Мазмұны ағзаның құрылысы



жүктеу 0,52 Mb.
Pdf просмотр
бет6/21
Дата20.05.2018
өлшемі0,52 Mb.
#15290
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21

21

Дененің тірегі

Сүйек тіні өзіне серпінділік беретін органикалық 

заттардан және беріктік беретін минералды 

заттардан тұрады. Осы қасиеттердің бірігуі 

арқасында сүйектер әдеттен тыс берік болады.

Жылдар өте 

шеміршек сүйекке 

айналады

Кейбір аса қауіпті ауруларды (мысалы, 

қан рагы) емдеген кезде қызыл жілік майын 

сау адамның (донордың) ағзасынан алып, 

науқастың ағзасына енгізеді. Көбінесе 

мұндай операция адам өмірін құтқарады. 

Қызыл жілік майы жамбас сүйектерінде, 

төстікте, сондай'ақ омыртқада көп болады. 

Қаңқа сүйектері адамның жасы 

ұлғайғанша өсе береді, ал сүйектер 

ұштарында болатын шеміршектің есебінен 

ұзарады.  Шемір;шек  – дәнекер ұлпаның 

бір түрі, сүйекке қарағанда біршама 

жұмсақ. Мысалы, құлақ қабыршақтары 

мен мұрын шеміршектен құралған. Жаңа 

туған баланың қаңқасында шеміршек өте 

көп болады, бірақ өскен сайын шеміршек 

бірте'бірте сүйек ұлпасына айналады. Сондықтан, адамдар бала 

кезінде жылдам өсіп, 25 жасқа келгенде түтік тәрізді сүйектердің 

ұзаруы іс жүзінде тоқтайды. Сүйектің қалыңдап өсуі сүйек қабының 

ішкі бетіндегі жасушалардың бөлініп, сүйек жасушаларының жаңа 

қабаттарын түзуіне тікелей байланысты.




22

Адам

Тұтасып өскен төменгі омыртқалар құйымшаққа 

айналады – бұл ертеде бабаларымызда болған 

құйрықтың қалдықтары. Соны еске салғандай, 

кейбір адамдар бұл күнде кішкентай құйрықпен 

де туылып жататын жағдайлар кездеседі. 



Адамның бас сүйегі

Бас сүйек және омыртқа 

Қаңқаның ең жоғарғы әрі маңызды 

бөлі'гі – бас сүйек. Ол бет және ми 

бөліктерінен тұрады. Бет бөлігінің 

сүйектері көз ұясынан, таңдайдан, жақтан 

құралады. Төменгі жақ сүйек – бас сүйектің 

қозғалатын бірден'бір бөлігі. Ми бөлігін ми 

сауыты деп те атайды. Дәл сол сауыттың 

ішінде ми сенімді орналастырылған. Бір 

қарағанда бұл сауыт біртұтас сияқты 

көрінеді, шын мәнінде оның қабырғалары 

өзара жымдасқан бірнеше сүйектерден 

құралады. Олардың тісті жиектері сыдыр'

ма ілгек сияқты бірімен'бірі кірігіп, ересек 

адамдарда мықты жікке айналады. Бірақ, жаңа туған балада бас 

сүйектерінің арасындағы кейбір тұстары былқылдақ күйде тұрады,' 

ол – еңбек деп аталады. Баланың басындағы еңбегін сипап көрсеңіз 

жұмсақ – ол жерде әлі сүйек жоқ. Осының арқасында бастың 

сүйектері бір'біріне сәл жылжып, қызғалдақтың күлтелеріндей жа'

былады. Бала дүниеге келерде оның басы жамбас қуысынан еркін 

шығу үшін, табиғат осындай қулыққа барған. Өйткені адам миы 

жануарлардыкінен әлдеқайда жақсы дамығандықтан, балаларымыз 

да бастары өте үлкен болып туады. 



23

Дененің тірегі

Омыртқа жотасы 

(алдынан және 

жанынан  қарағанда)   

Омыртқа жотасы біздің денеміздегі 32'33 омыртқа сүйегінен 

құралады, ал оған қозғалғыш қасиет беретін шеміршекті ұлпаның 

жұқа қабаттары – омыртқааралық дөңгелектер (диск). Омыртқа 

өсінділерінен түзілген өзекке жұлын орналасады. Омыртқалардың 

көлемдері әртүрлі. Ең ұсағы – мойын омыртқалар, ең ірісі – бел 

омыртқа. Бас сүйекпен қозғалмалы түрде бірігетін ең жоғарғы ауыз 

омыртқа «атлант» деп аталады. Тіпті ең «сыптай түзу» адамдардың 

да омыртқасы латынның «S» әрпіне ұқсас иіліңкіреп тұрады. 

Омыртқаның мұндай пішіні түзу жүруге байланысты: жүргенде не'

месе жүгіргенде пайда болатын дүмпулерді жұмсартуға мүмкіндік 

береді.

Кеуде тұсындағы омыртқаларға 12 жұп 



қабырға бекіген. Жоғарғы қабырғалар 

алдыңғы жағынан жалпақ сүйек – төспен 

қосылған. Осы конструкция кеуде қуысы 

деп аталады. Жүрек пен өкпе оның 

ішіне мықты сауыттағы күрделі аспап 

тәрізді «орап» орналастырылған. Бірақ 

біздің ағзамыз өте асқан шеберлікпен 

жаратылғандықтан, оның әрбір мүшесі бір 

уақытта бірнеше қызметті атқарады. Мы'

салы, кеуде қуысының көмегімен біз ты'

ныс аламыз. Қабырғалар омыртқаларға 

қозғалмалы түрде бекігендіктен, арнайы 

бұлшықеттер арқылы көтеріліп, түсе алады. 

Демді ішке тартқанда қабырға көтеріледі, 

кеуде қуысы кеңейеді де, өкпе созы'

лып, ішіне ауа толады. Дем шығарғанда 

бұлшықеттер босаңсып, қабырғалар 

қайтадан төмен түседі. Омыртқаның 

төменгі, сегізкөз бөлігіне жамбас сүйектері 

нықтап бекіген. 




24

Адам

Жалпақтабандық – табанның жалпайып кетуінен 

болатын ауру. Жалпақтабандық дамып кет'

пеу үшін, аяқ киім ыңғайлы, ұлтаны иілгіш әрі 

серпімді, өкшесінің биіктігі 2'3 см болуы тиіс.

Жамбас қаңқасы 

(алдыңғы көрінісі)

Аяқ;қол қаңқасы

Адамның аяқтары өте мықты. Өйткені біз екі аяқпен жүреміз, 

денеміздің бүкіл салмағын аяқтар көтеруі тиіс. Егер ересек адам бар 

болғаны 1 км жаяу жүрсе, оның аяғына түсетін жалпы күш 80 тоннаға 

тең. Адамның аяқ қаңқасы 26 сүйектен тұрады. Жамбас сүйекке 

буын арқылы сан сүйегі жалғасады. Бұл сүйек тізе буынында асықты 

жілік пен жіліншіктен тұратын сирақ сүйектерімен қосылады. Сирақ 

сүйектері табанымызды құрап тұрған толарсақ сүйектермен, табан 

және башпай сүйектерімен қосылады. Табан сүйектері жүргенде және 

жүгіргенде жеңіл серпіліп отыратын дөңес қалыпқа келеді. Мұндай 

табан велосипедтің жүрісін жұмсартатын серпінді резина дөңгелек 

тәрізді, дененің сілкінісін азайтады. 

Сан омыртқаның төменгі бөлігімен 

тұтасқан жамбас сүйектеріне жалғасады. 

Жамбастың әрбір жартысы үш сүйектен 

тұрады. Бала кезде олар шеміршекпен 

бірігіп, кейін біртұтас жамбас сүйегі болып 

бітеді. Жамбас сүйегінің пішіні кір жуатын 

леген тәрізді дөңгелек. 

Жамбас біздің құрсағымызда орналасқан 

ішкі мүшелерді демеп, қорғап тұрады. 

Жамбастың астында саңылау бар. Әйелдер 

мен ер адамдардың жамбастары әртүрлі. 



жүктеу 0,52 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау