Мазмұны ағзаның құрылысы



жүктеу 0,52 Mb.
Pdf просмотр
бет8/21
Дата20.05.2018
өлшемі0,52 Mb.
#15290
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   21

30

Адам

Жылдамдық, төзімділік, күш

Тіршілік иелерінің қозғалыс жылдамдығы сияқты қасиеті 

сол қозғалысқа жауапты бұлшықеттерінің қалай жылдам жи'

ырылып, жазыла алатынына байланысты. Планетадағы ең 

жүйрік  сүтқоректі  –  қабылан.  Олжасын  қуып  жету  үшін  ол 

сағатына 120 км жылдамдықпен жүгіре алады – бұл автокөліктің 

жылдамдығына барабар деген сөз. Әрине, адамның қолынан 

бұл келмейді, ең жүйрік желаяқтың өзі сағатына 36 км 

жылдамдықпен ғана жүгіреді. Қозғалыс жылдамдығы – көп 

ретте тұқым қуалайтын қасиет, бірақ оны жеңіл атлетика, фут'

бол, хоккей, семсерлесу сияқты спорттың белсенді түрлерімен 

шұғылдану арқылы дамытуға болады. Шығыс жекпе'жектерімен 

шұғылданғанда да жылдамдықтың арнайы жаттығулары бола'

ды. 


Жұмысты ұзақ уақыт орындай алу қабылеті төзімділік 

деп аталады. Ең алыс қашықтыққа жүгіретін марафоншылар 



Марафон мәреге 

жеткенде

үшін бұл қасиет өте маңызды. Ежелгі 

грек аңызында Фидиппид атты жауын'

гер біздің дәуірімізге дейінгі 490 жылы 

Марафон түбіндегі шайқастан кейін, 

гректердің жеңгенін сүйіншілеу үшін Ма'

рафоннан Афиныға дейін 42 шақырым 

бойы тоқтамастан жүгіріп жеткені айты'

лады. Ол: «Қуаныңдар, афинылықтар, біз 

жеңдік!» деген сөзді ғана айтып үлгеріп, 

құлап түседі де, көз жұмады. Қазіргі ма'

рафоншылар бұл қашықтықты 2 сағаттан 

сәл астам уақыт ішінде жүгіріп өтеді!

Планетаның ең күшті адамы кім 

болғаны белгісіз, өйткені әр халықтың 

өзінің даңқты батырлары болған ғой. 

Мысалы, ежелгі гректер кереметтей 12 



31

Қозғалыстағы дене 

Адамның ең жылдам бұлшықеттері – үстіңгі 

қабақты көтеріп'түсіріп тұратын бұлшықеттер 

екені белгілі: олар секундына 5 рет жиырыла 

алады, соның арқасында көзді әртүрлі қауіп'

қатерден қорғап тұрады.



Культуристер 

жарысында 

ерлік жасаған Гераклды осындай адам деп санайды.

Оны алғашқы ерлігі терісін жебе де, найза да тесе алмай'

тын қаһарлы Немей арыстанымен жекпе'жегі болыпты. Ге;



ракл оны бәрібір жеңіп шыққан! Бір қызығы, аңызға айналған 

Гераклдың ерлігін 1907 жылы украин батыры Терентий Корень 

қайталапты, Чикаго қаласындағы цирк ойыны кезінде тордан 

шығып кеткен арыстан оған тап береді. Бұл жолғы шайқаста да 

адам жеңіп шығады! Қазіргі ауыр атлет батырлар өз салмағынан 

екі еседен артық салмақтарды көтере алады.

Табиғат әркімге мықты бұлшықет сыйлай бермейді, бірақ ар'

найы жаттығулар арқылы бұлшықетті 

нығайтып, дамытып, біршама сым'

батты етуге болады. Бодибилдинг 

(ағылшынның «дене» және «сомдау» 

деген мағынадағы сөздері) деген 

спорттың  ерекше  түрі  де  бар.  Ресей'

де оны культуризм деп атайды. Жа'

рыс кезінде спортшылар (қатарында 

әйелдер де бар) әртүрлі ұтымды қалыпта 

тұрып, бұлшықет өсірудегі жетістіктеріне 

қазылар алқасы мен көрермендерді 

таңғалдыруға тырысады. Алай'

да, бұлшықеттерді арнайы тағамдық 

қоспалар ішу арқылы өсіру денсаулыққа 

өте зиянды екенін дәрігерлер ескертеді.




32

Адам

Біз қалай тыныс 

аламыз

Адамдар тіршілік үшін өте 

маңызды әлдебір нәрсені сөз ет;

кенде «ауадай қажет» дегенді жиі 

айтады. Шынында да, ауа болма;

са адам 5 минут ішінде өліп кетеді. 

Ауа – әртүрлі газдардың қоспасы, 

оның құрамында бізге қажет от;

тек те бар. Ағзамыздың барлық 

бөліктерінің жұмыс істеуі үшін 

әрдайым энергия керек қой. Үлкен 

қалада энергияны мұнай немесе 

Адамның тыныс алу 

жүйесі

көмір отыны жағылатын электрстанцияларда жасап 

шығарады. Біздің ағзамыз оттектің көмегімен майлар;

ды  және  көмірсуларды  жағу  арқылы  энергия  бөледі. 

Бұл отынды біз күнделікті астан аламыз, ал оттек;

ті – қаңқа, кеңірдек, көмекей, бронхы және өкпеден 

тұратын тыныс алу жүйесінің көмегімен ауадан ала;

мыз.

Өкпенің жұмысы ауыр

Кәне, ауаның адам денесінің ішімен қалай саяхат жасайты'

нын бақылап көрейікші. Ауа мұрыннан аңқаға (ауаны ағзаның ішкі 

жағына өткізетін арна), содан кейін жарты сақина тәрізді серпімді 

шеміршек қорғап тұратын ұзын түтік – кеңірдекке, сол арқылы 

өкпеге жетеді. Ауаның кеңірдекке өтуіне көмекей көмектеседі (ол 

ауа жолына тағамның түсіп кетуінен қорғайды). Кеңірдектің төменгі 

жағы екі тармаққа '  оң және сол жақ бронхыларға бөлінеді де, брон;



хылар  өкпенің өзіне сәйкес бөлігіне барады. Осы үлкен тармақты 

түтіктерден ағаштікі сияқты кішірек бұтақтар, олардан кейін мүлде 




33

Біз қалай тыныс аламыз

Біз бір рет қана тыныс алған кезде ішімізге жар'

ты литр ауаны енгіземіз. Ал адамның күні бойы 

жұтатын ауасымен ауа шарының бірнеше мыңын 

үрлеп толтыруға болар еді!

Дем алу мен дем шығару (қабырғалар мен көкеттің қозғалысы)

ұсақтары тарайды. Әрбір тармақ өкпе көпіршіктерінің (альвеола

шоғырымен аяқталады, көпіршіктердің ең ұсақтары микроскоппен 

ғана көрінеді. 

Осы қуыс көпіршіктерден өкпе түзіледі. Қан жүретін капиллярдың 

қалың торлары басқан  альвеола қабырғалары арқылы оттек қанға 

түседі де, бүкіл денеге таралып кетеді.

Тыныс алғанда өкпеміздің көлемі біресе ұлғаяды (дем алу), біресе 

кішірейеді (дем шығару). Бұл тыныс алу қимылдары қабырғаларды, 

көкетті (диафрагма) көтеретін тыныс алу бұлшықеттерінің көмегімен 

жүзеге асады. Көкет – кеуде қуысы мен құрсақ қуысының арасындағы 

жұқа бұлшықетті перде. Ол біресе тегістеліп, біресе күмбездене 

көтеріле алады. Дем алғанда тыныс алу бұлшықеттері қабырғаны 

көтереді, ал көкет төмен түседі. Өкпенің көлемі ұлғайып, ауаға то'

лады. Дем шығарғанда қабырғалар төмен түсіп, көкет көтеріледі де, 

өкпеден ауаны қысып шығарады.




жүктеу 0,52 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   21




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау