19
Орталық ғылыми кеңсесінің мүмкіндіктерін дамыту арқылы ғылымды басқаруды
және зерттеу қызметтерінің берілуін жетілдіретін болады.
Назарбаев Университеті іргелі, сол сияқты қолданбалы зерттеулерді жүргізу кезінде
адамдар мен жануарларды пайдалануда этикалық нормалардың сақталатындығын
мақтан тұтады. Осыған байланысты Назарбаев Университетінде Қазақстан
Республикасының заңнамасымен рұқсат етілген және халықаралық стандарттармен
қабылданған, адамдар мен жануарлар пайдаланылатын зерттеулерді бақылау
саясаты мен нормалары әзірленіп, оқыту ұйымдастырылды.
Институционалдық құрылым
Зерттеу жұмысының жоспарын әзірлеу үшін Университетке әлемдік деңгейдегі
зерттеулерді тездететін және, атап айтқанда, Университет зерттеушілерінің
танымал халықаралық зерттеушілермен және ғылыми-зерттеу институттарымен
ынтымақтастығын жолға қоятын басқару жүйесін және әкімшілік қолдау
құрылымын құру қажет. Назарбаев Университетінде ғылымды басқаруда Ғылыми
кеңес бекіткен Қағидалар мен рәсімдер басшылыққа алынады. Өзекті міндет –
Университеттің ғылыми орталықтары мен институттардың оқытушы-профессорлар
құрамымен, Университеттің бакалавриат мектептерімен және болашақ жоғары оқу
орнынан кейінгі білім беру және кәсіптік білім беру мектептерімен толық
интеграциялануын қамтамасыз ету. Толық интеграцияланған зерттеу Университеті
студенттердің, оқытушылар мен ғылыми зерттеушілердің ішкі институционалдық
шекараларда еркін әрі жиі алмасуын қамтамасыз етеді.
Университет сондай-ақ Университеттің оқытушы-профессорлар құрамы мен
ғылыми қызметкерлерін зерттеу жүргізуге және идеяларын нарықта ұсынуға
ынталандыру үшін зияткерлік меншік құқықтарын қорғау негіздерін әзірлейді.
Үкімет жүргізіп отырған ғылыми зерттеулерді қаржыландыру тетіктерін жақсарту
бөлігіндегі реформалар Университеттің зерттеулеріне қолайлы ықпал етеді.
Мемлекеттік гранттарды алуға өтінімдерді қатаң және тәуелсіз сараптамалық
бағалау жүйесін енгізу және зерттеулерді мемлекеттік қаржыландыруды өсіру
Университеттің зерттеушілері мен оқытушыларына жаңа мүмкіндіктер береді.
Жаратылыстану ғылымдарындағы зерттеулер
Қазақстан
Президентінің
пайымдауына
сәйкес
Университет
ғылыми,
технологиялық және медициналық зерттеулерде көшбасшы болуы тиіс.
Университет екі ғылыми-зерттеу орталығын, Өмір туралы ғылымдар орталығы
(ӨҒО) мен Энергетикалық зерттеулер орталығын (ЭЗО) ашты. Бұл орталықтардың
талапты ғылыми қызметкерлері бар, сонымен қатар олар Университет оқытушы-
профессорлар құрамының кәсіпқойлығы мен құзыреттілігіне арқа сүйейтін болады.
Оқытушы-профессорлар құрамы жүргізетін зерттеулер Дисциплинааралық
инструменталды орталығында да қолдау табады. ЭЗО Назарбаев Университетінің
Зерттеу және инновациялық жүйесі (Nazarbayev University Research and Innovation
System, бұдан әрі – NURIS) болып қайта аталды, себебі бұл мекемеге қазіргі уақытта
Университеттің ғылыми әкімшілік бөлімшелерін басқару жүктелді.
Энергетикалық зерттеулер орталығы
ЭЗО-ның миссиясы – Қазақстан Республикасында іргелі және қолданбалы
энергетика, жаратылыстану ғылымдары және технологиялар саласын әлемдік озық
ғылыми орталықтармен және компаниялармен әріптестікте дамыту және
20
коммерцияландыру. ЭЗО сондай-ақ білімді, ғылым мен өнеркәсіпті интеграциялау
моделін жасай отырып, ұлттық ғылыми және инженерлік әлеуетті арттыруға
ұмтылатын болады. ЭЗО-ның мақсаты – Орталық Азиядағы озық пәнаралық ғылыми
зерттеу орталығы болу. Осы нәтижеге жету үшін ЭЗО АҚШ-тың «Ұлттық
зертханасы» моделін қолдануды жоспарлап отыр, осы арқылы Қазақстан
Республикасының Үкіметі, ұлттық және халықаралық ұйымдар ЭЗО-мен
ынтымақтастықта жаһандық ғылыми және өнеркәсіптік проблемаларды шешетін
болады.
ЭЗО-ның негізгі ғылыми басымдықтары жаңартылатын энергетика және тиімділік,
жоғары энергия физикасы, материалтану және нано-ғылым, энергетикалық
секторды модельдеу мен талдау және информатика сияқты бағыттарды қамтиды.
Ғылыми жобаларды осы салаларда іске асыру Берклидегі Ұлттық Лоренц
зертханасымен ынтымақтастықта басталды.
Өмір туралы ғылымдар орталығы
ӨҒО-ның миссиясы – тірі организмдердің табиғаты жөніндегі жаңа іргелі білімдерді
қалыптастыру және осы білімдерді өмір сүруді ұзарту және ауру-сырқатты азайту
үшін пайдалану. ӨҒО-ның мақсаты – биомедициналық зерттеулер мен инновацияға
екпін бере отырып, зерттеу жобаларын орындау үшін қажетті ғылыми мүмкіншілік
пен заманауи инфрақұрылымды жасау, сондай-ақ Қазақстанда биомедициналық
өндірістің дамуына негіз салу. Осы зерттеулердің қорытындылары клиникалық
медицинаның адам денсаулығын жақсартуға және өмір сүру ұзақтығына
бағытталған ғылыми-негізделген диагностика мен нысаналы профилактика
жүйесіне айналуына үлес қосады.
ӨҒО-ның басымдықтары трансляциялық медицина, табиғи қартаю үдерісі,
жаһандық денсаулық сақтау, геномика және метагеномика бойынша зерттеулер,
персоналдандырылған медицина, регенеративтік медицина және жасанды ағзалар,
биоинженерия, жасушалық терапия және жасушалардың инновациялық
технологиялары сияқты салаларды қамтиды. Осы зерттеу салаларын дамыту үшін
тиісті зертханалар құрылады.
ӨҒО зерттеу басымдықтарын іске асыру үшін АҚШ-тың, Еуропаның, Жапонияның,
Қытай мен Кореяның жетекші халықаралық ғылыми және білім беру ұйымдарымен
(Питтсбург Университеті, Дьюк Университеті, Колумбия Университеті, АҚШ-тың
Ұлттық денсаулық сақтау институты, Брайтон Университеті, Оксфорд Университеті,
Лондон Университет Колледжі, Грац Медициналық Университеті, Мартина Лютер
атындағы Университет, Ұлттық онкология орталығы, Хиросима Университеті,
Пекин Геномды Институты, Сеул Ұлттық Университеті, ILCHUN Геномды
Институты) бірлескен ғылыми жобаларды жасайды.
Әлеуметтік ғылымдардағы зерттеулер
Университет сондай-ақ іргелі зерттеулерден қолданбалы зерттеулерге дейін
әлеуметтік ғылымдардағы зерттеулер аясының ұлғаюына ықпал етеді.
Антропологиядағы, экономикадағы, тарихтағы, саясаттану мен әлеуметтанудағы
ғылыми зерттеулерді Университеттің Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар
мектебінің оқытушы-профессорлар құрамы іске асырады. Сонымен бірге
Университет мемлекеттік саясат саласындағы зерттеулерге бейімделген қарқынды
бағдарламаны жүргізетін болады, осы арқылы Қазақстанның әлеуметтік-
экономикалық даму мүмкіндіктеріне қолдау көрсетіледі.