Мазмұны ағзаның құрылысы



жүктеу 0,52 Mb.
Pdf просмотр
бет16/21
Дата20.05.2018
өлшемі0,52 Mb.
#15290
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21

64

Адам

Сезім мүшелері

Табиғат барлық тіршілік иелеріне 

айналадағы әлем және онда болып 

жатқан оқиғалар туралы мәлімет 

алу қабілетін сыйлаған. Сезу 

қабілеті болмаса, жануарлар да, 

адам да жыртқыштардан құтылу, 

тамақ табу, ұрпақ әкелу дегенді 

білмес еді. Бұл ақпаратты әртүрлі 

сезім мүшелері жеткізеді. Адам;

да да бес сезім мүшесі бар: көру 

мүшесі – көз, есту мен тепе;теңдік 

сақтау – құлақ, иіс сезу – мұрын, 

дәм сезу – тіл, сипап сезу – тері.

Сезім мүшелерінің жұмысы

Сезім мүшелері және 

олардың мидағы 

орталықтары

Сезім мүшелері әртүрлі міндеттерді орындауға арналған 

және құрылыстары да бөлек, бірақ ортақ ерекшеліктері де 

бар. Олар рецепторлардан (белгілі бір тітіркендіргішке реак'

ция беретін сезімтал жасушалар) және өз жұмыстарын жақсы 

атқаруға көмектесетін қосымша құрылымдардан тұрады. Ре'

цептордан шыққан белгі'хабар жүйкелер арқылы Орталық 

жүйке жүйесінің тиісті бөліміне асығады. Алынған ақпаратты ми 

талдап, бұлшықеттер мен мүшелерге әрекет етуге әмір береді. 

«Хабардың» қандай жылдамдықпен жетуіне кейде біздің өміріміз 

де тәуелді, сондықтан сезім мүшелерінің басым бөлігі баста, 

миға таяу жерде орналасқан. Егер адам сезім мүшелерінің 

бірінен айырылса, оның міндетін ішінара басқа мүшелер мой'

нына алады. Мысалы, соқыр адамдардың есту қабылеті, тепе'

теңдікті сезінуі, терісімен сезуі және тіпті иіс сезуі де керемет 

дамиды. 



65

Сезім мүшелері

Көз жанарынан айырылған адамдар үшін сипап сезу ай'

наладан хабар алудың негізгі көздерінің бірі болып 

қалады. Соқыр адамдар дөңес нүктелермен 

белгіленген арнайы кітаптағы әріптерді 

саусағымен сипай отырып жылдам оқи да 

алады.

Сипап сезу 

арқылы біз 

айналадағы 

дүниеден 

көп мағлұмат 

аламыз

Біздің теріміздің бетінде алуан түрлі (түйсіну, ауырсы'

ну, жылуды сезу) рецепторлары көптеп орналасқан, ол сезім 

мүшелерінің ішіндегі әмбебап әрі ауқымдысы. Сипап сезу 

арқылы, яғни, мысалы мысыққа жай ғана қол тигізе оты'

рып, мол ақпарат жиынтығын аламыз: мысықтың жылылығын 

білеміз, көлемін байқаймыз, жүні жұмсақ әрі құрғақ екенін 

аңғарамыз, тіпті оның пырылдап жатқанын да болжаймыз. Си'

пап сезу арқылы біз мұздың тайғанақ әрі суық, судың – сұйық, 

ал тастың – қатты да кедір'бұдыр екенін сезінеміз. Және де 

осы сезімдердің барлығының алуан реңкі мен өзгеріс күйлері 

бар. Адамның саусақ ұштарындағы терісі мен еріндері ерекше 

сезімтал. Сәбилер қолына түскенді аузына апара беретіні де 

сондықтан.




66

Адам

Хош иістердің 

сиқырлы әлемі

Иісті және дәмді сезу

Ас үйде анамыздың не істеп жатқанын білу үшін, барып қарап 

келуіміз міндет емес. Біз жай ғана... иіскелейміз: мұрнмызбен 

ауаны тартамыз! Иіс сезу – біздің мұрнымыздың иістерді сезу 

және ажырату қабілеті. Мұрын қуысының жоғарғы жағындағы 

шырышты қабықта ұштары пияз түйнегіне ұқсап кеңейген, 

өте жіңішке өсінді кірпікшелері бар жасуша'рецепторлар көп 

шоғырланған аймақ болады. Олар ішке енген ауамен бірге 

келетін болар'болмас мөлшердегі заттарды – иістерді аулайды. 

Бұл рецепторлардың сезімталдығы сондай, заттың бар болғаны 

бірнеше молекуласын сезіп қояды. Осы жасушалардың берген 

белгілері мидың иіс сезу орталығына түседі, ми оларды талдай'

ды да: «Алақай! Анам бәліш пісіріп жатыр!» деп шешеді. Әрине, 

адамның иіс сезуі иісшіл иттей ізге түсіп, жоғалған қолғапты 

иісінен тауып алатындай дәрежеде өткір 

емес. Бірақ ол бізді бұзылған тағамды 

жеп қоюдан сақтандырады, сол арқылы 

біз бірдеңенің жана бастағанын, тіпті 

қоңырсыған иіс қай жақтан жеткенін де 

анықтай аламыз. Адамдардың көбі 10 

мыңға дейінгі әр алуан иістерді ажырата 

алады!


Ғалымдар мидағы иіс сезу орталығы 

оның ұзақ уақыт есте сақтауға жауап'

ты аймағына өте жақын орналасқан 

деп есептейді. Сондықтан біз шырша 

қылқанының және мандариннің иісін 

сезсек  болғаны,  есімізге  жаңа  жыл 

түндері түсе қалады.



67

Сезім мүшелері

Дәм сезу иіс сезумен бірлесе жақсы жұмыс 

істейтіні қызық. Қатты тұмауратқанда біз 

иісті ғана емес, дәм сезу қабылетімізді де 

жоғалтамыз, ал есесіне иісі мұрын жарған 

тамақ бізге тіпті дәмді сияқты сезіледі.



Тілдің дәм сезу 

аймақтары

Тағамның  дәмін  біз тілмен ажырата'

мыз. Айнадан тілге мұқият көз салсақ, 

оның үстіңгі жағын ұсақ бұдырмақтар 

жапқанын көруге болады. Оларда 

жүйке талшықтарына жалғасатын дәм 



сезу емізікшелері орналасқан. Бұл 

емізікшелер сұйықтықта еріген заттар'

ды ғана сезеді. Сондықтан біз тағамды 

сілекеймен шыламай тұрып оның дәмін 

сезбейміз. Бір қызығы, тілдің әртүрлі 

бөліктеріндегі емізікшелер белгілі бір 

дәм түрлерін сезуге бейімделген. Тілдің 

ұшы тәттіге барынша сезімтал, екі 

жақ қапталы – қышқыл мен тұздыны, 

ал артқы бөлігінде орналасқан ре'

цепторлар ащы дәмді сезеді. Қант 

кесегімен, тұздалған қиярмен, қышқыл лимонмен, ащы жусан 

жапырағымен тәжірибе жасау арқылы бұған көз жеткізу оңай. 

Жүйке импульстері дәм сезу емізікшелерінен үлкен ми 

сыңарларының дәм сезу аймақтарына беріліп, сол жерде тал'

данады. Онда сақтаулы тұрған дәм түрлерін сезудің  тұтас қоры 

бар, сондықтан біз алманың дәмін көзді жұмып тұрып білеміз, 

ал лимонды елестетсек, аузымызға қышқыл дәм келеді.




жүктеу 0,52 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау