Мазмұны ағзаның құрылысы



жүктеу 0,52 Mb.
Pdf просмотр
бет10/21
Дата20.05.2018
өлшемі0,52 Mb.
#15290
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   21

38

Адам

Егу арқылы 

шешекті, күлді, 

полиомиелитті 

және бірқатар 

қауіпті 

ауруларды 

жеңудің сәті 

түскен.

Қан және иммунитет

Айналамызда қауіпті микробтар мен вирустар өте көп, 

бірақ біз кейде ғана сырқаттанамыз. Ағзаның иммундық 

жүйесі бізді олардың басып кіруінен қорғайды. Инфекцияның 

жолындағы бірінші кедергі – денеміздің жамылғы қабаты, ал 

егер ауру тудыратын бактериялар мен вирустар ішке еніп кет'

се, олармен күреске лейкоциттер кіріседі. Кейбіреуі микробтар'

ды тікелей жұтып та алады. Бұл шайқас үнемі лейкоциттердің 

жеңісімен аяқтала бермейді. Қатты инфекция түскен жарадан 

бөлініп шығатын сары ірің – өлген лейкоциттердің жиынтығы.

Басқа лейкоциттер ағзаны бактериялар мен вирустардан 

қорғайтын заттарды – антиденелерді  бөліп шығарады. Ауру 

қоздырғышының әрбір түрімен күресуге соған лайық антитела 

қажет, оларды жасау үшін ағзаға белгілі бір уақыт керек. Сол се'

бептен, қызылшамен ауырған адам 2 аптадан кейін ғана жазы'

лады. Есесіне қызылшамен қайталап ауырмайтын болады: оның 

қанында қызылшаның қоздырғышына қарсы антидене пайда 

болған, енді тұрақты (өмір бойы) соған қарсы имунитеті бар. 



39

Қан айналым жүйесі  

ЖИТС (СПИД), жұқтырылған имунитет тапшылық 

синдромы – 1981 жылы алғаш рет байқалған аса 

қауіпті аурулардың бірі. Әзірге оны емдейтін тиімді 

дәрі табылған жоқ. ЖИТС иммунитетті бұзатын ви'

рус тудырады. 



Аллергия көктемде 

күшейеді

Екпе жасалған адамдарда имуни'

тет қалыптасады. Екпені  (вакцинация) 

XVIII ғ. ағылшын дәрігері Дженнер ойлап 

тапқан. Ол заманда шешек деген қауіпті 

ауру қатты күшейіп тұрған. Сиырда бо'

латын, адамға қауіпсіз шешектің түрімен 

ауырған сауыншылардың қайталап ау'

ырмайтынын Дженнер байқап қалады. 

Сонда дәрігер адамдарды нағыз ше'

шектен құтқару үшін сиыр шешегін жа'

санды түрде жұқтыруды ұсынған. Бұл 

ауруларды тудыратын вирустар өте 

ұқсас болып шықты. Сиыр шешегін 

оңай жеңіп шыққан ағза нағыз шешектің 

қоздырғыштарын жеңетін антиденелерді 

бөліп шығаруды үйренеді. Адамға қауіпті аурудың әлсіретілген 

қоздырғышын ексе, осындай нәтижеге жетуге болады. 

Кейде иммундық жүйеде ауытқу болады да, ол зиянсыз 

ақуыздарды (мысалы, өсімдік тозаңында болатын) қауіпті ми'

кробтар деп қабылдай бастайды. Бұл кезде адамда көптеген 

аурулардың: тымау, шырышты қабықтың қабынуы, дене 

қызуының көтерілуі басталғанындағы сияқты белгілі бір көрініс 

береді. Бұл құбылыс аллергия деп аталады.




40

Адам

Адамның қан 

айналым жүйесі

Қан тамырлары

Қан тамырлары – серпінді түтікшелер, олардың 

қабырғаларында тегіс бұлшықет қабаты бар, ағзаға қанның 

келуін реттеп, саңылауын ұлғайтады немесе кішірейтеді. 

Жүректен шыққан қан ағатын тамырлар артерия деп ата'

лады. Артериялар кішірек тамырларға (артериолдар) және 

мүлде ұсақ тамырларға – капиллярға 

бөлінеді. Қабырғалары жасушалардың 

жалғыз қабатынан тұратын капил'

лярларда газ алмасу жүреді. Өкпе 

көпіршіктерінде эритроциттер оттекке 

қанығып, көмірқышқыл газын береді, 

ал өзге мүшелерде керісінше оттекті 

беріп, көмірқышқыл газын алады. Қан 

мүшелерден жүрекке қантамырлар 

арқылы оралады. Қантамырлар жіңішке 

капиллярлармен басталып, жүрекке 

жақындағанда жуандай түседі. Сызба 

суретте артерияларды қызыл, веналар'

ды – көк түспен бейнелейді.

Артерияларды өзі қанмен қамтамасыз 

ететін мүшелері бойынша атайды: 

бүйрек артериясы, иық артериясы 

және басқалары бар. Ең үлкен артерия 

жүректен шығады, ол – қолқа, оның 

қалыңдығы 3 см жуық. Ірі артериялар'

да қан елеулі дәрежедегі қысыммен 

тұрады. Егер артерия зақымданса, 

жарадан аққан қан субұрқақ тәрізді 

атқылайды, бұл көп қан жоғалту қаупін 

тудырады. Артериялардың дене 




41

Қан айналым жүйесі  

Капиллярлардың ұзындығы 1 мм'ден аз, олар 

өрмекші торынан да жіңішке, ал егер барлық капил'

лярларды бір қатарға тізсе, пайда болған жіппен 

жершарын екі жарым рет орап шығуға болады!

Қан қысымын 

өлшеу

бұлшықетінің тереңінде жататыны сол, ол жерде қауіп аздау. 

Көптеген  веналар  артериялар сияқты емес, тереңде 

орналаспаған, оларды көруге болады, мысалы терінің астында, 

аяқ'қолдарда көгілдір жіптер тартылғандай – вена деген осы'

лар. Артерия бойымен қанды жүрек итереді, ал оны, айталық, 

аяқта қалып қоймай кері қарай қозғалуға мәжбүр ететін не? 

Веналарда арнайы қақпақшалар бар. Қақпақшалар – қанды 

бір ғана бағытқа – жүрекке қарай жіберіп тұратын «есіктер». 

Екі қақпақшаның арасындағы кеңістік қанға толғанда, төменгі 

қақпақтар жабылады. Тегіс бұлшықеттер венаның осы бөлігін 

қысады да қанды жоғары көтеріп шығарады. 

Жүректің жиырылуы қанды артерияға 

айдайды, қан тамырдың қабырғаларын 

кернейді. Бұл қысым әсіресе жүректен 

шыққан қолқада жоғары, ал жүректен 

алыстаған сайын әлсірей береді. 

Адамның қал'жағдайы қан қысымына 

қатты тәуелді: қысым талапқа сай бол'

маса, науқастанады немесе басы ай'

налады. Қан қысымының жоғарылығы 

(гипертония) өте қауіпті аурулардың 

белгісі болуы мүмкін. Қан қысымының 

шамасын тонометр деп аталатын ар'

найы медициналық аспаптың көмегімен 

өлшейді.   




жүктеу 0,52 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   21




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау