Мектептегі қорларды тиімді пайдалану Елдік шолуы



жүктеу 4,1 Mb.
Pdf просмотр
бет78/100
Дата26.12.2019
өлшемі4,1 Mb.
#24975
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   100

4. БӨЛІМ ҚОРЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ 
«МЕКТЕПТЕГІ ҚОРЛАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ» ЕЛДІК ШОЛУЫ: ҚАЗАҚСТАН 2015 © ЭЫДҰ ЖӘНЕ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БАНК, 2015 
Сертификаттауды/аттестаттауды  растау  туралы  талаптың  өз  басымдықтары  бар.  Ол 
мұғалімдердің  өз  білімдері  мен  дағдыларын  үнемі  жаңартып  тұруына  ынта  береді  және  мектеп 
білімінің  жүйесіне  мұғалімдерді  одан  әрі  жетілдіру  қажет  болатын  негізгі  бағыттарды  анықтауға 
мүмкіндік  береді.  Алайда,  мектеп  білімі  саласында  жас  мұғалімдер  үшін  оқытушылық  мансапта 
маңызды  бастапқы  қадам  болып  табылатын  сынақ  мерзімі  туралы  талап  неліктен  жоқ  екені, 
түсініксіз.  Осылайша,  оқытушылық  мансапты  ұйымдастырудың  олқылығы  лауазымға  кірудің 
реттелген  жүйелі  процесінің  немесе  мұғалімнің  сынақ  мерзіміне  байланыстырылған  мектеп 
білімінің жүйесіне  олардың  келуі  кезінде  мұғалімдер  үшін  тәлімгердің  жоқтығы  болып  табылады. 
Мектептердің  көбісінде  тәлімгерлік  бағдарламасы  болған  жағдайында,  олар  сапасы  бойынша 
ерекшеленеді және мұғалімдердің мансап құрылымына ресми бекітілмеген.  
Қазақстандағы  мұғалім  кәсібінің  оң  аспектісінің  тағы  біреуі  мектептерде  жүргізілетін  - 
мұғалімдерді  іштен  бағалау  болып  табылады.  Бұл  мұғалімдерге  олар  сабақ  беретін  мектептегі 
белгілі  жағдайлары  контекстінде  өз  жұмысын  білуге,  ойластыруға  және  жақсартуға  мүмкіндік 
береді.  Сондай-ақ,  бұл  оларға  жақсартуды  қажет  ететін  салаларды  анықтауға  мүмкіндік  береді. 
Алайда мұғалімдер жұмысын осылай іштен бағалау сырттан расталмайды.   
Мектептерді  сырттан  бағалау  мектептер  көрсететін  қызметтердің  сапасын  қамтамасыз 
ететін құралы ретінде көп мәнді иелейді 
 
Қазақстан  Білім  және  ғылым  саласындағы  бақылау  комитеті  жүргізетін  мектептерді 
сырттай  бағалаудың  жүйелі  циклдерімен  мектептерді  бағалауда  негізделген  сыртқы  есептілік 
мәселелеріне  нақты  берілгендігін  айқындайды.  Мектептерді  сырттай  бағалау  тәсілінің  кейбір 
аспектілері жетекші әлемдік тәжірибеге тиісінше негізделген. Комитет жүргізген сырттай бағалау 
процесі  құрылымды  және  жүйелі  болып  табылады.  Процестің  әрбір  кезеңі  анық,  және  тәсілі 
қисынды.  Өзін  өзі  бағалау  бойынша  есеп  мектептерді  аттестаттау  процесінің  бөлігі  болып 
табылады.  Жүйелі  5-жылдық  цикл  іске  асырылады  және  осы  инспекциялар  шегінде  жиналатын 
деректерлер  мектепте  кеңестер  өткізу  үшін  жүргізілген  инспекция  туралы  есеп  нысанында 
беріледі. Аттестациялық комиссиялар тәжірибелі және танылған мұғалімдер санынан құралады.  
Мектептерді  аттестаттау  сабақтарды  қадағалау  туралы  талапты  қамтиды,  ол  білім  беру 
және  оқыту  үрдістерінің  маңыздылығын  ескертеді  және  педагогикалық  мәселелерді  ескертуге 
мүмкіндік  береді,  бірақ  сонымен  бірге  ол  мұғалімдер  үшін  қауіп  ретінде  қабылданбайды,  себебі 
олар  аттестаттау  комиссиясымен  жеке  бағаланбайды.  Білім  беру  мен  оқыту  бағалау  үрдісінде 
ерекшеленетіні үлкен мәнге ие, себебі бұл қандай мәселелердің маңызы бар екендігі туралы нақты 
көрініс береді. Оның үстіне, Қазақстанда сыртқы бағалауға деген көзқарас фактілерге негізделген. 
Фактілерді  жинау  шеңберінде  комиссия  құжаттарға  сұрау  салады  және  талдайды,  аттестаттауды 
жүргізу кезінде мүдделі тараптардың іріктемесін береді (оқушылар, мұғалімдер, ата-аналар). Одан 
басқа,  оқудағы  жетістіктері  туралы  мәліметтерді  жинау  оқушылардың  бағалаудың  арнайы 
әзірленген  құралдардың  көмегімен  жүзеге  асырылады.  Нәтижесінде,  аттестаттау  комиссиясы 
үлкен көлемдегі ақпарат алады, соның негізінде өз қорытындыларын жасайды.  
Сонымен  қатар,  мектептерді  аттестаттау  одан  әрі  жұмыс  істеу  үшін  кейбір  мүмкіндіктер 
береді, егер осы мүмкіндіктер аттестаттаудан өтпеген мектептерге ұсынылған болса да. Бастысы, 
одан  арғы  жұмыс  жергілікті  атқарушы  органдардың  (аудандық  және  қалалық  департаменттер) 
міндеті  болып  табылады,  себебі  олар  жақсарту  бойынша  іс-қимылдардың  тиісінше  жоспарын 
әзірленуін  қамтамасыз  ету  үшін  осындай  мектептермен  жұмыс  істеуге  жауапты.  Бақылау 
жөніндегі  комитет  алдында  анықталған  проблемаларды  шешу  үшін  жасалған  (оңды  шешім 
берілген  жағдайда  мектептің  лицензиясы  жаңартылады),  жақсартуларды  бағалау  үшін  келесі 
тексерісті жүргізеді. 
Білім секторын бағалау жүйесін дамытуда прогресс бар. 
Мониторинг  және  бағалау  үшін  негіз  жасауда  прогресс  бар.  Бұл  саясат  әзірлеушілерінің 
білім  мақсаттарына  қол  жеткізуде  сапаны  және  прогрессті  бағалау  үшін  құралдарды  әзірлеуге 
және  талдауға  көңіл  бөлетіні  белгілі.  Бұл  бірнеше  тараптардың  ынтымақтастығын  ұйғарады, 
мысалы,  Білім  және  ғылым  министрлігі,  Ақпараттық-талдау  орталығы,  Ұлттық  білім  беру 


4. БӨЛІМ ҚОРЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ 
«МЕКТЕПТЕГІ ҚОРЛАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ» ЕЛДІК ШОЛУЫ: ҚАЗАҚСТАН 2015 © ЭЫДҰ ЖӘНЕ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БАНК, 2015 
статистикасы  және  бағалау  орталығы  (ҰБСБО)  ҰБСБО    және  білім  және  ғылым  саласындағы 
Бақылау  жөніндегі  комитеттің.  Білім  саясатында  саясатты  жоспарлау  және  әзірлеу  үрдісінің 
маңызды  бөлігі  ретінде  жүйені  бағалау  үлкен  стратегиялық  рөлге  ие  болып  жатыр.  Осыған 
байланысты, қазіргі мәліметтерді талдау үшін талдау әлеуетін арттыруда қажеттілік туындайды.  
Білім құрылымын бағалау жүйесін дамуындағы прогресс мынадан көрінеді: білім жүйесін 
бағалауда  басқарушы  құжаттары  болып  табылатын  білім  стандарттарын  жасау;  мәліметтерді 
жинау үшін білім индикаторларының құрылымын жасау; білім берудің бірыңғай деректер базасын 
дамыту; ұлттық бағалау іріктемесіне негізделген білім жүйесінің дамуы (); мүдделі таратптардың 
білім  беру  жүйесінің  қанағаттануын  бағалау  үшін  әлеуметтік  сауалнаманың  дамуы;  оқу 
жетістіктерін  бағалаудың  халықаралық  бағдарламаларына  қатысу,  мысалы,  PISA  және  TIMSS; 
сыртқы  көзқарасқа  ашық  болу,  мысалы  саясат  бойынша  ЭЫДҰ  шолуы;  Министрліктердің  және 
ҰБСБО  талдау  есептерін  дайындау.  Оқушылардың  оқудағы  жетістіктері  туралы  ақпаратты 
жариялау және тарату бойынша кейбір күштер жұмсалуда.   
Шешуді талап ететін күрделі мәселелер 
Үлгерімі нашар оқушыларды қолдаудың жүйелі саясаты жоқ. 
Қазақстанда  мектептерде  оқушылардың  қатысуына  кедергі  келтіруі  мүмкін  (3-бөлімде 
қарастырылған)  әлеуметтік-экономикалық  мәселелерді  шешудің  жүйесі  жақсы  дамыған,  бірақ 
үлгерімі  нашар  оқушыларды  қолдау  мектептің  толық  қарауымен  жүзеге  асырылады.  Тәжірибе 
жүзінде  сарапшылар  үлгерімі  нашар  оқушыларды  қолдау  үшін  көтермелеу  де,  ресурстар  да  жоқ 
екендігін  белгілейді.  Алайда,  олимпиадаларда  және  дарынды  балаларда  мемлекеттің  назары 
мұғалімдердің  жоғары  көрсеткіштері  бар  оқушыларға  артық  көңіл  бөлуін  және  дарынды  емес 
оқушылардың  оқудағы  табыстарына  қатысты  аз  көңіл  бөлуге  жағдай  жасайды.  Қазақстандағы  
4 және 8 сыныптар оқушыларының үштен екі бөлігі оқу жетістіктеріне үлкен назар аударылатын 
мектептерде білім алады, оқушылардың үшінші бөлігі мұндай мектептерде білім алмайды. ЭЫДҰ 
көптеген  елдерінде  оқушылардың  85  пайызынан  астамы  үлкен  үміттер  және  табысқа  сүйенетін 
мектептерде оқиды. Оның үстіне, нормаларды қатаң қолдануына байланысты мектептер үлгерімі 
төмен немесе нашар оқушыларға қосымша ресурстар бағыттау мүмкіндіктері аз. 
Сондай-ақ,  Қазақстан  бастауыш  немесе  негізгі  орта  білімде  стандартталған  тестілеуді 
жүргізбейді  (9-сыныбынан  басқа),  себебі  мұндай  ақпарат  жоқ,  ал  болғанда  оқуда  қалып  жатқан 
оқушыларды  анықтауға  көмектесер  еді.  Ұдайы  тестілеу  және  мұғалімдермен  кері  байланыс 
оқушылардың түсінбеген тақырыптарымен жұмыс істеу кезінде мұғалімдер және тьюторлар үшін 
тиімді  бағыт  болып  табылады  және  осының  нәтижесінде  олардың  үлгерімнің  артуына  қол 
жеткізуге болар еді (Славин және Мадден, 2010, Фрайер 2014). 
Тынышсыздық оқушылардың қабілеттері және жынысы бойынша топтасуға әкеледі.  
Қабілеттері бойынша топтастыру 
Ең нәтижелі оқушыларды анықтау және дамыту ертеден басталады. Бастауыш мектептерде 
қабілеттер  бойынша  топтастыруға  ресми  түрде  рұқсат  берілмегенімен,  сарапшыларға  мектеп 
психологы және мұғалімдер сыныптар бойынша және балалар төрт жыл ішінде оқитын мұғалімнің 
анықтауы  бойынша  оларды  бөлу  кезінде  оқушыларды  қалай  бағалағанын  (әрбір  оқу  жылы 
бойынша бірнеше сыныптары бар бір немесе үлкен мектептерде) айтқан. Аттестаттау шеңберінде 
жүргізілген төртінші сынып баласын тестілеу бойынша ұпайларды талдау әр түрлі мектептерде үш 
сыныптың ұпайдағы елеулі айырмашылықтарды көрсетті, олар 1-сыныпта жүргізілген қабілеттер 
бойынша  топтасумен  байланысты  болуы  мүмкін.  Мақсаты  мұғалімдермен  жұмыс  жасаудан 
тұратын бір аудандық әдістемелік кабинеттің штаты мұғалімдер үшін дарынды балалармен жұмыс 
жасайтын  әдіскерді  қосатын,  бірақ  онда  мұғалімдер  үшін  оқуда  қиындықтары  бар  балалармен 
жұмыс істейтін әдіскер болмады (АТО, 2014). 
Кейбір мектептерде оқушылар қабілеттері бойынша топтасатындығы туралы дәлелдер бар. 
Мектептерге қойылатын нормативтік талаптар бір оқу жылындағы сыныптар арасында қабілеттері 
бойынша оқушыларды теңдей бөлуді көздейді және Шолуды дайындау кезінде сарапшылар барған 
кейбір  мектептерде  оларға  бір  оқу  жылындағы  оқушыларды  біртекті  сыныптарға  немесе 
қабілеттері  бойынша  топтарға  бөлмейтінін  айтқан.  Дегенмен,  бұрынырақ  қаралғандай,  бір 


жүктеу 4,1 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   100




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау