Жоғары қамқоршылық кеңесінің 2013 жылғы 18 сәуірдегі



жүктеу 361,05 Kb.
Pdf просмотр
бет10/11
Дата16.02.2018
өлшемі361,05 Kb.
#9841
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

 

21 


 

Зерттеулердің  екі  бағытын  да  қолдап,  олардың  дамуына  ықпал  ету  үшін 

Университет  Әлеуметтік-экономикалық  даму  институтын  құруды  жоспарлап  отыр, 

оған  әлеуметтік  ғылымдар  саласындағы  бірнеше  мамандандырылған  ғылыми 

орталықтар  кіреді.  Осындай  екі  орталық  қазір  жұмыс  істеуде.  Қазақстанның  білім 

беру  саясатын  барлық  деңгейлерде  қолдану  жөніндегі  бастамасын  жүзеге  асыру 

үшін  құрылған  Білім  беру  саясаты  орталығы  (БСО),    Ұлттық  талдамалық  орталық 

(ҰТО)  –  бастапқыда  Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  жанынан  құрылып,    2011 

жылдың  басында  Университет  құрамына  енген  мемлекеттік  шараларды  талдауға 

бағытталған  қолданбалы  зерттеу  орталығы.  2013-2014  жылдары  ішінде  қосымша 

кемінде екі орталық ашылады деп көзделуде, олар: Еуразиялық өңірлік зерттеулер 

институты және Бәсекеге қабілеттілік және өсіп-өну орталығы.  



Білім беру саясаты орталығы  

БСО-ның стратегиялық бағыттары – білімді, ғылым мен өнеркәсіпті интеграциялау 

моделін  құру;  менеджерлер  мен  оқытушылардың  білім  беруге  қосатын  үлесін 

жақсарту  мақсатында  оларды  жаңа  басқарушылық  қабілеттермен  қамтамасыз 

ететін кәсіптік дамыту және біліктілікті арттыру бағдарламаларын жасау, сондай-ақ 

кездесулер  мен  конференцияларды  ұйымдастыруды  қоса  алғанда,  негізгі 

әріптестермен  ақпарат  алмасуды  ұйымдастыру  және  Жоғары  білім  беру  мектебін 

құру.  БСО  Жоғары  білім  беру  мектебінің  зерттеу  бөлімшесі  болу  үшін  оның 

құрылымына айналады. 

БСО білім берудегі көшбасшылардың жаңа буынын даярлау мақсатында Назарбаев 

Университетінің моделін  Қазақстанның  басқа  университеттеріне  таратуда,  сондай-

ақ  білім  беру  саласындағы  кадрларды  оқыту  мен  қайта  даярлауда  жетекші  рөл 

атқарады. Мысалы, 2011 жылдың күзінен бастап Университет БСО арқылы Лондон 

Университет Колледжімен бірлесе отырып қазіргі заманғы педагогикалық практика

оқу бағдарламаларын әзірлеу, сондай-ақ ағылшын тілі бойынша орта мектептің 100-

ге жуық мұғалімін даярлауға арналған бір жылдық кәсіптік даму бағдарламасын іске 

асыруға кірісті. Бағдарлама аяқталғаннан кейін қатысушылар Назарбаев Зияткерлік 

мектептері  желісінде  сабақ  беретін  болады.  Келесі  кәсіптік  даму  бағдарламасы 

(Кэмбридж  университетімен  ынтымақтастықта)  орта  мектептердің  50-ге  жуық 

мұғалімін сыни ойлау бойынша даярлайды. 



Ұлттық талдамалық орталық 

Ұлттық  талдамалық  орталығы  бастапқыда  басқарушыларға  сапалы  талдамалық 

қолдау  көрсету  үшін  министрліктер  мен  агенттіктердің  кеңесші  орталығы  ретінде 

құрылған.  ҰТО  мемлекеттік  басқару  және  экономика  саласындағы  зерттеу 

жобаларын  іске  асыру  арқылы  мемлекеттік  және  жеке  секторға  консультациялық 

және талдамалық қызметтерді ұсынады.   



Еуразия өңірлік зерттеулер институты  

  

Еуразия  өңірлік  зерттеулер  институтының  мақсаты  Университетті    қазақстандық 

және  халықаралық  сарапшыларға  Университеттің  өңірлік  ғылыми  білімдерінің 

сапасын  арттыруда,  сондай-ақ  Қазақстан  және  әлем  бойынша  ғылыми  білімдер 

саласындағы  халықаралық  байланыстарды  жолға  қоюда  басты  рөл  атқаруға 

мүмкіндік  беретін,  Орталық  Азия  және  еуразиялық  зерттеулердің  озық  ғылыми-

инновациялық орталығы ретінде қалыптастыру болып табылады. 



 

22 


 

Бәсекеге қабілеттілік және өсіп-өну орталығы  

«Қазақстан-2030»  және  «Казақстан  2050»  стратегияларына  сәйкес  Қазақстан 

табысы  жоғары  деңгейдегі  елдер  рейтингіне  ену  бойынша  басым  мақсатты  алға 

қояды. Университет осы мақсатқа қол жеткізуге белсенді атсалысады. Осы мақсатты 

іске асыру үшін Университет Бәсекеге қабілеттілік және өсіп-өну орталығын құруды 

жоспарлап  отыр,  оның  қызметі  бастапқы  кезеңде  әлемдік  құндылықтар  тізбегін 

талдаудағы жоғары ғылыми даму деңгейіне бағытталады.   

Бәсекеге қабілеттілік және өсіп-өну орталығы әлемдік құндылықтар тізбегін талдау 

саласындағы  белсенді  жұмысының  негізінде  Астананың  инновациялық  орталыққа 

айналуындағы маңызды элемент болып табылады. Бәсекеге қабілеттілік және өсіп-

өну  орталығының  қызметкерлері  ғылыми  жаңалықтарды  коммерциялық  бәсекеге 

қабілетті  өнімге  айналдыруда  көмек  көрсету  үшін  ғылыми  орталықтар  мен   

Интеллектуалдық-инновациялық  кластердегі  әріпестестерімен  тығыз  байланыста 

жұмыс істейтін болады. 



  

V. 

Денсаулық сақтау саласында қызмет көрсету моделін жасау 

Заманауи академиялық денсаулық сақтау жүйесін құру

 

Назарбаев  Университетінің  стратегиялық  мақсаттарының  бірі  –  Ұлттық 

медициналық  холдингтің  медициналық  мекемелерінен,  Өмір  туралы  ғылым 

орталығынан  және  болашақ  Медицина  мектебінен  тұратын  интеграцияланған 

академиялық денсаулық сақтау жүйесін құру болып табылады. 

Өзіндік  интеграцияланған  ауруханаларды  басқару  жүйесін  дамытқан  сайын,  ҰМХ 

білім  беру  және  қызметтердің  сапасын  арттыру  үшін  Қазақстанның  денсаулық 

сақтау жүйесінің басқа да салалары бойынша жұмыс істейтін болады. 

Әлемдік  деңгейдегі  медициналық  орталықты  құру  елеулі  ресурстар  мен  уақытты 

талап етеді. Клиникалар біртұтас  жүйеге біріктірілуі тиіс. Жүйені тиімді басқару бір-

бірін  қайталайтын  қызметтер  мен  функцияларды,  қаржылық  ағындардың 

қосылуын  жоюға  және  тиімді  аутсорсингке  мүмкіндік  беретін  ұйымдастыруды 

талап  етеді.  Осыған  байланысты,  бірыңғай  ақпараттық  жүйе  негізінде 

инфрақұрылымның,  әкімшілік  және  қосалқы  қызметтердің  кезең-кезеңімен 

модульдік  біріктірілуі  жүзеге  асырылады.  Сондай-ақ  бірыңғай  логистикалық 

орталықты құру жоспарланып отыр. Ұйымдастыру құрылымын, бизнес үдерістерді, 

біліктілік  талаптарын  бірегейлендіру  көрсетілетін  медициналық  қызметтердің 

сапасын,  қызметтің  экономикалық  тиімділігін  арттыруға,  сандық  оңтайландыруға 

және  т.б.  ықпал  етеді,  бұл  еншілес  ұйымдардың  толығымен  медициналық  және 

ғылыми-білім беру қызметтеріне шоғырлануына мүмкіндік береді. 

Интеграцияланған 

академиялық 

медициналық 

орталықтардың 

негізін 

қалыптастыратын бес негізгі ұсыныс бар (3-ендірме), олар кең (яғни, көлденеңінен 

интеграцияланған),  сондай-ақ  терең  (яғни,  тігінен  интеграцияланған)  болып 

табылатын мүмкіндіктерді жасау бойынша ИАДСЖ әлеуетімен күшейтіледі. 

ИАДСЖ  әлемдік  ғылыми  және  клиникалық  қауымдастықпен  ынтымақтастықта 

жұмыс  істеу  және  Назарбаев  Университетінің  академиялық  денсаулық  сақтау 

жүйесінің  шеңберінде  клиникалық,  ғылыми,  сондай-ақ  білім  беру  қызметін 

интеграциялау  арқылы  медициналық  қызметтердің  әлемдік  нарығында  бәсекеге 

қабілеттілікке жетеді.  



жүктеу 361,05 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау