Сабақтың мақсаты :
Білімділігі: кикілжіңнің шығу себебі туралы түсінік беру.
Профилактикалық: психожаттығулардың көмегімен кикілжіңді және оның алдын ала білуге үйрету, жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру.
Құрал – жабдықтар: қол айна, магнитофон, жайлы әуен жазылған таспа, маркер, ақ қағаз.
Сабақтың түрі: тренинг.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру.
1.Тренингке қатысушыларды орналастыру.
2.Психологиялық жайлы ахуал орнату. (Әуен айналып тұрады).
ІІ.Психологиялық бой жазу.
1.Топпен амандасу.
2. «Мүсінші» жаттығуы.
Мақсаты: жұмысқа қатысушыларды өзара психологиялық байланысын орнату. Екі жұптан бөлінген оқушылардың бірі мүсінші, екіншісі «сазбалшық» болады. Мүсінші болған оқушы сазбалшықтан өзі қалаған нәрсені бейнелейді.Жаттығу барысында жұп арасында сөздік қатынас болмауы керек. Бірін – бірі ыммен, қимылмен түсінеді.Жаттығу соңында орындалған жұмыс топпен талданады.
ІІІ. Негізгі бөлімі:
1.Рөлдік ойын ойналады. Нұрсұлтан мен Сағадатқа мұғалім музыкалық аппаратураны мектеп дискотекасына дайындау керектігін тапсырады. Екеуіде сабақтан соң тапсырманы орындаймыз деп уәделесті. Сағадат 20 минутқа кешігіп келді. Тағатсыздана күткен Нұрсұлтан айқаймен қарсы алды. Сағадат та ұрысып, жұмыс аяқталмай қалды.
1. Балалар кикілжіңнен шықты ма?
2. Кикілжіңнің шығу не себеп болды?
(Басында екеуі де мінез көрсетті, содан соң ортақ іс екенін ескере отырып, «ымыраға» келді. Екеуі келісе отырып , біріге күш салды.Тапсырманы орындады).
Соңынан көріністегі кикілжің жағдайы топ талқысына салынады. Әрбір оқушы өздерінің пікірлерін ашық айтады. Пікір толастаған кезде кикілжің туралы түсінік берілді.
№ 1 сызба бойынша жұмыс жүргізу.
Кикілжіңнің шығу себебін, түрлерін оқушылармен бірлесе отырып анықтау.
2. Тренингке қатысушылар «Мен – жақсы, мен - жаман» жаттығуын орындайды.
Мақсаты: өзін – өзіне баға беруді үйрете отырып, жағымсыз қасиеттерін (мінезін) жою бағытындағы жұмыстардың жолын көрсету.
Мен – жақсы Мен – жаман
Әрбір оқушы бір бетті екіге бөліп, сол жағына жағымды мінездерін, оң жағына жағымсыз мінездерін тізіп жазады. Жұмыс барысында оқушыға кедергі келтіруге болмайды.
3. Жаттығу «Тыныс алу».
Мақсаты психологиялық тынығу әдісін меңгерту. 5 – 7 минут аралығында орындау.
4. Жаттығу «Ең әдемі күлкі». Қол айнаға қарап, әр оқушы әдемі күлкіні бейнелейді. Соңында өздерін қалай сезінгендіктерін сұрау.
ІV. Қорытынды бөлім:
1. Топтық рефлексия – жүргізілген жұмыс барысы туралы қысқаша пікір тыңдау.
2. «Жылы сөз» жаттығуы біріне – бірі жылы лебіздер жолдайды. Жайлы әуен орындалады.
3. Қорытынды сөз.
Майшұқыр негізгі мектебі
«Кикілжіңнің және оның алдын алу»
(психопрофилактикалық жұмыс)
Өткізген: психолог Ж. Махметов
2011-2012 оқу жылы
Дата создания: 04.03.2007
Дата редактирования: 04.03.2007
|