Жылдарға арналған Қазақстан Республикасының мұнай-газ



жүктеу 51,45 Kb.
Дата28.11.2017
өлшемі51,45 Kb.
#2240

2017-2019 жылдарға арналған

Қазақстан Республикасының мұнай-газ,

мұнай өңдеу және мұнай-химия салаларындағы

салалық келісімге

2016 жыл «___»__________________

3 қосымшасы

МҰНАЙ-ГАЗ, МҰНАЙ ӨҢДЕУ ЖӘНЕ МҰНАЙ ХИМИЯСЫ САЛАСЫНЫҢ ҰҰЫМДАРЫНДАҒЫ ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ БОЙЫНША ӨНДІРІСТІК КЕҢЕС ТУРАЛЫ ҮЛГІЛІК ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер

1.1. Мұнай-газ, мұнай өңдеу және мұнай химиясы саласының ұйымдарындағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша өндірістік кеңес туралы типтік ереже (әрі қарай – Өндірістік кеңес) Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне сәйкес, жұмыс берушінің, жұмыскерлердің еңбек қауіпсіздігі бойынша талаптарды қамтамасыз ету, өндірістік жарақаттануды және кәсіби аурулардың алдын алу, сонымен қатар, жағдайларды және техникалық еңбек инспекторларының жұмыс орындарындағы жағдайларды және еңбекті қорғауды ұйымдастыруын тексеру бойынша бірлескен іс әрекеттерін ұйымдастыру мақсатында әзірленген.

1.2. Өндірістік кеңес жұмыс берушінің және (немесе) жұмыскердің бастамасымен, болмаса олардың өкілдерінің бастамасымен құрылады.

1.3. Өндірістік кеңестің құрамына жұмыс берушінің өкілдері және техникалық еңбек инспекторларын қоса алғанда, жұмыскерлердің өкілдері тепе-теңдік негізде кіреді. Тараптардың әрқайсысы Өндірістік кеңестің құрамынан өз өкілдерін алмастыра отырып, қайта шақыра алады.

1.4. Өндірістік кеңестің құрамы жұмыс берушінің және жұмыскерлердің өкілдерінің шешімімен бекітіледі.

1.5. Өндірістік кеңесті жұмыс берушінің және жұмыскерлердің өкілдері қатарынан ротациялық негізде екі жылда бір рет Өндірістік кеңестің мүшелері сайлаған төраға басқарады;

1.6. Өндірістік кеңестің жұмысы әлеуметтік әріптестік принциптерінде құрылады. Өндірістік кеңестің шешімдері жұмыс беруші және жұмыскерлер үшін міндетті болып табылады.

1.7. Өндірістік кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының еңбек кодексін және басқа да құқықтық актілерді, барлық деңгейлердегі әлеуметтік әріптестік туралы келісімдерді, ұжымдық шартты, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау және өндірістік қауіпсіздік бойынша жұмыс берушінің жергілікті актілерін басшылыққа алады.

1.8. Өндірістік кеңес өз қызметін төраға бекітетін жоспарға сәйкес жүзеге асырады.

1.9. Өндірістік кеңестің мүшелері осы Ережеде және Өндірістік кеңестің жоспарында көзделген міндеттерін орындау уақытында, сонымен қатар еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау және өндірістік қауіпсіздік бойынша мәселелерді оқып-үйрену барысында, жұмыс берушінің шешімімен негізгі жұмысын атқарудан еңбекақысы сақтала отырып босатылады.

1.10. Өндірістік кеңес жылына бір реттен кем емес жиілікте еңбек ұжымы жиналысында жүргізілген жұмыстары туралы есеп береді.


2. Өндірістік кеңестің негізгі міндеттері

2.1. Ұйымдастырушы перспективалық және ағымдағы жоспарларды және еңбекті қорғау және өндірістік қауіпсіздік мәселелері, еңбекті қорғаудың нормативтік талаптарын сақтауды, өндірістегі жарақаттанушылықтың және кәсіби аурулардың алдын алуды қамтамасыз ету бойынша басқа да шараларды әзірлеу, келісу.

2.2. Қызметкерлерге жұмыс орны мен ұйым аумағының сипаттамасы, еңбек жағдайы, қауіпсіздігі және еңбекті қорғау істерінің жай-күйі, денсаулыққа зиян келтіру қауіптері, жеке қорғаныс құралдары туралы хабарлау мақсатында жұмыс берушіден сенімді ақпарат алу.

2.3. Жұмыс орындарындағы еңбек жағдайы және еңбекті қорғаудың жағдайларын тексеруді ұйымдастыруды, жұмыс берушіге еңбек жағдайы және еңбекті қорғаудың жағдайларын жақсарту туралы ұсыныстарды келісу;

2.4. Жұмыс берушіге еңбекті қорғау бойынша іс шараларды ұйымдастыруға , сонымен қатар жұмыскерлердің еңбекті қорғау бойынша білімдерін белгіленген тәртіпте тексеруге жәрдем жасау.
3. Өндірістік кеңестің негізгі функциялары

3.1 Жұмыс берушінің және жұмыскерлердің өкілдерінің еңбек жағдайы және еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғаудың жағдайын жақсарту бойынша ұсынымдарын әзірлеу мақсатында ұсыныстарды қарастыру.

3.2. Жұмыскерлерді еңбек жағдайы және еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғаудың жағдайын жақсарту бойынша өткізілетін іс шаралар туралы, өндірістік жарақаттанудың және кәсіби аурулардың алдын алу бойынша ақпараттандыру.

3.3. Жұмыскерлерді жуу және залалсыздандыру құралдарымен, арнайы киіммен, арнайы аяқ киіммен және басқа да жеке және ұжымдық қорғану құралдарымен қамтамасыз ету, оларды сақтау, жуу, тазалау, жөндеу, дезинфекциялау және зарарсыздандыру бойынша нормативтер туралы ақпараттандыру.

3.4. Зиянды (қауіпті) еңбек жағдайларында жұмыс атқаратын жұмыскерлерге белгіленген тәртіпте, уақытылы ақысыз сүт және басқа оған тең азық өнімдерін, емдеу-профилактикалық тамақтануды бөлуге жәрдемдесу.

3.5. Еңбекті қорғау, өндірістегі жазатайым оқиғалардан міндетті әлеуметтік сақтандыру және өндірістік жарақаттануды және кәсіби ауруларды азайту бойынша сақтандыру шараларына бағытталған қаржының жұмсалуына бақылау жасау бойынша іс шараларды қаржыландыру мәселелерін қарауға қатысу.

3.6. Жұмыс берушіге еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша жұмыстарды ұйымдастыруды жетілдіру және еңбекті қорғау ережелерінің талаптарын адал орындаған жұмыскерлерді мадақтау бойынша ұсыныстарды әзірлеу және ұсыну.

3.7. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша жергілікті актілердің жобалары бойынша ұсыныстар әзірлеу, осы жобаларды әзірлеуге қатысу.
4. Өндірістік кеңестің құқықтары

4.1. Жұмыс берушіден жұмыс орындарындағы еңбек жағдайы, өндірістік жарақаттанудың және кәсіби аурулардың болуы, қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың орын алуы және олардың әсерінен сақтану бойынша қолданылған шаралар, сонымен қатар денсаулыққа тиетін зияны туралы ақпарат алу;

4.2. Отырыстарда жұмыс берушінің және оның өкілдерінің, лауазымды тұлғалардың және еңбекті қорғау бойынша техникалық инспекторлардың қауіпсіз жұмыс орындарындағы еңбек жағдайын қамтамасыз ету және еңбекті қорғау мәселелері бойынша және еңбекті қорғаудағы олардың кепілдіктер мен құқықтарды сақтауы бойынша хабарламаларын тыңдау;

4.3. Отырыстарда еңбекті қорғау бойынша талаптарды бұзуға жол берген лауазымды тұлғалар және жұмыскерлерді тыңдауға, жұмыс берушіге оларды Қазақстан республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстар енгізу;

4.4. Ұжымдық шарттың өндірістік еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі бойынша бөліміне бойынша ұсыныстар енгізуге қатысу;

4.5. Жұмыс берушіге еңбек жағдайын және еңбекті қорғауды жақсарту бойынша іс шараларға белсенді атсалысқан жұмыскерлерді ынталандыру туралы ұсыныстар беру;

4.6. Еңбекті қорғау бойынша заңнаманы қолданумен, еңбек жағдайының өзгеруіне және ауыр, зиянды және (немесе) қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс істейтін жұмыскерлерге Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған кепілдіктер мен жәрдемақыларды беруге байланысты туындаған еңбек дауларын шешуге қатысу.

.
жүктеу 51,45 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау