкестігі;

18) жедел-ақпараттық кешеннің қалыпты және авариялық режимде ақпарат берудің белгіленген сапасы кезінде тұрақты жұмыс істеуге және іс-қимылға әзірлігі.

3. Жылу энергиясын тасымалдауды және таратуды (жылу желілері) жүзеге асыратын ұйымдар үшін:

1) тиісті актілермен (реконструкциядан өткен және күрделі жөндеуден қабылдап алу актілерінің көшірмелері) ресімделген белгіленген нормаларға сәйкес қажетті көлемде және сапада негізгі және қосалқы жабдықты жоспарлы жөндеудің орындалуы туралы материалдар;

2) сыртқы ауаның төмен температурасы жағдайларында жабдықтың, технологиялық схемалар және құрылыстардың бүлінулерінің алдын алу бойынша жоспарланған іс-шаралардың орындалуы туралы актісі;

3) жабдықтың авариялық қорының болуы туралы актісі;

4) жұмыс орындарының оқытылған және аттестатталған персоналмен жасақталғандығы. Персоналдың жеке және ұжымдық қорғаныс құралдармен, арнайы киіммен, аспаптар және керек-жарақтармен, нормативтік-техникалық және жедел құжаттамамен, нұсқаулықтармен, өрт сөндіру схемаларымен және бастапқы құралдарымен (персоналдың нормативтік санынасалыстырма талдау және нормативтік және арнайы киімдерінің, құралдарының, бастапқы өрт сөндіру құралдарының қорғаныс құралдарының санын нақты, салыстырма талдау) қамтамасыз етілгендігі;

5) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы орган өкілінің қатысумен жасалған өрт сөндіру және өрт дабылы жүйелерінің әзірлігі актісінің болуы;

6) күзгі-қысқы жағдайларда (бар болған жағдайда) ғимараттар мен құрылыстардың, байланыс құралдарының, ДТБҚ, ЭБЕАЖ әзірлігі актісі;

7) энергия көздері қуаттылығының мен жылу желілерінің өткізуші қабілетінің тапшылығы туындаған кезде жергілікті атқарушы органдармен келісілген тұтынушыларды шектеу кестелері;

8) жергілікті атқарушы органдар бекіткен температуралық кестенің болуы;

9) жылу таратушы ұйымдардың аталған жердегі КҚК температураларының барлық диапазондарында жылу желілері мен жылу көздерінің температуралық кестелерді орындауды қамтамасыз ету жөніндегі актісінің болуы;

10) жылу желілерін жөндеу, диагностикалау мен технологиялық сынаудың жоспарлы көлемдерін орындау туралы актісінің болуы;

11) жылу оқшаулау бойынша жұмыстарды орындау туралы актісінің болуы;

12) аварияға қарсы объектілік жаттығуларды жүргізу нәтижелері туралы материалдар;

13) мемлекеттік энергетикалық бақылау жөніндегі органның ұйғарымдары бойынша іс-шараларды және технологиялық бұзылуларды тексеру орындалуы туралы акті;



14) жылу желілерінің негізгі жабдықтарын ұзақтығы 30 тәуліктен асатын мерзімде жоспардан тыс (авариялық) жөндеулердің болмауы.
жүктеу 429,67 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау