34
Адам
Мұрынмен демалыңдар!
Мұрын біздің тыныс алуымызға көмектесіп қана қоймайды –
ауаны шаңнан тазартады әрі ауру тудыратын бактерияларды
ұстап қалады. Сондықтан мұрын қуысы – ауаның сүзгісі. Мұрын
қуысының қабырғаларын шырышты эпителий жапқан, оның жа'
сушаларында өте ұсақ, қозғалмалы өскіндер – кірпікшелер бар.
Шаң мен микробтарды солар ұстап қалады. Ауа мұрында таза'
румен бірге жылынады да. Сондықтан ауызбен емес, мұрынмен
тыныс алған дұрыс, әсіресе күн салқында. Егер мұрын қуысына
шаң көп жиналып қалып, мұрынның шырышты қабығын
тітіркендіретін әлдебір затты ауамен ішке тартып қойсақ, шұғыл
рефлекторлы дем шығару – түшкіру арқылы одан арыламыз.
Біз тамақты жұтқан кезде, кесегі абайсызда тыныс жолы'
на түсіп кетпеу үшін, арнайы шеміршек – бөбешік – автоматты
түрде төмен түсіп, кеңірдектің жолын жауып тастайды. Бірақ
кейде түсіп те кетеді, сонда қорғаныс механизмі – жөтел пайда
болады. Ол өкпені ауаға толтыратын терең дем алудан баста'
лып, кеуде қуысындағы бұлшықеттер мен көкетті жиырылуға
Мұрын қуысының
құрылысы
Дыбыс сіңірлері мен
дыбыс саңылауы
35
Біз қалай тыныс аламыз
Мұрынның ішкі қабырғалары арнайы сұйықтықпен
майланған. Адамның дені сау кезде ол өте аз бо'
лады. Ал егер суық тисе сұйықтық бірнеше есе
көбейіп, тымау пайда болады.
және өкпенің ішіндегі ауаны қысып шығаруға мәжбүрлейді.
Осыған дейін жабық тұрған бөбешік кенет ашылып,
қысыммен келген ауа тез шығады да, бөтен денені де ала кетеді.
Адамның керемет ерекшелігі – сөйлеу қабілеті тыныс алу
жүйесімен байланысты. Сөйлей білу ең алдымен миға, ойлау
қабілетіне тәуелді. Алайда, біз көмекейдегі дыбыс саңылауымен
бөлінген, бұлшықет және дәнекер ұлпаларынан тұратын ды'
быс сіңірлерінің арқасында дыбыс шығара аламыз. Біз үнсіз
тұрғанда дыбыс сіңірлері босаңсиды. Ал сөйлеген кезде жиы'
рылып, бүріседі де, сыртқа шыққан ауаның әсерімен тербеле ба'
стайды. Дыбыс сіңірлері адамның айқайлағанын «ұнатпайды».
Бұл кезде олар бір'біріне үйкеліп, зақымданады.
Бір адамның дауысы екінші адамдыкіне ұқсамайтыны
неліктен? Дыбыстың пайда болуына дыбыс сіңірлері ғана емес,
ауыз қуысы, мұрын мен жұтқыншақ, тіл мен тістер де қатысады.
Сүт тістері түсіп қалған балалардың сақау сөйлейтін себебі сол.
Дауыстың жіңішкелігі дыбыс сіңірлерінің ұзындығына байланы'
сты. Әйелдерде ол ер адамдардыкінен қысқалау, сондықтан
әйелдің дауысы жіңішке. Балалардың дыбыс сіңірлері мен
көмекейі ересектердікінен кішкентай. Бірақ 10'12 жаста олар
қарқынды өсе бастайды да, жасөспірімнің дауысы жуандап,
біраз уақыттан кейін ересектердікіндей болады.
36
Адам
Эритроциты
(слева) и
лейкоциты
(справа)
Қан айналым жүйесі
Адамдар денеміздегі ағып жатқан қызыл сұйықтық
қанның – тіршілігі үшін өте маңызды екенін ежелден
біліп, оның ғажайып қасиеттері бар деп санаған. Мы;
салы, қанмен бекітілген серт бұзылмастай болған, ал
қандарын араластырған адамдар бір;бірімен туыстас
болып кеткен. Қан – біздің ағзамыздың тасымалдау
жүйесі, қоректендірушісі әрі қорғаушысы. Ол ұлпалар
мен мүшелерге қан тамырлары арқылы түседі, ал оның
үздіксіз айналып тұруын жүрек қамтамасыз етеді.
Қан жасушалары
Қан плазмасында қоректік заттар бар, солармен ұлпаларды
және мүшелерді қамтамасыз етіп, олардан қажетсіз, тіпті зиян'
ды заттарды – қалдықтарды алып кетеді. Қанға қызыл түс беретін
қызыл қан түйіршіктері немесе эритроциттер. Қанның бір там'
шысында олардың бірнеше миллионы бар! Басты міндеттері – от'
тек тасымалдау. Құрамында темірі бар гемоглобин деген пигмент
эритроциттерді толтырып тұрады, олардың оттекті тез қосып ала'
тын және беретін қабілеті бар. Баға жетпес орынды зая қылмау үшін,
эритроциттердің ішінде ешқандай артық құрылым, тіпті ядро да жоқ.
37
Қан айналым жүйесі
Қан құю көп адамның өмірін құтқарып қалады,
дәрігерлер оны басқа адамдардан – донорлардан
алады. Ересек адамның денесінде 5 литрге жуық
қан бар, оның жартысын жоғалтудың өзі өлімге
соқтыруы мүмкін.
Тромбоциттер қан
тамырын «жөндейді»
Ақ қан түйіршіктері немесе лейкоциттер жасуша құрылым
жағынан алуан түрлі. Олардың басты қызметі – қорғаныс.
Лейкоциттердің ядролары бар әрі пішіндерін өзгерте алады. Кейбір
түрлері қан ағысымен баяу жылжып қана қоймай өз бетінше де
қозғала алады. Қан ағысынан тыс қалып, ұлпаның жасушалар арасы'
на – ауру тудыратын микробтар пайда болған қауіп'қатер ошағына
жетіп барады. Көптеген ауру түрлерінде қандағы лейкоциттер
мөлшері күрт өсіп кетеді, қанның талдауы
мұны бірден көрсетеді.
Қан пластиналары немесе тромбо;
циттер – қанда айналып жүретін ядро'
сыз ұсақ жасушалар. Олар жілік майының
алып жасушалары – мегакариоциттердің
бөлшектері. Тамырдың зақымданған жеріне
жиналған тромбоциттер қалың тор құрап,
қанның өзге жасушалары соған шырмалып
қалады. Көп ұзамай сол жерде тығыз ұйыған
қан пайда болып, зақымданған тамырды
бітейді де, қан ағуын тоқтатады. Тромбо'
циттер болмаса, кішкентай сызаттың өзі көп
қанның жоғалуына ұшыратар еді.
Достарыңызбен бөлісу: |