15
Білім беру мектебі
2012 жылы ашылған Жоғары білім беру мектебі өзінің алғашқы бағдарламаларын
2013 жылдың күзінде іске қосады. Бағдарламалар екі бағыт бойынша іске
асырылады, олардың бірі Пенсильвания Университетімен ынтымақтастықта
жоғары білім беруге бағытталған, екіншісі Кембридж Университетімен
ынтымақтастықта орта білім беруге арналған. Бастапқыда Мектепте мамандықты
таңдау құқығымен екі магистратура бағдарламасы ұсынылады, атап айтқанда,
жоғары және орта білім беруді басқаруда басшылық ету рөлін өзіне алуды
жоспарлайтын болашақ басқарушыларға арналған бағдарлама және педагогикалық
институттардың оқытушылары мен орта мектептердегі пәндік оқу бағдарламалары
және академиялық жоспарлар бойынша мамандарға арналған және басқа да барлық
оқу орындарындағы академиялық жоспарлар бойынша бағдарлама. Бұдан әрі PhD
докторантура бағдарламасы көзделген.
Медицина мектебі
Университет
Ұлттық
медициналық
холдингті
(ҰМХ)
интеграцияланған
академиялық денсаулық сақтау жүйесінің (ИАДСЖ) ажырамас бөлігіне айналдыру
үдерісінде. ИАДСЖ-ға ҰМХ-тің клиникалары, Өмір туралы ғылымдар орталығы және
болашақ Медицина мектебі кіреді. Университет Мектептерінің білім беру секторы
үшін маңызы қандай болса, білім беру үдерісін, ғылыми зерттеулер мен
клиникалық практиканы біріктіре отырып, Назарбаев Университеті ИАДСЖ-дың да
денсаулық сақтау секторы үшін баға жетпес маңызы бар. Университет Мектептері
Қазақстанның жоғары білім беру саласын реформалаудың алғы шебінде болған
кездерде интеграцияланған академиялық денсаулық сақтау жүйесі инновациялар
мен эксперименттер жасаудың арқасында денсаулық сақтау саласындағы
реформаларда көшбасшы болады.
Ашылуы 2015 жылға жоспарланып отырған Университеттің Медицина мектебі
медициналық білімнің бірегей моделін жасайды, ол түлектерге медициналық
зерттеулер, білім беру және емделушілерге күтім жасау саласында ғылыми
қызметкер ретінде өз мансабын жасауға мүмкіндік береді. Медицина мектебінің 4
жылдық оқу жоспарында студенттер алғашқы оқу жылынан бастап клиникалық
практикамен айланысады. Клиникалық сабақтар мен сыныптардың көбісі ҰМХ
клиникаларының базасында ұйымдастырылатын болады. Клиникалар қазірдің
өзінде заманауи академиялық ауруханалар мәртебесін алу үшін халықаралық
сертификаттаудан өтуге кірісті.
Оқытушы-профессорлар құрамы
Кез келген университеттің табысты болуы оқытушы-профессорлар құрамының
сапасына байланысты. Университет үшін ең маңызды міндеттердің бірі – жоғары
деңгейдегі ОПҚ-ты қалыптастыру болып табылады. Танымал оқытушылар мен
зерттеушілерді тарту бойынша Университеттер арасындағы әлемдік бәсекелестік
ешқашан осыншама жоғары болған емес және жуырдағы он жылда арта түсетін
болады. Университет дамыған сайын, Университеттің негізін, оның жүрегі –
оқытушы-профессорлар құрамын қалыптастыру өте күрделі міндет болады.
Университет жұмысқа қабылдау үдерісіндегі ең жақсы әдістемелерді қолдануға
тырысады, оқытушыларға өз қабілеттерін барынша пайдалануға және тиісті сый-
сияпат көрсетілуін қамтамасыз етеді. Университет бұл міндеттемені ашық, әділ
және тиянақты жасалатын жұмысқа қабылдау үдерісі арқылы орындайды.
16
Студенттер
Foundation бағдарламасынан бастап және басқа да деңгейлерде студенттерді
Университетке қабылдау тек академиялық жетістіктерінің негізінде ғана жүзеге
асырылады. Студенттер Университетке түсу үшін әріптестердің бірінің талаптары
бойынша белгіленген емтихандар жинағынан өтуі тиіс. Оқуға түскеннен кейін
студенттер Университетте сол деңгейде қалу/алға қарай жылжу үшін өзінің
академиялық көшбасшылығын бұрынғысынша сақтауы тиіс. Мұндай академиялық
қаталдық студенттердің табысты болуының, сондай-ақ олардың академиялық
көшбасшылықтың негізі болып табылады.
Студентік өмір студенттердің қажеттіліктеріне, мүдделері мен құмарлықтарына,
сондай-ақ ұмтылыстарына бағытталған. Студенттік өмір студенттерді қабылдау
сәтінен басталады да, оқу аяқталғанға дейін және одан кейінгі жылдарда да
жалғасын табады. Жалпы алғанда, қызыққа толы студенттік өмірге студенттердің
салауатты және табысты болуы, қызығушылығы, жұмыспен қамту бойынша
қызметтердің көрсетілуі және кәсіпкерлік дағдыларын дамытуы жатады.
Студенттердің жетістіктері
Таңдаулы университет – бұл студенттердің маман болып қалыптасуына ғана
мүмкіндік беретін оқу орны емес. Бұл оқу орнының қабырғасында студенттер
кейіннен өз заманының зияткерлік элитасын құрайтын, жан-жақты білімді, ойшыл,
белсенді азаматтар мен кәсіпқойлар болып қалыптасуы керек. Табыстылық тек
академиялық үлгерім мәнмәтінінде ғана емес, одан да кең ұғымда, яғни мансап,
отбасы, қоғам және азаматтық белсенділік мәнінде қарастырылуы тиіс.
Барлық жетекші университтерде студенттер өз білімдерінің көбісін академиялық
сабақтардан тыс алады. Демек, студенттік өмір аудиториядан тыс жерде
студенттерге өзін-өзі табысты көрсету мен өзін-өзі жетілдіру үшін кеңінен бірқатар
мүмкіндіктер туғызуы тиіс. Студенттік өмір Университеттің миссиясынан бөлек
қарастырылмайды және оқу кезінде алған тәжірибесін теңдестіруге көмектеседі
және студенттерді оқу аяқталғаннан кейінгі Университеттен тыс өмірге даярлайды.
Университет дамыған сайын, басқа елдерден студенттерді көбірек тарту жұмысы
күшейтіледі,
бұл
қазақстандық
студенттерге
әлемдік
мәдениеттердің
әралуандылығын барынша ұғынуға, ал әлемнің түкпір-түкпірінен келген адамдарға
Қазақстанды
барынша
танып-білуге
мүмкіндік
береді.
Ғылым
мен
технологиялардың даму үдерістерінің жылдам өтуі соншалық, ол аудиторияларда
оқытудың дәстүрлі үдерісінің сөзсіз ескіруіне әкеледі. Осылайша, Назарбаев
Университетінің студенттері негізгі дағды – үздіксіз білім алуды одан әрі
жалғастыратын болады.
Назарбаев Университеті өзінің бакалавриат бағдарламаларының түлектері оқуын
таңдаулы халықаралық университеттерде жалғастыруына қолдау көрсететін
болады. Университеттің әлемдік деңгейдегі оқу орны ретінде беделін
қалыптастыруда Университет студенттерінің шетелде табысты болуының шешуші
мәні бар.
Студенттердің қызығушылығы
Мәжбүрлеу мен өктемдікке емес, сенімге, талқыға салу мен ынтымақтастыққа
негізделген жүйе оқу кезеңінде студенттердің тәжірибесін елеулі жақсартуға
бағытталған. Бұл тәжірибенің студенттердің белсенді азаматтық ұстанымдарын
тәрбиелеуде маңызды мәні болады. Университет студенттік үкімет пен көптеген