Тақырып 8. Сыбайлас жемқорлық әрекеті үшін жауапкершілік түрлері
1. Тәртіптік және әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғатын сыбайлас жемқорлық түрлері
2. Қылмыстық кодексі бойынша сыбайлас жемқорлық қылмыстарына жалпы сипаттама және қылмыстық жауапкершілік түрлері.
3. Жемқорлық фактілері туралы хабарлаған тұлғаларды көтермелеу және қорғау институты және пара берушіні қылмыстық жауапкершіліктен босату шарты
1. Қазірігі таңдағы Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметшілері арасындағы қылмыстың әртүрлі формада көбейіп келе жатуы өзекеті мәселеге айналып отыр. Бұл қылмыстың ең қауіпті формасы болып мемлекеттік құрлым-дарда қылмыстық элементтерді көбейте отырып, шенеулік жеке өзінің жағдайын жақсарту мақсатында қызметтік функциясында саудамен айналысады.
Сыбайлас жемқорлық өз кезегінде ұйымдасқан қылмыстың ортасына айналып, олардың табысының қайнар көзіне айналады. Ол өте жоғары латентілігі-мен, тойымсыздығымен және мемлекет пен қоғамға орасан зор зиян келтіруімен ерекшеленеді. Қылмыстың бұл түрі қоғамдағы саяси-адамгершілік климатына теріс ықпал ете отырып, саяси, экономикалық және әлеуметтік жаңаруға бағытталған қатынастарға кесірін тигізеді. Биліктен көңілі қалған халық енді заңды құрметтеуденде қалатын болады. Мемлекеттік қызметшілердің қылмыстық әрекеттері адамдардың санасындағы дүниетанымы мен құндылығына әсер етіп, нақты жеке тұлғаның рухани жұтаңдығына ғана емес, тұтастай ұлттың және қоғамның жұтаңдығына әкеп соғады.
Сыбайлас жемқорлық қылмыстары экономика және саясат секілді маңызды салаларды қамтып алады. Әсіресе, мемлекеттік меншікті жекешелендіруде, экономмикалық секторларды қаржыландыруда, банктік операцияларда, квота мен лицензия беруде, қорларды бөлуде, жер реформаларын жүзеге асыруда және т.б. көрінеді. Бұл қылмыстың түрі саясаттада орын алып, заң шығарушы органдардың сайлауларында, осы органдардың қызметінде, мемлекеттік билік органдарында кадрлық мәселені шешуде және мемлекеттік шешімдерді жүзеге асыруда да кеңінен қанат жаяды.
Мемлекеттік қызметшілердің қылмыстылығы бұқаралық санада көріндей қалып, керсінше қолдау тауып жататыны жасырын емес. Бұл халықтың проблемасын тиімді шешу жолдарын көрсетудің көлеңкесі іспетті болып келеді. Тұрмыстық деңгейдегі сыбайлас жемқорлықтағы пара алу әрекеті жүз проценттік табыстың кепілдігі, ал ал сыбайлас жемқорлықтың өзі қоғамға тән өмірдің бір бөлігіне айналған.
Мемлекеттік қызметшілердің қылмыстық жабық формасына жасалатын заңсыз жолмен алынған ақша қаражатымен мүліктерді, экономикалық контрабанда, заңсыз кәсіпкерлікпен айналысуды анықтау тәжірбиеде сирек кездеседі. Шикізат ресурстарын ұрлаумен ұйымдасқан топтардың қылмысымен байланысты, лауазымды тұлғаның сыбайлас жемқорлығымен байланысты қылмыстар толық ашылмай жатады. Экономика мен қаржы саласындағы сыбайлас жемқорлық қылмыстары қозғаусыз жатыр деуге де болады.
Бұл әлеуметтік құбылыспен күресте қиындық туғызып отырған жағдай, сыбайлас жемқорлық жасырын ғана емес, келісімді түрде жасалуы болып табылады. Көптеген жағдайда оған қатысты шағымдар болмайды. Себебі заңсыз мәміле жасау екі жаққа да тиімді болып келеді. Пара беруге мәжбүрлеуде шағымдар болмайды, адамдар сыбайлас жемқорлықпен күрес процессіне әрқашанда сенім білдіре бермейді.Бұған негіз болатын объективтік және субъективтік жағдайлар отанымызда да шетел елдер тәжірбиесінде орын алған.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 13-тарауы мемлекеттiк қызмет пен мемлекеттiк басқару мүдделерiне қарсы сыбайлас жемқорлық және өзге де қылмыстарға » арналған. 1959 жылғы Қылмыстық кодексте мұндай тарау жоқ еді, керсінше « Лауазымды қылмыстар» деген арнайы 5- тарау бар болатын. Қоғамызда орын алған күрделі әлеуметтік – экономикалық , саяси өзгерістердің нәтижесінде лауазымды адамдардың қылмыстары мемлекеттік органның аппараты жүйесінде немесе коммерциялық және өзге де ұйымдар жүйесінде істелінетіні айқындалды. Осыған орай бұрынғы кодекстегі лауазымдық қылмыстар деген тарау лауазымды адамдардың қызмет бабын пайдалана отырып істейтін қоғамға қауіпті іс-әрекеттерінің мәніне қарай коммерциялық және өзгеде де ұйымдардағы қызмет мүделеріне қарсы қылмыстар болып жеке екі тарауға бөлінеді . Мұндай бөлінудің негізгі қылмыстың объектісі мен субъектісі болып табылады. Мемлекеттік емес ұйымдардың лауазымды адамдарының қылмысты іс-әрекеті сол ұйымдардың бір қалыпты жұмысына кедергі келтіреді және олардың мемлекеттік аппарат қызметіне ешқатысы болмайды.
Осы екі органның – мемлекеттік немесе коммерциялық және өзге ұйым-дардың лауазымды адамдарының атқаратын функцияларында елеулі өзгерістер бар . Сондықтан да осы тұрғыдағы қылмыстар үшін жауаптылық Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодекстің арнаулы 8-тарауында көзделген. Жалпыға мәлім бірқалыпты дұрыс қызмет атқаратын мемлекеттік органдардың қызметі ғана қоғамның экономикалық дамуына , оның мүшелерінің құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге қаблетті. Осыған орай мемлекеттік аппараттың қызметін қорғау, оған қылмыстық қол сұғуды болдырмау ең маңызды мәселе болып табылады. Өйткене мемлекеттік аппарат қоғамды басқару жүйесінің қажетті белгісі болып , ондағы жүріп жатқан процестердің реттеушісі болып табылады. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде қызмет борышын адал атқаратындардың мүдделерін қорғайтын көптеген баптар баршылық , сонымен бірге өз қызметтеріне қиянат жасай-тындарға заң алдындағы қатаң жауаптылықта көзделген.
Қазақстан Республикасының 25.09.03 ж. № 484-II Заңымен 13-тараудың тақырыбы өзгертілді. Енді ол «Мемлекеттiк қызмет пен мемлекеттiк басқару мүдделерiне қарсы сыбайлас жемқорлық және өзге де қылмыстар» деп аталады.
Мемлекеттік қызмет мүдесіне қарсы қылмыстардың бір тарауға біріктіруге негіз болған төмендегідей ортақ белгілер :
Бұл тұрғыдағы қылмыстар негізінен арнаулы субъекті – мемлекеттік қызметші немесе мемлекеттік органның лауазымды адамдары арқылы жасалады ;
Бұл тараудағы қылмыстар қызмет өкілдігін пайдалану арқылы жүзеге асырылады ;
Лауазымды адамдардың қылмысты іс-әрекеттері мемлекеттік аппараттың дұрыс, заңды қызметін қызмет мүддесіне қайшы түрде бұзады.
Мемлекеттік қызмет мүддесіне қарсы қылмыстардың топтық объектісі – мемлекеттік аппаратың дұрыс, бірқалыпты қызметі ; қосымша тікелей объектісіне – азаматтардың , ұйымдардың құқық-тары мен заңды мүдделері, қоғамның, мемлекеттің заңды мүдделері жатады. Кейбір қылмыс құрамдарының міндеті белгісі – қылмыс заты болады : материалдық сыйақы ( 311, 312 , 313, - баптар ) , ресми құжат ( 314-бап ). Объективтік жағынан – мемлекет мүддесіне қарсы қылмыстар материалдық құрам – ( Қазақстан Республикасының Қыл-мыстық кодексінің 307, 308, 309, 315, 316-баптары ) және формалдық құрам ( Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі-нің 310, 311, 312, 313, 314, - баптар ) болып бөлінеді.
Субъективтік жағынан бұл қылмыстар негізінен қасақана кінә нысанымен жасалады, тек қана салақтық ( 316 – бап ) абайсыздық түріндегі кінә нысаны арқылы жүзеге асырылады. Қызмет өкілеттігін теріс пайдалану ( 307 – бап ), қызметтік жалғандық ( 314 – бап ) жасау құрамдарының субъективтік жағының қажетті белгісі ретінде заңда пайдакүнемдік немесе өзге де жеке басының мүддесі көзделген.
Осы тараудағы қылмыстардың субъектісі – мемлекеттік қызметші немесе мемлекеттік аппараттың лауазымды адамдары болады. Тек қана Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 312, 313 – баптарының субъектісі жай адам болады.
2. Сыбайлас жемқорлықпен байланысты құқық бұзушылықтардың түрлері «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі - Заң) белгіленген.
Заңның 2-бабына сәйкес мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын адамдардың, сондай-ақ соларға теңестiрiлген адамдардың лауазымдық өкiлеттiгiн және соған байланысты мүмкiндiктерiн пайдалана отырып не мүлiктiк пайда алу үшiн олардың өз өкiлеттiктерiн өзгеше пайдалануы, жеке өзi немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген мүлiктiк игiлiктер мен артықшылықтар алуы, сол сияқты бұл адамдарға жеке және заңды тұлғалардың аталған игiлiктер мен артықшылықтарды құқыққа қарсы беруi арқылы оларды сатып алуы сыбайлас жемқорлық деп ұғынылады.
Тәртiптiк, әкiмшiлiк және қылмыстық жауапкершiлiкке әкеп соқтыратын сыбайлас жемқорлықпен жымдасқан немесе сыбайлас жемқорлық үшiн жағдай туғызатын әрекеттер сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтар (сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтар) болып табылады.
Заңның 12-бабының талаптарына сәйкес мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлеттiк берiлген адамдардың немесе соларға теңестiрiлген адамдардың мынадай:
басқа мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың қызметiне заңсыз араласу;
аталған адамдардың не олардың жақын туыстары мен жекжаттарының материалдық мүдделерiн қанағаттандыруға байланысты мәселелердi шешу кезiнде өздерiнiң қызметтiк өкiлеттiгiн пайдалану;
мемлекеттік қызметке және мемлекеттік ұйымдарға және жарғылық капиталындағы мемлекеттің үлесі елу пайыздан көп болатын ұйымдарға, оның ішінде акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтерге, ұлттық холдингтерге, ұлттық компанияларға, ұлттық даму институттарына, олардың дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы өздеріне тиесілі еншілес ұйымдарына, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы көрсетілген еншілес ұйымдарға тиесілі заңды тұлғаларға қызметке тұратын және қызметін жоғарылататын кезде заңда көзделмеген артықшылықтар беру (тамыр-таныстық, отбасылық жақындық).
шешiмдер әзiрлеу мен қабылдау кезiнде заңды және жеке тұлғаларға заңсыз артықшылық көрсету;
кiмге болса да табыс алуға байланысты кәсiпкерлiк және өзге де қызметтi жүзеге асыруда заңдарда көзделмеген кез келген жәрдем көрсету;
мемлекеттiк мiндеттерiн атқару кезiнде алынған ақпаратты, егер ол ресми жариялауға жатпайтын болса, жеке немесе топтық мүдделерге пайдалану;
берiлуi заңдарда көзделген ақпаратты жеке және заңды тұлғаларға беруден негiзсiз бас тарту, оны кешiктiру, бұрыс немесе толық емес ақпарат беру;
жеке немесе заңды тұлғалардың табыс етуi заңдарда көзделмеген ақпаратты бұл тұлғалардан талап ету;
мемлекеттiк қаржы ресурстары мен материалдық ресурстарды жекелеген кандидаттардың сайлау қорына беру;
жеке және заңды тұлғалардың арыз-өтiнiштерiн қараудың және өз құзыретiне кiретiн өзге де мәселелердi шешудiң заңда белгiленген тәртiбiн әлденеше рет бұзу;
оғары тұрған ресми адамдардың лауазымдық өкілеттіктерін пайдалана отырып мүліктік пайда, игіліктер не артықшылықтар алу үшін аталған адамдарға сыйлықтар тарту және қызметтен тыс қызмет көрсету;
жеке немесе заңды тұлғаларға олардың құқықтары мен заңды мүдделерiн iске асыруда көрiнеу кедергi жасау;
кәсiпкерлiк қызметтi мемлекеттiк реттеу, сондай-ақ оған бақылау жасау және қадағалау өкiлеттiгiн сондай қызметтi жүзеге асырушы жеке немесе заңды тұлғаларға беру;
мемлекеттік бақылау мен қадағалау міндеттерін мемлекеттік орган мәртебесі жоқ ұйымдарға беру;
қызметi немесе жұмысы жөнiнен жоғары немесе төмен тұрған не өздерiмен өзге де түрде тәуелдi лауазымды адамдармен ақша немесе өзге де мүлiк салынатын сипаттағы құмар ойындар ойнауға қатысу әрекеттерi сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылықтар болып табылады.
Заңның 13-бабына сәйкес мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлеттiк берiлген адамдардың немесе оларға теңестiрiлген адамдардың мынадай әрекеттерi игiлiктер мен артықшылықтарды заңсыз алуға байланысты сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтар болып табылады:
өздерiнiң мемлекеттiк немесе оған теңестiрiлген мiндеттерiн атқарғаны үшiн, егер заңдарда өзгедей көзделмесе, өзi тиiстi мiндеттердi атқармайтын ұйымдардан, сондай-ақ жеке тұлғалардан ақша, көрсетiлетiн қызмет және өзге де нысандар түрiнде кез келген сыйақы қабылдау.Мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлеттiк берiлген адамның немесе оған теңестiрiлген адамның шотына келiп түскен, аталған адам бiлмейтiн ақша қаражаты, сондай-ақ оның осы тармақшаның бiрiншi абзацы бұзыла отырып, тиiстi мiндеттерiн атқаруына байланысты алған қаражаты ол анықталғаннан кейiн екi аптадан аспайтын мерзiм iшiнде тиiстi салық органына мұндай қаражат түсуiнiң мән-жайы туралы түсiнiктеме табыс етiле отырып, республикалық бюджетке аударылуға тиiс;
өзiнiң мемлекеттiк немесе оған теңестiрiлген мiндеттерiн атқаруына байланысты не қызметi бойынша өздерiне тәуелдi адамдардан жалпы қамқоршылығы немесе қызметінде бетімен жібергені үшін сыйлықтар алу немесе қызметiн қабылдау.Аталған адам бiлмей келiп түскен сыйлықтар, сондай-ақ оның осы тармақшаның бiрiншi абзацын бұза отырып тиiстi мiндеттердi атқаруына байланысты алған сыйлықтары жетi күн мерзiм iшiнде арнаулы мемлекеттiк қорға тегiн өткiзiлуге тиiс, ал адамға нақ сондай жағдайлар кезiнде көрсетiлген қызмет үшiн республикалық бюджетке ақша қаражатын аудару арқылы ақы төлеуге тиiс. Өзiне сыйлықтар келiп түскен адам жоғары тұрған лауазымды адамның келiсiмiмен оларды аталған қордан тиiстi жерде қолданылып жүрген нарықтық бөлшек сауда бағасы бойынша сатып алуға хақылы. Сыйлықтарды сатудан түскен ақша қаражатын арнаулы мемлекеттiк қор республикалық бюджетке аударады;
жұбайының (зайыбының), туыстарының шақыруы бойынша олардың есебiнен;
егер қарым-қатынасы шақырылатындардың қызметтiк iс-әрекетiнiң мәселелерiн қозғамаса, өзге де жеке тұлғалардың шақыруы бойынша (жоғары тұрған лауазымды адамның немесе органның келiсiмiмен);
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары мен шет мемлекеттердiң мемлекеттiк органдарының арасындағы өзара уағдаластыққа сәйкес тиiстi мемлекеттiк органдардың және (немесе) халықаралық ұйымдардың қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын;
жоғары тұрған лауазымды адамның не органның келiсiмiмен, ұйымдардың қаражаты есебiнен ғылыми, спорттық, шығармашылық, кәсiби, гуманитарлық шараларға қатысу үшiн жүзеге асырылатын, оның iшiнде осындай қоғамдық бiрлестiктердiң (қорлардың) жарғылық қызметi шеңберiнде жүзеге асырылатын сапарларды қоспағанда, шетел, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларының есебiнен мемлекетішiлiк және шетелдiк туристiк, емдеу-сауықтыру және өзге де сапарларға шақыруды қабылдау;
несиелер, қарыздар алуда, бағалы қағаздар, жылжымайтын және өзге де мүлiктер сатып алуда заңдарда көзделмеген артықшылықтарды пайдалану.
Қолданыстағы заңнамада сыбайлас жемқорлық нысандарының ұғымы көзделмеген, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнің 31-бабында қылмысқа қатысу нысандары белгіленген. Мәселен, келесі жағдайларда қылмыс жасалған деп танылады:
егер қылмыс жасауға екi немесе одан да көп орындаушы күнi бұрын сөз байласпай бiрлесiп қатысса, ол адамдар тобы жасаған қылмыс деп танылады.
егер қылмысқа бiрлесiп жасау туралы күнi бұрын уағдаласқан адамдар қатысса, ол адамдар тобы алдын ала сөз байласып жасаған қылмыс деп танылады.
егер қылмысты бiр немесе бiрнеше қылмыс жасау үшiн күнi бұрын бiрiккен адамдардың тұрақты тобы жасаса, ол ұйымдасқан топ жасаған қылмыс деп танылады.
егер қылмысты бір немесе бірнеше қылмыс жасау мақсатында құрылған ұйымдасқан топтардың бірлестігі жасаса, ол қылмыстық қоғамдастық (қылмыстық ұйым) жасаған қылмыс деп танылады.
егер қылмысты бір немесе бірнеше қылмыс жасау үшін күні бұрын біріккен адамдардың тұрақты тобы екі және одан да көп мемлекеттің аумағында не бір мемлекетте жасаса, бірақ оны дайындау, жоспарлау, басқару немесе оның зардаптары басқа мемлекетте орын алса немесе бір мемлекетте, бірақ басқа мемлекеттер азаматтарының қатысуымен жасаса, ол трансұлттық ұйымдасқан топ жасаған қылмыс деп танылады.
егер қылмысты бір немесе бірнеше қылмыс жасау мақсатында құрылған ұйымдасқан топтар бірлестігі екі және одан да көп мемлекеттің аумағында не бір мемлекетте жасаса, бірақ оны дайындау, жоспарлау, басқару немесе оның зардаптары басқа мемлекетте орын алса немесе бір мемлекетте, бірақ басқа мемлекеттер азаматтарының қатысуымен жасаса, ол трансұлттық қылмыстық қоғамдастық (трансұлттық қылмыстық ұйым) жасаған қылмыс деп танылады.
3. Егер сіз мемлекеттік қызметшілер тарапынан сыбайлас жемқорлық көріністеріне тап болсаңыз немесе заңсыз сыбайлас жемқорлық бұзушылықтарының еріксіз куәгері болсаңыз, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бірыңғай Сall-орталығы хабарлай аласыз.
Саll-орталығы азаматтарға келесі мәселелер бойынша кеңес береді:
сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл;
сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жұмысқа орналасу;
сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өндірісіндегі өтініштер мен хабарламаларды қарау барысы туралы;
сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзге де жолмен жәрдемдесетін тұлғаларды көтермелеу;
сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің құзыретіне кіретін өзге де мәселелер.
Хабарламаларды қабылдау: сыбайлас жемқорлық фактілері туралы, оның ішінде жасалған немесе дайындалып жатқан сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері (әрекетсіздіктері) туралы;
Кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау мәселелеріне қатысты; Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет іздеудегі адамдар туралы мәліметтер;
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің әрекетіне қатысты (пікірлер, ұсыныстар).
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілері туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзге де жолмен жәрдемдесетін адамдарды көтермелеу Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзгеше түрде жәрдем көрсететін адам мемлекет қорғауында болады және Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен көтермеленеді.
Біржолғы ақшалай сыйақы түріндегі көтермелеу мынадай мөлшерде белгіленеді: егер пара немесе залал мөлшері 1000 АЕК (2 млн 778 мың теңгеден)аспаса:
сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы әкімшілік істер бойынша – 83 340 теңге (30 АЕК);
сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша – 111 120 теңге (40 АЕК);
сыбайлас жемқорлық қылмыстары бойынша орташа ауырлықтағы қылмыстық істер бойынша – 138 900 теңге (50 АЕК);
ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша – 194 460 теңге (70 АЕК);
аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша – 277 800 (100 АЕК).
Пара немесе залал көлемі 1000 АЕК (2 млн 778 мың теңгеден) жоғары болса, онда сыйақы мөлшері параның 10% құрайды, бірақ 4000 АЕК (11 млн 100 мың теңге) жоғары емес.
Ескертулер.
1. Осы Кодекстің 366-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген адамға бұрын жасаған заңды әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін сомасы немесе құны екі айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сыйлықты бірінші рет беру, егер осы адам жасаған әрекеттер (әрекетсіздік) алдын ала уағдаластықпен байланысты болмаса, қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқпайды.
2. Пара берген адам, егер оған қатысты осы Кодекстің 366-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген адам тарапынан параны қорқытып алу орын алған болса немесе егер осы адам пара бергені туралы құқық қорғау органына немесе арнаулы мемлекеттік органға өз еркімен хабарласа, қылмыстық жауаптылықтан босаты
Достарыңызбен бөлісу: |