85
Ұрпақты жалғастыру
Екі Х=хромосома
қосылғанда қыз
бала туады,
ал Х және
Y=хромосомалар
қосылғанда ұл бала
туады.
Өмірге ұл баланың немесе қыз баланың келетіні ұрықтану
сәтінде анықталады. Дене жасушаларынан айырмашылығы,
сперматозоидтар мен аналық жасушаларда хромосомалардың
жартылай жиынтығы болады, олар 23 дана. Аналық жасушаның
ядросы сперматозоидтың ядросымен қосылған кезде
хромосомалардың толық жиынтығы қалпына келеді. Барлық
аналық жасушаларда Х'хромосома, ал сперматозоидтарда
екі түрі де – Х'хромосома немесе Y'хромосома болады. Егер
аналық жасушаға Х сперматозоид қосылса, ХХ жиынтығы пай'
да болып, қыз туады. Y сперматозоидтың «жолы болса», ХY
жиынтығы пайда болып, ұл туады.
Кейде әйел бірден екі немесе үш бала туса, оларды
егіздер деп атайды. Егіздер екі жағдайда дүниеге келеді.
Егер ұрықтанған аналық жасуша тең бөлініп, содан кейін
жартылардың әрқайсысы дербес дами бастаса, дүниеге
біржұмыртқалы егіздер келеді, олар біріне'бірі егіз тамшы'
дай ұқсайды. Олардың жынысы бірдей (ұлдар немесе қыздар)
бойы, көздерінің түсі, бет әлпеттері бірдей. Егіздердің кейде
ұқсас болатыны сондай, оларды тек анасы ғана ажырата ала'
ды. Мұндай ұқсастыққа таң қалуға болмайды, бір жұмыртқалы
егіздерде хромосомалар жиынтығы мүлде бірдей ғой. Егер
әйелдің ағзасында бір мезгілде екі аналық жасуша пісіп
жетіліп, әрқайсысы өзінің сперматозоидымен кездессе, онда
әртүрлі жұмыртқалы егіздер дүниеге келеді. Мұндай егіздердің
ұқсастығы кәдімгі ағалы'қарындастай ғана. Олардың жыныста'
ры да әртүрлі болуы мүмкін.
86
Адам
Тұқым қуалайтын аурулар
Тұқым қуалаушылық ақпараттың ата'анадан ұрпаққа берілуі
өте дәл жүреді. Бірақ бұл үдеріс өте күрделі, кейде мұнда
қателіктер, ауытқулар (мутация деп аталады) да болып жа'
тады, сонда хромосомаларда «дұрыс емес» гендер пайда бо'
лады. Мутациялар көбінесе аса елеулі болмайды. Оның үстіне
әрбір қасиетке гендер жұбы жауап береді, егер олардың біреуі
«қалыпты» болса, ген'мутант сыртқа еш белгі бермейді. Бірақ
басқаша да болады. Мутациялар ұрпақтан'ұрпаққа беріліп,
кейде тұқым қуалайтын ауруларға себеп болады. Адамзатқа
белгілі 10 мыңдай аурудың 3'5 мыңы тұқым қуалаушылықпен
қандай да бір байланыста. Мысалы, Ресейдің соңғы импера'
торы ІІ Николайдың ұлы Алексей ханзада тұқым қуалайтын
ауыр науқаспен – гемофилиямен ауырған. Гемофилиямен
ауыратындардың денесіне жай сызат түссе де көп қан жоғалтуы
мүмкін. Алексей ханзадаға бұл ауру арғы әжесі, ағылшын коро'
левасы Викториядан тараған.
Бір қызығы, гемофилиямен әдетте ер адамдар ауырады, ал
әйелдер тек жұқтырушы ғана болады, өздері ауырмайды. Оның
мәнісі, осы ауруға жауапты ген Х'хромосомада орналасқан.
Әйелдерде мұндай хромосома екеу, сондықтан мутациялық
геннің әрекеті оған жұп болған екінші Х'хромосомадағы «дұрыс»
Полидактилия
кезінде
хирург артық
саусақтарды
алып тастайды
87
Ұрпақты жалғастыру
Кейде қолында немесе аяғында алты саусағы
бар балалар дүниеге келеді. Бұл ауру полидак'
тилия деп аталады, грекшеден аударғанда «көп
саусақтылық». Бұған саусақтарының санына жау'
апты геннің мутациялануы кінәлі.
Даун
синдромымен
ауырған
адамдарды
дұрыс емдесе
өмірден өзіне
лайықты орын
алады
геннің әрекетінің тасасында қалады. Ал ер адамдарда бір ғана
Х'хромосома, сондықтан оларда гемофилия толық көрініс
береді.
Кейде дені сап'сау ата'аналардан әрбір жасушасында бір
артық хромосомасы бар балалар дүниеге келеді. Бұл Даун
синдромы деген атпен белгілі ауруға ұшыратады. Мұндай ба'
лалар даму жағынан қатарластарынан көп артта қалады, сырт
келбеттері де басқаша. Бірақ олар өте қайырымды, ақжарқын,
достаса біледі және жақындарын қатты жақсы көреді. Бір
ақылды қыз інісі Даун аурумен дүниеге келгенде айтқан екен:
«Мейлі, ол басқаларға ұқсамайды. Есесіне ешқашан да жа'
ман адам болып өспейді!». Қазір ерекше орталықтар ашылған,
ондағы қызметкерлер осындай балаларға және олардың ата'
аналарына көмектеседі.
88
Адам
Өмірінің
алғашқы
айларында
нәресте
мүлде
дәрменсіз
Өсу және даму
Біздің ағзамызда өмір бойы үнемі өзгерістер жүріп
жатады. Бойымыз, зат алмасу, салмақ, көптеген
мүшелердің көлемі мен құрылысы өзгереді. Жас
ұлғайған сайын келбетіміз ғана емес, өмірге
көзқарасымыз да өзгереді. Ежелгі гректер ғажайып
жұмбақ ойлап тауыпты, оны адамдарға құбыжық
Сфинкс жасырған екен: «Қандай жануар таңертең
төрт аяқпен, түсте екі, ал кешке үш аяқпен жүреді?».
Жұмбақты Эдип батыр шешіпті. Ол – адам: таңертең
(сәби кезінде) төрт аяғымен еңбектейді, күндіз (ере;
сек кезі) аяғын нық басады, кешке (қартайғанда)
таяққа сүйенеді.
Өмірдің басталуы
Адам ағзасындағы ең қарқынды өзгерістер нәресте
шақта, 1 жасқа дейін жүреді. Жаңа туған бала үнемі дерлік
ұйықтайды, тек тамақтану үшін ғана оянады. Бір айлығында
ол күлімсіреуді біледі, ал екі ай болғанда – өз бетімен аунап
89
Өсу және даму
Нәрестенің басты тағамы – ана сүті. Онда барлық
қажетті қоректік заттар мен дәрумендер,
сондай'ақ баланың иммунитетін қамтамасыз
ететін заттар бар. Сондықтан жасанды
қоспалар ана сүтін алмастыра алмайды.
Жақында ол тәй=тәй
басады
жатады. Алты айлығында бала отыру'
ды және еңбектеуді үйренеді, алғашқы
сүт тістері жарып шығады. Жеті айлық
баланы жарқын бояулар, дыбыстар,
әртүрлі заттар қызықтырады. Ол өзінің
төсегінде аяғымен тұруға ұмтылады.
Балаға тоғыз ай толғанда алғаш рет өз
бетінше жүре алады, алғашқы сөзін ай'
тады, сылдырмақпен және басқа жыл'
тыр ойыншықтармен қызыға ойнайды.
Бір жастағы бала – өз алдына бір
кішкентай адам. Анасы оны емізуді
тоқтатады. Ол енді жай ғана былдырла'
май, үлкендердің шығарған дыбыста'
рына еліктейді де, сөйлеуді үйренеді.
Рас, оның сөзін әзірге жақын адамдары ғана түсінеді. Бір жаста
бала алғашқы қадамын қорқа'қорқа басып, екі'үш ай өткенде
жүруді үйренеді. Бірақ ол әлі не істеуге болатынын, нені істеуге
болмайтынын, ненің пайдалы, ненің қауіпті екенін түсінбейді,
сондықтан ересектердің үнемі қадағалауын қажет етеді. Бір
жастағы баланың салмағы жаңа туған баладан шамамен 3 есе
көп, ал бойы бір жыл ішінде бір жарым есе өседі. Бір жасқа
дейінгі уақыт – адамның ең жылдам өсетін кезеңі.
90
Адам
Көп
адамдардың
дарындылығы
бала кезінде
көрінеді,
оны байқап,
дамытудың
маңызы зор
Балалар мен жасөспірімдер
Балалық шақта, бір жастан алты'жеті жасқа дейін ағзаның
барлық қызметі жетіледі. Әсіресе баланың психикасы тез да'
миды, сөздік қоры молаяды. Бұл уақытта бала өзге балалар'
мен және ересектермен араласып, қоғамдағы өмірдің негізгі
заңдарын меңгереді: ол енді ненің «жақсы», ненің «жаман»
екенін түсінеді, тыйым салудың, жазалаудың бар екенін ұғады.
Алты'жеті жаста баланың қолынан көп нәрсе келеді: футбол ой'
найды, билейді, велосипед тебеді. Бұл уақытта ол оқуды, сана'
уды және жазуды үйрене алады. Біздің елімізде дәл осы жаста
балалар мектепке барады. Онда кешегі сәбидің мүлде басқа
өмірі басталады: тұрақты сабақ оқуға дағдылануға, көптеген
жаңа материалды меңгеруге тура келеді, ал үйде және сабақ
қарау керек! Алты'жеті жастағы балалардың ақыл'ойы мен дене
дамуының деңгейі де осындай жұмыстарға сәйкес келеді.
Балалар өсіп'дами келе жасөспірімдерге (шамамен 13'
18 жастағы ұлдар мен қыздарды осылай атайды) айналады.
Балалық шақ аяқталып, адам жастық кезеңге өтеді.
91
Өсу және даму
Қазіргі балалар алдыңғы буындардың бала'
ларына қарағанда біршама тез өсіп, дами'
тыны байқалған. Бұл құбылыс акселерация
(латынның «жеделдеу» деген сөзінен) деп
аталады. Акселерацияның себептері әзірге
түсініксіз.
Кітап жасөспірімнің
досы бола алады
Жасөспірімдік шақта бойдың өсу
қарқыны жылдамдап, жыныстық жетілу
үдерісі жүреді, ол аяқталғанда бала өзі
де ата'ана бола алатын ересек адамға
айналады. Қыздарда бұл кезең ұлдарға
қарағанда ертерек басталатындықтан,
олар әдетте мектептің орта сыныпта'
рында ұлдардан ересектеу көрінеді.
Ештеңе етпейді! Көп ұзамай ұлдар
оларды қуып жетеді, тіпті басып оза'
ды. Өйткені ер адамның орташа бойы
әйелдерден 8'10 см биік.
Бала ержеткен кезде сырт келбеті
ғана емес, мінезі де өзгереді, бірақ үнемі
жақсы жағына емес. Бұл жасты қиын
кезең деп тегін айтпайды. Жасөспірімдер кішкентай балаларға
қарағанда біршама дербес. Олар ересектерге еліктейді, ата'
аналарына тәуелді болғысы келмейді, олар үшін құрбыларының
пікірі ең маңызды баға саналады. Бірақ бәрібір түбегейлі есею
үшін, жасөспірімдерге әлі де бірнеше жыл керек. 18'20 жаста
ғана жасөспірімдер ересек болып, отбасын құрып, өз балала'
рын тәрбиелей алады.
92
Адам
Өмірдің гүлденген
шағы
Ересектік және қарттық
Шамамен 20 жасқа келгенде адам
ересек өмірге аяқ басады. Бұл уақытты
кәмелеттік деп атайды. Бұл кезеңде
адам жыныстық жағынан толық жетіліп,
өсуі бірте'бірте тоқтайды. Бірнеше он
жыл бойы оның ағзасы гүлдену кезеңін'
де – дене және ақыл'ой мүмкіндіктерінің
шарықтау шыңында болады. Көптеген
балалар тезірек ересек болғысы келеді,
өйткені сонда оларды ешкім мезгілінде
ұйқыға жатуға және таңертең ботқа же'
уге мәжбүрлемейді ғой. Бірақ кәмелет'
тік – адамның не істеймін десе де өз
еркі білетін кезі ғана емес. Бұл адамның
мүмкіндігінше өз қабілеттерін толық
жүзеге асырып, өмірден өз орнын
табуға тиіс шағы. Оның мойнында үлкен
жауапкершілік тұр, себебі ол өз отбасын
игілікпен қамтамасыз етіп, балаларын тәрбиелеу керек. Әрине,
өзінің қартайған ата'анасына да қамқор болуы тиіс.
Адам өмірінің шегі бар: барлық адам ерте ме, кеш пе өледі.
Өмірдің соңғы кезеңі қарттық деп аталады. Ғалымдардың
есебінше, қарттық орта есеппен 75 жастан кейін басталады. Бұл
кезде ағзада адамның балалық шағында бастан кешкен даму'
ына көбінесе қарама'қайшы үдерістер жүреді. Денесі әлсіреп,
ағзаның барлық мүшелері мен жүйелері дерлік тозады. Қарт'
тық – дауасыз нәрсе, біздің қолымыздан тек кәріліктің келуін
алыстатып, денсаулықты мүмкіндігінше ұзағырақ сақтау ғана
келеді. Ең дұрысы денсаулықты бала кезден сақтай бастау!
93
Өсу және даму
Жапония ұзақ өмір сүрушілер елі саналады. Қазір
онда жасы 100'ден асқан 20 мыңнан астам адам
тұрады. Орта есеппен ондағы ерлер 79 жасқа
дейін, әйелдер – 83 жасқа дейін өмір сүреді.
Теңіз өнімдерімен тамақтану тіршілікті ұзартады
деген пікір бар.
Қарттықтың өз
артықшылықтары
бар
Өйткені дәрігерлер адамның қартайғандағы нағыз жасы
неше жыл өмір сүргеніне емес, өзін қалай сезінетініне байланы'
сты деп біледі.
Ұзақ өмір сүрушілер – жасы 90'нан
асқан адамдар. Мұндай адамдар жер
бетінде көбею үстінде, себебі тіршілік са'
пасы жақсарып, медицина үнемі дамып
келеді. Дәрігерлер бұрын өмірге қауіпті
деген ауруларды көбірек емдеп жазатын
болды. Ал Жер бетіндегі ең қарт адам'
дар неше жыл өмір сүрді екен? Фран'
цуз әйелі Жанна Кальман 122 жыл өмір
сүрген. Жапондық Сикэтио Идзуми 120
жыл, әзірбайжан Ширали Муслимов–
168 жылға жуық, ал ағылшын Томас
Парр – 152 жыл өмір сүрген. Ұзақ өмір
сүрушілердің көбі биік тауда тұрады:
таудың таза ауасы адамға пайдалы.
Бірақ ғалымдардың есебінше, адамдар
одан да ұзағырақ – 200 жылға дейін өмір
сүруіне болады. Ал келешектің медици'
насы адам өмірін ұзарту тәсілін міндетті
түрде табады.
94
Адам
А
Аналық жасуша 7,
78, 80'81, 85
Ағза 4, 6
біржасушалы
7
көпжасушалы
7
Адреналин 44
Аксон 56
Аллергия 39
Альбинос 15
Альвеола 32'33
Артерия 40'41
Асқазан 50
Асқорыту жүйесі 48
Аталық без 78
Алтант 27
Алыстан көргіштік 74
Аңқа 32
Ауыз қуысы 48
Ә
Әйелдер 76
Б
Балалық шақ 90
Бауыр 46
Бас сүйек 22
Без
қуық
78
Бездер
тер
12
май13
эндокриндік 44
Босану 83
Бронхы 32
Буындар 26'27
Бүйрек 47
Бұғана 25
Бұлшықет 28'29
В
Вена 40'41
Вестибулярлы
аппарат 69
Г
Гемофилия 86
Ген 84, 86
Гипофиз 45
Гормондар 44
Д
Дабыл жарғағы 68
Дальтонизм 75
Даун синдромы 87
Дауыс 35
Дауыс сіңірлері 34'35
Дәрумендер 54'55
Дәм сезу 67
Дендрит 56
Диафрагма 33
ДНҚ 7, 84
Е
Егіздер 85
Егу 38'39
Еркектер 77
Есту 68
Еңбек 22
Ж
Жақыннан көргіштік 74
Жалпақ табандылық
24'25
Жамбас 23'25
Жауырын 25
Жасуша 6'7
Жасуша мембранасы 6
Жатыр 78'79, 81'83
Жатыр түтігі 78
ЖИТС 39
Жүктілік 82
Жүйке доғасы 58
Жүйке жүйесі 56'57
Жүрек 5, 23, 36,
40'43, 82
Жүрекше 42
Жілік майы
сары
20
қызыл
20'21
Жылдамдық 30
Жыныстар 76
Жыныстық жетілу 79
Жыныс мүшесі 78
Жөтел 34
З
Зәр 47
Зәр шығару жүйесі 46
И
Иммунитет 38'39
Инсулин 45
Иіс сезу 66
К
Капилляр 40'41
Кәмелеттік 92
Кеуде қуысы 23
Кеңірдек 32
Колбашалар 71
Көз 70
Көз жасы 72
Көз бұршағы 71
Көмір сулар 52
Көру 70
Кірпіктер 73
Күш 31
Қ
Қабақ 72
Қабырғалар 23, 33
Қан 7, 9, 36'43,
46'47, 51
Қан қысымы 41
Қан тамырлары 40
Қаңқа 18'19, 21'
22, 24'25
Қарашық 71
Көрсеткіштер
95
Қарынша 42
Қарттық 92
Қас 73
Қынап 78
Қылилық 74
Құйымшақ 22
«Құс еттену» 17
Құлақ 68
Құлақ қалқаны 68
Құлақ сүйекшелері 68
Қуық 47
Л
Лабиринт 69
Лангерганс
аралшасы 45
Лейкоцит 36'38
М
Майлар 52
Меланин 14'16, 71
Мең 15
Ми 60
сопақша
60
аралық 61
ортаңғы 61
Ми қабығы 62
Мишық 61
Мимика 29
Митохондрия 6
Мутация 86
Мұрын 34
Н
Нәрестелік 88
Нәруыз 52
Нейрон 56
Нефрон 47
Нұрлы қабықша 70
О
Омыртқа 23
Ө
Өкпе 32'33
Өңеш 50
Өсу гормоны 45
Өт қабы 50
Өт 46, 50
П
Папилляр сызықтары 11
Планцента 82
Полидактилия 86'87
Пульс 43
Р
Репродуктивтік жүйе 78
Рефлекс 58
Рецептор 64
С
Секпіл 14'15
Сезім мүшелері 64
Синустық түйін 42
Сипап сезу 65
Склера 70
Сперматозоид 78'80
Солақайлар 63
Сүйек қабы 20
Сүйектер
кемік
19
жалпақ
19
түтік тәрізді 18'19
Сілекей 48
Т
Таяқшалар 71
Тер 12
Тері 10'13
Тестостерон 78
Тромбоциттер 37
Тор қабықша 71
Төзімділік 30
Тіл 67
Тістер 48'49
Тырнақ 16
Түшкіру 34
Ұ
Ұзақ өмір сүрушілер 93
Ұйқы безі 45, 50
Ұлпа 8
сүйек 8, 21
бұлшықет
8'9
жүйке
9
дәнекер 9
эпитерий
8
Ұлу 69
Ұма 78
Ұрықтану 81
Ү
Үлкен ми сыңарлары
62'63
Х
Холестерин 53
Хромосомалар 84
жыныстық
84
Ц
Цитоплазма 6
Ш
Шаш 16'17
Шеміршек 21
Шыны тәрізді дене 70
І
Ішек 51
Э
Эндоплазмалық желі 6
Эпидермис 10'11
Эпистрофей 27
Эритроциттер 7,
36, 40, 46
Я
Ядро 7
Көрсеткіштер
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі
Ақпарат және мұрағат комитетінің «Әдебиеттің әлеуметтік
маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша
шығарылды
Автор текста М. О. Лукьянов, Н. Н. Малофеева,
Л. С. Сергеева, Л. Е. Этинген
Составитель К. И. Осетрова
Художники: Е. Н. Богуславская, Л. Ю. Лучинина, Н. О. Москалева,
А. Г. Проскуряков, А. Н. Савельев, И. Н. Ситников
Ответственный редактор И. В. Травина
Художественный редактор Н. О. Москалева
БАСТАУЫШ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН
«Балалар энциклопедиясы РОСМЭН» cериясы
АДАМ
Бұл кітап жас оқырмандарды адамның ағза мүшелерімен таныстырады.
Адамның ішкі органдары мен сезім мүшелері жайлы, олардың жылдар
ағысындағы жұмыс істеу өзгерістері жайлы білетін болады.
Редакторы: Мақпал Мыса
Қазақ тіліне аударған: Қайырбек Шағыр
Корректоры: Майра Кенжебекова
Беттеген: Арман Мақсұтов
Басуға 01.09.12. қол қойылды. Пішімі 70 90 1/16. Қағазы офсеттік.
Офсеттік басылыс. Гарнитура «Прагматика». Шартты баспа табағы 7,02.
Таралымы: 1000 дана. + 2 000 дана. Тапсырыс № .
ISBN 978'5'353'06043'7
УДК 087.5
ББК 28.706
«Книжник» ЖШС
Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Қонаев көшесі 1
Тел.: +7 (727) 273'59'06, 273'59'07 (сату бөлімі)
© Перевод на казахский язык.
ТОО «Книжник», 2012г.
© Текст, оформление, иллюстрации.
ЗАО «РОСМЭН'ПРЕСС», 2012
х
Достарыңызбен бөлісу: |