Мазмұны ағзаның құрылысы



жүктеу 0,52 Mb.
Pdf просмотр
бет4/21
Дата20.05.2018
өлшемі0,52 Mb.
#15290
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21

13

Дене жамылғылары

Май бездері бітеліп қалған кезде қабынады 

да, безеулер пайда болады. Олардан әсіресе 

жасөспірімдер жиі зардап шегеді, өйткені 12'14 

жаста ағзаның қайта құрылуы жүреді де, май 

бездері ерекше белсенді жұмыс істейді. 



Аздаған аяз беттің 

ұшын қызартады

Терінің қатты суып кетуі үсікке 

ұрындыруы мүмкін екенін естен 

шығармау керек. Аяз кезінде бетте, 

қолда немесе аяқта ақтаңдақтар пайда 

болып, терінің сезімталдығы азая ба'

стаса, ағарған жерді дереу қатты'қатты 

ысқылап жіберу керек, сонда қан айна'

лысы қалпына келеді. Беттің табиғи таза 

түсі оның терісінің қанмен қаншалықты 

қамтамасыз етілуіне байланысты. Мыса'

лы, шылым шегу қан тамырларын тарыл'

тады да, тері бозарып, сұрғылттанып 

кетеді. 


Үсіктің алдын алу үшін, қатты аяз'

да бетке крем немесе май жағып қоюға болады. Бірақ терінің 

өз майы – тері майы бар, оны терінің терең қабатындағы май 

бездері бөліп шығарады. Осы майдың арқасында тері құрғап 

кетпей, серпінділігін сақтап, аяздан қатты зардап шекпейді. Со'

нымен қатар, тері майы теріні зиянды микробтардан қорғайтын 

жұқа қабат түзеді. Тері майы терінің бетіне түктердің түбінде 

орналасқан жіңішке түтікшелер арқылы шығады, олар өте ұсақ 

әрі көзге көрінбейтіндей болып, бүкіл денемізді жауып жатады. 

Май бездері алақандар мен табандарымызда ғана жоқ, өйткені 

ол жерлерге түк шықпайды. 




14

Адам

Меланин пигменті

Күн сәулесі біздің денсаулығымызға пайдалы, бірақ 

мөлшерден аспау керек. Күн жарығының әсерімен теріде D 

дәрумені  пайда болады, ол біздің ағзамызға өте қажет. Ал 

егер аптап күннің астында тым ұзақ уақыт «қуырылатын» болсақ 

(мысалы, жағажайда күні бойы көлеңкесіз күйіп жата берсек), 

тері күйікке ұшырап, адамның жағдайы нашарлауы мүмкін. Тері 

күннен қорғана отырып, меланин деген арнайы пигмент бөліп 

шығарады да, қараяды (мұны біз күнге күйдік дейміз). Көптеген 

адамдар күнге қатты күюді  әдемілік деп санайды. Ал шын 

мәнінде күннің артық әсері зиянды: ол қауіпті сырқаттарға се'

беп болуы мүмкін. Оның үстіне, тері үнемі ыстық күн сәулесінің 

астында жүрсе, тез қартаяды да, әжім басып кетеді. Афри'

ка– негроид нәсілді адамдардың отаны. Олардың терісінде еу'

ропеоид нәсілді адамдарға қарағанда меланин мөлшері көп, 

сондықтан олардың түсі үнемі қара. 

Көктем мен жазда кейбір адамдардың бетіне қара дақтар– 

секпіл шашырап шығады. Русьте баяғыда мынадай ырым 

болған, қарлығаштың ұясын бұзсаң секпіл қаптайды деген. 



Мына қыздың 

бетіне қаптап 

шыққан 

секпіл – күн 

сәулесінен 

қорғаныс    


15

Дене жамылғылары

Меланин шашқа және көздің нұрлы қабықшасына 

рең береді. Кейде ағзасында мүлде мела'

нин жоқ адамдар (жануарлар да) дүниеге 

келеді, оларды альбинос деп атайды. 

Альбиностардың терісі аппақ қудай, шашы 

түссіз, көздері қызыл болады.   

Альбиностарда 

меланин пигменті 

бөлініп шықпайды

Құстар осылай кек алады деп білген. 

Тек ұзақ жылдар өткенде дәрігерлер 

мұның себебі мүлде басқа екенін 

дәлелдеді.  Секпілдер – ағзаның ыстық 

күн сәулесінен қорғану әдісі. Терісі өте 

ақшыл адамдардың (мұндай адам'

дар көбінесе жирен шашты болады, 

бірақ үнемі емес) терісінде күннен 

қорғайтын меланин деген зат өте аз. 

Осы зат секпілдерде болады. Секпілдер 

күн сәулесін өзіне жиып, теріні күюден 

қорғайды. Сол себептен секпілдер 

көктем мен жазда, күннің көзі жарық әрі 

ыстық кезде пайда болады. 

Көптеген адамдардың терісінде кішкентай қара немесе 

қызғылт дақтар – меңдер бар. Мең – меланин бөліп шығаратын 

тері жасушаларының – меланоциттердің шоғырлануы. Соның 

әсерінен  меңнің  тұрған  жері  қара  түсті  болады.  Меңдер  кез'

келген жаста пайда болуы мүмкін, кейде адам туғаннан пай'

да болады. Меңді ешқашанда жарақаттауға, алып тастауға 

әрекеттенуге мүлде болмайды. «Шошынған» мең қауіпті ауру – 

терінің қатерлі ісігін тудыруы мүмкін.



16

Адам

Тырнақ төменгі 

жағындағы 

аппақ жарты 

ай сияқты 

бөлігінен өседі

Тырнақ пен шаш

 Қол мен аяқтың саусақтары мен бақайларының үстін 

жалпақ тырнақтар жапқан. Тырнақ – терінің жоғарғы қабаты 

эпидермистің  өнімі.  Тырнақ  тері  жасушалары  бөліп  шығаратын 

кератин нәруызы деген ерекше заттан тұрады. Онда жүйке 

ұштары жоқ, сондықтан қиып алғанда ауырмайды. Тырнақ 

пластинасының өлі жасушаларының астында жанды тырнақ 

төсемі бар. Одан қан тамырлары өтіп, тырнақтарды қызғылт 

түске бояйды. Кератин тырнақтың түбінен бөлініп шығады. 

Кератиннің жаңа қабаттары алға қарай итерген кезде тырнақ 

өсе түседі. Тырнақ пластинасы 6'8 айда толық жаңарады, 

аяқтың тырнақтары қолдыкінен жылдам өседі. Тырнақтың асты'

на кір жиналып қалмау үшін, жиі'жиі қиып алып тұру керек.

Шаш та тырнақ сияқты кератиннен тұрады. Шаштың ішінде 

де жүйке болмайды, сондықтан қиып алғанда ауырмайды. 

Шашқа түс беретін меланин пигменті – ол неғұрлым көп бол'

са,  шаш та соғұрлым қара. Жас ұлғайған сайын меланин азая 

береді – шаш ағарады. Адамның шашы кейде қатты қайғыдан 

немесе қорқыныштан тез арада ағарып кетуі мүмкін. Шаштың 

әрбір талы терінің ең қалың қабаты – дермада орналасқан шаш 



түптерінен өсіп шығады. Адамның денесінде бірнеше милли'

он түктер бар, теріні тұтас дерліктей жауып жатады, бірақ олар 




жүктеу 0,52 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау